5) басқа құқық қорғау органдарының материалдары;
6) мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің, ұйымдар мен бірлестіктердің мәліметтері, азаматтардың өтініштері;
7) баспасөз, радио, теледидар мәліметтері болып табылады.
33. Шешiм қабылдамастан бұрын қалалық, аудандық, желiлiк орган бастығы, полицияның саптық бөлімшесінің командирі қажеттi жағдайларда өзінің орынбасарлары және қарамағындағы бөлімше мен әскери бөлім басшыларын, командирлерiн қатыстыра отырып, тиiстi орындарда есептiк қарау (рекогносцировка) жүргiзедi. Оның барысында күш-құралдардың есебi мен орналастырылуы дәлiрек айқындалып, бекеттердің, патрульдеу бағыттарының орналастырылуы, нарядтардың түрi мен құрамы, олардың қызмет атқару тәртiбi мен уақыты ерекше мiндеттерi, саны, орналасуы мен резервтің міндеттері белгiленедi.
Рекогносцировка жүргiзу бұқаралық шаралар өткiзу, табиғи апаттар, iрi өндiрiстiк апаттар, эпидемиялар мен эпизоотиялар кезiнде, сондай-ақ қоғамдық тәртiп пен жаппай тәртіпсіздікті топтасып бұзуды залалсыздандыру мақсатында, қоғамдық тәртiптi сақтауды ұйымдастыру үшiн шешiм әзiрлегенде мiндеттi болып табылады.
34. Патрульдi-бекеттік қызметтi ұйымдастыру шешiмiнде:
1) қалалық, аудандық, желiлiк органның қалыптасқан жедел жағдайдан туындайтын жалпы мiндетi;
2) жеке құрам мен техникалық құралдарды бөлiп шығарудың мiндеттi нормалары;
3) ПБН құрамы, орналастырылуы және міндеттері, қызмет атқарудың ерекшеліктері, олардың арасында, полицияның басқа қызметкерлерімен өзара iс-қимылдарын ұйымдастыру;
4) жағдай өзгерген кезде күш-құралдардың маневр нысандары мен мүмкiндiктерi;
5) нарядтармен байланыста болу жүйесi, ақпарат табыс ету мерзiмдерi, берiлетiн белгiлер мен шартты белгiлер;
6) патрульдi-бекеттік қызметтiң атқарылуын бақылау тәртiбi қарастырылады.
35. Полицияның кешенді күштерін пайдалану жоспары қызмет көрсетілетін аумақтың шекарасында әзірленеді және оған ауданның, қаланың, желiлiк учаскенiң сызбасы, жедел жағдайға баға беру, жеке құрам мен көлік құралдарын бөлiп шығарудың мiндеттi нормалары, бекеттер мен патрульдеу бағыттарының тізбесі, оның ішінде, қоғамдық тәртiптi сақтауды күшейту кезеңiнде жабылуға жататын қосымша бағыттардың үлгiлiк тiзбесi, наряд түрлерi, олардың өзара iс-қимыл жасау тәртiбi мен араларындағы байланыс басқа да қажетті мәліметтер жатады.
36. Әрбiр патрульдеу бағытында, бекетте қызмет атқару ерекшелiктерi бағыт карточкасында (4-6-қосымшалар) айқындалып, онда:
1) патрульдеу бағыты, оның ара қашықтығы, шекаралары және бекет орталығы;
2) қызмет атқару уақыты;
3) ерекше назар аударуды қажет ететiн объектiлер мен аймақтар;
4) бағыт бойынша қозғалу тәртiбi мен күзет атқарудың негiзгi тактикалық әдiстерi;
5) нарядтардың қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық фактiлерiнiң алдын алу және жолын кесу жөнiндегi, сондай-ақ жедел жағдай қиындаған кездегi әрекеттері;
6) көршiлес нарядтармен, қалалық, аудандық, желілік органның кезекші бөлімімен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл және байланыс жасау тәртібі, сондай-ақ бұл учаскелердiң радиобайланыс өтпейтiн аймақтары мен осы учаскелермен байланыс түрлері көрсетiледi.
Бекет орталықтары және олардың шекаралары, патруль бағыттары және олардың аялдау пункттері, қызмет атқарудың ерекшеліктері қалыптасқан жедел жағдайға сәйкес белгіленеді және міндетті түрде жергілікті жерде жүйелі түрде нақтыланады.
Бағыт (бекет) карточкасы екi данада жасалады, оның бiреуi кезекшi бөлiмде сақталады, екiншiсi қызметке кiрiсер алдында нарядқа берiледi.
37. Кезекшi ауысым iшiнде қызмет атқару бiр немесе бiрнеше бағытта (бекетте) жүзеге асырылуы мүмкiн, осыған сәйкес патрульдеушiге (бекет қызметкеріне) тиiстi карточкалар берiледi.
Нұсқама берiлгенде бiр бағыттан (бекеттен) екiншiсiне ауысудың реттiлiгi мен тәртiбi көрсетiледi.
Қосымша бекет немесе патрульдеу бағытын қойған кезде оларға қызмет атқару ерекшелiктерi туралы нұсқау беру барысында түсіндіріледі және қызметтiк кiтапшаларында жазылады (7-қосымша).
38. Наряд түрлерi мен олардың құрамы аумақтың ерекшелiктерiне және қалыптасқан жағдайға қарай белгiленедi. Әскери қызметшiлермен бiрлесiп қызмет атқарғанда наряд бiр полиция қызметкері және екі әскери қызметшiлер есебiнен тағайындалады.
39. Нарядтарды шығару мен олардың қызмет атқару ұзақтығы тәулiктiң аса шиеленiстi сағаттарында және қылмыс жасалуы немесе қоғамдық тәртiп бұзылуы мүмкiн орындарда нарядтар санын көбейте түсу есебiмен белгiленедi.
40. Көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдiк қызмет атқару үшiн наряд шығарудың, патрульдеу үшiн автокөлiк бөлудiң тәулiктiк мөлшерi әрбiр iшкi iстер органында және полиция бөлiмшелерiнде ЖМБ және АМБ күш-құралдарды қоғамдық тәртiптi сақтау мен қылмыспен күресте мейлінше пайдаланудың штаттық саны, сондай-ақ тәулiгiне 8 сағаттан жабылатын бағыттар (бекеттер) үшiн жеке құрамның 1,89 бiрлiк құрайтын қажеттiлiк коэффициенті ескерiле отырып айқындалады. Егер бағыттар (бекеттер) 8 сағаттан астам уақытқа жабылатын болса, коэффициент әрбiр сағатта 0,24 бiрлiкке ұлғайтылады.
Қалалық, аудандық, желілік органның бастығы, полицияның саптық бөлімшесінің командирі патрульді-бекеттік нарядтардың қажетті қойылуына шаралар қолданады.
41. Қалалық, аудандық, желiлiк iшкi iстер органының бастығы полицияның кешенді күштерін пайдалану жоспарының негiзiнде және жедел жағдайды ескере отырып, күн сайын сол тәуліктің 18 сағатына қарай сол тәулiкте патрульдi-бекеттік қызмет ұйымдастыру үшiн күш-құралдар есебiн, нарядтарды ауысым бойынша бөлiп орналастыру, нұсқама берушi және қызмет атқарылуын бақылаушы адамдарды белгiлеп шешiм қабылдайды.
42. Полиция қызметкерiн нарядқа тағайындау денсаулық жағдайы мен дене дамуы, жасы, жұмыс тәжiрибесi және басқа жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қандай да бiр бағытта, күзет орындарында қызмет атқару шарттарына неғұрлым толығырақ сәйкес болатын басқа да деректер ескерiле отырып жүргiзiледi.
Полиция қызметкері бiр-екі бағытта (бекетте) бекiтiледi және аса бiр қажеттiлiк болмаса басқа учаскелерге тағайындалмайды.
Оқу жиындарында алғашқы дайындықтан өтпеген және ант қабылдамаған полиция қызметкерлерін дербес түрде қызмет атқару үшiн тағайындауға, қаруландыруға тыйым салынады.
43. Жедел жағдай күрт шиеленiскен, төтенше жағдайлар туындаған, бұқаралық шаралар өткiзiлген, рейдтер мен операциялар жүргiзiлген кездерде ерекше мiндеттердi шешу үшiн олардың маңыздылығы мен ауқымына қарай арнайы жоспарлар әзiрленедi немесе бұйрықтар шығарылады.
§ 2. НАРЯДТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА НҰСҚАМА БЕРУ
44. Нұсқама беру және оған дайындық, әдетте, арнайы жабдықталған қызмет сыныбында (8-қосымша) өткізіледі. Патрульдi-бекеттік қызмет атқару үшiн нарядқа тағайындалушы адамдар ішкі істер органына немесе арнайы белгiленген орынға нұсқама берудің басталуына 15 минут қалғанда келедi. Олар келiп жеткендiгi туралы кезекшіге және өз командирiне баяндайды.
Мысалы: "Лейтенант мырза! Сержант Тағышев қызмет атқару үшiн келiп тұр".
Кезекші полиция қызметкерлерінің қызметке келіп жеткендігі туралы бекет ведомосына белгілейді, оларға қажеттi қару-жарақ, жабдықтар, байланыс, жеке қорғану және арнайы құралдар мен қызметтiк құжаттарын бередi; патрульдеу бағытын, бекеті мен уақытын хабарлайды; жасалған қылмыстар, іздеудегі адамдардың белгілері, тоналған мүліктер туралы бағдар және басқа хабарламалармен таныстырады. Осыдан соң командир нарядты нұсқама беру үшін сапқа тұрғызады, әрбір полиция қызметкерінде болуға тиісті қару-жарақтың, жабдықтардың бар-жоғын тексереді және денсаулық жағдайын сұрайды. Кемшіліктер байқалған жағдайда оларды қалпына келтіру шараларын қолданады және нұсқама беруді жүргізуші адамға жеке құрамның қызмет атқаруға даярлығы туралы баяндайды.
Қаруды оқтау нарядқа нұсқама беруге сапқа тұрғызардың алдында команда бойынша, кезекшiнiң немесе командирдiң қадағалауымен арнайы жабдықталған орындарда жүргізіледі. Осыған сәйкес, оқ салғышқа патрондар салынбайды.
45. Қызметке кiрiсушi наряд маусым бойынша нысандық киiмде, сырт пiшiнi үлгiлi және жарамды жабдықтары болуы тиiс.
Өзімен бірге:
1) қызметтiк куәлiгi;
2) қызметтiк кiтапшасы, бағыт, бекет карточкасы;
3) оқ толтырылған екі оқшантайы бар (магазин) табелдік атыс қаруы;
4) резеңке таяқшасы;
5) радиостанциялары;
6) кісені;
7) ысқырығы;
8) қызметтік сумка немесе планшеті, қаламы;
9) жеке пакетi (дәрiқорап) болуы тиiс.
Орындайтын мiндеттер сипатына байланысты қарай нарядқа қосымша:
10) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы есепке алынған хаттамалар бланктері;
11) электромегафондар;
12) қалталы электрлі фонарі;
13) арнаулы телефон, темiр жол вагонының есiктерiн ашатын кiлттер;
14) жеке басын қорғау құралдары және басқа да арнаулы құралдар беріледі.
46. Күнделiктi қызметке кiрiсер алдында нарядтарға нұсқама берудi қалалық, аудандық, желілік органның басшылары мен полицияның саптық бөлімшелерінің командирлiк құрамы бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қауіпсіздік және криминалдық полиция қызметтері басшылары мен қызметкерлерiн қатыстыра отырып жүргiзіледi.
Нұсқама беру ұзақтығы 30 минуттан аспауға тиiс.
47. Нұсқама берушi қызмет көрсететін аумақтағы жедел жағдайды, әрбiр бағытта (бекетте) қызмет атқару мiндеттері мен тәртібін, ерекшеліктерін бiлуге, сондай-ақ нарядтардың өткен тәулiктегi iс-қимылдары мен жұмыс қорытындыларын бағалауға, полиция қызметкерінiң бiлiмiн тексеру және әр түрлі жағдайда әрекет жасау тәсiлдерiне үйретуге арналған кiрiспе сұрақтарға жауап алуға тиіс.
Кіріспе міндеттер мен сұрақтар үнемі жаңарып және күрделеніп отыруға тиіс.
48. Нұсқама берудi жүргiзушi басшы, командир сап құрамына жақындағанда взвод (бөлімше) командирі: "Наряд, тiк тұр! Оң-ға (СОЛ-ҒА, ОРТАЛЫҚ-ҚА) түзел" - деп бұйрық бередi де, нарядтың нұсқама беруге дайындығы туралы баяндайды. Мысалы: "Подполковник мырза! Құрамы 40 адамнан тұратын наряд нұсқама беру үшiн сапқа тұрғызылды. Взвод командирі лейтенант Тимофеев". Мәлiмдеме қабылдаған соң нұсқама берушi нарядқа: "Сәлеметсіздер ме, мырзалар!" деп сәлемдеседi. Оның амандасуына наряд: "Сәлеметсіз бе, подполковник мырза!" деп жауап қайтарады. Бұдан кейiн нұсқама берушi "Еркiн тұр!" деген бұйрық бередi.
49. Нұсқама берушi:
1) жеке құрамның қызмет атқаруға дайын екендiгiне көз жеткiзуге және анықталған кемшiлiктердiң жойылуына шара қолдануға;
2) патрульдiк қызметкерлердiң өз мiндеттерi мен құқықтарын, нормативтiк актiлердiң жекелеген ережелердi арнаулы құралдарды және қаруды, iздестiрiлушi қылмыскерлер мен ұрланған заттардың ерекшелiктерiн қолдану тәртiбiн бiлетiндiгiн тексеруге;
3) өткен тәулiктегі қызмет атқарудың нәтижелерiн жариялауға, қажет болғанда кемшiлiктерi мен олқылықтарын түсіндіріп талқылауға, патрульдеушілердің үлгiлi iс-қимылдарынан мысал келтiруге, үздік шыққан қызметкерлерді марапаттау туралы бұйрықтар оқуға;
4) жедел жағдайды жеткізуге, әрбiр нарядқа қызмет атқарудың барлық кезеңiнде жүктелетін нақты мiндеттер қойып, ауысым, байланыс және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған барлық күштердің өз ара әрекеттесу тәртiбiн түсіндіруге;
5) полиция қызметкерлерімен кiрiспе міндеттерді шешудi, осыған сәйкес қызмет атқарудың неғұрлым ерекше тактикалық әдістерін, оның ішінде ерекше жағдайда (қадағалау жүргiзу, қылмыскерлерді аз ғана белгi-нышандары бойынша анықтау, қоғамдық тәртiптi топтасып бұзудың алдын алу мен жолын кесу, қарулы қылмыскерлердi ұстау) талдау;
6) заңдылықты сақтау, сондай-ақ азаматтармен зейiн қойып, iлтипатты қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi, қызмет атқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нарядтың есiне салуға, полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беруге. Күнделiктi нұсқама берудi өткiзу қызметке кiрiсу жөнiнде бұйрық берумен аяқталады.
Мысалы: "Наряд, тiк тұр!" Астана қаласында қоғамдық тәртiптi сақтауға кiрiсудi бұйырамын. Қызмет атқару барысында заңдылықты сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттiлiк, әдiлеттiлiк пен кiшiпейiлдiлiк көрсетiлсiн.
ОҢ-ҒА (СОЛ-ҒА), бағыттар мен бекеттер бойынша қадам бас!".
50. Қалалардың аудандарында және ауданға бөлінбейтін қалаларда айына бiр рет патрульді-бекеттік қызметке жұмылдырылған полицияның кешенді күштерінің барлық нарядтарының бiрлескен нұсқамалары өткiзiледi. Бiрлескен нұсқама берудiң дайындығы мен өткiзiлуiн ұйымдастыру жұмыстары қоғамдық қауiпсiздiк басқармаларына (бөлімдеріне, бөлiмшелерiне) жүктеледi. Жалпы сап тұрғызылғаннан кейін, басшылық құрам нарядтардың сырт пiшiнi мен қару-жарағын, ал жол полициясының қызметкерлері, инженерлер мен техниктер автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жағдайын тексередi. Нұсқама берушi бастық (басшы) осы Тәртіптердің 46-50 баптарына сәйкес нұсқаманы жүргізеді. Бірлескен нұсқаманың ұзақтығы бір сағаттан аспауы керек.
Нұсқама беру қызметке кiрiсу жөнiнде бұйрық берумен және салтанатты шерумен аяқталады. Бiрлескен нұсқама беруге қатысушы нарядтар үшiн басқа нұсқама берулер жүргiзiлмейдi.
§ 3. БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
51. Қазақстан Республикасының Ішкіісминінің жүйесінде байланыс ішкі істер органдары мен бөлімшелерін үнемі басқаруды қамтамасыз ететін негізгі құрал болып табылады. Оны ұйымдастыру схемасы ішкі істер органдарының құрылымымен, оның алдында тұрған міндеттерімен және оны орындау барысында өзара іс-қимыл жасау қажеттілігімен негізделеді.
Әрбір ішкі істер органы мен бөлімшелеріндегі байланыс осы орган бастығының шешімі бойынша жоғары тұрған бастықтың өкіміне сәйкес, сондай-ақ бар күштер мен құралдарды есепке ала отырып ұйымдастырылады. Ішкі істер органдарындағы байланыс ақпараттың барлық түрін беру сенімділігінің, уақытында, шек келтірмеу және құпиялық талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Байланысты ұйымдастыру ішкі істер органы немесе бөлімше бастығының ерекше міндеттерінің бірі болып табылады. Байланысты ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау:
1) байланысты ұйымдастыру тәсілін дұрыс таңдаумен;
2) ішкі істер органы немесе бөлімшесінің жеке құрамының байланысты пайдалану және байланыс арналары бойынша сөйлесуді жүргізу ережелерін нақты білу және дәл атқарумен;
3) байланысты пайдаланудың жоғарғы тәртіптілігімен;
4) байланыс құралдары мен арналарын тиімді пайдаланумен;
5) байланыс техникасын оның тағайындалуына және оны пайдалану талаптарына сәйкес қолданумен;
6) дер кезінде техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастырумен;
7) байланыстың қосалқы жабдықтарының, күнделікті қолданыстағы және резервтік байланыс арналарының болуымен қамтамасыз етіледі.
52. Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің байланысын ұйымдастыру үшін радио, байланыстың сымдық, белгілік құралдары, теледидар, сондай-ақ шабармандар қолданылады. Сыртқы қызметпен байланыстың негізгі түрі радиобайланыс болып табылады. Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау жөніндегі ПБН мен басқа қосалқы күштерді басқару қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының кезекшілік бөлімдерінен немесе ЖБО байланыс құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Радиобайланысты ұйымдастыру радиобайланыстың бекітілген схемасы және осы схема үшін әзірленген радиошақырылымдарға сай жүзеге асырылады. Радиожелінің сенімді және үздіксіз жұмысының маңызды шарты радиоауыстыру жүргізудің төменде келтірілген ережелерін бұлжытпай сақтау болып табылады. Радиожелінің жұмысына және эфирде тәртіп сақтау тәртібіне бақылау жасау желінің бас радиостанциясына жүктеледі.
Сымдық құралдар (қалалық және арнайы телефондар) нарядтармен байланыс үшін радиобайланыс жоқ кезде қолданылуы мүмкін.
Байланыс құралдары жоқ немесе оларды пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде, сондай-ақ жеке нұсқауларды нақтылау немесе қайталау үшін көліктегі немесе жаяу шабармандар пайдаланылуы мүмкін.
Теледидар қызмет көрсетілетін аумақтың аса маңызды учаскелерінде (объектілерінде) қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік жағдайына бақылау жүргізу және нарядтардың іс-қимылдарын бақылау үшін пайдаланылуы мүмкін.
§ 4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІО-НЫҢ РАДИОЖЕЛІЛЕРІНДЕ РАДИОАЛМАСТЫРУ
ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
53. ІІО-ның радиожелілерінде радиоалмасуды жүргізу қатаң бекітілген тәртіптер бойынша жүргізіледі:
1) әр корреспондент (қолданыста радиостанциясы бар әрбір қызметкер) өз бөлімшесінің радиожелісіне енеді және өзінің каналының радиостанциядағы арнасының нөмірін білуге міндетті;
2) қажеттілік болмаса, басқа радиожеліде жұмыс істеуге тыйым салынады;
3) радиоалмасу қызметтік - байланыстың естілуін тексеру және жедел-қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты болып бөлінеді;
4) корреспондентті шақыру тек оған бекітіліп берілген шартты нөмір не шақыру белгісі бойынша жүргізіледі;
5) жүргізіліп жатқан радиоалмасуды қажеттіліксіз үзуге тыйым салынады, эфирде кезек сақтау керек, радиожелідегі бас радиостанция басымды болып табылады;
6) корреспондентті қатарынан үш рет шақырады, бұдан кейін басқа корреспонденттерге бөгет жасамау үшін 5-10 минут үзіліс жасау керек;
7) эфирде сөйлесу қысқа, түсінікті сөздермен, қатты салмақты дауыспен жүзеге асырылады;
8) ақпаратты тек қызметтік сипатта ғана мәліметтерді беруге рұқсат етіледі, радиостанцияларды қызметтік емес мақсатта қолдануға тыйым салынады;
9) эфирде құпия ақпаратты, ІІО қызметкерлерінің лауазымдарын, әскери атақтарын, мекен жайларын беруге тыйым салынады.
Жедел мақсаттардағы белгілі міндеттерді шешу үшін ІІО бөлімшелеріне тез және жедел іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін қызметтік ақпарат санатына жататын адамдардың тегін, аты-жөнін, әкесінің атын, мекен жайларын беруге рұқсат етіледі.
§ 5. ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ МЕН ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
54. Полицияның кешенді күштерінің алдына қойылған мiндеттердi орындаудағы басты шарты көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы ПБН-дың, ішкі істер органдарының өзге бөлімшелерінің өзара iс-қимылын үздiксiз қамтамасыз ету болып табылады. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі жауапкершілік қалалық, аудандық, желілік органдардың бастықтарына, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің бастықтарына, саптық бөлімшелер мен әскери бөлімдердің командирлеріне жүктеледі.
55. Өзара iс-қимылды жасаудың негiзгi түрлерi:
1) жедел жағдайды ПБН-тарға дер кезінде жеткізу;
2) келiсiлген жұмыс жоспарларын әзiрлеу;
3) әрбiр бөлiмшеге немесе ПБН жалпы және нақты мiндеттер қою;
4) бірлескен нұсқама берулерді жүргізу;
5) қалыптасқан жағдай туралы байланыс жасау және өзара ақпарат алмасу жүйесiнің тәртiбiн анықтау;
6) бiрлескен үйлестiру, оның iшiнде бiрыңғай нарядтар құрамында қызмет өткеру iс-шараларын жүзеге асыру;
7) күнделiктi мiндеттердi орындау кезiнде және төтенше жағдайлар қалыптасқан кезде ПБН-ды қатыстыра өзара көмек көрсету;
8) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы барлық қызметтер мен бөлімшелердің жұмыс қорытындысын кешенді түрде бірлесе шығару болып табылады.
56. Полицияның саптық бөлiмшелерi командирлерінің өзi соның жедел қарамағында болатын қалалық, аудандық, желілік орган бастығының жетекшiлерiмен өзара ақпараттарымен алмасу, жедел жағдайды бiрлесiп талдау, жедел кеңестерге өзара iс-қимыл жасайтын тараптар өкiлдерiнiң қатысуы, сондай-ақ барлық нарядтардың келiсiлген iс-қимыл тәртiбi және қызмет атқаруда өзара көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.
57. Шиеленiскен жедел жағдай қалыптасқан жерлерде патрульдi-бекеттік қызмет күш-құралдарын ұйымдасқан түрде және дер кезiнде шоғырландыру үшiн (белгіленген дислокацияның ауысуы) маневр қолданылады.
Жедел жағдай ахуалына байланысты маневр ауысым, кезекшi тәулiк уақытында немесе одан да ұзақ уақытта жүзеге асырылуы мүмкiн.
58. IIББ-IIБ, КIIБ-ның жетекшiлерi маневрды күш-құралдар арқылы тиiстi облыс, қала, темiр жол масштабына сәйкес жүзеге асырады, қажет болғанда, патрульдi-бекеттік қызметтi iшкi iстер органдары, ЖМБ және АМБ қызметкерлерiн қосымша бөлу есебiнен күшейтедi. Қалалық, аудандық, желiлiк iшкi iстер органдарының бастықтары қажет болғанда, қалада немесе ауданда, жекелеген учаскелерде, көлiк магистральдарында және КІІО-ның басқа да объектілерінде күштер мен құралдардың орын алмастыруын жүзеге асырады.
59. Маневрды жүзеге асыру жөнiндегi шешiмде:
1) маневрдың мақсаты және оның мiндеттерi;
2) бөлiнiп берiлген нарядтардың саны және олардың көрсетiлген ауданда (қалада) қызмет атқаратын уақыт ағымының кезеңi;
3) патрульдеу бағыттары мен бекеттердегі қызметтiң басталу және аяқталу уақыты;
4) қосалқы топтың (резерв) болуы;
5) нарядтарды басқару және қызмет атқаруды бақылау тәртібі;
6) материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi көрсетiледi.
Маневр кезiнде нарядтардың орын ауыстыруы бекет ведомосына жазылады.
60. Бiр ауданда белгiлi бiр уақыт ағымында полицияның саптық бөлiмшелерi нарядтарының шоғырлану қажеттiлiгi пайда болғанда олар нұсқау беруден кейiн немесе басқа бiр белгiленген уақытта көрсетiлген ауданға жiберiледi және сол жерде осы уақыт ағымында қызмет атқарады. Содан соң оларға бекiтiлiп берiлген бағыттарға қайтады.
61. Жедел жағдайдың күрт шиеленiскен немесе төтенше жағдай қалыптасқан кездерде күштер мен құралдардың маневрі арнайы жоспар бойынша жүзеге асырылады. Полицияның кешенді күштеріне жедел және кейінге қалдыруға болмайтын маневр жасағанда, нарядтардың қойылуына тиісті өзгерістер:
1) аудандарға бөлiнетiн қала аумағында - ішкі істер органының бас басқармаларына, ішкі істер органының басқармаларына жедел баяндалатын баяндамамен бірге IIББ-IIБ жедел кезекшiсiнiң нұсқауымен;
2) қызмет көрсетiлетiн қала немесе учаске аумағында - ішкі істер органының бастығына, IIББ-IIБ, КIIБ-ның кезекшiсiне жедел баяндалатын қалалық, аудандық, желiлiк орган кезекшiсiнiң өкiмiмен;
3) аудандарға бөлiнбейтiн қала аумағында, аудандарда - орган бастығына жедел баяндалатын қалалық, аудандық, желілік iшкi iстер органы кезекшiсiнiң өкiмiмен енгізіледі.
Қажет болған жағдайларда полицияның саптық бөлімшелері нарядтарының орналастырылуына өзгерістер енгізу құқығы олардың командирлеріне беріледі, содан соң ол қалалық, аудандық, желілік орган бойынша кезекшіге хабарлайды.