Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 196 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 тамыздағы № 825 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 383-құжат):
1-тармақта "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 21-56-жолда "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрi 217-6-жолда "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |