§ 6. ПАТРУЛЬДІ-БЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
МЕН АТҚАРУҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
62. Патрульдi-бекеттік қызметiн ұйымдастырылуын бақылау жеке құрамның қоғамдық тәртіпті күзетуде, әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмысты ескерту мен алдын алуда белсенділігін қамтамасыз етеді.
63. Нарядтарды жүйелі тексеру жолымен бақылау жүзеге асырылады, ол кезде:
1) қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шешiмдерге сәйкес жеке құрамды пайдалану және техникалық құралдардың дұрыс орналастырылуы, нарядтардың өз бекеттерінде, бағыттарында болуы;
2) нарядтардың нақты және жедел басқарылуы, оларға жедел жағдайдың өзгерiстерi туралы ақпараттардың уақытында жеткiзiлiп отыруы;
3) нарядтардың бекеттегі, бағыт аумағындағы жағдайды, сондай-ақ өздерінің құқықтарын, жалпы және ерекше міндеттерін білуі;
4) нарядтардың қызмет атқару сапасы және олардың, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алудағы белсенділігі;
5) патрульдік қызметті жүзеге асырушы нарядтар арасында, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы полицияның басқа бөлімшелерінің қызметкерлерімен өзара iс-қимыл жасау деңгейі;
6) нарядтардың заңдылық пен тәртiптi сақтауы;
7) күзет орнында, бағытта жасалған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны және олар жөнінде қолданған шаралар;
8) қызметтiк құжаттардың дұрыс рәсімделуі мен жүргiзiлуi анықталады.
64. Патрульдi-бекеттік қызметті:
1) Iшкiiсминiнiң, IIББ-ІІБ, КІІБ-нің басшы құрам адамдары әрбір жол сапарға немесе қалалық, аудандық, желілік органдар мен бөлімшелердің қызметкерлерін инспекциялау кезiнде;
2) қалалық, аудандық, желілік органдардың бастықтары, олардың орынбасарлары, полицияның саптық бөлімшелерінің командирлері - айына кем дегенде екі рет;
3) полицияның саптық бөлімшелері командирлерінің орынбасарлары, сондай-ақ қалалық, аудандық, желiлiк органдары қоғамдық қауіпсіздік полициясының инспекторлық құрамы аптасына кем дегенде бір рет;
4) патрульді-бекеттік қызмет атқаратын бөлімшелердің тікелей бастықтары - күнделікті (демалыс күндері кесте бойынша) тексереді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған ПБН-тар арнайы әзірленген кесте бойынша тәуліктің әр мезгілінде күнделікті тексеріледі.
65. ЖМБ мен АМБ әскери нарядтарының қызметін тексеруді Ішкіісмині, ІІББ-ІІБ, қалалық, аудандық, желілік органдардың басшылары, сондай-ақ олардың тапсырмасы бойынша осы бөлімдер, бөлімшелердің командирлері, олардың орынбасарлары, әскери нарядтар бойынша кезекшілер және патрульдік топтардың бастықтары жүзеге асырады.
66. Нарядтардың қызмет атқаруын тексеру жариялы түрде болуы керек. Егер патрульдеушi (бекет қызметкері) тексеру үшiн келген адамдарды танымаса, олардың қызметтiк куәлiктерiн, ал тура бастықтың уәкілетті адамдарынан тексеруге құқық беретiн жазбаша нұсқаманы талап етедi.
67. Патруль (бекет) қызметкері тексерушiге жақындап келіп өзін таныстырады. Мысалы: "Лейтенант мырза! Патрульдеуші сержант Тағышев". Тексерушiлер саны екi немесе одан да көп болған жағдайда патрульдеуші (бекет қызметкері) лауазымы жоғары, ал лауазымдары бiрдей болса, атағы жоғары адамға өзiн таныстырады. Тексерушiнiң талап етуi бойынша аға патрульдеуші бағыт (бекет) аумағындағы жағдай туралы баяндайды және оның қойған сұрақтарына жауап бередi.
Бағытта (бекетте) наряд болмаған жағдайда, тексерушi тез арада оның себебiн айқындап, нарядтың орналасқан жерiн анықтауға мiндеттi.
68. Тексерушi осы Тәртіп талаптарын, аудан мен қаладағы, күзет орны және бағыт аумағындағы жедел жағдайды бiлуге, қысқартулар мен жеңiлдетулерге жол берместен, қызмет атқару сапасын объективтi түрде бағалауға, ұстамды және әдептi болуға тиіс.
69. Қызмет атқаруда қайғылы оқиғалар мен өзге де ауыр зардаптарға әкелiп соғуы мүмкiн, қаруды тартып алуға оқталу, құқық бұзушылық жасаған болу жолымен және басқа да тәсiлдер арқылы тексеруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
70. Тексеруші патрульді-бекеттік қызметті атқару және ұйымдастыруда кемшіліктер анықталған кезде оларды қалпына келтіруге қажетті шаралар қабылдауға міндетті.
Осы Тәртіп талаптарын өрескел бұзғаны үшін полиция наряды (бекеттен) ол бағынатын адамның нұсқауымен алынуы мүмкін, бұл туралы қалалық, аудандық, желілік органның бастығына (ПСБ командиріне), әскери бөлімнің командиріне баяндалады және кезекші (әскери нарядтар бойынша кезекші) хабарланады.
Тексерушi патрульдi-бекеттік қызметтi тексерудiң нәтижелерi жөнiнде қызметтiк кiтапшада және күзет ведомосына белгi қояды. Бұл мәлiметтер нұсқама берудi өткiзу мен полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалауда пайдаланылады.
71. Қалалық, аудандық, желілік органның бастығы, саптық бөлімнің командирі патрульді-бекеттік қызметті атқаруды тексерудің тиімділігіне айына кемінде бір рет жедел кеңесте талдау жүргізеді.
§ 7. НАРЯДТАРДЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
72. Нарядтардың жұмыс нәтижелерiн есепке алу мен бағалау қызмет көрсетілетін аумақтағы қоғамдық тәртiп пен қылмыспен күресудің нақты жағдайын анықтау, күштер мен құралдардың орналасу сәйкестігін, сондай-ақ қызмет атқару сапасын бағалау, жеке құрамның алдына қойылған мiндеттердi орындаудағы дербес жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында жүргiзiледi.
73. Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысушы ПБН-ның жұмыс нәтижесi күнделікті тәулік бойғы қорытынды шығару барысында қалалық, аудандық, желiлiк органдарының басшылары ескереді және бағаланады. ПБН жұмысын есепке алу бекет ведомысына және жеке шотқа жазылады (9-қосымша) және полицияның жалпы кешенді күштері бойынша және әр қызмет бойынша жеке жедел жағдайды ескере отырып сарапталады.
74. Полицияның кешенді күштерінің, ІІО-ның басқа да бөлімшелерінің қызметі қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту және олардың алдын алудағы нақты үлесі бойынша, сондай-ақ қалалардағы, аудандардағы, облыстардағы, көлік объектілеріндегі қоғамдық тәртіптің нақты жағдайы бойынша бағаланады. Олар қызмет атқаратын жерлерде, нарядтардың жұмыс істеу мен қызметін атқару уақытында жасалған және олардың қатысуымен ашылмаған (алдын алмаған) әр қылмыс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, оның қорытындылары туралы ішкі істер органының басшылығына баяндалады.
75. Полиция қызметкерлерінің жұмысы келесі өлшемдер:
1) бағыт немесе күзет орны аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қылмыспен күрес жағдайы (қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың болуы немесе болмауы, нарядтың рөлі);
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту мен алдын алуға, қылмыскерлерді қолға түсіруде жеке қатысуы мен белсендігі, оның ішінде сондай-ақ белгілері бойынша, ерлік көрсетуі, шешімділігі, тапқырлығы және күрделі жағдайда тез бағдарлау мен дұрыс іс-қимыл жасауы;
3) бұйрықтар мен нұсқаулардың талаптарын білуі;
4) өз бастамасымен ұсталған қылмыскерлердің саны;
5) тәртіп пен заңдылықты сақтауы, саптық бой түзеу және сырт пішіні, сондай-ақ азаматтармен қарым-қатынастағы сыпайылығы;
6) техникалық құралдарды ұстауы және оларды дұрыс пайдалануы;
7) полицияның басқа нарядтары және құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауы арқылы бағаланады.
§ 8. КУРОРТТЫ, САЯЖАЙ АУДАНДАРЫ МЕН КӨПШІЛІК ДЕМАЛЫС
АЙМАҚТАРЫНДА ПАТРУЛЬДІ-БЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
76. Курорттық, саяжай аудандары мен көпшілік демалыс аймақтарындағы патрульдi-бекеттік қызмет негiзгi және қосалқы күштер арқылы ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Полицияның күштері мен құралдарына қажеттілік және оларды маневрлау қажеттілігі курорттық, саяжай аудандары мен көпшілік демалыс аймақтарының, қылмыстық жағдай мен қоғамдық тәртіп ахуалын, осы жерлерге келетін азаматтардың сандарын, сондай-ақ құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді пайдалану мүмкіншіліктері ескеріле отырып анықталады.
77. Курорттық, саяжай аудандары мен көпшілік демалыс аймақтарында патрульді-бекеттік қызметті ұйымдастырудың негізгі нысандары:
1) нарядтардың санын көбейту есебiнен қоғамдық тәртiптi күшейтiлген түрге көшіру;
2) қосалқы ПБН уақытша орналастыру пункттерiн құру;
3) көпшілік демалыс аймақтарына аса тәжiрибелi полиция қызметкерлерiн бекiту;
4) қажеттілігіне қарай қоғамдық тәртiптi сақтауға жұртшылықты жұмылдыру;
5) патрульді-бекеттік қызметті аттарда атқару болып табылады.
78. Нарядтарды орналастыруда санаторлық-курорттық мекемелерге, жаға-жайларға, сая бақтарға, қалалық жолаушылар көлiгi аялдамаларына, теміржол вокзалына, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына, көңіл көтеру мекемелеріне, азаматтар көп жиналатын басқа орындарға, қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық жасалуы ықтимал орындарға қойылуына ерекше көңіл бөлу керек.
§ 9. ТЕМІРЖОЛ, СУ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛІКТЕРІНДЕ ПАТРУЛЬДІ-БЕКЕТТІК
ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
79. Темiржол, су және әуе көлiктерi объектiлерiндегi патрульдiк қызмет осы Тәртіптің талаптары ескерiле отырып ұйымдастырылады. Көлік объектілерінде патрульдік қызметті желілік iшкi iстер бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) бастығы, полицияның желілік пункті, поездар, кемелер мен ұшақтардың, жолаушылар мен жүк тасымалдау, қозғалыс жиiлiгiн, сондай-ақ қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып ұйымдастырады. Жұмыс тәртiбiн желiлiк ішкі істер органының бастығы белгiлейдi.
80. Жолаушыларды тасымалдау саласындағы патрульдік қызметті ұйымдастырудың негізгі нысандары:
1) вокзал және әуежай залдарында, стансаларда, порттарда, кемежай мен айлақтарда жолаушылардың шоғырлану жерлерін қарау арқылы, отырғызу платформаларында, вагондардың тоқтап тұру парктерінде және басқа көлік объектілерінде, патрульдеу бекеттерін қоюмен;
2) нарядтардың поездарда ере жүруімен;
3) өзендерде, су қоймаларында, порт акваторияларында кішкене кемелермен патрульдеу болып табылады.
81. Жекелеген стансаларда, аялдау пункттерiнде көлiктегi желiлiк iшкi iстер бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) бастықтары шұғыл жағдайларға байланысты, барынша дайын, өз бетімен жұмыс атқаруға қабiлеттi қызметкерлер тағайындалатын полиция бекеттерін қоя алады.
82. Поездарда қоғамдық тәртiптi сақтау мен қылмыспен күресті еріп жүретiн нарядтар қамтамасыз етедi. Екі адамнан кем болмайтын наряд құрамын көлiктегi ішкі істер органының бастығы анықтайды және олардың арасынан жетекшi тағайындалады.
83. Нарядтың жұмысы желiлiк iшкi iстер бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) басшылығы әзiрлеген кесте бойынша жүзеге асырылады. Онда еріп жүру көзделген поездар тiзбесi, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, отырғызу уақыты мен орны көрсетілуі тиіс. Нарядтың киiм кию үлгiсiн желiлiк ішкі істер органының бастығы анықтайды. Мiндеттерiн орындау кезінде наряд поездың, поезд бригадасының жүріп өту бағытындағы желiлiк және аумақтық ішкі істер органдарымен өзара iс-қимылдар жасайды.
84. Жолдардың жекелеген учаскелерiнде, әсiресе iрi қалалар мен маңызды темiржол тораптары iргелерiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды және қылмыспен күрестi күшейту үшiн полиция тосқауылы қойылады.
85. Арнайы поездардың жүрiп өту кездерiнде көлiк объектiлерiндегi патрульдiк қызмет тиiстi көлiктегi ішкі істер органдарының және қауiпсiздiк органдары бастықтарының бiрлесiп әзiрлеген ерекше жоспарлары бойынша ұйымдастырылады.
4 ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУДЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
§ 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
86. Патрульдi-бекеттік нарядтар өздерiнiң бағыттарында, бекеттерінде және оларға жақын аумақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, көлік магистральдарында, вокзалдарда, әуежайларда және басқа қоғамдық орындарда заң және белгіленген тәртіп ережелерін сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту және олардың алдын алу бойынша дер кезінде шаралар қабылдайды.
Патрульді-бекеттік нарядтары:
1) қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуге және азаматтардан оларды бұлжытпай орындауды талап етуге;
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, олардың жасалуына ықпал ететін жағдайларды анықтауға, және өз құқықтары шегінде осы жағдайларды жою шараларын қабылдауға;
3) қылмыстардан, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қайғылы оқиғалардан жапа шеккендерге, сондай-ақ қалдары мүшкіл не олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген азаматтарға жәрдемдесуге;
4) көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, көлік магистральдарында, вокзалдарда, әуежайларда және басқа қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге;
5) мемлекеттік органдар мен мекемелердің лауазымды адамдарына, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне берілген құқықтар шегінде, егер оларға қарсы әрекет жасалса немесе қауіп төнсе, олардың заңды әрекеттерін жүзеге асыруға көмек көрсетуге;
6) заңдылықты сақтауға, қоғамдық тәртіп бұзушыларды орнында нақты және мұқият тексеруге, құқық бұзушыларға заңмен қарастырылған ықпал етудің әкімшілік шараларын қолданған кезде, оларға қандай нормативтік актілерге сай және олар қандай бұзушылықтар үшін қолданылатындығын түсіндіруге;
7) қалалық, аудандық, желілік орган бойынша кезекшіге қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатердің туындауының барлық жағдайлары туралы және техникалық көмек пен апаттық қызметтерді қатыстырудың қажеттілігін баяндауға, қатерлі аймақтарға азаматтарды жібермеуге тиіс.
§ 2. ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
87. Патрульдi-бекеттік нарядтар:
1) бекеттер мен бағыт шекарасында қылмыстар жасалудың неғұрлым ықтимал орындарын білуге, қылмыскерлердің пайда болып, шамамен жасырынуы мүмкін жерлеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде көшелер мен қоғамдық орындарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, заңмен белгiленген шектеулерi бар адамдарға бақылау жасауға;
3) азаматтарды заңға қарсы iс-әрекеттер жасаудан дер кезiнде сақтандыруға, оларға қоғамға жат әрекеттерге жол бермеудi түсiндiруге;
4) дайындалып жатқан қылмыс туралы ақпарат алған кезде тез арада қалалық, аудандық, желілік органның бастығы мен кезекшісіне баяндауға және оның алдын алу шараларын қабылдауға;
5) азаматтардан жасалған немесе жасалатын қылмыстар туралы мәліметтер алған кезде арыз берушілер туралы барлық нұсқамалық мәліметтерді, жасалған қылмыстың нақты жерін, кім және оны кімге қарсы жасалғанын және дайындалып жатқанын, қылмысты ашуда мәнi бар басқа да деректердi анықтау және жазып алуға, бұл туралы тез арада қалалық, аудандық, желілік органның кезекшісіне, бастығына баяндауға, қылмыс жасаған адамдарды анықтау және қолға түсіру, зардап шеккендерге көмек беру, куәлерді анықтау шараларын қолдануға және жедел-тергеу тобы келіп жеткенге дейін оқиға болған жерді күзетуді, жағдайға қолсұқпаушылықты, іздер мен заттай айғақтардың сақталуын қамтамасыз етуге;
6) оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы келiп жеткен уақытта оның басшысының нұсқауына сәйкес iс-әрекет жасауға, ол туралы кезекшiге баяндауға;
7) патрульдеу бағыты ауданында жеке ізіне түсу жолымен іздеу жарияланған қылмыскерлерді, хабарсыз кеткендерді және басқа іздестірілуші адамдарды азаматтардың жаппай шоғырлану орындарына аса назар аудара отырып анықтауға тиіс.
§ 3. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЕСКЕРТУ
ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
88. Патрульді-бекеттік нарядтар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтармен күреске қатыса отырып:
1) көшелер мен басқа қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтарды ескертуге және алдын алуға;
2) адасқан, ішімдік немесе есірткіден масайған балаларды, жасөспірімдерді анықтауға, осындай кәмелетке толмағандарды тұратын жеріне апаруға және ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға, не кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімшелерге, қажетті жағдайларда қалалық, аудандық, желілік органның кезекшілік бөліміне жеткізуге;
3) кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы топтарын анықтауға, олардың шоғырлану орындарын анықтауға, олар туралы кезекшіге баяндауға, шаралар қабылдауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөнінде полицияның учаскелік инспекторын хабарландыруға;
4) кәмелетке толмағандарды құмар ойындарына, спирттік ішімдіктерді, есірткілерді қолдануға, құқық бұзушылықтарды не қоғамға қарсы өзге іс-әрекеттерді жасауға бейімдейтін үлкен адамдарды анықтауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полицияның учаскелік инспекторын хабарландыруға тиіс.
§ 4. ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ
ОБЪЕКТІЛЕРДІ КҮЗЕТУ
89. Патрульдi-бекеттік нарядтар:
1) жол қозғалысы Ережелерiнің негіздерін және оларды бұзғаны үшін жауапкершiлiк туралы заңдылықты бiлуге тиіс;
2) жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы Ережелерін бұзуының алдын алады және ескертеді;
3) көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң интенсивтi қозғалысы орындарында және қоғамдық көлiктердiң аялдамаларында тәртiптi қамтамасыз етеді;
4) жол-көлік оқиғасы кезінде тез арада кезекшіге немесе жол полициясының қызмет атқарушы нарядтарына болған оқиға туралы баяндайды;
5) күзетілетін объектілер мен меншіктік мүліктерге қылмыстық қолсұғушылықтың бар мүмкіншіліктерінің жолын кеседі;
6) ұстау топтарына, күзет пен өрт дабылдары іске қосылғанда, дабылдар іске қосылған орынды қарайды, қылмыскерлерді қоршауға алып және ұстауға көмек көрсетеді;
7) жедел-тергеу тобы келіп жеткенге дейін оқиғаға қатысушыларды анықтау, оқиға болған жердегі жағдайды және көлік құралдарының іздерін сақтауға, зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын қабылдайды, куәлерді анықтауға, олардың тегін, мекен жайларын жазады. Қабылдап алған мәліметтерді оқиға болған жерді қарауға келіп жеткен қызметкерге баяндайды, және оларды рапортқа жазады;
8) жедел жағдайда өткен өзгерістер, күзетілетін объектілерде, патрульдеу бағыттарында (бекеттерде) болған оқиғалар туралы және жағдай жайлы алынған жаңа мәліметтерді басқа ПБН-ға хабарлауға міндетті.
§ 5. КӨЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ
ҚЫЗМЕТ АТҚАРУ ТӘРТІБІ
90. Көлiк объектiлерiнде қызмет атқаратын патрульдiк нарядтар темiржол учаскесi, су бассейнi, әуежай, вокзал, порт, жақын орналасқан нарядтардың орналасуын және олармен байланыс кестесін, жолаушыларды тасымалдау ережелерін, жол жүру құжаттарының түрлерін, көлік қызметкерлерінің басты лауазымдық міндеттерін, сондай-ақ көлік объектілерінде құқық бұзушылықтар жасалу ерекшеліктерін, қылмыскерлердің жасырыну әдістерін білуі тиіс.
Көлік объектілерінде қызмет атқару барысында:
1) жеке және көлiк қызметкерлерiнiң көмегi арқылы белгiленген тәртiптi қамтамасыз етуге, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуды ескертуге;
2) iздестiрiлуде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты қылмыс жасау мақсатымен жолаушылардың сеніміне кіруге ұмтылғандарды анықтауға және қолға түсіруге;
3) жолаушыларды поезд, кеме жүрiп бара жатқанда немесе перронға қарама-қарсы жақтан мiнуіне және түсуiне, жүк поездарында өз еркiмен жүрудiң, сондай-ақ азаматтардың белгiленбеген орындарда жүрiп-тұруын болдырмауға;
4) рельстерге тосын заттарды, белгi және байланыс құралдарына зақым келтiрудің алдын алуға және ескертуге;
5) көлік және күзет қызметкерлеріне жүктерді тонаудың алдын алуға қажетті көмек көрсетуге тиісті.
91. Поездарға ілесіп жүрген кезде нарядтар:
1) поезд жүрер алдында поезд бастығымен (бригадирiмен) байланыс орнату және жолаушыларды отырғызу мен поездың жүрiп кету кездерiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етуге;
2) жүрiп өту жолында вагон жол серiктерiмен тұрақты байланыста болуға; азаматтар олардың заңды талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайларда оларға қызметтiк мiндеттерiн орындауға көмек көрсетуге;
3) жасалған қылмысқа күдікті адамдарды анықтау, ұсталған құқық бұзушыларды жақын жердегі ішкі істер органына жеткізуге немесе өзінің мәлімдемесі бойынша таяу жердегi стансадағы полиция қызметкерлеріне табыс етуге;
4) вагон жабдықтарын бүлдіруді ескерту және алдын алуға;
5) көлiк қызметкерлерi тарапынан қиянат жасаушылық фактiлерi орын алған (билетсiз жолаушыларды, тасымалдауға тыйым салынған жүктi алып жүру) жағдайда, бұл жөнінде поезд бастығын хабардар етуге, және мәлімдеме арқылы көлiктегi ішкі істер органының бастығына баяндауға;
6) қирау, апат, табиғи апат және өрт кездерiнде бұл жөнінде дереу таяу орналасқан ішкі істер органына баяндау, адамдарды құтқару, зардап шеккендерге көмек көрсету, оқиға болған орын мен мүлiктiң күзетiлуiн қамтамасыз ету шараларын қолдануға;
7) поездың соңғы стансаға келiп жетiп, жолаушыларды, қол жүктерi мен жүктердi түсiрген соң, көлiк қызметкерлерiмен бiрлесе отырып, поезд вагондарын қарап шығу және оларда ұмытылып қалған заттардың сақталуына шаралар қолдануға; айналым пунктiнен кезекшi бөлiмге келiп жеткенi жөнiнде баяндауға тиісті.
Қарау кезiнде ұмытылып қалған немесе жоғалған заттарды темiржол және су көлiктерiндегi тасымалдау ережелерiне сәйкес поездың, кеменiң, вокзал, стансаның лауазымды адамдары ресімдейді, ал бағалы мүліктер мен құжаттар акт бойынша ішкі істер органының кезекші бөліміне тапсырылады.
§ 6. ПАТРУЛЬДЕРДІҢ АЗАМАТТАРМЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
92. Полиция қызметкерлері кез келген жағдайда азаматтармен әдепті және сыпайы болуы тиіс, олармен "Сіз" деп қарым-қатынас жасауға, өзінің талаптары мен ескертулерін сенімді және түсінікті түрде баяндауға, олардың ар-ожданын балағаттайтын әрекеттерге және сөз таластыруға жол бермеуі тиіс.