2004 ж. 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 12-тармақтың редакциясы
12. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшін қаражат бөлудi отбасының бір мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiмен келген жерi бойынша халықтың көші-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық органдар жүргізедi.
Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық орган оралман отағасының нотариалды түрде расталған тұрғын үйдi сатып алу-сату шартының немесе жергiлiктi атқарушы органның жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскесiн беру туралы шешiмiн ұсынуы бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты екiншi деңгейдегi банкте оралмандар отағасының алдын ала ашқан жеке шотына аударады.
Бұл ретте оралмандардың жеке шотына аударылған бөлiнген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы терiс айырма оралмандардың өз қаражаты есебiнен қосымша төленедi, ал оң айырма оралмандардың өздерiнде қалады.