2004 ж. 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 19-тармақтың редакциясы
19. Осы мақсаттарда Төраға:
1) өз орынбасаларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекіткен лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Комитет аумақтық органдардың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
6) бекітілген құрылым мен санның шегінде штаттық кестені бекітеді;
7) заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.