адамды кiнәсiздiгiн тану жолымен ақтау
1. Сот бойынша ақталған адам, сонымен бiрге оған қатысты осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2, 5, 7, 8-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қылмыстық iстi қысқарту туралы қылмыстық iзге түсу органының қаулысы шығарылған айыпталушы (сезiктi) кiнәсiз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр шектеуге болмайды.
2. Сот, қылмыстық iзге түсу органы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамды ақтау және оған қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зияндарды өтеу жөнiнде заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тиiс.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз
iс-әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зиянның
өтелуiне құқығы бар адамдар
1. Адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметiнен уақытша шеттетудiң, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесiнде келтiрiлген зиян қылмыстық процестi жүргiзушi органның кiнәсiне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуге мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң 39-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар;
2) егер осы Кодекстiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде және 34-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардың болмауына қарамастан қылмыстық iс қозғалған болса немесе қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын жағдайлар анықталған кезден бастап қысқартылмаса, өздерiне қатысты қылмыстық iс қозғалмауға тиiстi, ал қозғалған iс осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 6-тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiстi адамдар;
3) өздерiне қатысты қылмыстық iс осы Кодекстiң 37-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қысқартылуы тиiс, бiрақ қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезден бастап қысқартылмаған және мұндай адамдардың қылмыстық iстi қысқартуға келiскенiне қарамастан қылмыстық iзге түсу заңсыз жалғастырылған адамдар;
4) жасаған әрекетiнiң саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң оны жасағаны үшiн сезiк келтiрiлу немесе айыптау кезiнде осы Кодекспен ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн одан жеңiлiрек қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгерген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптаудың бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайда, сол сияқты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешiмi бұзылған жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адам. Қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың iс жүзiнде өтелген мерзiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң кiнәлi адам жасаған әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып саналады;
5) заңды негiзсiз тиiстi мерзiмiнен артық қамауда ұсталған, сонымен бiрге қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында iс жүргiзуге мәжбүр етудiң кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар.
3. Азамат қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттiру құқығы белгiленген тәртiппен оның мұрагерлерiне, ал төленуi тоқтатыла тұрған зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу бөлiгiнде - отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етiлетiн адамдар тобына жататын мүшелерiне ауысады.
4. Егер анықтау, алдын ала тергеу және сот талқылауы процесiнде ерiктi түрде өзiне өзi жала жабу жолымен ақиқатты ашуға кедергi келтiргендiгi және сол арқылы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген зардаптардың пайда болуына жағдай жасағандығы дәлелденген адамға зиянның өтелуi тиiс емес.
5. Осы баптың ережелерi оның екiншi бөлiгiнiң 3-тармағында көзделген мән-жайлар болмаған кезде адамға қатысты қолданылған iс жүргiзудiң мәжбүрлеу шаралары немесе қаулымен шығарылған айыптау үкiмi рақымшылық ету немесе кешiрiм жасау актiлерiнiң шығуына, мерзiмiнiң ескiруiне немесе қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңiлдететiн заңның қабылдануына байланысты бұзылған немесе өзгертiлген жағдайларға қолданылмайды.
41-бап. Өтелуге жататын зиян
Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдардың мүлiктiк зиянның толық көлемiнде өтелуiне, моральдық зиянның зардаптарының жойылуына және еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарының қалпына келтiрiлуiне құқығы бар. Соттың үкiмi бойынша құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломаттық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, сондай-ақ мемлекеттiк наградаларынан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шенi, дипломаттық дәрежесi, бiлiктiлiк сыныбы қалпына келтiрiледi, мемлекеттiк наградалары қайтарылады.
42-бап. Зиянды өтеттiру құқығын тану
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның келтiрiлген зиянның өтелуiне құқығын да тануы тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi адамға тапсырылады не почта арқылы жiберiледi. Сонымен бiрге оған зиянның өтелу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама да жолданады. Залалдың өтелуiне құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұратын жерлерi туралы мәлiмет болмаған жағдайда хабарлама олар қылмыстық процестi жүргiзушi органға өтiнiш жасаған күннен бастап бес күннен кешiктiрiлмей жолданады.
ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу
1. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
1) жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, олар айырылған өзге де қаражаттар мен кiрiстердi;
2) соттың үкiмiнiң немесе өзге де шешiмiнiң негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;
3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiлiп алынған айыппұлдарды, сот шығындарын және адам заңсыз әрекеттерге байланысты төлеген өзге де сомаларды;
4) көрсетiлген заңгерлiк көмек үшiн адам төлеген сомаларды;
5) қылмыстық iзге түсудiң салдарынан келтiрiлген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды.
2. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды күзетпен ұстауға, қамауды немесе бас бостандығынан айыруды өтейтiн жерлерде ұстауға жұмсалған сомалар, бұл адамдардың қылмыстық iзiне түсуге байланысты сот шығындары, сонымен бiрдей олардың күзетпен ұсталуын, қамауға алынуын немесе бас бостандығынан айырылуын өтеуi уақытында қандай да бiр жұмыстарды орындағаны үшiн жалақысы қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарының келтiрiлген зиянды өтеу төлемiне жататын сомадан шегерiле алмайды.
3. Зиянды өтеудiң тәртiбi туралы хабарламамен бiрге осы Кодекстiң 42-бабында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн алған кезде осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адам iстi қысқарту, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою және өзгерту туралы үкiм, қаулы шығарған органға мүлiктiк зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы. Егер iстi жоғары тұрған сот қысқартса немесе үкiмдi өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкiмдi шығарған сотқа жолданады. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi қоя алады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған орган өтiнiш түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей, қажет болған жағдайларда қаржы және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп сұрату арқылы зиянның мөлшерiн айқындайды, одан кейiн инфляцияны ескере отырып бұл зияндарды өтеуге өтем төлеудi жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi апелляциялық немесе қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде қысқартса, көрсетiлген әрекеттердi бiрiншi саты бойынша қараған сот жүргiзедi.
5. Мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты осы Кодекстiң 371-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген үкiмдi атқаруға байланысты мәселелердi шешуге арналған тәртiппен судья шешедi.
6. Гербiлi мөрмен расталған қаулының көшiрмесi төлем төлеудi жүргiзуге мiндеттi органдарға көрсету үшiн адамға тапсырылады немесе жолданады. Төлем төлеу тәртiбi заңдармен айқындалады.
44-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою
1. Қылмыстық процестi жүргiзушi, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган келтiрiлген зиян үшiн одан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi.
2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай өтемақы туралы талап қою азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ұсынылады.
3. Егер адам заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыратылып, ал қылмыстық iс қозғау, ұстау, күзетпен ұстау, қызметiнен уақытша шеттету, медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру, соттау туралы мәлiметтер және оған қатысты қолданылып, кейiннен заңсыз деп танылған басқа да iс-әрекеттер баспасөзде жарияланса, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылса, осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның туыстарының немесе қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралы бiр айдың iшiнде ол туралы қажеттi хабарлама жасауға мiндеттi.
4. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдардың талап етуi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган екi апта мерзiм iшiнде өзiнiң заңсыз шешiмдерiнiң күшiн жойғаны туралы оның жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерi бойынша жазбаша хабарлама жолдауға мiндеттi.
45-бап. Талап қою мерзiмдерi
1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жасау туралы талап осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдар мұндай төлемдердi жасау туралы қаулыны алған сәттен бастап үш жылдың iшiнде ұсыныла алады.
2. Өзге де құқықтарды қалпына келтiру туралы талап құқықтарды қалпына келтiрудiң тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама алынған күннен бастап алты айдың iшiнде ұсыныла алады.
3. Бұл мерзiмдердi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда оларды мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган қалпына келтiредi.
46-бап. Заңды тұлғаларға зиянды өтеу
Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiнен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды толық көлемде және осы тарауда белгiленген мерзiмдерде мемлекет өтейдi.
47-бап. Құқықтарды талап қою тәртiбiмен қалпына келтiру
Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешiмге келiспесе, ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа шағымдануға құқылы.
5-тарау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу
48-бап. Қылмыстық iстердi бiрiктiру
1. Бiр iс жүргiзуде бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасағандығына, қатысқандығына бiрнеше адамдарды айыптау жөнiндегi iстер, адамның бiрнеше қылмыс жасағандығын айыптау жөнiндегi iстер, сондай-ақ бұл қылмыстарды күнi бұрын уәде берiлмей жасырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөнiндегi iстер бiрiктiруi мүмкiн.
2. Бiр iс жүргiзуде:
1) әртүрлi адамдарға қатысты бiрдей айыптау;
2) жеке айыптау iсi қаралатын жағдайларды қоспағанда, бiр-бiрiне қатысты қылмыс жасағандығы танылатын адамдарға қатысты айыптау;
3) бiреуi бойынша қылмыстық iзге түсу жеке түрде, ал екiншiсi бойынша - жария түрде жүзеге асырылатын iстер;
4) бiрiктiрiп қарау iстi объективтi қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да айыптаулар бiрiктiрiлмеуi тиiс.
3. Iстердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
4. Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты бойынша соңғы iс қозғалған күннен бастап есептеледi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бiреуi бойынша жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу не үйiнде қамауда ұстау қолданылса, тергеу мерзiмi аталған жолын кесу шаралары қолданылған iс қозғалған күннен бастап есептеледi.
Бiрнеше қылмыстық iс бiр iске бiрiктiрiлген жағдайда олар бойынша алдын ала тыңдауды өткiзу мерзiмi сотқа соңғы iс түскен күннен бастап есептеледi.
5. Адамдарға процеске қатысушылар құқығы оларға қатысты бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады.
49-бап. Қылмыстық iстi бөлектеу
1. Сот, қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iстен:
1) қылмыстық iс осы Кодекстiң 50-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылуға тиiс болғанда жекелеген айыпталушыларға;
2) мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн негiз оған қатысты болатын, бiрақ басқа айыпталушыларға қатысты болмайтын жекелеген айыпталушыларға;
3) ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға;
4) қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық iстi жеке жүргiзуге бөлектеуге құқылы.
2. Тергеу немесе қамауға алу мерзiмдерi аяқталып қалған көп эпизодты қылмыстық iстердi тергеу жағдайында тергеушi айыптау бөлiгiнде тергеу толық, жан-жақты жүргiзiлгендiгiн мойындап, егер ол iстiң қалған бөлiктерiн тергеуге және қарауға кедергi жасамаса, iстiң бiр бөлiгiн оны сотқа жолдау үшiн жеке iс жүргiзуге бөлектеуге құқылы.
3. Егер қылмыстық iс бойынша бұл iске байланысты емес қылмыстың белгiлерi бар iс-әрекеттер туралы мәлiмет алынса, ол туралы барлық материалдар осы Кодексте көзделген тәртiппен жаңа қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн дереу бөлектенiлуi тиiс.
4. Егер ол iстi тергеу мен шешудiң жан-жақтылығына, тұтастығына әсер етпесе, қылмыстық iстердi бөлектеуге рұқсат етiледi.
5. Iстi бөлектеу қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Қаулыға түпнұсқада немесе көшiрмесiнде бөлектенетiн материалдардың тiзбесi қоса берiлуi тиiс.
6. Бөлектелген iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмi жаңа қылмыс бойынша немесе жаңа адамға қатысты iстi бөлектеу туралы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледi. Қалған жағдайларда мерзiм негiзгi қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi.
50-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:
1) айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;
2) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жерi басқа себептермен анықталмаған;
3) айыпталушыны қылмыстық iзге түсу иммунитетiнен айыру не оны шетелдiк мемлекеттердiң беруi туралы мәселелердiң шешiлуiне байланысты айыпталушының iске қатысуының нақты мүмкiндiктерi болмаған;
4) айыпталушы жүйкесiнiң заңда көзделген тәртiпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
5) айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы;
6) соттың аталған қылмыстық iсте қолданылуға тиiс заңның немесе өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң Конституцияға сәйкес еместiгiн тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекiтiлген құқықтары мен бостандығын шектейтiндiгi туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне өтiнiш жасауы;
7) қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн тежеусiз күштiң iс-әрекетi жағдайында анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жеке айыптау iсi бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде iс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
3. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтатуға негiз болған жағдайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады. Әлгi жағдайлар жойылған соң анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен ол жаңартылады.
4. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе жаңарту туралы процеске қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
5. Тоқтатылып қойған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiн үзу туралы мәлiмет болмаса, қылмыстық заңмен белгiленген ескiру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша тоқтатылуға тиiс.
51-бап. Қылмыстық iстi қысқарту
1. Қылмыстық iс осы Кодекстiң 37,38-баптарында көзделген негiздер бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның қысқартуына жатады.
2. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға қысқартылу негiзi мен осы негiздер бойынша қысқартылуға қарсылығын мәлiмдеу құқығы түсiндiрiледi.
3. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының күшi жойылған жағдайда iс бойынша iс жүргiзу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң ескiруi шегiнде жаңартылады.
4. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы және iс бойынша iс жүргiзудiң жаңартылғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға, қорғаушыға, сондай-ақ жәбiрленушiге, оның өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлiне өтiнiштерi бойынша iс қозғалған жеке және заңды тұлғаларға жазбаша хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi қысқарту туралы және iс бойынша iс жүргiзудi жаңарту туралы қаулының көшiрмелерi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
52-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу толық қысқартылғандығы туралы қаулының күшiне енуi бойынша;
2) үкiмнiң немесе iс бойынша басқа да түпкiлiктi шешiмнiң күшiне енуi бойынша - егер ол оны атқару жөнiнде арнаулы шаралар қабылдауды қажет етпесе;
3) үкiмнiң немесе iс бойынша басқа да түпкiлiктi шешiмнiң орындалғандығы туралы растау алынуы бойынша - егер ол оны атқару жөнiнде арнаулы шаралар қабылдауды қажет ететiн болса, аяқталады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 16.03.01 ж. N 163-II Заңдарымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Құпиялылықты сақтау
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте және басқа да заңдарда көзделген мемлекеттiк құпияларды (мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпия, жедел-іздестіру қызметі, анықтау және алдын ала тергеу құпиясы) мен өзге де құпияларды (коммерциялық құпия, қызмет бабында пайдалануға арналған ақпарат, дәрiгерлiк, жеке құпия және құпияның кез келген басқа да түрлерi) құрайтын алынған мәлiметтердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган мемлекеттiк және өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтi хабарлауды немесе берудi ұсынған тұлғалар тиiстi құжаттарды сақтаудың қажеттiгiне сiлтей отырып, көрсетiлген талапты орындаудан бас тарта алмайды, бiрақ одан қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу үшiн көрсетiлген мәлiметтердi алудың қажеттiгiн растайтын, тиiстi iс жүргiзу қызметiнiң хаттамасына енгiзуге жататын түсiндiрме алуға құқылы.
3. Процеске қатысушылардың мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен танысу тәртiбi заңдармен айқындалады.
4. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтi қамтитын дәлелдер соттың жабық отырысында зерттеледi.
5. Өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтi, сондай-ақ жеке өмiрiнiң iшкi сырын ашатын дәлелдер, аталған мәлiметтердiң жариялану қаупi төнген адамдардың сұрауы бойынша соттың жабық отырысында зерттелуi мүмкiн.
6. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзудың, жеке немесе отбасылық құпияны жариялаудың нәтижесiнде адамға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.
7. Анықтау және алдын ала тергеу деректерiнiң құпиялығын сақтау тәртiбi осы Кодекстiң 205-бабымен белгiленедi.
8. алып тасталды
6-тарау. Iс жүргізу мерзімдері
54-бап. Мерзiмдердi есептеу
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыс уақыты емес уақыт та кiредi.
4. Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның ақырғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу кезiнде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айдың тиiстi күнi болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау, қамауға алу, үйiнде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесiнде болуы кезiндегi мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң ақырғы күнi болып саналады.
5. Адамды қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұстаған кезде мерзiм осы шара iс жүзiнде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледi.
55-бап. Мерзiмдi сақтау
1. Егер шағым, өтiнiш немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн почтаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық мекемеге орналастырылған адамдар үшiн, - егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық мекеменiң әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды. Шағымды немесе өзге де құжатты почтаға тапсыру уақыты почта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық мекеменiң әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты - бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.
2. Лауазымды адамдардың белгiленген мерзiмдi сақтауы iс жүргiзу құжаттарында тиiстi көрсетумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға тапсырылуға жататын құжаттардың алынғандығы iске қоса тiгiлген олардың қолхатымен расталады.
3. Iс жүргiзу мерзiмдерi тек осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана ұзартыла алады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңымен 56-бап өзгертілді
56-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына
келтiру тәртiбi
1. Мерзiм аяқталғаннан кейiн процеске қатысушылармен жасалған iс жүргiзу әрекетi жарамсыз болып саналады.
2. Дәлелдi себептермен өткiзiлiп алынған мерзiм, мүдделi адамның өтiнiшi бойынша, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе iс жүргiзiп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл орайда мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргiзушi органның тиiстi шешiмiмен өзгеше көзделмесе, басқа адамдар емес, оны өткiзiп алған адам үшiн қалпына келтiрiледi.
3. Мүдделi адамның өтiнiшi бойынша белгiленген мерзiм өткiзiлiп алып шағым жасалған шешiмдi орындау өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы мәселе шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым (наразылық) жасалуы мүмкiн.
2-бөлім. Қылмыстық процеске қатысушы
мемлекеттік органдар мен тұлғалар
7-тарау. Сот
57-бап. Сот
1. Сот, сот билiгi органы бола отырып, қылмыстық iстер бойынша әдiл сотты жүзеге асырады.
2. Кез-келген қылмыстық iс соттың заңды, тәуелсiз, құзыреттi және бейтарап құрамымен ғана қаралады, мұның өзi осы Кодексте белгiленген:
- нақты iстердiң соттылығын анықтау;
- нақты қылмыстық iстердi қарау үшiн соттың құрамын жасақтау;
- судьяларды бөлу;
- iстi шешу функциясын айыптау және қорғау функциясынан бөлектеу ережелерiн сақтаумен қамтамасыз етiледi.
3. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша әдiл сотты:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
облыстық және оларға теңестiрiлген соттар;
аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттар;