1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамына немесе меншiк иесiне не жеке кәсiпкерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, ал заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
156-бап. Әдейi банкрот болу
Әдейi банкрот болу, яғни коммерциялық ұйымның лауазымды адамының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүдделерi немесе өзге адамдардың мүдделерi үшiн, iрi залал келтiрмейтiндей немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырмайтындай етiп әдейi төлемсiздiк қабiлетiн туғызуы немесе ұлғайтуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
158-бап. Коммерциялық құпияны немесе банк құпиясын сақтау мiндеттерiн
бұзу
Коммерциялық немесе банк құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Меншiк иесiне немесе құқық қорғау органдарына олардың заңды талабы бойынша коммерциялық немесе банк құпиясы бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) кодекс 158-1 баппен толықтырылды
158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
159-бап. Тұтынушыларды елеусiз мөлшерде алдау
Тауардың (көрсетiлетiн қызметтiң) тұтыну қасиеттерiне немесе сапаларына қатысты кем өлшеу, таразыдан жеу, кем есептеу, адастыру немесе жеке кәсiпкерлердiң немесе сауда қызметiн және қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың тұтынушыларды өзге де алдауы, егер бұл iс-әрекеттердiң жасалуы елеусiз мөлшерде залал келтiрсе, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан бiр бөлiгiнен аспайтындай сомада келтiрiлген зиян елеусiз мөлшердегi зиян деп танылады.
160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртiбiн бұзу
1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ азаматтарға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ азаматтарға, ұйымдарға сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
161-бап. Базарларда сауда жасау ережелерiн бұзу, сондай-ақ
мемлекеттiк стандарттардың нормалары мен санитариялық
ережелерге сәйкес келмейтiн тамақ өнiмдерiн өткiзу
1. Базарларда сауда жасаудың белгiленген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Базарларда, дүкендер мен басқа да сауда орындарында мемлекеттiк стандарттар нормаларына сәйкес келмейтiн, адамның денсаулығына қатер төндiретiн тамақ өнiмдерiн өткiзу, -
аталған тамақ өнiмдерiн басқа мақсаттарға пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда оларды жоя отырып, азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Санитариялық нормалар мен ережелердi бұзып не тұтынушылардың өмiрi мен денсаулығына тауарлардың қауiпсiздiгiн куәландыратын сәйкестiк сертификатынсыз азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларды сату, -
тауарларды тәркiлей отырып не онсыз, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -
аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
163-бап. Этил спиртi немесе алкогольдi өнiмдер айналымы ережелерiн
бұзу, сол сияқты белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн
этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру
Этил спиртi немесе алкогольдi өнiмдер айналымы ережелерiн бұзу, сол сияқты стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өткiзу мақсатында өндiру, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар және құқық бұзушылық жасау арқылы тапқан табыстар тәркiленiп, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
Тауарларды не өзге де заттарды жеке кәсiпкерлердiң және сауда қызметi мен қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың жасалған елi туралы, дайындаушысы, жеткiзушiсi немесе сатушысы туралы не мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде мәлiметтерi не тауар (қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
166-бап. Бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi толық мөлшерде
және дер кезiнде төлемеу
Бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi толық мөлшерде және дер кезiнде төлемеу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алулар туралы
заңдарын бұзу
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алулар туралы заңдарын бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) 168-бап жаңа редакцияда (қолданыстағы ред. қара)
168-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдарының
талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпарат табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - алпыс айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 28.03.03 ж. N 398-II Заңымен 168-1-баппен толықтырылды
168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заңдардың талаптарын бұзу
1. Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттік ұйымдар туралы заңдарға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабілеттігі шегінен тыс операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы, -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының елу процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Микрокредиттік ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамасында "микрокредиттік ұйым", "МКҰ" деген сөздерді немесе микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратындығын көздейтін олардан туындаған сөздерді пайдалануы, -
заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) кодекс 168-2 баппен толықтырылды
168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының
талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жөнiндегi талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептiлiк жасауы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
169-бап. Клиенттерге, кредит берушiлерге және заемшыларға банк
қызметiн көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, -
заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны, оның келiп түскен күнiн есептемегенде, бiр операциялық күннен асырып, дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, -
заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы, -
заңды тұлғаға - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) 170-бап өзгертілді (қолданыстағы ред. қара)
170-бап. Банкке iрi қатысушы мәртебесiн заңсыз иеленуге байланысты
бұзушылық
Банкке iрi қатысушы мәртебесiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның алдын ала келiсiмiнсiз иелену, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) 171-бап өзгертілді (қолданыстағы ред. қара)
171-бап. Банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн
мәлiметтерi жоқ ақпаратты уәкiлеттi мемлекеттiк органға
дер кезiнде табыс етпеуге немесе табыс етуге байланысты
бұзушылық, не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпарат) табыс ету
Банк құрылтайшыларының (қатысушыларының) және олардың аффилиирленген тұлғаларының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты уәкiлеттi мемлекеттiк органға дер кезiнде табыс етпеуi немесе табыс етуi, не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 172-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
172-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн мақсатсыз пайдалану
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның кастодиан-банкке зейнетақы активтерiн заңдарға қайшы келетiн мақсаттар үшiн орналастыру жөнiндегi тапсырманы орындау үшiн табыс етуi, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктiң мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы, -
кастодиан-банктiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) кодекс 172-1 баппен толықтырылды
172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын
таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясының қызметiне уәкiлеттi мемлекеттiк органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген есептiлiк пен қосымша ақпаратты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.06.03 ж. N 424-II; 10.07.03 ж. N 483-II (01.01.04 ж. күшіне енеді) (қолданыстағы ред. қара) 173-бап өзгертілді
173-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда
белгiленген талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген есеп-қисапты уәкiлеттi мемлекеттiк органға дер кезiнде табыс етпеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет (үзiлiссiз күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi рет және одан да көп) бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес тыйым салынған не оның құқық қабілеттiлiгiнiң шегiнен тыс мәмiлелер мен операцияларды жүзеге асыруы, -
мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыстың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң сақтанушы жағдайын сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарымен салыстырғанда нашарлататын жағдайда мiндеттi сақтандыру шартын жасауы және ол бойынша мiндеттемелердi орындауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды заңдарда белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған құрылымының орналасқан орнының өзгеруi немесе атауының өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялардың көшiрмесiн лайықты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алудың және сақтаудың, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.