форум өткізу.
Қазақстан Республи-
касында қоғамдық-
саяси ахуалдың
"Жыл қорытындысы"
тоқсан сайынғы әлеу-
меттiк мониторингiсi;
"Достық Үйiн" күрделi
жөндеу жөніндегі
құжаттардың жобалық-
сметасын әзiрлеу.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республика халқының елде өткiзiлiп жатқан реформаларға, "Қазақстан-2030" Стратегиясына көзқарасының өзгеру қарқыны туралы тұрақты және нақты ақпарат алу, билiк органдары, саяси лидерлер мен қоғамдық-саяси партиялар және қозғалыстар рейтингiлерiн анықтау, шиеленiс ошақтарының пайда болуын болжау, азаматтардың жеке және қоғамдық өмiрi проблемаларының негiзгi тобын анықтау.
Күтiлетiн нәтижелердiң iшiнде маңыздыларының бiрi халықты белсендi саяси қызметке тарту, азаматтық қоғам негiздерiн нығайту, реформаларды алға жылжытуға iскерлiкпен қатысуға негізделген саяси мәдениеттi қалыптастырудағы мемлекеттік органдардың үкiметтiк емес сектормен, саяси партиялар және қозғалыстармен сындарлы өзара iс-әрекетi болып табылады.
Қазақстан Республикасында ұлтаралық бiрлiктi, келісімдi және iшкi саяси тұрақтылықты сақтау және нығайту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
31-қосымша
200 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалдық дамыту"
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1929387 мың теңге (бiр миллиард тоғыз жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз сексен жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған Ауылды дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары сапалы телевизия және радио бағдарламаларын өндiру; Қазақстанда телекоммуникациялық инфрақұрылыстарды дамыту және қазiргi әлемдiк технологиялық жабдықтарымен қамту қазiргi телерадиохабарлары бағдарламаларын тарату.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тұрғындарды "Қазақстан" ұлттық телеканалының, "Қазақ радиосы" бағдарламаларымен кең көлемде қамтуға жеткізу; жоғары сапалы телевизия және радио бағдарламаларын өндiру; осы саланы инвестициялау үшiн өндiрiстiк-техникалық база мен қолайлы шарттарды тиiмдiлiкпен құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 022 Бұқаралық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
ақпарат касының 2004-2010 iшiнде Республи-
құралдарын жылдарға арналған касының
институцио- Ауылды дамыту мем- Мәдениет,
налдық дамыту лекеттiк бағдарла- ақпарат
масын iске асыру және спорт
шеңберiнде телеви- министрлігі
зиялық құрал-жаб-
дықтарды, сурдоау-
дармалық жабдықтарды,
сондай-ақ, "Қазақ-
стан" РТРК" АҚ
аймақтық бөлiмшеле-
рiне хабарлағыштар
сатып алу үшiн
"Қазақстан" респу-
бликалық телерадио-
корпорация" акцио-
нерлiк қоғамының
жарғылық капиталын
толықтыру.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: телевизия және радио бағдарламаларының техникалық сапасын арттыру; тұрғындарды "Қазақстан", "Қазақ радиосы" телерадиобағдарламаларымен кең көлемде қамтуға жеткізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
32-қосымша
200 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 21608 мың теңге (жиырма бiр миллион алты жүз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлерiне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы" 2000 жылғы 3 сәуірдегі Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы мәселелерi" 2001 жылғы 28 қыркүйектегi № 691 Жарлығы; "Жазушы Сейдахмет Бердiқұловты мәңгiлiк есте қалдыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1363 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары туралы ереженi бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің жас публицистердiң терең шығармашылық iзденiстерiн қолдауға арналған гранттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 21 шiлдедегi № 60 Өкімі; "Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мен гранттарды бекіту туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы № 200-ө Өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерiн шығармашылық, қоғамдық белсендi қызметке моральдi және материалды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бейбiтшiлiк пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдiктi нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдiк пен бiрдей жариялылыққа бағытталған қызметтi белсендiлендiру; қоғамдық және ұлтаралық келісімдi бекіту, республиканың көпұлтты халқының бiрлiгiн нығайту; демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамыту; спорт және дене шынықтыру туралы үздiк жариялымдары үшiн журналистердi ынталандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 023 Мемлекеттік Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
сыйлықтар мен касы Тұңғыш Прези- бойы Республи-
стипендиялар дентiнiң мемлекеттік касының
бейбiтшілік және Мәдениет,
прогресс сыйлығын ақпарат
тапсыру. және спорт
Елiмiздегi жүргiзі- министрлігі
лiп жатқан реформа-
ларды бұқаралық
ақпарат құралдары
арқылы қолдауға
қосқан үлестерi үшiн
бұқаралық ақпарат
құралдары саласындағы
Президенттік сыйлықтар
мен гранттар тапсыру.
Қазақстанның көрнектi
әдебиет және өнер
қайраткерлерiне Мем-
лекеттік сыйлықтар
тапсыру.
Үш сыйлықты тапсыру
үшiн омырау белгiлерi
мен дипломдар әзiрлеу,
сондай-ақ байқауды
ұйымдастыру және
спорт пен дене шынық-
тыру туралы үздiк
жариялымдары мен
теледидар мен радио-
дағы хабарлары үшiн
үздiк журналистерге
сыйлықтар беру.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының шығармашыл зиялыларының шығармашылық және зияткерлiк белсендiлiгін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
33-қосымша
200 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекет қайраткерлерiнiң бейнесiн мәңгi есте сақтау"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы, Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлердi мәңгi есте сақтауға арналған шараларды ұйымдастыру және өткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: көрнектi мәдениет қайраткерлерiнiң жаназаларын, ас берудi, салттық қызметтердi, фото-бейне түсiрудi ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (көңiл айту, некролог), мемориалды тақталар мен ескерткiштердi дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 024 Мемлекет қай- Мәдениет және өнер Жыл Қазақстан
раткерлерiнiң саласындағы аса бойы Республи-
бейнесiн көрнектi қайраткер- касының
мәңгi есте лердi мәңгi есте Мәдениет,
сақтау сақтау жөніндегі ақпарат
iс-шараларды ұйым- және спорт
дастыру және өткізу. министрлігі
Көрнектi мәдениет
қайраткерлерiнiң
жаназаларын, ас
берудi, салттық
қызметтердi, фото-
бейне түсiрудi ұйым-
дастыру, БАҚ-на жария-
лау (көңіл айту,
некролог), мемориалды
тақталар мен ескерт-
кiштердi дайындау.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мәдениет және өнер саласындағы аса көрнектi қайраткерлердi мәңгi есте сақтау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
34-қосымша
200 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік тiлдi және Қазақстанның басқа да
халықтарының тiлдерiн дамыту"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 133676 мың теңге (бiр жүз отыз үш миллион алты жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 23, 25, 26-баптары; "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 6 , 7-баптары; Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тiл саясаты тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Тiлдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы темір жол стансалары, әуежай ұйымдары, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртібін бекіту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" 1998 жылғы 21 сәуiрдегі № 367 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдiң қолдану аясын кеңейту туралы" 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Тiлдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы туралы" 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 444 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы.