ЭКСПЕДИТОР - лицо, оказывающее услуги по организации перевозок грузов, которое может указываться в перевозочных документах в качестве плательщика перевозки на основании договора транспортной экспедиции (ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266) | ЭКСПЕДИТОР - тасымалдау құжаттарында көлік экспедициясы шартының негізінде тасымал төлеушісі ретінде көрсетілуі мүмкін, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсететін тұлға («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬНАЯ АВИАЦИЯ - авиация, предназначенная для проведения опытно-конструкторских, экспериментальных, научно-исследовательских работ и испытаний в области авиационной и другой техники (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697) | ЭКСПЕРИМЕНТТІК АВИАЦИЯ - авиация және басқа техника саласында тәжірибелік-конструкторлық, эксперименттік, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сынақтарын жүргізуге арналған авиация («ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬНАЯ ПЛОЩАДКА - организация образования, реализующая образовательные программы в режиме эксперимента для апробации новых педагогических технологий и образовательных программ (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389) | ЭКСПЕРИМЕНТТІК АЛАҢ - жаңа педагогикалық технологиялар мен білім беру бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЕРТ - в качестве эксперта может быть вызвано не заинтересованное в деле лицо, обладающее специальными научными знаниями (ст. 83 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206) | САРАПШЫ - іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам-сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 83-бап) |
ЭКСПЕРТ-АУДИТОР ПО ПОДТВЕРЖДЕНИЮ СООТВЕТСТВИЯ, СТАНДАРТИЗАЦИИ, АККРЕДИТАЦИИ - специалист, аттестованный в порядке, установленном уполномоченным органом (ст.1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603) | СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ, СТАНДАРТТАУ, АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ-АУДИТОР - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЕРТИЗА КАЧЕСТВА ЗЕРНА - комплексмер, направленных на установление и подтверждение фактических показателей качества зерна, включающих в себя обследование транспортного средства (склада), отбор и испытание пробы, оформление паспорта качества зерна (ст.1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143) | АСТЫҚТЫҢ САПАСЫНА САРАПТАМА ЖАСАУ - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЕРТИЗА КАЧЕСТВА МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ- совокупность организационных, аналитических и практических мероприятий, осуществляемых для вынесения заключения по уровню качества медицинских услуг, предоставляемых физическими и юридическими лицами (ст.36 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430) | МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫНА САРАПТАМА - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ ҚРЗ 36-бап) |
ЭКСПЕРТИЗА ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТВА - исследование или испытание лекарственного средства на предмет его безопасности, эффективности и качества путем проведения физико-химических, доклинических испытаний, клинических исследований, а также изучение нормативных документов, представленных к регистрации лекарственного средства в порядке, установленном уполномоченным органом (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522) | ДӘРІЛІК ЗАТТЫҢ САРАПТАМАСЫ - физикалық-химиялық, клиникаға дейінгі сынаулар, клиникалық зерттеулер өткізу жолымен дәрілік затты қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы тұрғысынан зерттеу немесе сынау, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркеуге ұсынылған дәрілік заттың нормативтік құжаттарын зерделеу («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЕРТИЗА ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТВА - исследование или испытание лекарственного средства на предмет его безопасности, эффективности и качества путем проведения физико-химических, биологических, доклинических испытаний, клинических исследований, определения биоэквивалентности, а также изучение нормативных документов, представленных к регистрации лекарственного средства, в порядке, установленном уполномоченным органом в области здравоохранения (ст. 42 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430) | ДӘРІЛІК ЗАТТЫҢ САРАПТАМАСЫ - дәрілік затты физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, биоэквиваленттігін анықтау арқылы оның қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы тұрғысында зерттеу немесе сынау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік затты тіркеуге ұсынған нормативтік құжаттарды зерделеу («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ ҚРЗ 42-бап) |
ЭКСПЕРТИЗА ПИЩЕВЫХ ПРОДУКТОВ - определние безопасности, оценка свойств, характеризующих потребительские свойства, пищевую и энергетическую ценность пищевых продуктов (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543) | ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН САРАПТАУ - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау, тұтынылу қасиеттерін, тамақтық және энергетикалық құндылығын сипаттайтын ерекшеліктерін бағалау («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЕРТИЗА ПРОЕКТОВ - этап разработки предпроектной или проектной документации, предшествующий принятию заказчиком (инвестором) решения о целесообразности инвестирования проекта и его реализации. Экспертиза заключается в проведении анализа документации и установлении эффективности инвестиций, а также оценке качества проектов путем установления их соответствия либо несоответствия условиям и требованиям государственных нормативов, направленных на обеспечение государственных, общественных и частных интересов, благоприятных и безопасных условий жизнедеятельности человека, устойчивого функционирования проектируемых объектов (ст.1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242) | ЖОБАЛАР САРАПТАМАСЫ - тапсырысшының (инвестордың) жобаны инвестициялаудың орындылығы және оны іске асыру туралы шешім қабылдауының алдындағы жобалаудан бұрынғы немесе жобалау құжаттамасын әзірлеу кезеңі. Сараптама инвестициялар құжаттамасына талдау жүргізуге және оның тиімділігін белгілеуге, сондай-ақ жобалардың сапасын олардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның тіршілік етуіне қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды, жобаланып отырған объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік нормативтердің шарттары мен талаптарына сәйкестігін не сәйкес еместігін белгілеу жолымен бағалауға келіп саяды («ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЕРТНАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, подведомственная уполномоченному органу, осуществляющая деятельность в сферах, отнесенных к государственной монополии (оказание услуг в области охраны селекционных достижений) (ст. 3-2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422) | САРАПТАМА ЖАСАУ ҰЙЫМЫ - сараптама жасау ұйымы мемлекеттік монополияға (селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық 6ағынысты ұйым («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 3-2 бап) |
ЭКСПЕРТНЫЙ СОВЕТ ПО ВОПРОСАМ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА - консультативно-совещательный орган, создаваемый при центральных государственных и местных исполнительных органах для организации работы по получению экспертных заключений от аккредитованных объединений субъектов частного предпринимательства и заинтересованных некоммерческих организаций на проекты нормативных правовых актов, затрагивающих интересы частного предпринимательства (cт.1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124) | КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕС - жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЛУАТАНТ - физическое или юридическое лицо, занимающееся эксплуатацией воздушных судов или предлагающее свои услуги в этой области (ст.1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697) | ПАЙДАЛАНУШЫ - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметін ұсынатын заңды немесе жеке немесе заңды тұлға («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЛУАТАНТ АЭРОПОРТА (АЭРОДРОМА) - юридическое или физическое лицо РК, а также другого государства в соответствии с международными договорами РК, который использует аэропорт (аэродром) либо на праве собственности, либо иных законных основаниях (ст.82 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697) | ӘУЕЖАЙДЫ (АЭРОДРОМДЫ) ПАЙДАЛАНУШЫ - әуежайды (аэродромды) меншік құқымен не өзге заң негіздерімен пайдаланатын ҚР, сондай-ақ ҚР халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 82-бап) |
ЭКСПЛУАТАЦИЯ ТРАНСПОРТНОГО СРЕДСТВА - использование транспортного средства для передвижения по дорогам, а также по прилегающим к ним обустроенным или приспособленным и используемым для движения транспортных средств территориям (ст.1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств» от 1 июля 2003 года № 446) | КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ - көлік құралдарын жол үстінде, сондай-ақ лайықталып немесе бейімделіп оларға іргелес салынған және көлік құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшін пайдалану («Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПЛУАТИРУЮЩАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, имеющая лицензию полномочного государственного органа на осуществление деятельности по использованию атомной энергии (ст.1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93-І) | ПАЙДАЛАНУШЫ ҰЙЫМ - атом энергиясын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар ұйым («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПОРТ - вывоз продукции с таможенной территории РК с целью постоянного нахождения или потребления вне этой территории, предоставление иностранцам услуг и прав нарезультаты интеллектуальной деятельности, связанных с вооружением и военной техникой, продукцией двойного назначения (ст.1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9-І) | ЭКСПОРТ - ҚР кеден аумағынан өнімді осы аумақтан тыс жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатымен әкету, шетелдіктерге қару-жарақпен және әскери техникамен, екі ұдай мақсаттағы өніммен байланысты қызметтер көрсету және санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтар беру («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9-ІҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПОРТ (ИМПОРТ)- реализация товаров, выполнение работ, оказание услуг резидентом нерезиденту (нерезидентом резиденту) (ст. 1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57) | ЭКСПОРТ (ИМПОРТ) - резиденттің резидент емеске (резидент еместің резидентке) тауарларды сатуы, жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПОРТ ТОВАРОВ - вывоз товаров с таможенной территории РК, осуществляемый в соответствии с таможенным законодательством РК (ст. 222 НК РК от 12 июня 2001 года № 209) | ТАУАРЛАР ЭКСПОРТЫ - ҚР кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын ҚР кеден аумағынан тауарлар экспорты (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 222-бап) |
ЭКСПОРТНАЯ ЦЕНА - цена, фактически оплаченная или подлежащая оплате за товар, в отношении которого проводится разбирательство (ст.1 ЗРК «Об антидемпинговых мерах» от 13 июля 1999 года № 421-І) | ЭКСПОРТТЫҚ БАҒА - өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тауар үшін іс-жүзінде төленген немесе төленуге тиісті баға («Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСПОРТНЫЙ КОНТРОЛЬ - совокупность мер, установленных Законом РК «Об экспортном контроле» и иными нормативными правовыми актами РК в области экспортного контроля, по реализации государственными органами РК системы экспортного контроля порядка экспорта, реэкспорта, импорта, реимпорта и транзита продукции, подлежащей экспортному контролю (ст. 1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9) | ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ - экспорттық бақылауға жататын өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының және транзитінің «Экспорттық бақылау туралы» ҚР Заңда және ҚР экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртібін ҚР экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының іске асыруы жөніндегі шаралар жиынтығы («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9-І ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСТЕРНАТ - одна из форм обучения, при которой обу-чающийся без регулярного посещения занятий самостоятельно изучает учебные дисциплины согласно образовательной программе (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389) | ЭКСТЕРНАТ - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін өз бетінше оқитын оқыту нысандарының бірі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСТРЕМИЗМ - организация и (или) совершение: физическим и (или) юридическим лицом, объединением физических и (или) юридических лиц действий от имени организаций, признанных в установленном порядке экстремистскими; физическим и (или) юридическим лицом, объединениемфизическихи(или)юридическихлицдействий, преследующих следующие экстремистские цели: насильственное изменение конституционного строя, нарушение суверенитета РК, целостности, неприкосновенности и неотчуждаемости ее территории, подрыв национальной безопасности и обороноспособности государства, насильственный захватвласти или насильственное удержание власти, создание, руководство и участие в незаконном военизированном формировании, организация вооруженного мятежа и участие в нем, разжигание социальной, сословной розни (политический экстремизм); разжигание расовой, национальной и родовой розни, в том числе связанной с насилием или призывами к насилию (национальный экстремизм); разжигание религиозной вражды или розни, в том числе связанной с насилием или призывами к насилию, а также применение любой религиозной практики, вызывающей угрозу безопасности, жизни, здоровью, нравственности или правам и свободам граждан (религиозный экстремизм) (ст.1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года №31) | ЭКСТРЕМИЗМ - жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдардың атынан іс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы; жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: ҚР конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруді, өкіметті күшпен басып алуды немесе өкіметті күштеп ұстап тұруды, заңсыз әскерилендірілген құралымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектік-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмді); нәсілдік, ұлттық және рулық алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизмді); діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдануды (діни экстремизмді) көздейтін іс-әрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауы («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСТРЕМИСТСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо, объединение физических и (или) юридических лиц, осуществляющие экстремизм и признанные судом экстремистскими (ст.1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года № 31) | ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ - экстремизмді жүзеге асыратын және сот экстремистік деп таныған заңды тұлға, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігі («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСТРЕМИСТСКИЕ ДЕЙСТВИЯ - непосредственная реализация действий в экстремистских целях, включая публичные призывы к совершению таких действий, пропаганду, агитацию и публичное демонстрирование символики экстремистских организаций (ст.1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года № 31) | ЭКСТРЕМИСТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР - экстремистік мақсаттағы іс-әрекеттер жасауға шақыратын жария үндеулерді, экстремистік ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшілікке көрсетуді қоса алғанда, осындай іс-әрекеттерді тікелей іске асыру («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСТРЕМИСТСКИЕ МАТЕРИАЛЫ - любые предназначенные для обнародования или распространения документы либо информация на иных носителях, призывающие к осуществлению экстремистских действий либо обосновывающие или оправдывающие необходимость их совершения (cт.1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года № 31) | ЭКСТРЕМИСТІК МАТЕРИАЛДАР - экстремистік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шақыратын не оларды жасау қажеттігін негіздейтін немесе ақтайтын, жария етуге немесе таратуға арналған кез келген құжат не өзге де жеткізушілердегі ақпарат («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап) |
ЭКСЦЕСС СОУЧАСТНИКА ПРЕСТУПЛЕНИЯ - совершение лицом преступления, не охватывающегося умыслом других соучастников (ст.30 УК РК от 16 июля 1997 года № 167) | ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛЫҒЫ - қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 30-бап) |
ЭЛЕКТРИЧЕСКАЯ СВЯЗЬ (ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ)- передача или прием знаков, сигналов, голосовой информации, письменного текста, изображений, звуков по проводной, радио-, оптической и другим электромагнитным системам (ст.2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567) | ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ (ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап) |
ЭЛЕКТРИЧЕСКОЕ ОРУЖИЕ - специальное приспособление, применение которого основано на действии электрического разряда (ст.1 «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339-І) | ЭЛЕКТРЛІ ҚАРУ - қолданылуы электр разрядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-І ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛЕКТРОННАЯ ТОРГОВЛЯ - электронная торговля осуществляется путем заключения торговых сделок на основе соглашения (договора) участников электронной торговли на куплю-продажу товаров с использованием электронных средств связи. Защита прав и законных интересов участников электронной торговли осуществляется в порядке, предусмотренном для субъектов торговой деятельности (ст. 29 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА - электрондық сауда оған қатысушылардың келісімі (шарты) негізінде электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға сауда мәмілесін жасасу арқылы жүзеге асырылады. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау сауда қызметінің субъектілері үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 29-бап) |
