Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 191 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда
вице-министрi
енгiзілсiн;
көрсетілген құрамнан Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы шығарылсын;
Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
1-бөлiмде "Қазақстан Республикасының "Шетелдiк инвестициялар туралы", "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдендiрген қарыз алу және борыш туралы" заңдарына" деген сөздер "Бюджет кодексiне, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бөлiмнiң бiрiнші абзацында "айына кемiнде бiр рет" деген сөздер "қажеттілiгiне орай" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |