7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Солтүстiк Қазақстанның уран өндiрушi өңiрлерi қоршаған ортасының экологиялық-радиациялық жай-күйiне бағалау жүргiзу, радиациялық және химиялық ластанулар, өндiрiс қалдықтарының көлемi және құрамы туралы ақпаратты жинау, оларды тиiмдi зарарсыздандыру жөніндегі нұсқамаларды әзiрлеу, өңiрдiң қоршаған ортасы жай-күйiнен халық денсаулығының жай-күйiне байланыстылығын анықтау;
техногендiк қалдықтарды түгендеу, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының көлемi мен құрамын айқындау, қайталама ұқсатуға ғылыми-технологиялық талдау - аршылатын, кен сыйдыратын таужынысы, байытылмаған кендер, көмiрдi өндiру және байыту өнiмдерi, химиялық өнеркәсiп пен мұнай өндiру қалдықтары, техногендiк қалдықтарды орналастыру кестесiн әзiрлеу және өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату саласында ғылыми-инновациялық әзiрлемелердiң басым бағыттары бойынша өндiрiс салаларының бөлшегiнде техногендiк қалдықтарды ұқсату жөніндегі нұсқамаларды әзiрлеу, тиiмдi пайдалану, оларды Қазақстан Республикасында кәдеге жарату жолдары жөніндегі нұсқамаларды әзiрлеу;
адам организмiне радондық сәулелену әсерiнiң деңгейiн айқындау және иондаушы сәулелердiң табиғи көздерiнен халықтың сәулеленуiн шектеу жөніндегі шараларды мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн халықты қорғау жөніндегі ғылыми негiздi iс-шараларды әзiрлеу;
әскери-сынақ полигондарын (Азғыр, Капустин Яр, Ембi, Сарышаған және басқалары) және оларға жақын өңiрлердi пайдалану салдарлары әсерiнiң қауiптiлiк деңгейiн, сондай-ақ осы жерлердi шаруашылық пайдалану мүмкiндiгiн бағалау;
өсудiң тұрақты үрдiсi бар онкологиялық аурулар туындауының жоғары деңгейiн белгiлеу жөніндегі тұжырымдаманы әзiрлеу, ластану көздерiнiң кешендi сипаттамасы және қоршаған ортаның бұзылуының дәрежесi, халыққа медициналық-генетикалық тестiлеу жүргiзу, ересек және балалар халқының денсаулығына скиринг;
Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйiн бағалау, осы жай-күй көрсеткiштерi бойынша Қазақстан аумағын аудандастыру, озон қабатына әсер етулердiң терiс салдарларының алдын алу жөніндегі ғылыми-негiзделген нұсқамаларды әзiрлеу, озон қабатын қорғау жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлеу; Вена конвенциясы шеңберiнде Қазақстанның мiндеттемелерiн ескеруге мүмкiндiк беретiн Жердiң озон қабатына физикалық және химиялық процестердiң әсерiн бағалау;
Қазақстандағы өндiрiсте және тұрмыста озон бүлдiретiн заттардың тұтынылуына бағалау жүргiзу, озон бүлдiретiн заттарды пайдаланудың экологиялық қауiпсiздiгiн ғылыми қамтамасыз етудi әзiрлеу, озон бүлдiретiн заттарды түгендеу;
парник газдарының шығарындыларын сандық бағалау, парник газдары эмиссияларының және Қазақстанның Ұлттық стратегиясы сценарийiн әзiрлеу, парник газдары шығарындыларының көздерiн айқындау және шығарындылар санын бағалаудың әдiстерiн жетiлдiру, Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына сәйкес парник газдарының шығарындыларын қысқарту жөніндегі Ұлттық стратегияны әзiрлеу және Климаттың өзгеруi туралы БҰҰ Yлгiлiк конвенциясы жөніндегі ҚР мiндеттемелерiн орындау, өңiрлiк климаттың қазiргi заманғы өзгеруiн, климаттың өзгеруi және оның қолайсыз салдарлары кезіндегі экономика мен табиғи ресурстарға зиянды айқындауға, Климаттың өзгеруi туралы БҰҰ Yлгiлiк конвенциясы бойынша ҚР міндеттемелерiн орындауға мүмкiндiк беретiн экологиялық жүйелердiң және экономиканың климатқа тәуелдi салаларының климаттық өзгеруiне осалдығы мен бейiмделу мүмкiндiктерiн бағалау; Қазақстанның қазiргi заманғы және болашақ климат өзгеруiнiң үрдiстерiн бағалау;
жерлердiң шөлейттену және жұтау карталарын жасауға мүмкiндiк беретiн Қазақстан аумағының шөлейттену процестерiне ұшырауын бағалау, экологиялық таза өнiммен қамтамасыз ету және шөлейттену процестерiнiң алдын алу мақсатымен республика аумағының шөлейттену процесiнiң және ауыл шаруашылығын тұрақты жүргiзудiң ғылыми әдiстерiнiң мониторингiн жүргізудiң тұжырымдамалық негіздерiн әзiрлеу, шөлейттену мен кедейлiктiң экономикалық, саяси және демографиялық факторларын зерттеу әрi жергiлiктi деңгейде тұрақты даму тетiктерiн әзiрлеу, Қазақстанның шөлдi аудандарында фермерлiк шаруашылықты жүргiзудiң шұраттық жүйелерiн құру мүмкiндiктерiн ғылыми бағалау және бағалау мен мониторингтiң қарыштық әдiстерiн әзiрлеу;
Ертіс бассейнi мен Балқаш көлiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсер ететiн экологиялық факторларға ғылыми талдау жүргiзу, Ертіс бассейнi өзен ағысының және Балқаш көлiнiң ресурстарын экологиялық бағалау, су объектілерінiң гидрохимиялық режимi бойынша дерекқор құру, ластану көздерiнiң әсер ету деңгейi бойынша кешендi өлшемдердi әзiрлеу, өңiрлердiң табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу нұсқамаларын ғылыми негiздеу, жер асты суларының экологиялық жай-күйiне ластану және тозу көздерiнiң әсер ету деңгейi бойынша гидрогеоэкологиялық аудандастырудың кестесiн айқындау, кешендi геоэкологиялық үлгiлер мен көп өлшемдi статистика әдiстерi негiзiнде Iле-Балқаш бассейніндегі жер үстi ағынының экологиялық тұрақсыздануы және қысқаруы жағдайында жер асты суларын ұтымды пайдалануды шешудiң стратегиясы мен болжамдық нұсқаларын әзiрлеу;
жүктеме, пайдалану, тазарту, бөлшектеу көрсеткiштерiн оңтайландыру жолымен қоршаған орта объектілеріне шайынды сулардың қазiргi коммуналдық және өнеркәсiптiк жинақтаушыларының терiс әсерiнiң деңгейiн азайту мақсатымен шайынды сулар жинақтаушылар жай-күйiн зерттеу; барлық өлшемдермен Коммуналдық және өнеркәсiптiк мақсаттағы шайынды сулар жинақтаушыларының бірыңғай (жаңартылған) кадастры әзiрленетiн болатын қоршаған ортаға шайынды сулар жинақтаушыларының әсерiн бағалау, ластанудан қоршаған ортаны қорғау мақсатымен "Бурабай" және "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктерi шеңберiнде орналасқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шаруашылық-тұрмыстық шайынды суларын тазарту жөніндегі ғылыми-негiзделген нұсқамаларын әзiрлеу;
Батыс Қазақстанның жағалау-су және су экожүйелерiнiң тiршiлiк қызметiн бағалаудың ғылыми негiздемесiн әзiрлеу, флора мен фаунаны түгендеу, су қоймаларының негiзгi гомеостатикалық өлшемдерiн анықтау және жағалау-су және су экологиялық жүйелерiнiң жұмыс iстеу теориясын әзiрлеу, оларды оңтайлы пайдалану жөніндегі ғылыми нұсқамаларды әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы әуе бассейнiнiң техногендiк ластану деңгейiн бағалау, әуе бассейнiн сауықтыру жөніндегі ғылыми-негiздi нұсқамаларды әзiрлеу, қалалардың электрондық картасында нәтижелердi визуальдаумен Астана және Алматы қалалары атмосферасының тұрақты және жылжымалы ластану көздерiн түгендеу жөніндегі электрондық дерекқорды құру, қалалардың әуе бассейнiнде олардың құрамын азайту жөніндегі ғылыми-әдiстемелiк нұсқамаларды, атмосфералық ауаның сапасын басқару тетiктерiн әзiрлеу;
ластаушы заттарды үлкен қашықтықтарға көшiрудi бағалау, оның нәтижесiнде олардың мүмкiн болатын салдарлары анықталатын, атмосфералық ауаның ластануымен күрестiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі нұсқамалар және ластаушы заттарды бақылаудың нұсқалары әрi шығарындыларды қысқарту жөніндегі жұмыс нәтижелерiн бағалау әзiрленетiн болады;
табиғи объектiлердi экологиялық-экономикалық бағалаудың әдiстерiн әзiрлеу, табиғат қорғау iс-шараларының экономикалық тиiмдiлiгiнiң есебi бойынша статистикалық материалдарды өңдеу және табиғи объектiлердiң экологиялық-экономикалық бағалауын жүргiзу;
қоршаған орта ластануының алдын алу мақсатымен табиғат пайдалануға рұқсат берудiң ғылыми-негiздi моделдерiн әзiрлеу, қазiргi бар технологиялар, технологиялық динамизм және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру қажеттiлiк арасындағы оңтайлы балансты ескере отырып, кәсiпорынның нақты өнiмдiлiгi негiзiнде қалдықтарды орналастыру және шығарындылардың (төгiндiлердiң) рауалы рұқсат етiлген нормативтерiн белгiлеу жөніндегі нұсқаулық әзiрленген; қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылаудың мемлекеттік органдар институционалдық реформалар жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ұзақ мерзiмдi болашаққа қоршаған ортаның жай-күйiне және ұтымды табиғат пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүргiзудiң тиiмдi жүйесiнiң ғылыми-практикалық моделiн құру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негiздi индикаторлар мен көрсеткіштердi қалыптастыру және сынақтан өткізу, оның нәтижесiнде көрсеткіштердiң ұлттық жүйесiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлардың ұлттық тiзiлiмiн қалыптастырудың ғылыми негiзделген әдiстемесi әзiрленетiн болады;
аймақтардың тұрақты экологиялық жағдайын қамтамасыз ету үшiн және ауыл шаруашылық өндiрiсiне жағдай жасау бойынша проблемаларды шешетiн табиғи ресурстардың игеру аудандарында экологиялық қауiптi бағалау жүргiзiлген, табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығын және типтiк шектi тұрақтылықтық тiзiлiмiмен ұсынылған және оның анықтау әдiстемесi әзiрленетiн негiзде табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығының және тұрақтылығының шектерiн анықтаудың ғылыми-әдiстемелiк көзқарастарын пысықтау және табиғи-шаруашылық жүйесiне антропогендiк әсерiнiң шығынын айқындауға экологиялық жағдайдың әдiстемесiн әзiрлеу;
республикада әлеуметтiк-экономикалық және мәдени құрылыстың, өндiрiс күштерiн дамыту, қоршаған ортаның табиғи ресурстарын кәсiби пайдаланудың мiндеттерiн негіздемелік шешуге арналған Қазақстанның кешендi ғылыми-анықтамалық атласын әзiрлеу бойынша жұмысты жалғастыру;
дерекқор ұйымдастыру, осы су қоймаларының биоәралуандылығын сақтау бойынша биологиялық негiзделген ұсынымдарды беру, осы топтағы көлдердiң экологиялық жай-күйiн бағалауға мүмкiндiк беретiн Щучье-Бурабай курорттық аймағының экологиялық жай-күйiнiң болжамдық моделдерiн әзiрлеу;
Қазақстан кешендi экожүйелерiнiң жай-күйi бойынша деректердi кешендi жүйелеу, Қазақстан Республикасының өндiрiстiк орталықтарының және 20 iрi қалалары үшiн экологиялық паспорттарды әзiрлеу;
ауа бассейннiң, су және топырақ ресурстарының жай-күйi бойынша алынған деректер қалалардың экологиялық жағдайын жақсартуға нақты басқару және шаруашылық шешiмдерiн, сондай-ақ халықты сауықтыру жөніндегі шараларды қабылдауға мүмкiндiк бередi. Қоршаған ортаның жай-күйi туралы экожүйелердiң жай-күйiндегі болып жатқан өзгерістер, төгiндiлер мен шығарындылардың көлемдерi жинақтаулар, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату, табиғат қорғау аясы мен оны басқару жүйесiнiң басқа да қырлары туралы аналитикалық жазбаның жиынтық томын дайындау. Табиғи ресурстарды пайдалану деңгейiн айқындау әдiстемесiн әзiрлеу және қоршаған ортаға терiс әсер етудi азайту жөніндегі шаралар;
антропогендiк факторлардың әсер етуiн бағалауға бейiмдiлiк тәсiлiн әзiрлеуге және биоэнергетиканың көрсеткiштерiн пайдалана отырып биогеноценотиттiк деңгейде экожүйенiң жай-күйiн болжауға мүмкiндiк беретiн экожүйелердiң негiзгi компоненттеріндегі шоғырланған энергияны айқындау жөніндегі ғылыми жұмыстарды жүргiзу;
экологиялық жағдайды қалыптастыратын процестер мониторингiн жүргiзу жөніндегі ғылыми негiздi iс-шараларды жүзеге асыруға және шиеленiскен экологиялық бөлшегiнде алынған ақпаратқа талдау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн Каспий теңiзi деңгейi көтерiлуi салдарынан туындайтын, сондай-ақ көмiр сутегi шикiзаттарын жедел барлау процестерiн ескере отырып Каспий маңының Солтүстiк-Шығыс бөлiгіндегі қазiргi заманғы экологиялық жағдайды бағалау;
экологиялық қауiпсiздiктiң жоғары тиiмдiлiгiмен инженерлiк-конструкторлық әзiрлемелерге таңдау жүргізуге, тәжiрибелiк үлгiлердi дайындауға және байқап көруге және оларды өндiрiске енгізуге мүмкiндiк беретiн ресурс үнемдейтiн технологиялар саласындағы тиiмдi, экологиялық және экономикалық орынды шешiмдердi әзiрлеу жөніндегі ғылыми зерттеулердi жүргiзу;
мұнай өндiру аудандарында күкiрттiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсер ету мониторингін енгізудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның нәтижесiнде, күкiрттің терiс әсер етуiне неғұрлым ұшыраған қоршаған ортаны құрайтындар анықталатын, мұнай кәсiпшiлiк өңiрлерiнде күкiрттiң қоршаған ортаны ластауының алдын алу жөніндегі ғылыми негiзделген iс-шаралар әзiрленетiн болады;
өнеркәсiптiң негiзгi салаларының кәсiпорындары бойынша ластаушы заттар қауымдастықтарының шамамен алғандағы құрамын анықтау үшiн қоршаған орта мониторингі саласындағы ғылыми зерттеулердi жүргiзу және қоршаған орта компоненттерiнiң жай-күйiне (топырақ, су, ауа, биота), сондай-ақ халықтың денсаулығына ластаушы заттардың әсер етуiн айқындау. Нәтижесiнде қоршаған орта мониторингiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету әзiрленетiн болады;
сынап ластануларының жай-күйiне бақылау мен талдаудың қазiргi заманғы әдiстерiн зерттеу базасында мониторингтiк бақылаудың аса тиiмдi технологиясын әзiрлеуге мүмкiндiк беретiн Қазақстанның тиiстi өңiрлерiнiң (Нұра өзенi, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар және түстi металлургия, энергетика кәсiпорындарының жанындағы басқа да облыстар аумақтарының учаскелерi) сынап ластануы мониторингiн ғылыми қамтамасыз етудi шешуге және жүзеге асыруға бағытталған зерттеулердi жүргiзу;
жер асты горизонттарына, сондай-ақ олармен байланысты жер үстi су көздерiне радиоактивтiк ластанудың әсер етуiн зерттеуге мүмкiндiк беретiн жер асты жарылыстары өткен әрбір объектi үшiн су мониторингi технологиясын әзiрлеу және енгізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
342-қосымша
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 676730 мың теңге (алты жүз жетпiс алты миллион жетi жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы; "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған орта жай-күйiн, халықтың денсаулығын жақсарту; шайынды суларды биологиялық тазартуды қамтамасыз ету; табиғи ресурстарды қалпына келтiру, сақтау және ұтымды пайдалану; табиғи ортаға ұлғаймалы терiс әсер етудi азайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қызылорда қаласында экологиялық жағдайды жақсарту, су бұру факторымен байланысты халықтың ауру-сырқауын азайту, қалалық канализациялық желiлерiнiң тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 004 Қоршаған Қызылорда қаласын- жыл Қазақстан
ортаны дағы ақаба суларды бойы Республикасы-
қорғау биологиялық тазарту ның Қоршаған
объектiле- станциясын салу ортаны қорғау
рiн салу (мемлекеттік сарап- министрлігі
және қайта таудың 2001 жылғы
жаңарту 18 қазандағы № 7-
116/2001 қорытынды-
сы және "Қызылорда
қаласындағы шайынды
суларды биологиялық
тазарту станциясы-
ның" құрылыс жобасын
бекіту туралы"
Қазақстан Республи-
касы Экономика және
сауда министрлiгі
Құрылыс iстерi
жөніндегі комитеттiң
2002 жылғы 28 мау-
сымдағы № 156
бұйрығы). Объектіні
мемлекеттік
қабылдау.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қызылорда қаласындағы ақаба суларын биологиялық тазарту станциясының құрылысын аяқтау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
343-қосымша
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 164314 мың теңге (бір жүз алпыс төрт миллион үш жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Жаhандық экологиялық қордың Атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк қордың Гранттық келісімiн (Қуаң жерлердi басқару жөніндегі жоба) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 қаңтардағы Заңы; "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы"; "Қазақстан Республикасы мен Жаhандық экологиялық қордың Атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк қордың Гранттық келісімiн (Қуаң жерлердi басқару жөніндегі жоба) жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 қыркүйектегi № 920 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: астық шығарудың қиын жағдайларындағы аумақтарда табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтiру және тұрақты пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қуаңшылық жағдайларында жер пайдаланудың тұрақты жүйелерiн енгізу; ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өткізуден фермерлердiң табыс алуына жәрдемдесетiн iс-шараларды жүзеге асыру; "көмiрсутегi квоталарымен" халықаралық саудада Қазақстан Республикасының қатысу мүмкiндiгiн айқындау үшiн көмiртегiн жұту деңгейiн айқындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 005 Қоршаған
ортаны
қорғау
объектiле-
рiн оңалту