7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң жүргiзетiн бақылау iс-шаралары нәтижелерiне талдау жасаудың сапасын арттыру, "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикалық Заңын, республикалық бюджеттiң қаржысы есебiн ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң қаржылық есебiне сапалы бақылау жүргiзу бөлiгiнде толыққанды iске асыру (8-бап, 4-тармақ, 2, 3 тармақшалар).