2. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiктерiн, тарауларын, баптарын күшiне енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгенiнен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
3. Бұрын жауапкершiлiк жүктелмеген iс-қимылдар үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғысымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгiленетiн нормативтiк құқықтық актiнi бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн күшiне енгiзуге болмайды.
3-1. Нормативтік құқықтық актінің едәуір көлемді болуына байланысты оның мәтіні мерзімді баспа басылымының бірнеше нөмірінде жарияланса, нормативтік құқықтық акт мәтінінің қорытынды бөлігі жарияланған күн ресми жарияланған күні болып есептеледі.
Нормативтік құқықтық актілер мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде бір мезгілде жариялануға тиіс.
3-2. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданысқа енгізудің міндетті шарты болып табылады.
4. Республиканың мемлекеттiк құпиялары немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер - олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген, ал мемлекеттік тіркеуге жататындары мемлекеттік тіркеуден ерте емес мерзiмдерде күшiне енгiзiледi (күшiне енедi).
37-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi бұрын көзделген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктi жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелерiне кiрмейдi.
3. Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн олардың күшiне енгiзiлу шарты ретiнде мемлекеттiк тiркеу
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған, жалпыға мiндеттi маңызы бар, ведомстволық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Мұндай тiркеу оларды күшiне енгiзудiң қажеттi шарты болып табылады. Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшi болмайды.
2. Егер мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
2) жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
3) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiне шегiнен шығып кетсе;
4) егер келiсу қажет болып, келiсiлмесе;
5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
39-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi
1. Егер актiнiң өзiнде немесе оны күшiне енгiзу туралы актiде өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық акт мерзiмсiз қолданылады.
2. Бүкiл нормативтiк құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлiгi (жекелеген бөлiктерi) үшiн уақытша қолданылу мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда нормативтiк құқықтық акт немесе оның бөлiгi қандай мерзiмде күшiн сақтайтыны көрсетiлуге тиiс. Актiнi шығарған орган бұл мерзiм өткенге дейiн актiнiң қолданылуын жаңа мерзiмге ұзарта алады немесе оған мерзiмсiз сипат бере алады.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
2. Нормативтiк құқықтық акт (оның бөлiгi немесе бөлiктерi) мынадай жағдайларда:
1) акт немесе оның бөлiгi (бөлiктерi) қабылданған мерзiм бiткенде;
2) бұрын шығарылған құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бөлiгiнiң) ережелерi қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылдағанда;
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) сол актiнi қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкiлдiк берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу және (немесе) жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
41-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкiлеттi органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылу күшi, егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралады.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi аумақтарда қолданылады.
42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкiлдерi мен мемлекеттiк органдарының басқа да кейбiр қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптерi мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
43-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтiк құқықтық актiнi Конституция мен заңға сәйкес келтiру;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын белгiленген тәртiппен тоқтата тұру;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде заңдарға сәйкестiгiн тексеру арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер жөнiнен - мемлекеттiк органдар.
8-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру
44-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру реттерi мен жағдайлары
1. Нормативтiк құқықтық актiлерде көмескiлiктер мен әркелкi түсiнушiлiк оларды қолдану тәжiрибесiнде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтiк актiде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсiндiру берiлуi мүмкiн.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру процесiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
3. Заң актiлерiнiң нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестiкте түсiндiрiлуге тиiс.
4. Заңға тәуелдi нормативтiк актiлердiң мағынасы оларды түсiндiрген кезде заң актiлерiне толық сәйкестiкте ашылуға тиiс.
5. Нормативтiк құқтық актiлердегi құқықтық нормалар iске асырылғанда, соның iшiнде оларды қолданғанда, оларды ресми түсiндiрудiң мiндеттi сипаты болады.
45-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституция нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
2. Заңға тәуелдi актiлердiң ресми түсiндiрмесiн оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар бередi.
9-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге
келтiру мен есепке алу
46-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайтын мемлекеттiк органдар осы актiлердiң есебiн жүргiзедi және оларды жүйеге келтiредi, өздерi қабылдаған актiлердiң бақылау даналарына жүргiзiп, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтырулардың бәрiн уақтылы енгiзiп отырады.
2. Мемлекеттiк органдар өздерi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердiң жинағын мезгiл-мезгiл шығарып отырады не мұндай жинақтарды шығару туралы өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырма бередi.
47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебi
1. Орталық мемлекеттiк органдар қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құқықтық ақпараттық бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.
48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жариялылығы
Барлық уәкiлеттi органдар мүдделi адамдарға мемлекеттiк құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтiк актiлермен танысуға рұқсат беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының