Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 және
2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы
№ 1204 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасында балық және басқа cу жануарларын аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 49, 479-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында балық және басқа cу жануарларын аулау ережесінде:
4-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұрын бекітілмеген балық шаруашылығының cу айдындарын немесе олардың жекелеген учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекіту және оларға балық аулау кәсiпшілігi мен олардағы басқа cу жануарларын аулау құқығын беру, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар арасында балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерiнде) лимиттер мен квоталарды бөлу жыл сайын алдағы күнтiзбелiк жылдың аяғында конкурстық (тендерлiк) негiзде өткiзiледі.
Конкурстарды (тендерлердi) конкурстық (тендерлiк) комиссия өткізедi.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әрбiр су айдыны бойынша балықты және басқа cу жануарларын аулау ғылыми ұйымдардың биологиялық негiздемелерiнiң негiзiнде айқындалған олардың түрлiк құрамын көрсете отырып, аулаудың оңтайлы рұқсат етiлетiн көлемiн (лимиттерін, квоталарын) мемлекеттік экологиялық сараптаудың оң қорытындысынан кейiн арнаулы уәкiлетті орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне ұсынады.
Ғылыми ұйымдар биологиялық негiздеменi арнаулы уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 15 қазанына дейiн ұсынады.
Арнаулы уәкiлеттi орган конкурстық (тендерлiк) комиссия шешiмiнiң негiзiнде балық ресурстары мен басқа су жануарларын пайдалануға және су айдынын (учаскесiн) бекітуге арналған шарт жасасады, балық аулауға және басқа су жануарларын аулауға рұқсат бередi.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға және су айдынын (учаскесiн) бекітуге арналған шарт шаруашылық және өзге де қызметке рұқсат етiлетiн экологиялық талаптарды көздейдi.";
6-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақтағы "ғылыми-зерттеу" деген сөздер "ғылыми" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерiн бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына:
тақырыптағы, кiрiспедегi және 1-тармақтағы "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл, Зайсан-Ертіс бассейндерiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру мәселелерi мен балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурстар (тендерлер) өткізу үшiн балық қорларын және басқа да су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту мен пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың арнаулы өкiлеттi органы (бұдан әрi - арнаулы уәкiлеттi орган): арнаулы уәкiлеттi органның (комиссияның төрағасы);
тиiстi облыс әкiмдiгiнiң (облыс әкімі орынбасарынан төмен емес);
ғылыми ұйымдардың;
арнаулы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен конкурстық (тендерлiк) комиссия құрады.
Облыс iшіндегі су айдындарын немесе олардың жекелеген учаскелерiн бекітіп беру мәселелерi мен балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөніндегі конкурстар (тендерлер) өткізу үшiн арнаулы өкiлеттi органның аумақтық органдары тиiстi облыстың жергiлiктi атқарушы органымен бiрлесiп оларда конкурстық (тендерлiк) комиссия құрады.";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру мәселелерi және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурс (тендер) өткізу ережелерiнде:
тақырыптағы, 1 және 2-тармақтардағы "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "комиссия құрады" деген сөз "конкурстық (тендерлiк) комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ "уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейiн "және оның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
5, 6, және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Конкурсты өткізу және оның шарттары туралы хабарландыру ол өтетiн күнге дейiн бiр ай бұрын мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланады.
Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл және Зайсан-Ертіс бассейндерiнiң су айдындары жөнiнде ол "Казахстанская правда" мен "Егемен Қазақстан" газеттерiнде жарияланады.
6. Табиғат пайдаланушылар меншiк нысандарына қарамастан, конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бередi.
7. Егер қатысуға өтiнiштi екеуден кем табиғат пайдаланушы берген болса немесе конкурстық (тендерлiк) комиссия барлық табиғат пайдаланушылардың ұсыныстары конкурстың (тендердiң) шарттарын қанағаттандырмады деп таныса, конкурстық (тендерлiк) комиссия конкурс (тендер) өтпедi деп таниды.
Балық кәсiпшiлiгi су айдындарын (учаскелерiн) бекітіп беру және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарындағы балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөніндегі конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн өтiнiмге қосымшада көрсетілген құжаттардың толық емес тiзбесi ұсынылған немесе оларды дұрыс ресiмдемеген жағдайда мұндай конкурстық (тендерлiк) өтiнiм қабылданбайды және оны конкурстық (тендерлiк) комиссия қарамайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын конкурстық (тендерлiк) комиссия табиғат пайдаланушылардың көрсеткiштерiн рейтингтiк бағалау негiзiнде бөледi. Рейтингтiк бағалауды анықтау тәртібін арнаулы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Табиғат пайдаланушылардың рейтингтiк бағасы тең болған жағдайда басымдылық қызметiнiң негiзi балық аулау және оған байланысты қызмет болып табылатын жергiлiктi жағалау аудандарының мамандандырылған жеке және заңды тұлғаларына берiледi.
Конкурстық (тендерлiк) комиссияның шешiмi осы қаулының 8-тармағын ескере отырып, мәжіліске комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3-i қатысқан кезде көпшiлiк дауыспен қабылданады және хаттама түрiнде ресiмделедi";
10-тармақта:
екiншi және үшiншi абзацтар "әкiмдiгі" және "уәкiлеттi орган" деген сөздердiң алдынан "Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл және Зайсан-Ертіс бассейндерiнiң су айдындары жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"облыс iшіндегі балық шаруашылығы су айдындары бойынша балық аулау кәсiпшiлiгiне және басқа да су жануарларын аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су айдындарын немесе олардың учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру туралы шешiмдi тиiстi облыстың әкiмдiгi қабылдайды.";
Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру мәселелерi және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурс (тендер) өткізу ережелерiне қосымшада:
тақырыптағы "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
"заңды тұлға жарғысының" деген сөздерден кейiн "нотариалды түрде куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
"мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң" деген сөздерден кейiн "нотариалды түрде куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |