37. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.
38. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.
Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.
39. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
40. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.
41. Мына жағдайлардың барлығында:
1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ені 3,5 метрден асатын болса;
2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;
3) Арнайы рұқсаттың «Қозғалыстың ерекше шарттары» бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бір жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.
42. Мына жағдайлардың барлығында:
1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;
2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса;
3) қозғалыс кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса;
4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде;
5) ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады.
44. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады.
45. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.
46. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.
Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.
47. Қозғалыс процесiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:
1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісіз және қауiпсіз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.
48. Iрi көлемдi көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.
49. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:
1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;
2) Арнайы рұқсатқа қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге;
3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;
4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;
5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;
6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;
7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;
8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртібі белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;
9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;
10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсіздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекітілуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
50. Егер тасымалдау процесінде қозғалыс бағытын өзгертуді талап ететін мән-жайлар туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы және осы Ережеде белгіленген тәртіппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсат алу үшін:
1) отандық тасымалдаушы - Халыққа қызмет көрсету орталығына, портал арқылы не кеден органдарына;
2) шетелдік тасымалдаушы - уәкілетті органға немесе кеден органдарына жүгінуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының
техникалық жай-күйіне және жабдықтарына қойылатын қосымша талаптар
51. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдау мамандандырылған жылжымалы құраммен - тiркемесi немесе ауыр жүк тасығыш жартылай тiркемесi бар автомобиль-тартқышпен жүзеге асырылады.
Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті ернеулi тұғырнамалары бар жылжымалы құраммен тасымалдауға рұқсат етiледi. Бұл ретте, қажет болған жағдайда (мысалы, жүк шанақтың көлемiнен шығып тұрса) ернеулер алынады және автокөлік құралында жүкте орнықтыру үшiн қосымша бекіту құралдары қолданылады.
52. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралының техникалық жай-күйi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ оны жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес болуы тиiс.
53. Автокөлiк құралына жасаушы зауыт белгiлеген, рұқсат етiлген салмақтық нормативтен артық жүк тиеуге рұқсат етілмейдi.
54. Автопоездың тежегiш жүйесi автомобиль-тартқыштың тежегішi басқышынан жұмыс iстеуi және оның буындары арасында тежеу кезiнде тiркеме мен жартылай тiркеменiң автомобиль-тартқышқа қатысты ауытқу, сондай-ақ басқа да авариялық жағдай жасау мүмкiндiгi болмайтындай тежегiш күштердi бөлудi қамтамасыз етуi тиiс.
55. Автомобиль-тартқыш өзi мен тiркемесiнiң (жартылай тiркемесiнiң) арасындағы жалғағыш магистральдар үзіліп кеткен жағдайда автомобиль-тартқышты жұмысшы немесе авариялық тежегiшпен тежеуге мүмкiндiк беретін тежеу қондырғысымен жабдықталады.
56. Тiркемелер (жартылай тіркемелер) автомобиль-тартқышпен жалғағыш магистральдар үзiлген жағдайда олардың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз ететiн тежеу қондырғыларымен жабдықталады.
57. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) барлық дөңгелектерге әсер ететiн және автомобиль-тартқыштан ажыратылған толық салмақты тiркеменi (жартылай тiркеменi) кемiнде 16% еңiсте ұстап тұруды қамтамасыз ететiн тұру тежегішімен жабдықталады.
58. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралында еңісте тоқтауға мәжбүр болған жағдайда оны қосымша орнықтыру мақсатында сырғуға қарсы кемінде екi тiреуiш (әр жаққа біреуден) болуы қажет.
59. Автопоезд үшін оның әрбір буынына екiден сырғуға қарсы тіреуіштер болуы тиiс.
60. Көлiк құралының кабинасы екi жағынан артқы жақты көретiн сыртқы айналармен жабдықталуы тиiс. Айналар автокөлiк құралының және тасымалданатын жүктiң көлемiн ескере отырып, тура да және бұрылмалы да қозғалыс кезiнде жүргiзушiге көлденеңiнен әрi тігiнен жеткiлiктi көрудi қамтамасыз етуi тиiс.
61. Артқы көрiнiс айналарының автокөлiк құралының негiзгі көлемдерiнiң iшiне 20-25 кг/с шегіндегі күшпен ауыстыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн бұру тетiктерi болады.
62. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары нормативтiк құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес «Автопоезд» «Iрi көлемдi жүк» немесе «Ұзын өлшемдi көлiк құралы» деген тану белгiлермен белгіленедi.
63. Тiркеме-ұзартылманың тiркеменiң артқы көлемiнен 1 метрден аса шығып тұратын жетегi (құбыр) Жол қозғалысы ережесіне сәйкес белгіленедi.
64. Iрi көлемдi жүктi тасымалдау кезiнде жүгі бар автокөлiк құралының биiктігi жолдың жүру бөлігінің үстiнен 4,5 метрден асатын болса, бүркемелеу автомобилiне жоғары ұшында сары түстi сигналдық шамдары бар бір немесе екi габариттік штангалар орнату қажет.
Шамдарды орнату биiктігi тасымалданатын жүктiң жоғарғы көлемiнен 5-10 сантиметр жоғары болуы және iрi көлемдi автокөлiк құралы жүргiзушiсiнiң көз алдында болуы тиiс.
Шамдар тәулiктiң қараңғы кезіндегі немесе жеткiлiксіз көрiнiм жағдайларындағы қозғалыс кезiнде iске қосылуы тиiс.
6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк
құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүру тәртібін бақылау
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 65-тармақ жаңа редакцияда
65. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруін бақылауды уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы өзінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 66-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66. Автокөлік құралының көлемдік өлшемдерінің нақты мәндерін айқындау өлшеу сызғыштарының немесе арнайы сызықтық өлшеу аспабының көмегімен, ал толық салмақ пен біліктік жүктемелер - стационарлық немесе жылжымалы үлгідегі автомобиль таразыларының, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көмегімен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 67-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67. Сызықтық өлшеу жабдығы, соның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары мен автомобильдік таразылар жарамды жай-күйде болуы және олардың метрологиялық тексеруден өткені туралы сертификаты болуы тиіс.
68. Автокөлiк құралдарының көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн қателiктерi ескерiледi.
69. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-тармақ жаңа редакцияда
70. Егер осы Ереже талаптарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, тасымалдаушы және (немесе) жүк жөнелтуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал автокөлік құралын одан әрі пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейін тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 71-тармақ жаңа редакцияда
71. Осы Ереже бұзылған жағдайда, уәкілетті орган немесе кеден органдары Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және тасымалдау мынадай жағдайларда:
1) автокөлік құралының салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін асыра отырып жол жүру бағыты бойынша әрі қарай жүрген және барлық жол жүру бағыты бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеп, іс жүзінде жүріп өткен жолдың бөлігі үшін келісу жүргізбей осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты тасымалдаушы алғаннан кейін - ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралы шыққан кезде және іс жүзінде жүріп өткен бағыттың бір бөлігі үшін автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын тасымалдаушы төлеген жағдайда - Арнайы рұқсат берілместен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;
3) автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін төленген алымға қосымша осы Ережеде белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және көлемдік өлшемдерді іс жүзінде көрсете отырып, осы Ережеде белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін автокөлік құралдарының алымын тасымалдаушы төлегеннен кейін - ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралы өлшемдерінің бірі Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кеткені анықталған кезде;
4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеген және осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін - ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;
5) уәкілетті орган Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін - ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде жалғастырылады.
Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс;
6) осы Ереженің 29-тармағында көзделген мерзімде әкімшілік полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін - осы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталғанда.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты
жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша
ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТ
№ _________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
автокөлік құралының (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы, жолдың ұзақтығы км-мен)
бағыты бойынша жүруіне
1. Көлік құралының өлшемдері:
автокөлік құралының жалпы салмағы, т | жүктің салмағы, т |
ұзындығы, м | ені, м | биіктігi |
дөңгелек осьтерінің орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м | жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегі радиусы, м |
осьтер бойынша жүктеме, т
2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары _____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
4. ____________ сағ. бастап __ сағ. дейін (жылы, айы, күні) __________________
км/сағ. аспайтын жылдамдықпен ______ жолдарымен жүруге рұқсат етіледі
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
--------------------------------------------------------------------------------- кесу сызығы --------------------------------------------------------------------------------------
АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№ __________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі, көлік құралының өлшемі, бағыт
нөмірі, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы км-мен)
5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары ____________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(ілесіп жүретін автомобильдердің қозғалыс тәртібін, қозғалысқа басқа
қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсілін, жүктеме түрін, оның
көпірлерден өткізу тәртібін және т.б. көрсету)
6. Рұқсат берілді _____________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі _____________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
Төлем сомасы ______________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(жазбаша)
8. Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан
Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
ережесінің негізгі талаптарымен танысқандар:
Негізгі тартқыштың жүргізушісі ________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Жүкті шығарып салушы тұлға _________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
9. Автокөлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның
өкілдері тексерді және Жол қозғалысы ережесі мен Ірі көлемді және
ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің талаптарына
сәйкес келеді
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен
толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).
--------------------------------------------------------------------------- кесу сызығы -----------------------------------------------------------------------------
Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№ _________
Жүріп өткен үшін алымдар есебі ________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________
Төлем сомасы _______________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________
(жазбаша)
Жүргізуші ___________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, күні)
Рұқсат берген уәкілетті өкіл ____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр
салмақты жүктердi Қазақстан
Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары
бойынша жүруiне
Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруіне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымның сомасы
_____________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(жазбаша)
Ескерту: осы бақылау талоны ірі көлемді және ауыр салмақты
көлік құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруіне
арналған тиісті Арнайы рұқсатқа міндетті қосымша болып табылады.
теңге
1000000 | 100000 | 10000 | 1000 | 100 | 10 | 1 |
2000000 | 200000 | 20000 | 2000 | 200 | 20 | 2 |
3000000 | 300000 | 30000 | 3000 | 300 | 30 | 3 |
4000000 | 400000 | 40000 | 4000 | 400 | 40 | 4 |
5000000 | 500000 | 50000 | 5000 | 500 | 50 | 5 |
6000000 | 600000 | 60000 | 6000 | 600 | 60 | 6 |
7000000 | 700000 | 70000 | 7000 | 700 | 70 | 7 |
8000000 | 800000 | 80000 | 8000 | 800 | 80 | 8 |
9000000 | 900000 | 90000 | 9000 | 900 | 90 | 9 |
Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары бойынша жүруіне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГІНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымның сомасы
________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________
(жазбаша)
Арнайы рұқсатты алдым __________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________
(тасымалдаушының Т.А.Ә., қолы, күні)
Ескерту: осы бақылау талоны ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруіне арналған тиісті арнайы рұқсаттың түбіртегіне міндетті қосымша болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2009.16.06. № 913 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-қосымша жаңа редакцияда
Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты