Патрульдеуші (бекет қызметкері) азаматпен қолын бас киіміне төсеп, өзінің лауазымын, әскери атағын және тегін атап амандасуы керек, содан кейін қарым-қатынастың қысқаша мақсаты мен себебін хабарлауға тиіс.
Азаматтар патрульдеушіге (бекет қызметкері) жүгінген кезде сол талаптарды орындай отырып, анық тыңдап алуға және олардың өтініштері бойынша шаралар қолдануға, ал қажетті кезде қойылған сұрақтарды шешу үшін қайда хабарласуы керектігін түсіндіруге міндетті.
Лауазымды адамдар мен азаматтардың талаптары бойынша патрульдеуші (бекет қызметкері) өзінің тегін, жұмыс орнын және қызметтік куәлігін қолдан шығармай көрсетуге міндетті.
Азаматтармен сөйлескенде, полиция қызметкерлері ұстамдылық пен байсалдылық көрсетуге міндетті, ұрыс-керіске бармауға, өзін өзі ұстауды жоғалтпауға, дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеуге, және өз іс-әрекеттерінде жеке тұрпайы сезімдерін басшылыққа алмауға міндетті.
93. Егер тәртіп бұзушы оған жасалынған ескертуге қызбалықпен жауап берсе, оған тынышталуға уақыт беру және оның заңсыз іс-әрекеттері бойынша түсініктеме беру мүмкіндігін беру, содан кейін тиісті заңдар немесе өзге нормативтік құқықтық актілерге жүгіне отырып, оның тәртібінің дұрыс еместігін түсіндіреді. Тек осыдан кейін ғана хаттама жасауға, бұзақыны ІІО жеткізу немесе ескертумен шектелу туралы шешім қабылдануы мүмкін. Жандарында балалары бар бұзақыларға ескерту жасағанда, мүмкіндігінше, балалар естімейтіндей етіп жасау керек.
94. Жасөспірімдермен де патрульді-бекеттік нарядтар үлкен адамдар сияқты сыпайы сөйлесуі керек. Балаларға ескерту олардың жас ерекшелігін және даму деңгейін ескере отырып жасалады.
95. Тексеру кезінде азаматтардың құжаттарына ұқыпты болу қажет, оған қандай да бір белгілер қоймау керек. Егер құжатқа ақша және басқа бағалы қағаздар салынған болса, иесіне оларды өзі алуын ұсыну қажет. Қолдан жасалған анық белгілері бар құжаттарды көрсеткен адамдар немесе оларды заңсыз иеленгендер ІІО-ға жеткізіледі.
96. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалармен қарым-қатынас жасасқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы" 1995 жылдың 19 маусымындағы заңды күші бар Жарлығының 1 бөлімнің 3 бабында, 4 бөлімнің 25 бабында бекітілген нормалардың талаптарын қатаң басшылыққа алуға міндетті.
97. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеру барысында патрульдеуші (бекет қызметкері) шетелдік төлқұжаттың тіркелу орны мен уақыты, тұру түрі, (виза, шақыру және тұру түрі куәлігіне) құжаттарда олардың осы тұрғылықты пунктте болуының заңдылығын куәландыратын тиісті белгілеріне назар аударады. Өздерімен бірге құжаттары жоқ, тіркелусіз тұрып жатқан, сондай-ақ уақыты өтіп кеткен құжаттармен жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтаған кезде, патрульдеуші (бекет қызметкері) бұл туралы кезекшіге хабарлайды және оның нұсқауымен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекет жасайды.
98. Азаматтармен қарым-қатынаста полиция қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсанындағы заңды күші бар Жарлығының 10-бабының нормаларына қатаң сәйкес құқықтарын қолдануға міндетті.
99. Полиция нарядтары дене күші, арнаулы құралдар мен атыс қаруларын Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсанындағы заңды күші бар Жарлығының 3 тарауының 12-14-бабтарында қарастырылған тәртіпке сәйкес қолдануға құқықты.
100. Ессіз күйінде, бас сүйегінің жарақаттарымен және өзге де қауіпті дене жарақаттарымен, сондай-ақ басқа анық айқындалған денсаулығының ауыр жағдайымен көшелерде және өзге қоғамдық жерлерде адамдар табылған жағдайда, ол жерге дереу жедел медициналық көмек шақырылады, оған нарядтар жағынан әр қилы жәрдем көрсетіледі.
5 ТАРАУ. ПАТРУЛЬДІ-БЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АТҚАРУ
§ 1. НАРЯДТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТІ АТҚАРУ ТӘРТІБІ
101. Патрульдеуші (бекет қызметкері) қалалық, аудандық, желілік органның бастығына, оның қызмет жөніндегі орынбасарына, полиция саптық бөлімшесінің командиріне, қалалық, аудандық, желілік органның кезекшісіне бағынады. Тек осы адамдар ғана оған қоғамдық тәртіпті сақтау (объектілерді қорғау) мақсатында кейбір әрекеттерді жүргізу туралы нұсқау беруге, оны маршруттан алу немесе қызметті атқару орнын өзгертуге құқылы. Қызметті атқару кезінде патрульдеушіге тәртіптік жаза қолданылмайды.
102. Патрульді-бекеттік қызметті атқарушы наряд:
1) жедел жағдайды және маршрут ерекшеліктерін;
2) ІІО жақын орналасқан нарядтардың, әскери нарядтардың, және олармен байланыс жүйесін;
3) іздеу жарияланған адамдардың, мүліктің және көлік құралдарының белгілерін;
4) қылмыс жасалуға мейлінше ықтимал орындарды, қоғамға қарсы элементтердің шоғырлауы мүмкін орындарды;
5) бағыт ауданында ерекше маңызды объектілердің, мемлекеттік билік және басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, өрттен сақтау бөлімшелерінің, жатақханалардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, спорттық құрылыстардың, мәдени, ойын-сауық мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру, сауда, денсаулық сақтау кәсіпорындарының орналасқан жерлерін және олардың жұмыс тәртібін, қоғамдық көлік аялдамаларын;
6) бағытқа жақын көшелер, қиылыстар, алаңдар өтетін аулалардың орналасуын білуі қажет.
103. Кезекшілікке түсушi наряд қызмет атқаратын орнына келіп жеткен соң, патрульдеу бағытындағы нақты жағдайларға байланысты және нұсқама беру кезінде алынған нұсқауларға сәйкес кезекшіге өзінің келіп жеткендігі туралы және қызмет ауданындағы жағдайды баяндайды немесе бұны бағытты аралап шыққаннан соң жасайды.
104. Нарядтардың ауысуы бағыттағы алдын ала белгіленген жерде жүргізілуі мүмкін. Кезекшілікке түсушi нарядты ауыстырушыға таныстырылады. Ауыстырушы нарядқа түсушiге қызмет атқару кезiнде орын алған оқиғалар жайында және келiп түскен өкiмдер туралы хабарлайды. Олар бағытты бірлесе аралап шығады. Бағытты қабылдау-тапсыру туралы қабылдап алушы тапсырушының қызметтiк кiтапшасына жазба жасайды және кезекшiге баяндайды.
Ауысым белгiленген уақытта кезек келiп жетпеген жағдайда наряд ол туралы кезекшіге баяндайды және тек оның рұқсаты бойынша бағытты тастап кете алады.
105. Бағыт аумағы бойынша жаяу патрульдің қозғалу тәртібі және қызмет атқару орны нарядқа қойылған міндеттерден, бағыт ерекшеліктерінен, қалыптасқан жағдайдан, жыл, тәулік мерзімінен және аға басшылардың нұсқауларынан анықталады.
Жаяу жұп патрульінің патрульдеушілері қажетті жағдайда, тек көрінетін және естілетін шекте, қызметті жеке атқарады.
106. Патрульді-бекеттік нарядтар жағдайдың өзгеруін белгілеуі және оның негізінде қызметті атқарудың ең қолайлы тәсілін таңдап алуы тиіс.
Қызметті атқару кезінде нарядтар:
1) айналымында құнды заттар бар және сақталатын объектілердің, банк мекемелерінің, сауда кәсіпорындарының, қоймалардың, базалардың маңында жиі пайда болатын, терезе, есік, тиек, қоршаулардың, жұмыс тәртібіне және күзеттің ұйымдастырылуына қызығушылық білдірген азаматтарға;
2) күдікті сақтық және мазасыздық білдірген, мезгілге сай емес, бойына және денесіне сәйкес келмейтін киім киген, сондай-ақ таңылған және жарақаты бар адамдарға;
3) гүлзарларда, аулаларда, үй кіреберістерінде және басқа жерлерде жиналған, әсіресе жастарға, азаматтар тобына, сонымен қатар жанжал туғызуға әкеп соқтыратын негізсіз әрекеттерге жол бермей;
4) жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол беретін азаматтарға, құқық бұзушылардың болатын жерлеріне және қауіпті жерлерде ойнап жүрген балаларға;
5) бағалы заттар сақталатын дүкендер мен басқа да мекемелер есіктерінің, витриналарының және терезелерінің жағдайларына;
6) күдікті шуға, ғимараттарда және объектілерде оттың немесе түтіннің шығуына ерекше мән беруі тиіс.
107. Қызмет атқару кезінде полиция нарядтары қырағылық көрсетуге міндетті және кенеттен шабуыл жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын алдын ала сақтық шараларын қабылдауы тиіс.
Наряд түнгі мезгілде аумақ бойынша үйлерден және басқа құрылыстардан бірнеше қашықтықта жүруі тиіс, мүмкіндігінше, азаматтарға байланысты тиісті қашықтықты сақтауға, және соңынан ешкімді қалдырмауға, адамға, ереже бойынша, жарық көзі жағынан жақындауға тиіс.
Адам нарядқа сырт жағынан жақындаған кезде, қараңғы кезде, адам аз жиналатын орындарда шетке шығып, тоқтауға тиіс, оны өткізіп немесе қозғалыс бағытын өзгертіп немесе қарсы жүруі тиіс.
108. Көрші нарядтардан, ішкі істер органдарының басқа қызметкерлерінен көмек алу немесе өзара әрекет жасау үшін патрульдеуші (бекет қызметкері) байланыстың барлық түрін пайдаланады немесе ысқырғышпен: "Ұста" - деген бір ұзақ белгі береді; "Маған, көмекке" - екі қысқа белгі. Қажет болған жағдайда, белгілер қайталанады. Осы мақсатта полиция қызметкері табельдік қаруды жоғары ату жолымен пайдалана алады.
109. "Ұста" деген белгіні естігеннен кейін патрульдеуші (бекет қызметкері) қырағылықты күшейтіп және ізіне түскен адамдарды анықтау және ұстау үшін шаралар қолдануға, ал "Маған, көмекке" деген белгіге бір қысқа белгімен жауап береді және тез арада шақыру орнына көмекке бағытталуға міндетті.
110. Наряд бағыттағы қызметті белгіленген уақыт бойы тоқтаусыз атқаруға міндетті. Ол қылмысты немесе әкімшілік құқық бұзушылықты ескерту және алдын алу, жасырынған қылмыскерлердің ізіне түсу, құқық бұзушыларды ІІО-ға жеткізу, көшелер мен қоғамдық орындардағы көмексіз немесе өміріне және денсаулығына қатерлі жағдайдағы адамдарға көмек көрсету, өрт сөндіруге шаралар қолдану, оқиға болған жерді күзету, кезек күттірмейтін медициналық көмек алу, көршілес нарядтарға жәрдем көрсетуге орган бастығының, оның орынбасарының, кезекшінің рұқсаты немесе нұсқауы бойынша уақытша бағытты тастап кете алады. Наряд бағытты тастап кеткендігі туралы қалалық, аудандық, желілік орган бойынша кезекшіге баяндайды.
111. Қызмет атқару кезінде нарядқа:
1) өзінің қаруын, ол бағынатын адамдардан өзге біреуге беруге және көрсетуге;
2) қызметтен тыс, ұйықтауға;
3) радиоалмасу ережесін сақтауға, телефон арқылы қызметтік емес әңгімелер жүргізуге;
4) қызметтік қажеттіліксіз тұрғын үйлерге, асханаларға, дүкендерге, клубтарға, мейрамханаларға және басқа да үй-жайларға кіруге;
5) бағытты осы Тәртіптің 110-бабында көрсетілген кездерден басқа жағдайларда тастауға тыйым салынады.
§ 2. ПАТРУЛЬДЕУШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІ АВТОМОБИЛЬДЕР МЕН
МОТОЦИКЛДЕРДЕ АТҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
112. Патрульдiк автомобильдер мен мотоциклдер патрульдеу бағыттары бойынша қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамдарды IIО-ға жеткiзу, арнайы көлiк болмаған жағдайларда, жәрдемсiз қалған азаматтарды медициналық мекемелерге, сондай-ақ қоғамдық орындарда орта және ауыр дәрежеде мас болған және өз еркімен қозғалу қабілетін немесе қоршаған ортада бағдар жоғалтқан, не маңайындағыларға немесе өзіне зиян келтіруі мүмкін адамдарды медициналық айықтырғыштарға жеткiзу үшiн қолданылады.
Патрульдiк автомобильдер мен мотоциклдер радиостанция және басқа да қажеттi техникалық құралдармен жабдықталуы, сондай-ақ белгiленген түстi-графикалық сызбаға сәйкес боялуы керек.
113. Патрульдің бағыт аумағы бойынша автомобиль және мотоциклде қозғалыс тәртібі қойылған міндеттерден, қалыптасқан жағдайлардан, жыл, тәулік мезгілінен және аға басшылардан келіп түскен нұсқаулардан анықталады. Мейлінше күрделі жедел жағдайға қатысты орындарда аялдама пункттері тағайындалады, әр пунктте жаяу қызмет атқарудың ерекше міндеттері, уақыты және ұзақтығы, сондай-ақ бір пункттен басқа пунктке ауысу бірізділігі, кезекші бөліммен байланысқа шығу уақыты айқындалады. Бұл мәліметтер патрульдеушінің бағыт карточкасында жазылады.
114. Автомобильдегі (мотоциклдегі) нарядтың аға қызметкері қызмет атқарудың бекітілген тәртібін және қойылған міндеттер мен сеніп тапсырылған техниканы пайдалану ережелерін, алып жүретін адамдарды отырғызу және түсіру тәртібін дәл атқаруға жауапты. Нарядтың аға қызметкері нұсқамадан кейін нарядтың міндеттері мен машинада орналасу тәртібін анықтайды, әркімге бақылау секторын белгілейді, қызмет атқару орнына бару бағытын, бір пункттен басқа пунктке ауысу бірізділігін хабарлайды, кезекшіге радио арқылы бағытқа шыққандығы туралы баяндайды.
115. Жолда еріп жүру кезінде патруль бақылау жүргізеді және қажетті жағдайда қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтатуға, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға шаралар қолдану үшін тоқтайды. Бағытта тоқтаған кезде нарядтың аға қызметкері жаяу патрульдеу ұйымдастырады. Патрульдік машинада, ереже бойынша, автомобильді күзетуді жүзеге асырушы, кезекші және наряд басшысымен радиобайланыс қолдап отыратын жүргізуші-полиция қызметкері қалады. Нарядтың жеке құрамын жинау үшін шартты белгі қондырылады.
116. Радиостанциялармен жабдықталған автомобильдердегі (мотоциклдердегi) нарядтар аялдама пункттерiнде 30-50 минут қызмет атқарады. Бұл жерде олардың құрамынан бөлініп шығатын жаяу патрульдер машинадан (мотоциклден) 300 метр қашықтыққа дейін алыстайды, қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық болуы мүмкін жерлерді аралайды, оларды ескерту және алдын алу шараларын қабылдайды.
117. Автомобильдердегі және мотоциклдердегі нарядтар (жол полициясынан басқа) патрульдеу кезінде машинадан бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін, бірақ 40 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалады.
118. Автомобильдердегі (мотоциклдердегi) нарядтар жаяу патрульдермен өзара әрекет жасайды, жедел ақпаратпен ауысады, қажет болған жағдайда оларға көмек береді.
119. Патрульдеушiлер жеткiзушiлердi автомобильге отырғызу кезiнде бұл адамдардың тарапынан азаматтар мен IIО қызметкерін жарақаттау, оларға шабуыл жасау және материалдық зиян келтіру мүмкіндіктерін жоятын шараларын қолданулары керек; автомобиль есiктерiнiң құлыптары мен бекiтпелерiн және олардың мықтап жабылуын тексерулерi керек.
Мотоциклдiң қорабына отырғызып жеткiзу кезінде ұсталғанның қозғалыс кезiнде қораптан секiрiп кетпеуiн немесе мотоциклдi басқаруға кедергi жасамауын бақылау қажет. Жеткiзiлгендердi автомобильден шығарған (мотциклден түсірген) соң, наряд тастап кеткен заттары мен құжаттарын тауып алу мақсатында кузовты (қорапты) қарауы керек.
120. Автомобильдегi (мотоциклдегi) патрульдеушiлерге қызмет атқару кезiнде:
1) бөгде адамдар мен жүктердi тасымалдауға, сондай-ақ автомобильдi (мотоциклдi) қараусыз қалдыруға;
2) бекітілген қозғалыс жылдамдығын асыруға, егер қызметтік қажеттілік талап етпеген жағдайда, өз еркімен белгіленген бағыттан бас тартуға және қызмет атқару тәртібін ауыстыруға;
3) автомобиль (мотоцикл) басқаруды бөгде біреуге тапсыруға;
4) ұсталғандарды автомобиль (мотоцикл) iшiнде қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
§ 3. ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
121. Қызметтік иттер ішкі істер органдарының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолдануы мүмкін.
122. Қызметтік ит ішкі істер органы бастығының бұйрығымен кинолог-полиция қызметкеріне бекітіліп беріледі. Арнайы дайындықтан өтпеген полиция қызметкерлері кинолог-полиция қызметкері лауазымына тағайындалмайды.
123. Иттердi сырқаттануларына байланысты қызметке қолданудан босатуға ветеринар дәрiгердiң жазбаша қорытынды негiзiнде кезекшімен, ал қорытынды болмағанда қалалық, аудандық, желілік орган бастығымен рұқсат берiледi. Ауа температурасы +30 градустан жоғары немесе -20 градустан төмен болған жағдайда иттердiң даладағы жұмыс уақыты 4 сағаттан аспауы керек.
124. Қызметтік иттер ішкі істер органдарының бірлескен питомниктерінде немесе кинолог-полиция қызметкерлерінің тұрғылықты жері бойынша ұсталынады.
Қызметтік иттерді қызмет атқару орындары мен кері қарай тасымалдау арнайы немесе патрульдік автокөлікпен жүзеге асырылады. Кинолог-полиция қызметкері қызметтік итті ертіп, қызмет атқару орнына және кері қарай, адамдар көп жиналған көшелермен, алаңдармен, саябақтармен жаяу жүріп өту кезінде қысқа қарғы бау мен тұмылдырық таңылған ит оның сол жағында болуы керек.
125. Қызметтік итті ерткен кинолог-полиция қызметкері автомотопатруль, сондай-ақ жедел топ құрамына енгізілген кезінде қызметтік иттерді басқару тәртібі мен қолдану ережелері жөнінде қызметкерлерге нұсқама беру өткізіледі.
126. Иттерді қолдану алдында қысқа қарғы бау мен тұмылдырық тағылып кинолог-полиция қызметкерінің сол жағында болуы керек, осыған сәйкес полиция қызметкері иттің басқа адамдарға зиян келтірмейтініне көз жеткізуі керек. Аса қауіпті және қарулы қылмыскерлерді ұстау кезінде кәсіпті бапталған, атыстарға икемделген иттерді қолдану қажет. Иттен айырылып қалмау үшiн жасырынып, атыс жүргiзiп жатқан қылмыскерлердi ұстауға, оның осындай жағдайларға кәсіптік дағдысын, қылмыскерді алаңдатудың әр түрлі мүмкіншіліктерін, және де қылмыскерді артынан ұстау үшін итті орағытып жіберуді ескерген жөн.
127. Иттi қолданған полиция қызметкері ұсталғанды иттiң тiстеп алған жағдайында, оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге және кешіктірмей дәрігерлер шақыруға міндетті. Құқық бұзушыларды ұстау үшін ит қолданылған барлық жағдайларда нарядтың аға қызметкері (кинолог-полиция) қашан, қайда, кімге қарсы, қандай жағдайда қолданылғанын және оның нәтижелерін көрсете отырып мәлімдемен ІІО басшылығына баяндауға міндетті.
§ 4. ҚЫЛМЫС ЖАСАЛҒАНДАҒЫ ЖӘНЕ ОҚИҒА БОЛҒАН
ЖЕРДЕГІ НАРЯДТАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ
128. Қылмыс жасалғандығы туралы мәлімет алғаннан кейін наряд өтініш берушіден:
1) оның жасалу орны, уақыты, тәсілі және басқа жағдайларын;
2) қылмыскер немесе күдікті туралы мәліметтерді (белгілерді);
3) қылмысқа куәгерлер болды ма және олар туралы не белгілі;
4) жәбірленуші қандай жағдайда және оған көмек көрсетілді ме;
5) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және мекен-жайын анықтайды.
Бұл мәліметтер қызметтік кітапшаға жазылады, кезекшіге баяндалады, және наряд оның нұсқауымен іс әрекет жасайды. Күттірмейтін жағдайларда наряд тез арада оқиға болған жерге жетеді, бұл туралы кезекшіге баяндайды.
129. Қылмыс жасалған жерде нарядтар:
1) қылмысты болдырмауға шешімді шаралар қолдануға;
2) қылмыскерлердің ізіне түсуге және ұстауға;
3) жәбірленушілерге көмек көрсетуге, қажет болған жағдайда "Жедел жәрдем" шақыруға;
4) мүмкіндігінше куәгерлерді (көргендерді) анықтауға;
5) оқиға болған жерді күзетуді қамтамасыз етуге;
6) болған жағдай туралы кезекшіге баяндауға және оның нұсқауына сәйкес әрекет жасауға тиіс.
Әрекет бірізділігі жасалған қылмыстың түріне, наряд құрамына және басқа жағдайларға байланысты болады. Олардың басты міндеті-қылмыскерге (қылмыскерлерге) құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастыру мүмкіндігіне жол бермеу және оны (оларды) ұстау.
130. Қылмыскерлердің ізіне түсу оларды ұстап, залалсыздандырғанға дейін жүргізіледі. Нарядтар ізіне түсу кезінде батыл және белсенді түрде қимылдап, соған сәйкес сақтық шараларын қолдануы және қырағылық танытуы тиіс, қажет болғанда, лауазымды адамдарды және жұртшылықты көмекке тартуы керек. Қылмыскерлердің ізіне түсу кезінде оқиға болған жерді күзету жұртшылықтың немесе көршілес полиция нарядтарының көмегімен ұйымдастырылады.
131. Қылмыскерлердің ізіне түсу мен іздестірілуін ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда, патрульдеушi (бекет қызметкері) жедел-тергеу тобы келіп жеткенше немесе кезекшiнiң үкімін алғанша оқиға болған жерде тапжылмай отыруға міндетті. Жасалған қылмыстың жағдайын сақтау үшін оқиға болған жерден азаматтар, оның ішінде зардап шеккен адамдар iздер мен заттай айғақтар жойылып немесе бүлініп қалмайтындай қашықтыққа алыстатылады. Жедел-тергеу тобы келiп жеткенше ешкiмге, оның iшiнде нарядтардың жеке құрамына ешбiр нәрсеге қол тигiзуге және бұйымдар мен заттардың орнын ауыстырып қоюға немесе олардың қалпын өзгертуге рұқсат етiлмейдi. Заттай айғақтарды, олардың алғашқы қалпын алдын ала белгілеп, ауа-райы және басқа да жағдайлардың әсерінен, бұзылу немесе жойылып кету қауіпі төнгенде ғана қозғауға болады. Қажет болған жағдайларда нарядтар оқиға болған жердi қоршауға алады, бұл үшiн қоғамдық құрылымдардың өкiлдерi, полицияның штаттан тыс қызметкерлерi, тартылуы мүмкiн, сондай-ақ әр түрлі қоршау түрлері: жiптер, тақтайлар, сымдар және басқа да қолданбалы құралдар пайдаланылады.
Нарядтың жеке құрамы қалдырған іздер анық көрінетін көрсеткіштер және белгілермен таңбаланады.
132. Нарядтарға оқиға болған жерде шылым шегуiне, қандай да болмасын заттарды тастауға, iске қатысы жоқ әңгімелер айтуға және бөгде адамдардың сұрақтарына жауап беруге рұқсат етілмейді.
133. Патрульдеушi (бекет қызметкері) полиция қызметкері оқиға болған жерде бiрiншi кезекте уақыт ағымында жоғалып не өзгерiп кететiн жағдайлар: иiстер, ауа-райы, температура, желдiң бағыты, жарық түсу сипаты туралы есiнде сақтап, мүмкiндiгiнше қажеттi жазбалар жасауы керек. Қылмыс жасау құралдарының және жағдайының сақталуына, саусақтар, аяқ-киім, көлiк құралдары iздерiнiң, қан дақтарының, шашының, киiмдерiнiң, мата қиындыларының, әйнек сынықтарының, ағаш жаңқаларының, топырақтың, сылақтың, темекiнiң, сiрiңке қалдықтарының сақталуы мен тұрған орындарының өзгермеуiн қамтамасыз етуге ерекше назар аударуы тиiс. Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде батыл, сабырлы және сенiмдi қимылдауға, абыржушылыққа, әкіреңдеуге және азаматтармен өзара қарым-қатынасты ушықтыратын басқа да әрекеттерге жол бермеуi тиiс.