Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 252 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-1-жолмен толықтырылсын:
"42-1. Қазақстан Қаржы- шілде тамыз қыркүйек Ғ.Н.Өзбеков
Республикасының мині
кейбір заңнамалық
актілеріне
бухгалтерлік есеп
және қаржылық есеп
беру мәселелері
бойынша өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |