│ 37. │ Жарық түсіруші │ 4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 38. │ Шаруашылық бикесі │ 5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 39. │ Аға герпетолог │ 7 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 40. │ Аға қорықшы │ 5-6 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 41. │ Аға матрос │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 42. │ Аға атқыш │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 43. │ Аға өрт сөндіруші │ 5-6 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 44. │ Аға сатушы │ 5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 45. │ Күзетші (вахтер) │ 1-2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 46. │ Атқыш │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 47. │ Телефонист │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 48. │ Өндіріс орындарын сыпырушы │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 49. │ Қызмет үй-жайларын сыпырушы │ 1-2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 50. │ Аула сыпырушы │ 1-2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│51. │ Жағалау боцманы │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│52. │ Жағалау матросы │ 1-2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│53. │ Таразышы │ 1 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│54. │ Киiм iлушi │ 1 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│55. │ Суару-жуу машиналарына май құюшы │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│56. │ Орман iсiн жүргiзушi │ 2-6 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│57. │ Кеме жүргiзу жағдайының жөндеушісі │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│58. │ Гидрометеорологиялық бекеттi │ 5-7 │
│ │ байқаушы │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│59. │ Арна зерттеу партиясының дала (жол) │ 1-4 │
│ │ жұмысшысы │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│60. │ Еден сүртуші │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│61. │ Кеме жүргізу жағдайының бекеттегi │ 2-4 │
│ │ жұмысшысы │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│62. │ Жұмысшы: │ 1 │
│ │ жағалау; │ │
│ │ тұрмыстық қызметтер бюросының; │ │
│ │ моншада қызмет көрсету жұмысшысы │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│63. │ Өндiрiстiк моншалар жұмысшысы │ 1-2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│64. │Арнайы киiмдi жуу және жөндеу жөнiн- │ 2 │
│ │дегі жұмысшы │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│65. │Селден қорғау құрылыстарын пайдалану │ 5-7 │
│ │жөнiндегi жұмысшы │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│66. │Басқару тұтқасын меңгерушi (рулевой, │ 5-7 │
│ │кормщик) │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│67. │Арна зерттеу партиясының дала (жол) │ 5 │
│ │аға жұмысшысы │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│68. │Аға кеме өткiзушi │ 5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│69. │Кеме өткiзушi │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│70. │Швейцар │ 1 │
└──────┴──────────────────────────────────────┴────────────────────────┘
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
23-қосымша
ҚР Үкіметінің 19.08.04 ж. N 867 қаулысымен 23-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің
қызметкерлері лауазымдық жалақыларының
Схемасы
Лауазымы | Лауазымдық жалақы АҚШ долларымен |
Сауда өкілі Сауда өкілінің орынбасары Кеңесші Жоғарғы санат біліктілігінің жоғарғы деңгейлі бухгалтері Бірінші санат біліктілігінің жоғарғы деңгейлі маманы | 2700 2500 2250 1500 1500 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiне
енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтыру
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 1478 қаулысына:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "мен еңбек сiңiрген жылдарына қарай үстеме ақы" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерінің сыныптық шендерi және еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы туралы Ережеде:
тақырыбынан "және еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемеақы" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақ алынып тасталсын;
16-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мамандығы бойынша жұмыс стажына:" және ж) тармақшасындағы "есептеледi" деген сөз "енгiзiледi" деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақтағы "Еңбек сiңiрген жылдары үшін проценттiк үстеме ақы төлеуге арналған" деген сөздер "Мамандығы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Дарынды балаларға арналған мектептердегі мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің өкiмiн жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 38, 356-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер туралы Ережеде:
26, 27-тармақтар алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы" және Патронат туралы ережелердi және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 418-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Патронат туралы ережеде:
2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Патронаттық тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу шарттары заңнамаға сәйкес мемлекеттік бiлiм беру мекемелерi тәрбиешiлерiнің еңбегiне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады".
4. "Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 31 наурыздағы N 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 9, 70-құжат):
5-тармақтың екiншi абзацындағы "профессор-оқытушылар құрамының еңбекақы қорына 1,75 коэффициентiн қолдана отырып, жеке нормалар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
5. "Базалық лауазымдық жалақының мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1607 қаулысына:
кiрiспедегi "мемлекеттік бюджет" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк қызметші емес қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетілдіру" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
коэффициенттердi қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды және әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер үшiн қосымша ақыларды; сондай-ақ қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстеме ақыларды;
коэффициенттердi қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды (ставкаларды), сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің еңбек жағдайы үшiн қосымша ақы мен үстемеақыларды есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақының мөлшері 5060 теңге деңгейінде белгiленсiн.".
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметінің күшін жойған кейбiр
шешімдерiнің тiзбесі
1. "Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына еңбек сіңiрген жылдарына проценттік үстемеақы төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 1142 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 38, 358-құжат).
2. "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 6, 46-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 107-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерiнің еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 1861 қаулысы.
5. "Мемлекеттiк білiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылды жерде жұмыс iстегенi үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып жетекшілiгi үшiн, дәптерлер, жазба жұмыстарын тексергенi үшін, оқу кабинеттерiнің меңгерушiлiгi үшiн, тереңдетіп оқытқаны үшiн қосымша ақы және басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 618-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 73 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 17-құжат).