“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 ақпандағы № 146 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
6-тармақтың төртiншi абзацындағы "PMК "Қазақстан темір жолы"" деген сөздер "тасымалдаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың 3) тармақшасында:
"купе вагонының" деген сөздерден кейiн "(жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
"рұқсатымен" деген сөзден кейін "жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (УВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарының тарифтері бойынша темір жол көлiгiмен және" деген сөздермен толықтырылысын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |