7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыратын және бюджетаралық қатынастар бойынша әдiстемелiк және нұсқамалық материалдарды әзiрлеу, аумақтық дамуды жетiлдiру, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттілігiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, сондай-ақ макроэкономикалық болжамдау мен экономикалық өсу стратегиясын жетiлдiру, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын жақсарту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына макроэкономикалық талдау жүргiзу және соның негiзiнде реформалар барысын бағалауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық даму процестерiн мемлекеттік реттеу жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау, Қазақстан Республикасын аумақтық дамыту жөнiнде кешендi шаралар әзiрлеу, мемлекеттік салық-бюджет саясаты мен инвестициялық саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау, Қазақстан Республикасының даму стратегиясын, әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттік, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды әдiснамалық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
202-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығын дамыту"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1373887 мың теңге (бір миллиард үш жүз жетпiс үш миллион сегiз жүз сексен жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы акционерлік қоғамның жекелеген мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы № 795 қаулысы, "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының өзектi бағыттары бойынша маркетингтік-талдамалық зерттеулер жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: отандық және халықаралық рыноктарға, экономиканың салалары мен секторларына зерттеу жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 012 Маркетинг- Мұнай-химия өнер- Жыл Қазақстан
тiк-талда- кәсiбiнде және қор бойы Республикасы
малық зерт- рыногында ауқымды Экономика және
теулер ор- зерттеулер жүргiзу бюджеттік
талығын да- үшiн "Маркетинг- жоспарлау
мыту тiк-талдамалық министрлігі
зерттеулер орталы-
ғы" АҚ-тың жарғы-
лық капиталын
толықтыру.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Мұнай-химия саласы мен Қазақстанның қор рыногын дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
203-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуы стратегиясын iске асыру барысына сыртқы бағалау жүргiзу"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1500 мың теңге (бір миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру ережелерi туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi № 1099 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру бойынша 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру барысының сыртқы бағалауын жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Стратегияны iске асырудың оң және келеңсіз үрдiстерiнiң көрiнiсi, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалануды, жоспарланған мiндеттер мен индикаторларға қол жеткізу дәрежесiн және елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына оның iске асыруының әсерiн айқындау, сондай-ақ Стратегияның тиiмдi iске асыру процесiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 013 Қазақстан Қазақстан Респуб- Жыл Қазақстан
Республика- ликасының Индус- бойы Республикасы
сының Ин- триялық-инновация- Экономика және
дустриялық- лық дамуының бюджеттік
инновация- 2003-2015 жылдарға жоспарлау
лық дамуы арналған страте- министрлігі
стратегия- гиясын iске асыру
сын iске барысының сыртқы
асыру ба- бағалауын жүргiзу
рысына бойынша консуль-
сыртқы тациялық
бағалау қызметтер алу
жүргiзу
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: стратегияны iске асыру барысында сыртқы бағалау негiзiнде жоспарланған мiндеттер мен индикаторларға жету дәрежесiн айқындау;
әлеуметтiк-экономикалық ахуалға оның мультипликативтiк тиiмдiлiгiн бағалау және Стратегияны iске асыруын одан әрi арттыру жөніндегі шараларды әзiрлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
204-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған
шағын қалаларды дамытуға берiлетiн нысаналы
даму трансферттерi"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 278500 мың теңге (екi жүз жетпiс сегiз миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық дамыту үшiн жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларда тiршiлiк ету объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшiн жергілiктi бюджеттерге қаржылық қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 015 Облыстық Экономикасы күйзе- Жыл Қазақстан
бюджеттерге лiске ұшыраған бойы Республикасы
экономикасы шағын қалаларда Экономика және
күйзелiске тiршiлiк ету бюджеттік
ұшыраған объектілерін салу жоспарлау
шағын қала- және қайта жаңар- министрлігі
ларды дамы- тумен байланысты
туға бері- шығыстарды қаржы-
летiн ныса- ландыру үшiн
налы даму облыстық бюджет-
трансферт- терге республи-
терi калық бюджеттен
қаржы қаражатын
бөлудi қамтамасыз
ету.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: көзделген қаражатты республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге 100% аудару.
Ескерту: облыстық бюджеттерге көрсетiлген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады. Iске асыру жөніндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджеттен алынатын трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиістi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
205-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Экономика саласындағы басшы қызметкерлердiң
біліктілігін арттыру"
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 123771 мың теңге (бір жүз жиырма үш миллион жетi жүз жетпiс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қызметкерлерi оқыту бағдарламаларына қатысатын қазақстандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттілігiн арттыру және оларды рыноктық жағдайларда жұмыс iстеуге бағдарлау. Бағдарламаға қатысатын қазақ және немiс кәсiпорындарының арасындағы екi жақты экономикалық байланыстарын қарқындандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Экономика саласындағы басшы қызметкерлердiң біліктілігiн арттыру жөніндегі білім беру функцияларын жүзеге асыру. Мамандардың экономика және өндiрiстi басқару бойынша білім алу қажеттіліктерiн қанағаттандыру; бұрын алынған кәсiптiк білімдi тереңдету немесе жаңа білім алу. ГФР-ның кәсiпорындарына тағылымдамаға жiберу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 042 Экономика Экономика және Жыл Қазақстан
саласындағы өндiрiстi басқару бойы Республикасы
басшы қыз- саласындағы басшы Экономика және
меткерлер- қызметкерлердiң бюджеттік
дiң білік- біліктілiгiн (600 жоспарлау
тілігiн адамнан кем емес) министрлігі
арттыру арттыру курстарын
өткізу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Орта және жоғары буындағы қазақ менеджерлерінің кәсіптік, әлеуметтiк және мәдениаралық құзыреттілігiн арттыру;
келешекте шешу перспективасымен тағылымдамадан өтушiнiң кәсiпорны алдын ала қалыптастырған проблеманы шешу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау; немiс және қазақ кәсiпорындары арасында шаруашылық қарым-қатынастар орнату және оларды өрiстету.