ЭЛЕКТРОННАЯ УСЛУГА - предоставление физическим и юридическим лицам информационных, интерактивных и транзакционных услуг с применением информационных технологий (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛЕКТРОННАЯ ЦИФРОВАЯ ПОДПИСЬ - набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания (ст.1 ЗРК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» от 7 января 2003 года № 370) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛЕКТРОННАЯ ЦИФРОВАЯ ПОДПИСЬ - набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания (ст.7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап) |
«ЭЛЕКТРОННОЕ ПРАВИТЕЛЬСТВО» - механизм функционирования государственных органов по предоставлению электронных услуг (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217) | «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» - мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛЕКТРОННЫЕ ИНФОРМАЦИОННЫЕ РЕСУРСЫ - информация, хранимая в электронном виде (информационные базы данных), содержащаяся в информационных системах (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР - электрондық түрде сақталатын (ақпараттық деректер қоры), ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап) |
«ЭЛЕКТРОННЫЙ АКИМАТ» - механизм функционирования местных исполнительных органов по предоставлению электронных услуг (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217) | «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘКІМДІК» - жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛЕКТРОННЫЙ ДОКУМЕНТ - документ, в котором информация предоставлена в электронно-цифровой форме и удостоверена посредством электронной цифровой подписи (ст.7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап) |
ЭЛЕКТРОННЫЙ ДОКУМЕНТ - документ, в котором информация представлена в электронно-цифровой форме и удостоверена посредством электронной цифровой подписи (cт.1 ЗРК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» от 7 января 2003 года № 370) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қол таңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛЕКТРОННЫЙ ДОКУМЕНТ НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКА - документ, составленный и переданный в установленном электронном формате, удостоверенный электронной цифровой подписью налогоплательщика, после его приема и подтверждения аутентичности (ст.10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209) | САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТЫ - белгіленген электрондық форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап) |
ЭЛЕКТРОННЫЙ МОНИТОРИНГ - форма мониторинга управления организацией с предоставлением информации в форме электронного документа, заверенного электронной цифровой подписью (cт.1 3PK «Об Инвестиционном фонде Казахстана» от 6 июля 2004 года № 575) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ МОНИТОРИНГ - ақпаратты электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанында беретін ұйымды басқару мониторингінің нысаны («Қазақстан Инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575 ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА - сфера производства, передачи и использования электрической и тепловой энергии (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588) | ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ - электр немесе жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну саласы («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛЕМЕНТЫ ФИНАНСОВОЙ ОТЧЕТНОСТИ - элементами финансовой отчетности, связанными с оценкой финансового положения, являются активы, обязательства и капитал (ст.13 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234) | ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЭЛЕМЕНТТЕРІ - активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады («Бухгалтерлік есепке алумен қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 13-бап) |
ЭЛИТАРНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ - образование, получаемое по образовательным программам, реализуемым в специализированных организациях образования для особо одаренных граждан (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389) | ЭЛИТАРЛЫҚ БІЛІМ - ерекше дарынды азаматтар үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛИТНЫЕ СЕМЕНА - семена сельскохозяйственных растений, которые получены от оригинальных или супер-элитных семян и соответствуют требованиям законодательства РК о семеноводстве (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385) | ЭЛИТАЛЫҚ ТҰҚЫМДАР - ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе супер элиталық тұқымнан алынған және ҚР тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдары («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап) |
ЭЛИТНО-СЕМЕНОВОДЧЕСКОЕ ХОЗЯЙСТВО - хозяйствующий субъект, аттестованный местным исполнительным органом области (города республиканского значения, столицы), осуществляющий производство и реализацию элитных семян (ст.1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385) | ЭЛИТАЛЫҚ ТҰҚЫМ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап) |
ЭМБЛЕМА И ОТЛИЧИТЕЛЬНЫЕ ЗНАКИ МЕДИЦИНСКОЙ СЛУЖБЫ ВООРУЖЕННЫХ СИЛ РК - геральдический знак красного полумесяца на белом фоне (ст.1 ЗРК «Об эмблеме и отличительном знаке медицинской службы Вооруженных Сил РК» от 14 декабря 2001 года № 268) | ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫМ БЕЛГІСІ - ақ түс аясындағы қызыл жарты ай геральдикалық белгісі («ҚР Қарулы Күштері медициналық қызметінің эмблемасы мен айырым белгісі туралы» 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 268-ІІ ҚРЗ 1-бап) |