2. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп қайта құру туралы мәселенi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысын ескере отырып шешуге құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп қайта құруды (iс қозғаудың негiздемесiне қарамастан) сот тағайындаған арнайы басқарушы жүргiзедi.
4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сот мәжбүрлеп қайта құру туралы iсiн қарап жатқан не шешiм қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қажеттi ақпарат алуға құқылы.
5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган арнайы басқарушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiнiң сот бекiткен көшiрмесiн алуға құқылы.
12-тарау. Тарату
65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату негiздерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, осы Заңда және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай негiздер бойынша:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (өз еркiмен таратылуы);
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi
1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын өз еркiмен және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын тарату комиссиясы мен уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрлескен ұсынысы бойынша сот бекiтедi.
2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуы уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда жүргiзiледi.
2. Өз еркiмен таратылуды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшке тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленетiн құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат алуға берiлген өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган барлық қажеттi құжаттар түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
4. Өз еркiмен таратылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берiлген барлық лицензияларды уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға мiндеттi.
5. Уәкiлеттi мемлекеттiк органнан өз еркiмен таратылуға рұқсат алғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тарату комиссиясын құрады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiгi заңдарда белгiленген тәртiппен соған көшедi.
6. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өз қызметi туралы кез келген мәлiметтердi және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
7. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы туралы есеп пен тарату балансы бекiтiлген күннен бастап он күн iшiнде оларды әдiлет органдары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етуге мiндеттi.
8. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаражаты жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттық негiздерi бойынша мәжбүрлеп таратылуға тиiс.
9. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуын аяқтау мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны мәжбүрлеп тарату туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:
1) көзделiп отырған өз еркiмен таратылу нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;
2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттар табыс етiлмеген;
3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған жағдайларда бас тартады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге оның өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғалған күннен бастап сот арнайы басқарушы тағайындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерi мен мүлкiн басқару өкiлеттiгi соған көшедi.
2. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн он күннен аспайтын мерзiмде арнайы басқарушыға өткiзедi.
3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның қызметкерлерiн, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерi мен олардың жақын туыстарын арнайы басқарушы етiп тағайындауға болмайды.
4. Сот бекiткен арнайы басқарушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлiктерiн қабылдап алу туралы актiнi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының арнайы басқарушысының орындалған жұмыс туралы есебiн сот бекiтедi.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылатын жағдайда сот уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлайды және он күн iшiнде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн жiбередi.
6. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны керi қайтарып алуына байланысы жоқ негiз бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган оның лицензиясын керi қайтарып алу туралы мәселенi заңдарда белгiленген тәртiппен қарайды.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын банкроттық негiзi бойынша тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiзде тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот комиссияның төрағасы және мүшелерi құрамында тарату комиссиясын тағайындайды.
2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуымен сот бекiтедi.
3. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органға iстелген жұмыс туралы есептi және оның жазбаша сұратуы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтер мен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы тарату комиссиясы жасаған есеп пен тарату балансын сот бекiтедi және оны әдiлет органдары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртiбi және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
6. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерлерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамына қатысуға құқығы жоқ.
71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы ескерiле отырып айқындалады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы болған жағдайда сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жөнiнде оңалту рәсiмдерiн тағайындауы мүмкiн.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оңалту рәсiмдерi санация нысанында немесе сақтандыру мiндеттемелерi мен соларға сәйкес активтер сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн жария саудаға салу арқылы мүдделi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беру нысанында жүргiзiлуi мүмкін.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңдарда белгiленген тәртiппен сот шешiмi бойынша ғана банкрот деп танылады. Дәрменсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын оның кредиторларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келiсiмiн жасасуына жол берiлмейдi.
ҚР 11.06.03 ж. N 436-11 Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгi
1. Сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiк пен қанағаттандырылуға тиiс:
1) бiрiншi кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте, сақтандырылушының жеке өзiне байланысты жасалған сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте, кредиторлардың - жеке тұлғалардың өздерi жасалған мүлiктiк сақтандыру шарттары және сақтандырылушының жеке өзiне байланысты емес сақтандырудың басқа да түрлерi бойынша талаптары қанағаттандырылады;
5) бесiншi кезекте, жасалған сақтандыру шарттары бойынша, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында аталғаннан өзге, кредиторлардың талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде, міндетті сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдік төлемдері бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қордың талаптары қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
7) жетiншi кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;
8) сегiзiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату iсiн жүргiзуге байланысты шығыстар, сондай-ақ туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс жүргiзiледi.
3. Қайта сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиiс:
1) бiрiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары қайта сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте, цеденттердiң "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте, цеденттердiң "жалпы сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;
5) бесiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;
7) жетiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.
4. Әрбiр келесi кезектегi талаптар одан алдыңғы кезектегi талаптар толық орындалғаннан кейiн қанағаттандырылады.
Бiр кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырған кезде қаражат олардың арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына бара-бар бөлiнедi.
5. Тиiстi кезегi келгенде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн әдiстермен, оның iшiнде есеп айырысудың бара-барлық принципiн сақтай отырып, ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай күйiнде беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
73-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тарату процесi жүрiп жатқан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан есеп және ақпарат алу құқығы
1. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органға атқарылған жұмыс туралы есептi, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да табыс етуге мiндеттi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының арнайы басқарушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мәлiметтер мен құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органға соттың келiсуiмен табыс етедi.
2. Тарату комиссиясының есептi және қосымша ақпаратты табыс ету нысанын, мерзiмiн және кезеңдерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
13-тарау. Есеп беру және өзге де мәселелер
74-бап. Қаржылық есеп беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi өздерi жүргiзген операциялардың есебiн сақтандыру қызметi үшiн мiндеттi бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Шоғырландырылған негiздегi есеп пен сақтандыру брокерiнiң қаржылық және өзге де есептерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және өзге де есептерiнiң тiзбесiн, нысаны мен оларды табыс ету мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өзiнiң мүлкi туралы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi мүлкi туралы, қабылданған тәуекелдердiң мөлшерi, берiлген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу туралы мәлiметтердi, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметiне жыл сайын мiндеттi аудит жүргiзiп отырады. Жыл қорытындылары бойынша аудиторлық қорытынды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы
1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етiлуге тиiс.
2. Мiндеттi актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етiлу тәртiбiне қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жылдық қаржылық есептi, жылдық балансты және қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде, оларда келтiрiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тәуелсiз аудиторлық растаудан кейiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жылдық жиналысы жылдық балансты және қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептi бекiткеннен кейiн жариялайды.
77-бап. Құжаттарды сақтау тәртiбi және мерзiмi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген сақтандыру статистикасын қалыптастыруға, өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмiн мемлекеттiк мұражай қызметi органдарымен келiсе отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
78-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым жасау
1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым жасау санкция қолдану туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының