Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 Қаулысы
(2012.01.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 120 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ереже;
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1487 Қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мемлекеттік мекемелері-аумақтық жер инспекцияларының тізбесі;
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1487 Қаулысымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2) ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1158 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1158 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1158 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) қайта аталған мемлекеттік мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1158 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2005 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.30.06. № 891 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, жер ресурстарын басқару, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын, заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Агенттіктің заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық жер инспекциялары болады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттіктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 668 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс.
9. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары
14. Агенттіктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Агенттікке өз құзыреті шегінде жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2011.23.09. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 98 Қаулысымен (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.30.06. № 891 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.01.11. № 1391 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия мен картография саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту және оларды жетілдіру;
2) өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
3) жер қатынастарын, геодезия мен картографияны реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
4) жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлеу және бекіту;
4-1) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;
5) жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
6-1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың басшыларын тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
6-2) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемелекеттік меншікке қайтару мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысанын белгілеу;
9) жердің мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
10) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер теңгерімінің деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер теңгерімін жасау;
11) өз құзыретіне кіретін жерді беру және алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
12) ҚР Үкіметінің 2012.01.11. № 1391 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтіндерін қоспағанда, геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
14) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметін үйлестіру;
15) Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсірулердің деректері мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, нормалар мен ережелерді бекіту;
16) ведомстволық (салалық) картографиялық-геодезиялық қорларда құжаттарды қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережелерін келісу;
17) ҚР Үкіметінің 2012.01.11. № 1391 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға рұқсаттар беру;
19) әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізу;
20) мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
21) Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор қалыптастыру және жүргізу;
22) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
24) ҚР Үкіметінің 2012.01.11. № 1391 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
26) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
26-1) геодезия және картография саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
27) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
28) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
29) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
29-1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабында белгіленген міндеттемелер орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғалар арасында жасалған уақытша жер пайдалану туралы шарттарды бір жақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
30) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
30-1) геодезия және картография саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
31) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;
32) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру;
33) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің нормативтік құқықтық актілерді және геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау;
33-1) геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
34) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібін анықталған бұзушылықтарды жоюды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстар немесе аэроғарыштық түсірулер жүргізу нәтижесінде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді шоғырландыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және іске асыруды талап ету;
35) Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;
36) геодезиялық пункттерді есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етуді бақылау;
37) ҚР Үкіметінің 2012.01.11. № 1391 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жер кадастрында қамтылған жер пайдаланушылар және жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді салық қызметі органдарына беру;
37-2) геодезиялық және картографиялық қызметтің басталуы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
37-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
38) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру;
39) геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен құралдарға метрологиялық бақылау және қадағалау жүргізу;
39-1) Агенттіктің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітеді;
39-2) Агенттіктің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
39-3) Агенттіктің қарамағындағы республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілейді;
39-4) бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) Агенттіктің қарамағындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар белгілеген бағаларды келіседі;
40) суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыру жөніндегі материалдарды келісу;
41) жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
42) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының материалдары мен деректерін қайтару мерзімін белгілеу;
43) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру;
44) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының және жергілікті жерлерде әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларының дұрыс көрсетілуін және олардың картографиялық материалдарда көрсетілуін бақылау;
45) геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережелерін әзірлеу;
46) су қорғау аймақтарын, жолақтарын және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келісу;
47) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен жолақтарында кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келісу;
48) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздерді келісу;
49) жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералдық ресурстарды, жер асты және жер үсті суларын, орман және өзге де өсімдік әлемінің ресурстарын, жануарлар дүниесінің ресурстарын пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптарды келісу;
49-1) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ұсыныстарын келісу;
50) суару және құрғату жүйелерін, қалпына келтірілген жерлерді, қорғаныштық орман екпелерін, эрозияға қарсы гидротехникалық құрылғыларды және жердің құнарлылығын арттыру және қорғау мақсатында құрылатын басқа да объектілерді мемлекеттік қабылдауға қатысу;
51) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
52) геодезияны және картографияны дамытудың салалық бағдарламасын әзірлеу;
53) жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыру;
54) Агенттік өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
16. Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін төраға Агенттікке басшылықты жүзеге асырады.
17. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттік төрағасының ұсынымы бойынша қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.
18. Агенттік төрағасы:
1) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға бұрыштама қояды;
3) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік төрағасының от ставкасы жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.
21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттік төрағасына есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2012.30.06. № 891 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Агенттіктің жауапты хатшысы:
1) Агенттік төрағасы қалыптастыратын жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Агенттіктің аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің, сондай-ақ аумақтық жер инспекцияларының құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық жер инспекциялары туралы ережелерді бекітеді;
6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алу жүргізуді ұйымдастырады;
8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармалары басшыларын, аумақтық инспекциялардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
10) Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттік қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
11) төрағамен келісім бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіп жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
12) Агенттіктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Агенттік төрағасы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттік төрағасына бекітуге ұсынады;
14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін даярлауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік төрағасына бюджеттік өтінім ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін бекітеді;
16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) өз өкілеттіктері шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
20) жауапты хатшыға Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін мыналарға:
1) Агенттік қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпарат, құжаттар мен материалдар сұратуға және алуға;
3) жеке қолданыстағы құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.
25. Агенттік төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады, Агенттік алқасының сандық және дербес құрамын Агенттіктің төрағасы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.
26. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттіктері Агенттіктің регламентімен және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерімен белгіленеді.
4. Агенттіктің мүлкі
27. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен құралады.
28. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
29. Агенттіктің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
30. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.