** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы лауазымдық жалақысынан пайыз есебiмен анықталады.
Ескерту.
Ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын бiржолғы консультация беруге бiр сағат ретiнде ақы төленедi.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу демалыс үшiн төленетiн ақыны да ескередi.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесi үшiн берiлетiн қосымша ақыны ескередi.
Жоғары бiлiмi бар жоғары оқу орындарының қызметкерлерiне негiзгі лауазымы бойынша жұмыс күнiнен тыс жоғары оқу орны ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі жылына 225 сағаттан аспайтын сағат бойынша еңбек ақы төлеу шарттарында педагогикалық жұмыспен шұғылдана алады.
"Халық" деген құрметтi атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы профессорлар, ғылым докторлары үшiн көзделген мөлшерлерде, ал "Еңбек сiңiрген" құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандидаттары үшiн көзделген мөлшерлерде белгiленедi.
Конкурстар мен байқаулардың әдiлқазылар алқасының мүшелерiне, сондай-ақ конкурстық жұмыстар рецензенттерiне еңбек ақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетiн адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы бойынша жүргiзiледi.
*** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы:
жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына еңбек ақы төлеу үшiн;
тiлдердi үйрену жөнiндегi курстардың оқытушыларының еңбегiне ақы төлеу үшiн;
университеттердің, педагогикалық, инженер-педагогикалық институттардың (факультеттердiң) студенттерi педагогикалық практика өтетiн оқу-тәрбие мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу үшiн қолданылуы мүмкiн.
**** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы:
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелерiне, сондай-ақ өндiрiстерден тартылатын мамандардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
егер студенттерге өздерi берген пәндер бойынша мемлекеттiк емтихан қабылдайтын немесе дипломдық жоба жетекшiсi бола отырып дипломдық жобаны қорғауды қабылдайтын жағдайларда, Мемлекеттiк емтихан комиссиясына қатысқаны үшiн ректорлар мен проректорлардың еңбегiне ақы төлеу;
сағат бойынша жұмыс iстейтiн оқытушылар өнер және мәдениет жоғарғы оқу орындарында арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргiзу кезiнде;
медбикелердi даярлау үшiн азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлерiн, қоғамдық кәсiптер факультеттерiне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбек ақы төлеу үшiн;
оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезiнде;
практикалық қызметiнде шет тілін қолданғаны үшiн жалақыға үстемеақыларды алатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнен шет тiлi бойынша емтихан қабылдау алу кезiнде;
шет тiлiн жедел меңгеру жөнiндегi курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргiзу кезiнде;
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын оқытушыларға студенттердiң далалық және педагогикалық практикасына жетекшілік жасағаны үшiн қолданылуы мүмкiн.
***** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкалары, сондай-ақ:
мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшiн тартатын оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен мамандардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
диссертациялық зерттеулердiң консультанттары ретiнде тартылатын басқа ұйымдардың жетекшi ғалымдары мен мамандарының еңбегiне ақы төлеу үшiн (бiр докторантқа жылына 50 сағат);
оқу орындары ректорларының, проректорларының және басқа да басшы қызметкерлерiнiң, сондай-ақ түрлi экономикалық қызметтiң жоғары бiлiктi мамандарының, соның iшiнде оқу жылында 100 сағаттық еңбегiне сағат бойынша ақы төленетiн кафедра меңгеру жөнiндегi жұмыстарды атқаруға тартылатын басшы лауазымдардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
басшы қызметкерлердiң және мамандардың білiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткiзгенi үшiн еңбек ақы төлеу;
халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақтар (лекция) өткiзгенi үшiн еңбек ақы төлеу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
21-қосымша
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 21-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Техникалық қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын және
мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететін және
мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер үшiн
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi
Техникалық қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс істеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажы белгiлi бiр лауазымдар санатына жататын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық жалақысын анықтау мақсатымен есептеледi.
1. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктілік кестесiне сәйкес лауазымдық жалақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс стажына мемлекеттiк органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесiндегi қызмет, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының прокуратура органдарында, iшкi iстер органдарында, соттарында, КСРО-ның мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген;
4) КСРО Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесiнде жұмыс iстеген;
5) жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берiлген, баланы күту жөнiндегi жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
6) егер шетелге жiберер алдында қызметкер мемлекеттiк органдарда жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың ішiнде мемлекеттiк органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкілдi органдары депутаттарының өкiлеттіктерiн тұрақты негiзде жүзеге асырған;
8) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн мемлекеттiк органда жұмыс iстесе және оны бiтiрген соң мемлекеттiк органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында мемлекеттiк органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған;
9) ұйымдарда мемлекеттiк органдардағы мамандықтармен бiрдей мамандықтар бойынша қызметтерде кейiнгi жұмыс iстеген уақыты кiредi.
2. Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандық бойынша жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеуде ескерiледi.
3. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге, стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Мамандығы бойынша жұмыс стажын құрамын тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссия анықтайды.
Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен үзiндiлер екi данада жасалады және: бiр данасы - кадр қызметiне, екiншiсi - бухгалтерияға берiледi.
5. Еңбек кiтапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзiндiлер, қызмет тiзiмi мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу үшiн негiзгi құжат болып табылады. Жұмыс істеген кезеңдері туралы қажетті жазбалар болмаған немесе қате немесе анық емес жазбалар болған жағдайда жұмыс стажын растау үшін анықтамалар, дербес шоттар және жалақы беру тізімдемелері және заңнамада көзделген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар өзге де құжаттар қабылданады. Мамандығы бойынша жұмыс стажын куәгердің мәліметі бойынша растау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
22-қосымша
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 22-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар жұмысшыларының
Жұмыстар мен жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк
анықтамалығы шығарылымдарында жоқ жекелеген кәсiптерiн тарифтеу
(барлық қызмет салалары үшiн ортақ)
┌──────┬──────────────────────────────────────┬────────────────────────┐
│ N р/р│ Жұмысшы кәсiбінiң атауы │ Біліктілік разряды │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 1. │ Арбакеш │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 2. │ Герпетолог │ 6 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 3. │ Қызметшi әйел │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 4. │ Жүк тиеушi │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 5. │ Аула сыпырушы │ 1-2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 6. │ Дезинфекциялаушы │ 3-5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 7. │ Киiм үлгiлерiн көрсетушi │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 8. │ Пластикалық кейiптердi көрсетушi │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 9. │ Шаш үлгiлерiн көрсетушi │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 10. │ Қорықшы │ 3-5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 11. │ От жағушы │ 1-2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 12. │ Билет сатушы │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 13. │ Кастелянша │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 14. │ Киномеханик │ 4-5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 15. │ Қоймашы │ 1-2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 16. │ Жылқышы │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 17. │ Текшелеушi │ 1 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 18. │ Курьер │ 1 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 19. │ Ат айдаушы │ 1 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 20. │ Орманшы │ 3-5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 21. │ Лифтер │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 22. │ Таңбалаушы │ 1 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 23. │ Матрос-құтқарушы │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 24. │ Сахна машинасi │ 4-5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 25. │ Сәбидi күтушi │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 26. │ Өрт сөндiрушi │ 4-5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼─────────────────────── ┤
│ 27. │ Шаштараз │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼─────────────────────── ┤
│ 28. │ Құжаттарды түптеушi │ 2-3 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼─────────────────────── ┤
│ 29. │ Қызмет иттерiн жетелеушi (жетекші) │ 4-5 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 30. │ Сатушы │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 31. │ Жеміс-көкөніс қоймасының жұмысшысы │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 32. │ Көріктендіруші жұмысшы │ 3 │
├──────┼─┬────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 33. │ Ғимараттарға, құрылыстарға және жаб │ │
│ │ дықтарға қызмет көрсету жөніндегі жә-│ 3-4 │
│ │ не ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмысшы│ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 34. │ Жануарларды қарайтын жұмысшы │ 2-6 │
│ │ оның iшiнде жануарлардың кез келген │ │
│ │ күрделi және ерекше қауiптi топтарын │ │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 35. │ Бағбан │ 2 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤
│ 36. │ Санитар әйел санитар (-жуушы) │ 3-4 │
├──────┼──────────────────────────────────────┼────────────────────────┤