10) сыртқы сауданың кеден статистикасын ұйымдастыру және жүргiзу, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру үшiн Маңғыстау облысы бойынша КБ-ға бастапқы деректердi ұсыну заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы кеден статистикасын жүргізy;
11) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiмен келісім бойынша шет мемлекеттердiң кеден және кеден iсi мәселелерiмен айналысатын өзге де құзыреттi органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
12) Кеденде кадрларды iрiктеу, орналастыру, олардың кәсiби даярлығы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу;
13) кеден инфрақұрылымының құрылысын жобалау мен оны қайта жаңғыртуды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу;
14) Кеден қызметкерлерi үшiн қажеттi еңбек жағдайларын жасау, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн жетілдiру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру;
16) Кеденнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларды кеден iсi мәселелерi бойынша хабардар ету, өз құзыретiнiң шеңберiнде азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiн уақытылы және байыпты қарау, мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасауды туғызатын себептердi жою жөнiнде шаралар қабылдау;
17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды орындау болып табылады.
11. Кеденнiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруы кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
2) өз құзыретiнiң шектерiнде кеден ережелерiн бұзу туралы iстердi қарауға және жүргiзуге қабылдауға не оларды қарау үшiн ведомстволық бағыныстылығы бойынша беруге;
3) өз құзыретiнiң шектерiнде мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң лауазымды адамдарымен және азаматтарымен өзара iс-қимыл жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтық өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Кеденнiң қызметiн ұйымдастыру
12. Кеден жұмысты Маңғыстау облысы бойынша КБ-ның құрылымдық бөлiмшелерiмен, Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен өзара iс-қимылда ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде ұйымдастырады.
13. Кеден өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.
14. Кедендi Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
15. Кеден бастығының Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
16. Кеден бастығы Кеденнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
17. Кеденнiң бастығы осы мақсаттарда:
1) Кеденнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Кедендi бiлдiредi;
3) өзiнiң орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өкілеттiктерi мен мiндеттерiн белгілейдi;
4) заңнамаға және лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Кеденнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) өз құзыреті шектерiнде бұйрықтарға қол қояды;
6) Кеденнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi және лауазымды адамдардың функционалдық мiндеттерiн бекiтедi;
7) заңнамада белгiленген тәртiппен қызметкерлерге қатысты көтермелеу шараларын қолданады, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады, Кеденнiң лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беру туралы Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне ұсыныстар енгiзедi;
8) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне Кеденнiң құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгiзеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Кеденнің мүлкі
18. Кеденнiң өзiне жедел басқару құқығымен берiлген оқшауланған мүлкi болады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Кеденнiң теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады.
19. Кеденге бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
20. Кеденнiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетінше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Кеденге заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртiппен мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
5. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 24 маусымдағы
№ 688 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау
агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 19.11.03 ж. № 1157 қаулысымен ереже алып тасталды (бұр. ред. қара)