7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жаңа технологиялық шешiмдер және инструменталдық құралдар базасында қоршаған органы қорғауды ақпараттандыру жүйесiнiң қазiргі заманғы деңгейiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды тиiмдi басқару мен мониторингiн қамтамасыз ету; табиғат пайдаланушылардың қаржы-экологиялық қызметiнiң мониторингі, экологиялық заң бұзушылықтар туралы ақпаратты жинау мен өңдеудiң сапасын және жеделдігін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
346-қосымша
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жүргiзу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 489979 мың теңге (төрт жүз сексен тоғыз миллион тоғыз жүз жетпiс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 58, 59 және 60-баптары; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 4 , 9 , 12, 48, 81-баптары; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 21-бабы; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңы; "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның 5.5-тармағы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы"; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бірыңғай мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; "Арал аймағын қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1121 қаулысы; "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын (I саты) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жығы 21 тамыздағы № 843 қаулысы; "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы; "Байқоңыр" кешенi аумағында экология және табиғат пайдалану бойынша оны жалға беру жағдайында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы келісім (Алматы қаласы, 4 қазан 1997 ж.); "Байқоңыр" ғарыш айлағын тиiмдi пайдалану бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы келісім (Алматы қаласы, 9 қаңтар 2004 ж.).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорғау iс-шараларын ақпараттық қамтамасыз ету, қоршаған ортаға мүмкiн болатын терiс антропогендiк әсер етудiң алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экологиялық мониторингтi жүргізу, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн дамыту, қоршаған ортаның негiзгi компоненттерiнiң ластану жай-күйi бөлiгіндегі мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету және табиғат қорғау iс-шараларының тиiмдiлiгiн бағалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 008 Қоршаған Экологиялық мони- жыл Қоршаған
ортаның торингтiң мынадай бойы ортаны қорғау
жай-күйiне түрлерiн жүргiзу: министрлігі
бақылау 55 бақылау бекетте-
жүргiзу рiнде (16 көрсеткiш-
ке дейiн) 23 елдi
мекендердегi атмос-
фералық ауаның жай-
күйiне мониторинг
жүргiзу; 10 көрсет-
кiш бойынша 40 метео-
станцияда атмосфера-
лық жауын-шашынның
жай-күйiне мониторинг
жүргiзу; 66 су объек-
тiлерiнде (50 көрсет-
кiшке дейiн) жер үстi
суларының жай-күйiне
мониторинг жүргiзу;
10 елдi мекен бойынша
(5 көрсеткiшке дейiн)
топырақтың жай-күйiне
мониторинг жүргiзу;
радиациялық мониторинг
(65 метеостанцияда
гамма-сәулелердi өлшеу,
40 метеостанцияда
жиынтық бета-белсенді-
лікке атмосфералық
жауын-шашынның үлгi-
лерiн таңдау және
талдау).
Қызылорда қаласының
қоршаған ортасы мен
халқының денсаулығына
мониторинг жүргiзу.
"Ақтау теңiз порты"
арнайы экономикалық
аймағы аумағының
қоршаған ортасына
және Каспий теңiзiнiң
қазақстандық секторы
қоршаған ортасының
жай-күйiне мониторинг
жүргiзу.
Қазақстан қалалары-
ның әуе бассейнi
ластануының қазiргі
заманғы жай-күйiн
бағалау.
Гидрометеорология-
ның облыстық орталық-
тары жанындағы 12
химиялық зертханаға
ағымдағы жөндеу
жүргiзу.
Мониторингтiң жүйесiн
материалдық-техникалық
қамтамасыз ету үшiн
жер үстi желiлiк
зертханасына арналған
жабдықтың 3 жиынын
сатып алу.
Қоршаған орта монито-
рингi жүйесiн дамыту,
оның iшiнде: атмосфе-
ралық ауаның ластану-
ына бақылаулардың 5
қосымша бекеттерiн
ашу; 10 үлгi таңдаушы,
10 портативтік
рН-метрлер, 10 порта-
тивтiк кондуктометр,
1 атомдық-абсорбцион-
дық спектрометр, 1
газ хромотограф,
радиациялық мониторинг
үшiн өлшеу аппаратура-
сының 25 бірлiгін,
өлшеу аппаратурасымен
3 жылжымалы зертха-
наларды, атмосфералық
ауада ластаушы заттар
мен ауыр металдарды
айқындау үшін автомат-
тық газоанализатордың
1 жиынын, автоматты
метеостанцияның 1
жиынын, жер үстi сула-
рындағы ластаушы зат-
тарды айқындау үшiн
портативтi гидрохимия-
лық зертхананың 1
жиынын, 1 радиотелефон
сатып алу.
Каспий теңiзiнiң
қазақстандық секторына
мониторинг жүргiзу,
оның iшiнде: Атырау
қаласы үшiн теңiз
зертханасын, 2 авто-
буйкалық станциясын,
метеостанция үшiн
жабдықтың 3 жиынын, 4
автоматтандырылған
метеорологиялық
станцияны, 2 автомат-
тандырылған гидроло-
гиялық станцияны,
автокөлiктiң 6 бір-
лiгі, бағдарламалық
қамтамасыз етумен
компьютерлiк жабдық-
тың 6 жиынын, 4
моторлы қайық сатып
алу.
Зымыран-ғарыш қызме-
тiнiң әсерiне ұшыра-
ған аумақ учаскелерi-
нiң экологиялық
жай-күйiне мониторинг
жүргiзу.
6 облыста экологиялық
паспорттарды жасау
мақсатымен ауылдық
аумақтарға экология-
лық-демографиялық
зерттеу жүргізудi
жалғастыру.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қоршаған ортаның жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер жүйесiн алу; қоршаған ортаның жай-күйi туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық бюллетендердi шығару; мониторинг дерекқорын ақпараттық-техникалық сүйемелдеу; Бурабай, Темiртау, Балқаш, Орал, Атырау елдi мекендерiнде атмосфералық ауаның жай-күйiне бақылаулардың 5 стационарлық бекеттерiн орнату және жабдықтау; Павлодар, Қызылорда, Талдықорған қалаларында жер үстi суларының желiлiк зертханаларын ұйымдастыру; қоршаған орта мониторингiнiң бақылау желісін және аналитикалық қызметтi техникалық жарақтандыруды жетiлдiру, Қызылорда қаласының қоршаған ортасы мен халық денсаулығының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер жүйесiн алу; "Ақтау теңiз порты" EЭA аумағы, Байқоңыр ғарыш айлағы ауданында қоршаған ортасының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер жүйесiн алу; Қазақстан қалаларының әуе бассейнi ластануының қазiргi заманғы жай-күйiн бағалау жөніндегі есеп.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
347-қосымша
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және
қайта жаңартуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 853357 мың теңге (сегiз жүз елу үш миллион үш жүз елу жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексiнiң 43 және 44-баптары; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасының 1.3-тармағы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгі тұжырымдамасы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы.