7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттің экономикасын геодезиялық және картографиялық өнiмдермен қамтамасыз ету, геодезиялық және картографиялық материалдардың есепке алынуын, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылды елді мекендерді картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
387-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Республикалық картографиялық фабриканы салу"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 549370 мың теңге (бec жүз қырық тоғыз миллион үш жүз жетпiс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 сәуірдегі № 414 "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Геодезия және картография бас басқармасының құрамында Республикалық картографиялық фабрикасын құру туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзiмдi жоспары"
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: картографиялық өнiмдермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық картографиялық фабрика құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 005 Республика- Республикалық карто- жыл Қазақстан
лық карто- графиялық фабрика бойы Республикасы-
графиялық құрылысы бойынша ның Жер
фабриканы инвестициялық жобаны ресурстарын
салу Қазақстан Республи- басқару
касы Yкіметінiң 2004 жөніндегі
жылғы 8 желтоқсанда- агенттiгi
ғы № 1289 "2005
жылға Республикалық
бюджет туралы
"Қазақстан Республи-
касының Заңын жүзеге
асыру туралы" қаулы-
сының № 2 қосымшасы-
на сәйкес заң тәртi-
бiнде бекітілген
жоба-сметалық құжат-
тарға сәйкес құры-
лыс-монтаждық жұмыс-
тарды орындау және
Республикалық карто-
графиялық фабрика
құрылысының аяқта-
луымен жабдықтарды
сатып алуды жүзеге
асыру ("Алматы
қаласында Республи-
калық картографиялық
фабрика құрылысының
жобасын дайындау"
жұмыс жобасы туралы
"Госэкспертиза"
республикалық мемле-
кеттік өнеркәсiптiң
оңтүстiк еншiлес
кәсiпорнының 2003
жылғы 5 маусымындағы
№ 7-252/2003
қорытындысы).
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Республикалық картографиялық фабрика құрылысын аяқтау үшiн құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемiн орындау және жабдықтар сатып алу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
388-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Жер ресурстарын басқару саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 39066 мың теңге (отыз тоғыз миллион алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер Кодексi; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік ауыл шаруашылық аумағын дамыту бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 1149 Жарлығы; "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу Ережелерiн бекіту және оның мәлiметтерiн пайдалану туралы" 2003 жылғы 19 қыркүйектегi № 956 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу Ережелерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы жер ресурстарының потенциалын ұтымды пайдалану мен қорғауды инновация базасында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету және оны экономикалық айналымға енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік жер кадастры мен оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
мониторинг бойынша инновацияны ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелi-эксперименталды қолдауды қамтамасыз ету, жердi зерттеу, картографиялау және ландшафты-экологиялық және геоақпараттық жүйелер негiзiнде аумақты ұйымдастыру;
ақылы жер пайдалану, жердiң нарықтық айналымы мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру жүйесiнiң ғылыми-әдiстемелiк базасын әзiрлеу;
қолайлы жер пайдалану нормативтерiн әдiстемелiк негiздеу мен әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 006 Жер ресурс- Мемлекеттік жер ка- жыл Қазақстан
тарын дастрын ғылыми- бойы Республикасы-
басқару әдiстемелiк, бағдар- ның жер
саласындағы дамалық және техно- ресурстарын
қолданбалы логиялық қамтамасыз басқару
ғылыми ету; жаңа жер құры- жөніндегі
зерттеулер лысы жағдайында жер агенттiгi
мониторингi жүйесiн
қалыптастыру
принциптерi;
ландшафты-экология-
лық тұрғысы негiзiн-
де аумақты ұйымдас-
тыруды ғылыми-әдiс-
темелiк негiздеу;
ақылы жер пайдалану
жүйесiн және жер
ресурстарын тиiмдi
пайдалану мен қор-
ғауды экономикалық
ынталандыру ғылыми
және әдiстемелiк
негiздеу;
әдiстемелiк негiздеу
және нормативтердi
әзiрлеу;
мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптама
жүргiзу бойынша
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік жер кадастры бойынша өндiрiстiк (технологиялық) жер-кадастры үрдiсiн және кезеңiн жүргiзу мен ұйымдастыру тәртібі белгiленген;
Мемлекеттік жер кадастрының жер-кадастрлық құжаттамасы жасалып, жетiлдiрiлген;
МЖК ААК жеке жүйелiк кешендерiн жүргiзу әдiстемесi мен технологиясы жасалған және олар қолданысқа енгiзiлген;
Әуе-ғарыштық суретке түсiру мәлiметтерiн пайдалану арқылы жер пайдаланулардың кадастрлық тақырыптық карталарын әзiрлеу технологиясы жасалды;
Жердi агроэкологиялық топтастыру әдiстемесi жасалды.
Жер мониторингi, зерттеу және картографиялау бойынша Геоақпараттық жүйелер негiзiнде жердi ара-қашықтықтан барлау және ландшафты мониторингiнiң мәлiметтерi бойынша зерттелу аумақтары (М 1:1000000; 1:100000; 1:50000; 1:25000; 1:10000) жер пайдалануларының картасын зерттеу және әзiрлеу әдiстемесi жасалмақ. Жердi есепке алу әдiстемесiн жасау; жердiң өнiмдiлiгiн және сапалық жағдайын зерттеу жұмыстары жалғастырылады.
Ландшафты-экологиялық тұрғысы негiзiнде аумақты ұйымдастыру бойынша жеке аудан шаруашылықтарының үлгiсiнде республиканың табиғи-аумақтық аймақтары бойынша: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердiң аумағын ұйымдастыруды сарапталуының және бағалануының ландшафты қамтамасыз етiлуi; аймақтық жерге орналастыру схемаларының, жердi аймақтарға бөлудiң, сонымен қатар ауыл шаруашылық өндiрушiлерiнiң жер пайдалану аумағын ұйымдастырудың әдiстемесi жасалмақ. Өкiлдi аудандардың және шаруашылықтардың аумағын сәйкесiнше 1:1000000, 1:100000, 1:25000 және 1:10000, 1:5000 масштабтарында ландшафты-экологиялық картаға түсiру тәжiрибесi жүргізiлген. Облыстық және аудандық жер пайдалану схемасының, жердi аймақтарға бөлу және аумақты ұйымдастыру жобаларының әдiстемесi жасалады және мақұлданады.
Ақылы жер пайдалану жүйесi және жер ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру бойынша Елдi мекен жерлерiн бағалауды тәжiрибеде зерттеу және олардың ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау әдiстемесiн жетiлдiру жұмыстары жүргізiледi; ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi және елдi мекен жерлерiн кадастрлық бағалаудың түзету коэффициенттерiн анықтау және бағасы бойынша аймақтарға бөлу әдiстемелері әзiрленедi.
Нормативтердi әзiрлеу бойынша түрлi ауыл шаруашылық кәсiпорындардың тиiмдi ауқымы мен экологиялық нормативтерi әзiрленедi;
Жерге, орналастыру және жер-кадастрлық жұмыстарының жеке түрлерi бойынша хронометражды жұмыстар жүргiзiледi және оларды жүргiзуге жұмсалатын еңбек нормативтерi жасалады.