7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: оқырмандар қажетiн толықтай, өз уақытында және нақты түрде өтеу, кiтапханалық қорды толықтыру, жұртшылықты кiтапханалық қызмет көрсетудi жетiлдiру мен жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
27-қосымша
200 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 23642 мың теңге (жиырма үш миллион алты жүз қырық екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуiрдегі № 270 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс бойынша шетелде басылған құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негiзінде баспа басылымдары қорының сақталуын қамтамасыз ету, жетiспейтiн басылымдармен толықтыру, Мемлекеттік библиографияның республикалық ғылыми орталығының, баспасөз статистикасының, орталықтандырылған каталогтандырудың, барлық баспасөз шығармаларын есепке алу және ғылыми өңдеудiң сақталуын қамтамасыз ету, (ISBN) халықаралық стандарт бойынша кітаптарды және (ISSN) сериялық басылымдарды нөмiрлеудi қолдану.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғылыми-библиографиялық орталықты қамтамасыз ету; республикада барлық тiлдерде шыққан жарияланымдардың негiзгiлерiне библиографиялық өңдеудi жүзеге асыру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын тіркеу, бақылау және ғылыми өңдеуді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасындағы баспасөздiң дамуы жөнiнде статистикалық жинақтар дайындау; елдің баспасөз өнiмдерi туралы ақпаратпен жоғарыдағы құзырлы мекемелердi, республикалық ұйымдарды, кiтапханаларды, сондай-ақ, жеке адамдарды қамтамасыз ету; республикада 1917 жылдан бергi кезеңде барлық тiлдерде жарық көрген жарияланымдарды жинақтайтын каталог пен карточкалар жүйесiн енгізу; Қазақстан Республикасы туралы шетелдерде жарық көрген материалдарды жинауға арналған айырбас қорын құру; ТМД республикалары туралы Қазақстанда жарияланған мақалаларды табу мен тiркеуге библиографиялық сипаттама беру және жүйелендiру, библиографиялық сипаттамасы бар карточкаларды басқа кiтап палаталарына беру; баспалар мен басып шығарушы ұйымдарда MEMCT және басқа нормативтiк-регламенттеушi құжаттар талаптарының орындалуын қадағалау, басылымды рәсiмдеуде дәрiгерлiк-кеңестiк қызмет көрсету; (ISBN) халықаралық стандарт бойынша кiтаптарды және (ISSN) сериялық басылымдарды нөмiрлеу қызметтерiн атқару; саланың материалдық-техникалық базасын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 018 Баспа Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
мұрағатының касының Ұлттық мем- бойы Республи-
сақталуын лекеттiк кiтап пала- касының
қамтамасыз тасын 51 бiрлiкті Мәдениет,
ету штат санының лимитi ақпарат
шегiнде қаржыландыру. және спорт
Есептеуiш және теле- министрлігі
коммуникациялық
құрал-жабдықтарын алу: Қазақстан
принтер - 1 бiрлiк; Республи-
сканер - 1 бiрлiк; касының
үзбей қоректендiру Ұлттық
көзiне техникалық мемлекет-
қызмет көрсету 1КВт тiк кiтап
дейiн - 3 бiрлiк; палатасы
үзбей қоректендiру
көзiне техникалық
қызмет көрсету 1 КВт
жоғары - 1 бiрлiк;
ксерокс - 1 бiрлiк.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: баспа басылымдары қоры құжаттарының бүтiндiгiн, жиынтығын, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етуге қажеттi жағдайларға қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
28-қосымша
200 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргiзу"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 8811839 мың теңге (сегіз миллиард сегіз жүз он бiр миллион сегіз жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы; "Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 маусымдағы Кодексi; "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы; Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 "Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Тiлдердi қолдану және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қызметiн тәуелсiз және кедергiсiз жүргiзудiң халықаралық-құқықтық кепiлдігі туралы Келісімiнiң ратификациясы туралы" 1995 жылғы 4 қыркүйектегi № 2452 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысымен бекітілген 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 36-тармағы; "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.2.3., 5.4.3., 6.1.7-тармақшалары; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесi мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.7-тармағы; "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 30 қазандағы № 1380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдарға арналған демографиялық даму бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 3.4 және 4.2-тармақтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысымен бекітілген 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күрестiң басымдық іс-шаралары жоспарының 1.7-тармағы; "Телерадио хабарларын таратудың ұлттық спутниктік жүйесi және мәлiметтердi беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы; Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттер басшыларының "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясын құру туралы" 1992 жылғы 9 қазандағы Шешiмi; Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттер ?кіметтерiнiң "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелері туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы шешiмi; қатысушы-мемлекеттердің "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қызметiн тәуелсiз және кедергiсiз жүргiзудiң халықаралық-құқықтық кепiлдiгi туралы" 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Келісiмі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегi әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформалардың iске асырылуы барысы туралы халықтың хабардар болу дәрежесiн көтеру; жүргiзiлiп жатқан мемлекеттік саясат туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру; отандық мерзiмдiк басылымдарды дамыту және жетiлдiру; аудиторияның жоғары сапалы теледидар және радио бағдарламаларға деген сұранысын қанағаттандыру (ақпараттық, талдау, білім беретiн, танымдық, мәдени, көңiл көтеретiн және басқа); мемлекеттік тiлде жоғары сапалы ақпараттық өнiмдер жасауды қамтамасыз ету; жұртшылықтың салық заңнамасы туралы хабарлануын арттыру. Қазақстанның ақпараттық егемендiгiн, елiмiздiң телекоммуникациялық инфрақұрылымын қатар дамыту және қазiргi заманғы әлемдiк технологияларды тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндiк беретiн байланыстың спутниктiк каналдары негiзiнде транспондердi жалға алу арқылы телерадио бағдарламаларын таратудың қазiргi заманғы жүйесiн құру. Тәуелсiз мемлекеттер достастығының (бұдан әрі - ТМД) ортақ ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру, ТМД-нiң ақпараттық кеңістiгінде Қазақстан Республикасының оң бейнесiн қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: елде жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформаларды белсендi ақпараттық-насихаттық қолдауға бағытталған жарияланымдарды дайындау және тарату; жүргiзіп отырған саясаттарын ақпараттық-насихаттық қолдау арқылы мемлекеттік билік органдарының жағымды бейнесiн қалыптастыру; ұлтаралық бейбiтшiлiк пен келісімдi, конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әрiптестiк принциптерiн қолдау және насихаттау; қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру, республика халқының азаматтық сәйкестiгiн нығайту; мемлекет басшысының "2004 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимылын, Ауылды қолдау жылын өткізу жөніндегi iс-шараларды ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету; ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлық және есiрткi бизнесімен күрестi қолдау; кiшi және орта кәсiпкерлiктi дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету; елдің iшкi және сыртқы өмiрiнiң негiзгi оқиғалары туралы шыншыл, жедел ақпаратпен қамтамасыз ету; газеттер мен журналдарға жазылуды және жеке таратуды ұйымдастыру арқылы халықты мерзімді баспасөзбен неғұрлым мол қамтуға қол жеткізу; телевизияның ұлттық спутниктiк жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету (ТҰСЖ) - "Хабар", "Ел Арна", "Caspionet", "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы, тәуелсiз электронды БАҚ-тар, Қазақ радиосы, және ресей ОРТ телерадиоарналарына мемлекеттік тапсырыс бағдарламаларының тоқтаусыз таратылуы; республиканың гүлденуi мен нақты егемендiкке қол жеткізуiне, әлеуметтiк серiктестiк принциптеріндегі ұлтаралық келісімнiң әлеуметтiк бейбiтшiлiгін қолдауға бағытталған теле және радио бағдарламаларын шығару және тарату; елiмiзде және әлемде болып жатқан негiзгi оқиғалар туралы тұтынушыға жедел, анық ақпарат жеткізу; мемлекеттік тiлде жоғары сапалы теле және радио бағдарламаларды өндiру; электрондық БАҚ-тарда мемлекеттік тiлдi қолдану мен дамытуды қолдау; заңнаманың орындалуына елiмiздiң теле және радио компанияларының ықпал етуi; мемлекеттік тiлде жоғары сапалы деректi фильмдер шығару; саланы қаржыландыру үшiн қолайлы жағдай жасау және тиiмдi өндiрiстiк-техникалық база жасау; телекөрермендер мен радиотыңдаушылардың басқа елдер, оның iшiнде ТМД халықтарының өмiрi, ТМД және әлем халықтарының өзара түсiнiстігі және жақындасуы туралы рухани қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн сыртқы ақпараттық нарықта қызметтi, Қазақстан және ТМД елдерi телерадиокомпанияларының Қазақстан туралы теле және радио бағдарламалар дайындауын, ТМД елдерiнде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы күнделiктi сюжеттердi қамтамасыз ету, салық заңнамасын насихаттау.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 019 Мемлекеттік
ақпараттық
саясатты
жүргiзу
2 100 Газеттер мен Жалпы таралымы Жыл Қазақстан
журналдар 219454 мың дана А-2 ішінде Республи-
арқылы форматтағы 11040 касының
мемлекеттік газет бетi көлемiн- Мәдениет,
ақпараттық дегi материалдарды, ақпарат
саясатты жалпы таралымы 2548 және спорт
жүргiзу мың дана 796 есеп- министрлігі
тiк-баспа табақтан
тұратын журналдарды
мынадай негізгi
тақырыптық бағыттар
бойынша дайындау
және жариялау:
Қазақстан Республи-
касының нормативтiк
құқықтық кесiмдерiн
ресми жариялау;
елiмiздiң әлеуметтiк-
экономикалық, қоғамдық
саяси өмiрiн жариялау;
Қазақстанның 2030
жылға дейiнгі даму
стратегиясының iске
асу барысын жариялау;
Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына
Жолдауын жариялау;
Ауылды қолдау жылын
ақпараттық қамтамасыз
ету;
2003-2005 жылдарға
арналған аграрлық
азық-түлiк бағдарла-
масын насихаттау;
Қазақстанның жағымды
инвестициялық бейнесiн
қалыптастыруға бағыт-
талған материалдарды
жариялау;
мемлекеттік экономи-
калық саясатты ақпа-
раттық қолдау;
Қазақстандағы Ресей
жылын ақпараттық
қолдау;
қылмыспен және сы-
байлас жемқорлықпен
күресудiң негiзгi
мәселелерiн жариялау,
құқық қорғау органда-
рының жағымды
бейнесiн қалыптастыру;
білім, мәдениет, спорт,
әлеуметтiк қамтамасыз
ету және тұрғын
үй-коммуналдық қаты-
настарының саласындағы
мемлекеттік саясатты
жариялау;
"Мәдени мұра" мемле-
кеттiк бағдарламасын
ақпараттық қолдау;
қазақ мемлекеттiгiнiң
құрылу тарихы туралы
материалдарды жариялау;
Қазақстан Республика-
сындағы микрокредит-
теудiң 2005-2007 жыл-
дарға арналған мемле-
кеттiк бағдарламасын;
мемлекеттік жастар
саясаты мәселелерiн
жариялау;
қазақстандық патрио-
тизмге тәрбиелеуге
бағытталған әдеби-
көркем шығармаларды
орналастыру;
мемлекеттік тiлдiк
саясатты iске асыру
жөніндегі материал-
дарды орналастыру;
мемлекеттік ұлттық
саясатты, Қазақстан
халықтары Ассамблея-
сының, ұлттық-мәдени
орталықтардың жұмысын
жариялау;
нашақорлық және
есiрткi бизнесiне қарсы
күресудi жариялау,
есiрткiге қарсы насихат;
мемлекеттiң терроризм
және экстремизммен
күресi жөніндегі қызме-
тін жариялау, қоғамда
дiни экстремизм және
радикализм идеяларын
қабылдамауды қалып-
тастыру;
АҚТҚ/ЖҚТБ-мен күрес
мәселелерiн жариялау,
халықты iндеттiң
алдын-алу мәселеле-
рiмен таныстыру;
елдiң көшi-қон саясатын
ақпараттық-насихаттық
қолдау, шетелдегi
отандастар мен қазақ
диаспораларының
өмiрiн жариялау;
шетелдегi қазақ
диаспораларын Қазақ-
станның әлеуметтiк-
экономикалық, қоғам-
дық-саяси өмiрi
туралы хабардар ету;
Қарулы Күштер және
әскери қызметтiң
жағымды имиджiн
қалыптастыру мен
нығайтуға бағытталған
материалдарды жариялау;
мемлекеттiң қоғамдық-
саяси және әлеуметтік-
экономикалық дамуы
туралы әдеби-көркем
материалдарды
орналастыру;
салауатты өмiр салтын
насихаттау;
құқықтық насихаттың
басты мәселелерiн
жариялау;
кiшi және орта кәсiп-
керлiктi ақпараттық-
насихаттық қолдау;
отандық кiтап шығаруды
насихаттау аясында
әдеби-көркем материал-
дарды орналастыру;
қазiргi заманның басты
мәселелерiн, ТМД
аумағындағы интегра-
циялық процестердi,
ынтымақтастық елдерi-
нiң мәдени және
тарихи байланыстарын
жариялау;
балалар және жасөс-
пiрiмдердiң патриоттық,
интернационалдық,
адамгершілік және
рухани тәрбиесi мен
өсуi туралы материал-
дар орналастыру;
отандық телекоммуни-
кацияларды дамытуды
жариялау, жаңа ақпа-
раттық технология-
ларды насихаттау;
мемлекеттік ақпараттық
саясат және БАҚ
дамуының басты мәселе-
лерiн жариялау;
әйел мәселесi, әйелдiң
қоғамдағы рөлiн көтеру,
гендерлiк теңдiк мәсе-
лелерiн жариялау;
қоршаған ортаны қорғау
саласындағы мемлекеттік
саясатты жариялау;
қоғам дамуының өзектi
мәселелерi жөнiнде
әлеуметтiк сатиралық
материалдарды жариялау;
республикалық бұқаралық
ақпарат құралдарында
мемлекеттік қызметші-
лердiң және судьялардың
әкiмшілiк бос лауазым
орындарына орналасуға
конкурстар туралы
хабарламалар жариялау.
Президент пен Үкiмет-
тiң қызметi мен
мемлекеттік ресми
шетел сапарларының
барысын жариялау үшiн
бұқаралық ақпарат
құралдары өкiлдерiнiң
елден тыс жерлерге
қызметтiк iссапарлары.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң веб-сайтын
(www.govemment.kz)
сүйемелдеу.