** АЕК - заңнама кесiмдермен белгiленген айлық есептік көрсеткіш
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
20-қосымша
Мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылған
қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу
| Сағат бойынша ақы төлеу мөлшері* |
Профессор, ғылым докторы | Доцент, ғылым кандидаты | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Мектептердiң, кәсiби-техникалық оқу орындарының, гимназиялардың, лицейлердің, арнайы орта оқу орындарының оқушылары және оқушылардың осыған ұқсас басқа да санаттары, арнаулы орта бiлiмдi талап ететiн лауазымға ие қызметкерлер, жұмысшылар, курс тыңдаушылары; студенттер; аспиранттар, басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу орындарының тыңдаушылары, дәрiгерлердiң консультация берулерi | 0,07*** 0,08**** 0,09***** | 0,06*** 0,07**** 0,08***** | 0,05*** 0,06**** 0,07***** |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері* |
Оқу сабақтарын жүргiзуге қатысатын, пластикалық кейiптердi көрсететiндердің еңбегiне сағат бойынша ақы төлеу ставкасы мынадай мөлшерлерде белгiленедi: киiмсiз немесе күрделi кейiпте кейiп көрсеткенi үшiн киiм киiп тұрып кейiп көрсеткенi үшiн | 0,03 0,02 |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері |
Оқу сабақтарын өткiзуге қатысатын оқу-қосалқы қызметкер қатарындағы адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы ғылыми дәрежесi жоқ адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасының 50-пайызы мөлшерiнде белгiленедi | 50% |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері** |
| 3% 25% |
* Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлеген базалық лауазымдық жалақыны ескере отырып анықталады.
** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы лауазымдық жалақысынан
пайыз есебiмен анықталады.
Ескерту.
Ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын бiржолғы консультация беруге бiр
сағат ретiнде ақы төленедi.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу демалыс үшiн төленетiн ақыны да
ескередi.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ғылым докторының немесе кандидатының
ғылыми дәрежесi үшiн берiлетiн қосымша ақыны ескередi.
Жоғары бiлiмi бар жоғары оқу орындарының қызметкерлерiне негiзгі
лауазымы бойынша жұмыс күнiнен тыс жоғары оқу орны ректорының рұқсатымен
сол оқу орнында көлемі жылына 225 сағаттан аспайтын сағат бойынша еңбек
ақы төлеу шарттарында педагогикалық жұмыспен шұғылдана алады.
"Халық" деген құрметтi атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбек ақы
төлеу ставкасы профессорлар, ғылым докторлары үшiн көзделген мөлшерлерде,
ал "Еңбек сiңiрген" құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым
кандидаттары үшiн көзделген мөлшерлерде белгiленедi.
Конкурстар мен байқаулардың әдiлқазылар алқасының мүшелерiне,
сондай-ақ конкурстық жұмыстар рецензенттерiне еңбек ақы төлеу
студенттермен оқу сабақтарын жүргізетiн адамдарға көзделген сағат бойынша
еңбек ақы төлеу ставкасы бойынша жүргiзiледi.
*** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы:
жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы
жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына еңбек ақы төлеу үшiн;
тiлдердi үйрену жөнiндегi курстардың оқытушыларының еңбегiне ақы
төлеу үшiн;
университеттердің, педагогикалық, инженер-педагогикалық
институттардың (факультеттердiң) студенттерi педагогикалық практика
өтетiн оқу-тәрбие мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу үшiн
қолданылуы мүмкiн.
**** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы:
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының
төрағалары мен мүшелерiне, сондай-ақ өндiрiстерден тартылатын мамандардың
еңбегiне ақы төлеу үшiн;
егер студенттерге өздерi берген пәндер бойынша мемлекеттiк емтихан
қабылдайтын немесе дипломдық жоба жетекшiсi бола отырып дипломдық жобаны
қорғауды қабылдайтын жағдайларда, Мемлекеттiк емтихан комиссиясына
қатысқаны үшiн ректорлар мен проректорлардың еңбегiне ақы төлеу;
сағат бойынша жұмыс iстейтiн оқытушылар өнер және мәдениет жоғарғы
оқу орындарында арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргiзу кезiнде;
медбикелердi даярлау үшiн азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған
медицина қызметкерлерiн, қоғамдық кәсiптер факультеттерiне оқытушылық
жұмыстарға тартылған адамдарға еңбек ақы төлеу үшiн;
оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезiнде;
практикалық қызметiнде шет тілін қолданғаны үшiн жалақыға
үстемеақыларды алатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнен шет тiлi
бойынша емтихан қабылдау алу кезiнде;
шет тiлiн жедел меңгеру жөнiндегi курстардың тыңдаушыларымен,
магистранттармен сабақ жүргiзу кезiнде;
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын оқытушыларға студенттердiң
далалық және педагогикалық практикасына жетекшілік жасағаны үшiн
қолданылуы мүмкiн.
***** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкалары, сондай-ақ:
мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы
қызметтер көрсету үшiн тартатын оқу орындарының профессорлық-оқытушылар
құрамы мен мамандардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
диссертациялық зерттеулердiң консультанттары ретiнде тартылатын
басқа ұйымдардың жетекшi ғалымдары мен мамандарының еңбегiне ақы төлеу
үшiн (бiр докторантқа жылына 50 сағат);
оқу орындары ректорларының, проректорларының және басқа да басшы
қызметкерлерiнiң, сондай-ақ түрлi экономикалық қызметтiң жоғары бiлiктi
мамандарының, соның iшiнде оқу жылында 100 сағаттық еңбегiне сағат
бойынша ақы төленетiн кафедра меңгеру жөнiндегi жұмыстарды атқаруға
тартылатын басшы лауазымдардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
басшы қызметкерлердiң және мамандардың білiктiлiгiн арттыру
жөнiндегi курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткiзгенi үшiн еңбек
ақы төлеу;
халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақтар (лекция)
өткiзгенi үшiн еңбек ақы төлеу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
21-қосымша
Техникалық қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын және
мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететін және
мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер үшiн
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi
Техникалық қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс істеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажы белгiлi бiр лауазымдар санатына жататын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық жалақысын анықтау мақсатымен есептеледi.
1. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктілік кестесiне сәйкес лауазымдық жалақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс стажына мемлекеттiк органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесiндегi қызмет, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының прокуратура органдарында, iшкi iстер органдарында, соттарында, КСРО-ның мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген;
4) КСРО Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесiнде жұмыс iстеген;
5) мемлекеттiк органдарда жұмыс iстеген адамдарға бала бiр жарым жасқа жеткенге дейiнгi баланы күту жөнiндегi ішiнара ақы төленетiн демалыс және бала үш жасқа жеткенге дейiнгi баланы күту жөнiндегi жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс;
6) егер шетелге жiберер алдында қызметкер мемлекеттiк органдарда жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың ішiнде мемлекеттiк органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
7) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қазақ ССР-i мен Қазақстан Республикасының партия, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс істеген;
8) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн мемлекеттiк органда жұмыс iстесе және оны бiтiрген соң мемлекеттiк органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында мемлекеттiк органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған;
9) ұйымдарда мемлекеттiк органдардағы мамандықтармен бiрдей мамандықтар бойынша қызметтерде кейiнгi жұмыс iстеген уақыты кiредi.
2. Осы Тәртiпке сәйкес есептелетiн мамандық бойынша жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеуде ескерiледi.
3. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге, стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Мамандығы бойынша жұмыс стажын құрамын тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссия анықтайды.
Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен үзiндiлер екi данада жасалады және: бiр данасы - кадр қызметiне, екiншiсi - бухгалтерияға берiледi.
5. Еңбек кiтапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзiндiлер, қызмет тiзiмi мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу үшiн негiзгi құжат болып табылады. Жұмыс істеген кезеңдері туралы қажетті жазбалар болмаған немесе қате немесе анық емес жазбалар болған жағдайда жұмыс стажын растау үшін анықтамалар, дербес шоттар және жалақы беру тізімдемелері және заңнамада көзделген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар өзге де құжаттар қабылданады. Мамандығы бойынша жұмыс стажын куәгердің мәліметі бойынша растау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
22-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердiң жұмысшыларының жекелеген
кәсiптерiн тарифтеу
(қызметтiң барлық салалары үшін ортақ)
N р/р | Жұмысшы кәсiбінiң атауы | Біліктілік разряды |
1. | Арбакеш | 2 |
2. | Герпетолог | 6 |
3. | Қызметшi әйел | 2 |
4. | Жүк тиеушi | 2-3 |
5. | Аула сыпырушы | 1-2 |
6. | Дезинфекциялаушы | 3 |
7. | Киiм үлгiлерiн көрсетушi | 2 |
8. | Пластикалық кейiптердi көрсетушi | 2 |
9. | Шаш үлгiлерiн көрсетушi | 2 |
10. | Қорықшы | 3-5 |
11. | От жағушы | 1-2 |
12. | Билет сатушы | 2-3 |
13. | Кастелянша | 2-3 |
14. | Киномеханик | 4-5 |
15. | Қоймашы | 1-2 |
16. | Жылқышы | 2-3 |
17. | Текшелеушi | 1 |
18. | Курьер | 1 |
19. | Ат айдаушы | 1 |
20. | Орманшы | 3-5 |
21. | Лифтер | 2 |
22. | Таңбалаушы | 1 |
23. | Матрос | 2-3 |
24. | Сахна машинасi | 4-5 |
25. | Сәбидi күтушi | 3-4 |
26. | Өрт сөндiрушi | |
27. | Шаштараз |
28. | Құжаттарды түптеушi |
29. | Қызмет иттерiн жетелеушi (жетекші) |
30. | Сатушы | 3-4 |
31. | Жеміс-көкөніс қоймасының жұмысшысы | 2 |
32. | Көріктендіруші жұмысшы | 3 |
33. | | 3-4 |
34. | Жануарларды қарайтын жұмысшы | 4 |
35. | Бағбан | 2 |
36. | Санитар | 3-4 |
37. | Жарық түсіруші | 4 |
38. | Шаруашылық бикесі | 3-4 |
39. | Аға герпетолог | 7 |
40. | Аға қорықшы | 5-6 |
41. | Аға матрос | 3-4 |
42. | Аға атқыш | 3-4 |
43. | Аға өрт сөндіруші | 5-6 |
44. | Аға сатушы | 5 |
45. | Күзетші | 1-2 |
46. | Атқыш | 2-3 |
47. | Телефонист | 3-4 |
48. | Өндіріс орындарын сыпырушы | 2 |
49. | Қызмет үй-жайларын сыпырушы | 1-2 |
50. | Аула сыпырушы | 1-2 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiне
енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтыру
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 1478 қаулысына:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "мен еңбек сiңiрген жылдарына қарай үстеме ақы" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерінің сыныптық шендерi және еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы туралы Ережеде:
тақырыбынан "және еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемеақы" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақ алынып тасталсын;
16-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мамандығы бойынша жұмыс стажына:" және ж) тармақшасындағы "есептеледi" деген сөз "енгiзiледi" деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақтағы "Еңбек сiңiрген жылдары үшін проценттiк үстеме ақы төлеуге арналған" деген сөздер "Мамандығы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Дарынды балаларға арналған мектептердегі мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің өкiмiн жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 38, 356-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер туралы Ережеде:
26, 27-тармақтар алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы" және Патронат туралы ережелердi және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 418-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Патронат туралы ережеде:
2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Патронаттық тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу шарттары заңнамаға сәйкес мемлекеттік бiлiм беру мекемелерi тәрбиешiлерiнің еңбегiне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады".
4. "Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 31 наурыздағы N 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 9, 70-құжат):
5-тармақтың екiншi абзацындағы "профессор-оқытушылар құрамының еңбекақы қорына 1,75 коэффициентiн қолдана отырып, жеке нормалар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
5. "Базалық лауазымдық жалақының мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1607 қаулысына:
кiрiспедегi "мемлекеттік бюджет" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк қызметші емес қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетілдіру" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
коэффициенттердi қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды және әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер үшiн қосымша ақыларды; сондай-ақ қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстеме ақыларды;
коэффициенттердi қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды (ставкаларды), сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің еңбек жағдайы үшiн қосымша ақы мен үстемеақыларды есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақының мөлшері 5060 теңге деңгейінде белгiленсiн.".
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметінің күшін жойған кейбiр
шешімдерiнің тiзбесі
1. "Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына еңбек сіңiрген жылдарына проценттік үстемеақы төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 1142 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 38, 358-құжат).
2. "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 6, 46-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 107-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерiнің еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 1861 қаулысы.
5. "Мемлекеттiк білiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылды жерде жұмыс iстегенi үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып жетекшілiгi үшiн, дәптерлер, жазба жұмыстарын тексергенi үшін, оқу кабинеттерiнің меңгерушiлiгi үшiн, тереңдетіп оқытқаны үшiн қосымша ақы және басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 618-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 73 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 17-құжат).