“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 753 және
2004 жылғы 9 наурыздағы № 287 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 169 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 753 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасында:
"Қаржы рыногының қатысушыларын институционалдық дамыту" деген III бөлiмнiң "Кредиттiк мекемелердi дамыту" деген 1-кiшi бөлiмiнiң "Қазақстан ипотекалық компаниясы және Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" деген б) тармақшасындағы "Негiзгі шаралар" деген бiрiншi абзацтағы "ипотекалық кредиттеу жүйесiн дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын және" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 наурыздағы № 287 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 158-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын icкe асыру бойынша 2003-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 3.2.1-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |