18-бап. Почта қызметiн көрсету кезiнде мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Почта операторы почта жөнелтiмiн қабылдап алған кезден бастап алушыға берген кезге дейiн оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Почта операторы:
1) салым жоғалған, жетiспеген немесе тiркелетiн почта жөнелтiмi зақымданған (бүлiнген);
2) почта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерi бұзылған жағдайларда жауапты болады.
3. Салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе почта жөнелтiмінің зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн почта операторы мынадай мөлшерде:
1) құндылығы жарияланған почта жөнелтiмiнiң жоғалғаны немесе түгелдей зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жарияланған құндылығы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде;
2) салым тiзiмдемесiмен бiрге жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған почта жөнелтiмдерi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жөнелтушi тiзiмдемеде көрсеткен салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;
3) салым тiзiмдемесiз жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған почта жөнелтiмi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгi массасының, жiберiлген салым массасына (почта жөнелтiмi орамының массасынсыз) қатынасына барабар түрде оның нақты құнына қарамастан анықталатын почта жөнелтiмi бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;
4) өзге де тiркелетiн почта жөнелтiмiн жоғалтқаны үшiн - төленген тарифтiң екi еселенген сомасы мөлшерiнде;
5) почталық ақша аударымын жоғалтқаны үшiн - почталық ақша аударымының сомасы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде жауапты болады.
4. Пайдаланушылардың почта жөнелтiмдерi мен почталық ақша аударымдарын жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн почта операторы кiдiртiлген әрбiр күн үшiн төленген тарифтiң үш процентi мөлшерiнде, бiрақ көрсетiлген қызмет үшiн төленген тариф сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Почта жөнелтiмiн әуе көлiгiмен жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн почта операторы пайдаланушыға әуе және жер үстi көлiгiмен жiберу үшiн төленетiн ақы тарифтерiнiң арасындағы айырмашылықты төлейдi.
5. Егер мiндеттерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау ырық бермейтiн күштiң немесе почта жөнелтiмiндегi салымның ерекше қасиеттерiнің салдарынан болғаны дәлелденсе, почта операторы салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе тiркелетiн почта жөнелтiмiнiң зақымданғаны (бүлiнгенi), почта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтан босатылады.
6. Почта операторы почта қызметiн көрсету жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде , осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
7. Пайдаланушылар:
1) ерекше қасиеттерiне орай почта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды почта жөнелтiмiне салудың салдарынан;
2) почта желiлерi арқылы жiберуге қабылданған салымның тиiсiнше буып-түйiлмеуi салдарынан туындап, почта операторына келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады.
19-бап. Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының