17. Қызмет атқару уақыты мен ұзақтығы және ЖМБ мен АМБ жеке құрамды бөлу нормасы Қазақстан Республикасының Ішкіісмині ішкі әскерлер қолбасшысының бұйрығымен белгіленеді.
18. Патрульді-бекеттік қызметін атқару кезінде мынандай құралдар:
1) автокөлік, арнайы автомобильдер, бронемашиналар, мотоциклдер, катерлер және велосипедтер, басқа көлік құралдары;
2) радио мен сымдық байланыс және арнайы техникалық құралдар (соның ішінде телевизиялық бақылау жүйесі, электромегафондар);
3) табельдік атыс қаруы, жабдықтар және арнайы құралдар;
4) жарықтандыратын құралдар, арнайы аппаратура және басқа техникалық құралдар;
5) қызметтік жануарлар (иттер, аттар) қолданылады.
Патрульдік автомобильдер байланыс құралдары және арнайы техника құралдарымен тиесілік табеліне сәйкес жабдықталуы тиіс және барынша салмақпен пайдаланулары қажет. Әрбір патрульдік автомобиль ауыстырушы жүргізуші полиция қызметкерімен қамтамасыз етіледі.
Патрульдік автокөлікті басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
2 ТАРАУ. ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ПАТРУЛЬДІ-БЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ БАСШЫЛЫҚ
ЖАСАУДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ
19. IIББ-ІІБ, көліктегі ІІБ (бұдан әрі - КІІБ) бастықтары мен қызмет жөніндегі орынбасарлары тиісті облыс, қала аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге жауап береді:
1) ІІО жүйесінде озық тәжірибе мен қазіргі техникалық құралдарды енгізу негізінде патрульді-бекеттік қызметті ұйымдастыру және басқару нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
2) қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруда, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алуда ішкі істер органдарының барлық күштері мен құралдарын кешенді пайдалануды, олардың бұқарамен өзара іс-әрекет жасауын қамтамасыз етуге, жедел жағдайдағы өзгерістерді есепке ала отырып облыс, қала, темір жол (су бассейні) көлемінде дер кезінде күштер мен құралдардың маневрін жүргізеді;
3) қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға полицияның саптық бөлімшелерінің дайындығын және кәсіби деңгейін жоғарылатуға және жеке құрамның, автокөліктің және басқа техникалық құралдардың орнымен пайдаланылуына күнделікті бақылауды жүзеге асырады;
4) белгіленген тәртіп бойынша бөлімшелердегі кадрларды таңдау, орналастырып қою және тәрбиелеуді, олардың кәсіби дайындықтарын, жеке құрамды әлеуметтік және құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді;
5) патрульді-бекеттік қызметке қатысатын жеке құрамның материалдық-техникалық жабдықталуына және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыздандырылуына ұдайы көңіл бөледі.
20. ІІБ-ІІББ, КІІБ қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының бастықтары мен олардың патрульдік полиция қызметін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары патрульді-бекеттік қызметті ұйымдастыру үшін дербес жауапкершілікте болады:
1) көшелер мен басқа қоғамдық орындардағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жағдайы мен динамикасын үнемі сараптайды және осының негізінде полицияның кешенді күштерін тиімді орналастыруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды жедел жағдай күрделенген аудандарда патрульді-бекеттік қызметті күшейту мақсатымен маневрлау туралы ұсыныстар енгізеді;
2) патрульді-бекеттік қызметті атқару және ұйымдастыруға, жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты, нысандық киімді кию ережесін сақтауына, күштер мен құралдарды орынды пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
3) қалалық, аудандық, желілік органдардың бастықтары мен полицияның саптық бөлімшелері командирлеріне жеке құрамды қайта даярлау және оқытуды ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
4) басқа қызметтердің басшыларымен бірге қызметке түсер алдында нарядтардың сапалы нұсқамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ озық әдісті патрульді-бекеттік қызмет тәжірибесіне енгізу және үйренуді қамтамасыз етеді;
5) оларды қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдыра отырып, күнделікті өзара іс-әрекет жасауды ұйымдастыру жөнінде жұртшылықпен жұмыс жүргізеді.
21. Қалалық, аудандық, желілік органның бастығы және оның қызмет жөніндегі орынбасары қызмет көрсетілетін аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауап береді:
1) көшелер мен басқа қоғамдық орындардағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жағдайы мен динамикасын үнемі сараптайды және осының негізінде патрульді-бекеттік қызметке қатысушы полицияның кешенді күштерін тиімді орналастыруды қамтамасыз етеді;
2) полицияның кешенді күштері мен құралдарын қоғамдық тәртіпті сақтауға пайдалану жоспарларын бекітеді;
3) полицияның кешенді күштері мен құралдарын пайдалану жоспарына сәйкес және жағдайдың өзгеруін есепке ала отырып келесі тәуліктерде патрульді-бекеттік қызметті ұйымдастыру жөнінде күнделікті шешім қабылдайды. Бекет қызметкері шешімді ведомоспен ресімдейді және автокөліктерді бөлу мен нарядтарды қоюдың міндетті нормаларының орындауын қамтамасыз ету керек;
4) озық әдісті патрульді-бекеттік қызметті ұйымдастыру тәжірибесіне енгізу және үйренуді қамтамасыз етеді;
5) кезекшілік бөлім арқылы нарядтарды жедел басқарады, олардың өзара іс-қимылдарын, сондай-ақ жағдайдың күрделенген жерлерінде күштер мен құралдарды уақытында оңтайландыруды қамтамасыз етеді;
6) басқа қызметтер мен бөлімшелердің бастықтары мен жедел-басқару құрамының қатысуымен қызметке түсетін нарядтардың нұсқамаларын дайындауды және жүргізуді ұйымдастырады;
7) нарядтардың қызмет атқаруына, олардың заңдылықты және тәртіпті сақтауына, сондай-ақ олардың тікелей тағайындауы бойынша саптық бөлімшенің күштері мен құралдарының орнымен пайдаланылуына жеке бақылау жасайды, осыған қалалық, аудандық, желілік органның басшылық, инспекторлық және жедел құрамын жұмылдырады;
8) нарядтардың, саптық бөлімшенің жұмыс қорытындыларын толық есепке алуды және объективті баға беруді қамтамасыз етеді, озық әдісті енгізу және күштер мен құралдарды басқаруды жетілдіру негізінде оның тиімділігін арттыруға қажетті шараларды қабылдайды;
9) нарядтардың жұмысы кезінде олар қызмет атқарған жерлердегі жасалған әрбір қылмыс бойынша қызметтік тексеруді жүзеге асырады.
22. Қалалық, аудандық, желілік органның қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (аға инспекторы):
1) патрульді-бекеттік қызметті ұйымдастыруға, саптық бөлімшенің жеке құрамын үйретуге тікелей қатысады;
2) қалыптасқан жедел жағдай негізінде қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын бөлімшелердің басшыларымен күштер мен құралдарды кешенді пайдалану жоспарын әзірлейді, қалалық, аудандық, желілік органдардың бастығына оған түзету енгізу жөнінде ұсыныс және ағымдағы тәуліктерде патрульдік қызметті ұйымдастыру бойынша шығарылған шешім жобасын береді;
3) нарядтардың қызметін, қызметтік іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуін тексереді; анықталған кемшіліктерді жояды және орган бастығына жеке құрам мен техникалық құралдардың орынсыз пайдаланылу фактілері туралы баяндайды;
4) нарядтардың мерзімінде қарумен, арнайы және басқа техникалық құралдармен, сондай-ақ қызметтік құжаттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды;
5) жедел жағдай туралы объективті ақпарат алу және қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күресте бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында криминалдық полиция қызметтері және қоғамдық қауіпсіздік полициясының бөлімшелерімен үнемі өзара іс-қимыл жасайды;
6) патрульді-бекеттік қызметті атқару және ұйымдастырудың үлгілі тәжірибесін насихаттайды және таратады;
7) патрульді-бекеттік қызмет және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша есепке алу және есеп беру жүргізеді.
23. Полицияның саптық бөлімшесінің командирі және оның орынбасарлары қарамағындағы бөлімшеде жедел-қызметтік және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруға, оның қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындауға үнемі даярлығына, күштер мен құралдардың орнымен пайдаланылуына, жинақталуына, жеке құрамның тәртібіне және моральдық-психологиялық жағдайына дербес жауапкершілікте болады:
1) жеке құрамның әскери, қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырады, қарамағындағылардың оқуы мен тәрбиесін жеке басшылыққа алады;
2) бөлімшені басқару әдістерін жетілдіреді, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, полицияның патрульдік қызметінің озық нысандары мен әдістерін енгізеді;
3) жедел жағдайды сараптау негізінде полицияның кешенді күштері мен құралдарын пайдалану жоспарын әзірлеу барысында нарядтарды орналастыру, күштер мен құралдарды қою және оңтайландыру бойынша шешім қабылдау жөнінде ұсыныс енгізеді;
4) қалалық, аудандық, желілік орган басшылығымен бірлесе полиция нарядтарының нұсқамаларын жүргізеді және оған жеке қатысады, олардың қызмет атқаруына, жеке құрамның сыртқы түрі мен саптық бой түзеуіне, нысандық киім кию ережелерін сақтауға, қару және киім-кешек даярлығына ұдайы бақылау жасауды жүзеге асырады;
5) саптық бөлімшедегі нақты жағдайды жеке құрамның, қару-жарақтың, автокөліктің, байланыс құралдарының, химиялық қорғаныстың, арнайы және өзге техникалық құралдарын, қызметтік жануарлардың санын және пайдаланылуын жан-жақты білуге тиіс;
6) полицияның саптық бөлімшесінің жұмыс қорытындысына толығымен және әрбір қызметкерге жеке есеп жүргізеді. Нарядтардың қызмет атқаруының тиімділігін сараптайды және оның деңгейін арттыру шараларын қабылдайды;
7) жеке құрамды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, қарамағындағылардың іскерлік және моральдық қасиеттерін біледі, олардың функционалдық міндеттерін әзірлейді;
8) жеке құрамның қажеттіліктері мен сұраныстарын білуге және оларды қарастыру жөнінде уақытында шаралар қабылдауға тиіс, тұрғын-үй және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көрсетеді;
9) қызмет атқару барысында қызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігінің қажетті шараларын, табельдік қаруды, техника және арнайы құралдарды қолдану ережелерін сақтауын бақылайды;
10) қоғамдық тәртіпті сақтауға қызметтік жануарларды алу, ұстау, дайындау және пайдалануды қамтамасыз етеді;
11) полицияның саптық бөлімшесіне қызметтік үй-жай және қажетті жабдықтар бөлінуі туралы ұсыныстар енгізеді, үй-жайды ұстау және пайдалануды, оларда тазалық пен тәртіптің сақталуын, сондай-ақ қарамағындағылардың өрт қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылайды;
12) саптық бөлімшенің жеке құрамының заңды бұзуын ескерту шараларын қабылдайды, ал қылмысты жасаған жағдайда дереу қызметтік тексеріс жүргізеді және аға бастыққа баяндайды.
24. Қалалық, аудандық, желілік орган бойынша кезекші нарядтардың нұсқамаларын мерзімінде даярлауды және жүргізуді, полицияның кешенді күштерін оларды пайдалану жоспарына сәйкес үздіксіз басқаруды қамтамасыз етеді:
1) қызмет көрсететін аумақтағы жедел жағдайды, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы полицияның кешенді күштері мен құралдарының және жұртшылықтың орналастырылуын, олардың жұмыс тәртібін, бақылауды жүзеге асыру тәртібі және олармен байланыс тәсілдерін білуге тиіс;
2) ағымдағы тәуліктерде қабылданған шешімдерге сәйкес нарядтардың қызмет атқаруын жүзеге асырады, бекет қызметкері ведомосымен қарастырылған нарядтардың қызметке қойылу нормасының орындалуына, жеке құрамның, автомотокөліктің орнымен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
3) қызмет атқару кезінде нарядтармен байланыста болады, олардан жағдайдың өзгеруі туралы баяндамалар қабылдайды, жаңадан жасалған қылмыстар туралы мәліметтерді, іздеудегі қылмыскерлердің және тоналған мүліктің белгілерін және оған қатысты басқа да жедел ақпаратты уақытында береді, оларды іздестіруді ұйымдастырады;
4) қылмыстар мен құқықтық тәртіп бұзушылықтарды ескерту және алдын алуға, нарядтарды оңтайландыру жолымен жағдайдың күрделенген жерлерінде патрульді-бекеттік қызметті күшейтуге шаралар қабылдайды, күштерді орналастырудағы өзгерістер туралы қалалық, аудандық, желілік органның бастығына хабарлайды, ПСБ, ІӘ ЖМБ және АМБ командирлерін хабардар етеді;
5) жедел-басқарушы және бұйрық беруші құрамның патрульді-бекеттік нарядтардың (бұдан әрі - ПБН) қызмет атқаруын тексеру кестесінің орындалуын бақылайды, бұл жұмысқа өзі қатысады;
6) қызмет атқару аяқталған соң нарядтардың қаруды, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, байланыс құралдарын, қызметтік құжаттарды уақытында және толық өткізуін қамтамасыз етеді;
7) қалалық, аудандық, желілік органның бастығына ағымдағы тәулікте ПБН жұмыстарының қорытындысы, қызметтік тәртіптің жағдайы және заңдылықты сақтау туралы мәлімдейді.
25. Полицияның учаскелік аға инспекторы (учаскелік инспектор) өз құзыреті шеңберінде оған бекітілген учаскедегі қоғамдық тәртіптің сақталу жағдайына жауап береді. Ол қалалық, аудандық, желілік органның бастығы мен кезекшісіне учаскедегі жедел жағдайдың өзгеруі туралы баяндауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын күштер мен құралдардың мейлінше оңтайлы қойылуы туралы ұсыныстар енгізуге міндетті. Қызмет көрсетілетін аумақта полицияның кешенді күштері болмаған жағдайда, қоғамдық тәртіп сақтауды өз күштерімен жүзеге асырады.
26. Желілік бөлім бастығы (ішкі істер бөлімшесінің, полицияның желілік пунктінің) қызмет көрсететін темір жол учаскесінде (су бассейнінде, әуежайда) қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды ұйымдастырады:
1) қарамағындағы полиция қызметкерлерінің бекітілген бекеттер мен бағыттарға сәйкес қызметтерін ұйымдастырады;
2) көліктегі ішкі істер органдарының қызмет атқаруына нұсқама береді және тексереді;
3) жеке құраммен тұрақты түрде қызметтік сабақтар жүргізеді;
4) аумақтық ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметті жүзеге асырушы нарядтарымен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
5) қызмет көрсетілетін учаскедегі жағдай күрделенгенде патрульдік полиция күштері мен құралдарын күшейту жөнінде КІІБ, КІІО бастықтарына ұсыныстар енгізеді.
27. Жол полициясы бөлімшелерінің, ІІО мамандандырылған күзет бөлімшелерінің бастықтары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жеке және сондай-ақ заңды тұлғалардың өмірлерін, денсаулықтары мен мүліктерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау жөнінде қызмет көрсетеді, оларға бағынышты қызметкерлер полицияның кешенді күштерін пайдалану жоспары бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысуын ұйымдастырады:
1) көрсетілген жоспарды әзірлеу және бекеттері мен қарамағындағы бөлімшелер бағыттарын есепке ала отырып, қоғамдық тәртіп сақтауға шешім қабылдау бойынша бастыққа ұсыныстар жасайды;
2) қарамағындағы полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы басқа қызметтердің ПБН-мен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) кешенді күштер нарядтарының қызмет атқаруын тексеруге және нұсқама беруге қатысады, полицияның саптық бөлімшелерінің полиция қызметкерлеріне арнайы әдістер мен өз қызметтерінің жұмыс бағыты бойынша іс-қимыл тактикасына үйретеді;
4) полиция нарядтарының күзетілетін объектілерден ұрлықтарды, өздерінің бекеттері мен патрульдеу бағыттарындағы іс-қимылдар аймағында қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
5) орталықтандырылған байқау пункттеріне қосылған қауіпсіздік жүйелерінің (күзет, өрт және дабыл құралдары) іске қосылуына полиция нарядтарының жедел қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
6) қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, қудалау мен ұстау жұмыстарына ұстау топтарының қатысуын ұйымдастырады;
7) қарамағындағы нарядтардың қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес жөніндегі жұмыс қорытындыларын ескереді.
28. Криминалдық полиция қызметі, тергеу, көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң бастықтары полиция кешенді күштерінің нарядтарын орналастыруға ұсыныстар енгізеді:
1) жедел жағдайды сараптау негiзiнде сол тәулiкке арналған шешiм қабылдау және полицияның кешенді күштерін пайдалану жоспарын әзірлеу үшiн қалалық, аудандық органның бастығына ұсыныстар енгізеді;
2) қарамағындағы бөлiмшелердiң жеке құрамымен кешенді күштер нарядтарымен өзара iс-қимылдарын ұйымдастырады;
3) жасалған қылмыстар, қылмыскерлердiң шамамен болуы мүмкiн жерлері, ұрланған заттар, iздестiрудiң тоқтатылғандығы туралы ПБН-тарды қалалық, аудандық, желілік орган бойынша кезекшісі арқылы хабардар етеді, сондай-ақ нарядтардан келiп түскен мәлiметтердi тексеру жөнiнде дер кезiнде шаралар қолданады;
4) нарядтар жеке iздеу, ауызша суреттеудi пайдалану, қылмыскерлердi тани бiлу және ұстау, жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, қылмыс iздерiн анықтау мен сақтау, оқиға болған жердiң сол қалпында сақталуын қамтамасыз ету, қылмыс куәлерi мен сезiктiлердi анықтау және әшкерелеу әдiстерiне үйретеді;
5) әзірленген кестеге сәйкес нарядтарға нұсқама беру мен олардың қызмет атқаруын тексеруге қатысады.
3 ТАРАУ. ПАТРУЛЬДI-БЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТI БАСҚАРУ
МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ
§ 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29. Патрульдiк қызметке жұмылдырылған полицияның кешенді күштерін басқару - бұл ІІББ-ІІБ, КІІБ басшыларының, қалалық, аудандық, желiлiк органдар басшылары полицияның кешендi күш-құралдарын ЖМБ мен АМБ қоғамдық тәртіпті тиімді сақтауды қамтамасыз етуде, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын-алу, жедел жағдайдың күрделену барысында, ерекше және төтенше жағдайларда тосыннан туындаған міндеттерді орындауға әрқашан дайын болудың күнделікті және мақсатты қызметі.
Полицияның кешенді күштерінің нарядтарын басқаруға:
1) жедел жағдайды сараптау және осының негізінде патрульді-бекеттік қызмет атқаруды ұйымдастыруға шешім әзiрлеу және қабылдау;
2) күш-құралдарды, алға қойылған мiндеттердi орындау үшiн даярлау, нарядтарға нұсқама беру;
3) ПБН-мен ұдайы, тұрақты байланыста болу, уақытымен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
4) өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру, күштер мен құралдардың оңтайландырылуы;
5) патрульді-бекеттік қызметті ұйымдастыру және атқарылуын бақылау;
6) ПБН қызмет нәтижелерiн есепке алу мен бағалау кiредi.
30. Қызмет атқару кезінде патрульдік нарядтарды жедел басқару қалалық, аудандық, желiлiк органдардың кезекші бөлімдеріне және жедел басқару орталықтарына (бұдан әрі - ЖБО) жүктеледі.
31. Патрульді-бекеттік қызметті ұйымдастыру жөніндегі шешім: бір жылға - қажетті жағдайда түзетулер енгізілетін полицияның кешенді күштері мен құралдарын қоғамдық тәртіпті сақтауға пайдалану жоспарымен (1-қосымша), ағымдағы тәуліктерге - бекет ведомосы (2-қосымша), нақты қойылған міндетті атқаруға бұйрықпен, арнайы жоспармен немесе ауызша нұсқаумен қабылданады және ресімделеді.
Осыған сәйкес:
1) қаланың (ауданның) географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері, тұрғындардың саны, көші-қоны, өзге қаланың азаматтарының келуі, көшелердің сипаттамасы, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің, рұқсат ету жүйесінің объектілері, банктер, ІІО-ның арнайы мекемелерінің орналасу орындары мен жұмыс тәртібі;
2) жыл мезгілі мен тәулікте және метеорологиялық жағдайларды есепке ала отырып, көшелер және басқа қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны, деңгейі, динамикасы мен құрылымы;
3) патрульді-бекеттік нарядтардың орналасуы және оның қалыптасқан жедел жағдайға сай болуы;
4) патрульді-бекеттік қызметке қатысқан нарядтардың, бөлімшелердің жұмыс қорытындылары, сондай-ақ жеке құрамның қару-жарақпен, байланыс құралдарымен, патрульдік көлікпен қамтамасыз етілуі және олардың қолданылуы ескеріледі.
32. Жедел жағдайды меңгеру барысында ақпарат көздері:
1) қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес жағдайын сипаттайтын статистикалық есеп, сараптамалық материалдар, жедел және жұмыс карталары (кескіндемелер) және басқа құжаттар (3-қосымша), жасалған қылмыстар және қылмыскерлерді іздестіру туралы бағдары;
2) полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлерінен келіп түскен жедел көрсеткіштер, мәліметтер;
3) патрульді-бекеттік нарядтардың баяндамалары;
4) ішкі істер органдарының, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің, ішкі әскерлердің әскери бөлімшелерінің хабарламалары;