3. Тұрғын үй кооперативтерiнiң, сондай-ақ үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативтерiнiң қызметiне, егер осы Заңға қайшы келмесе, кооперация туралы заңдар қолданылады.
IV БӨЛIМ
9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН
ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ
67-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй
беру шарттары
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.
68-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын
топтарына жататын азаматтар
Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетiм балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) репатрианттар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
69-бап. Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану
Азаматтар егер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;
2) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса;
3) отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
4) оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
5) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
70-бап. Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй
қорынан тұрғын үй алу құқығы
Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй алуға құқылы.
10-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН
ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ ТӘРТIБI
71-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге
болатын азаматтарды есепке алу
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органда жүзеге асырылады.
Осы Заңның 67-бабында аталған азаматтар есепке қойылады.
2. Есепке алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Азаматтардың қандай да болсын қосымша құжаттар беруiн талап етуге тыйым салынады.
3. Азаматтардың өздерiн және өздерiнiң отбасы мүшелерiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждар есебiне қою туралы арыздары тұрғылықты жерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органда бiр ай iшiнде қаралады.
Арыз берушiлерге қабылданған шешiм туралы аталған мерзiм аяқталғанға дейiн жазбаша түрде хабарланады.
72-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
үшiн есепке қоюдан бас тарту негiздерi
Егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
2) оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi иелiгiнен шығаруы;
3) тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;
4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлуiне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;
5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылуы мүмкiн.
73-бап. Азаматтарды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй беруге мұқтаждар есебiнен шығару негiздерi
1. Азаматтар:
1) егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлуi үшiн негiздер жойылса;
2) басқа елдi мекенге тұрақты тұру үшiн кетсе;
3) азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлуiне мұқтаждығы туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берсе не есепке алу туралы мәселенi шешу кезiнде лауазымды адамдар заңсыз әрекет жасаса;
4) жер учаскесiн алса және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтаса немесе тұрғын үй сатып алса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлуге мұқтаждар есебiнен шығарылуы мүмкiн.
2. Есепте тұрған азамат тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған не ол қайтыс болған жағдайда, егер бұл орайда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлуге мұқтаж деп тану үшiн негiздер жойылмаса, отбасының онымен бiрге есепке тұрған өзге мүшелерiнiң кезегi сақталады.
3. Мүдделi адамдарға есептен шығару туралы шешiм қабылданғаннан кейiн он күн мерзiм iшiнде есептен шығарудың негiздерi көрсетiлiп жазбаша түрде хабарланады.
4. Азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлуге мұқтаждар есебiне ол үшiн негiздер болмаса да қойылып, тәртiп бұзушылық байқалған, бiрақ кейiннен мұндай негiздер пайда болған (отбасы мүшелерi санының көбеюi, отбасының жиынтық табысының кемуi және сол сияқтылар) жағдайларда ол негiздер пайда болған күннен бастап мұқтаж деп танылады және оның кезегi соған сәйкес ауыстырылады.
74-бап. Азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үй беру кезегi
1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлуге мұқтаждар есебiнiң тiзiмiн былайша бөлек жүргiзедi:
1) әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар;
2) мемлекеттiк қызметшiлер, өзге де бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлер.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берiлген немесе тұрғындар босатқан) бөлек тiзiм бойынша тұрғын үй бөлудi, егер осы Заңда немесе басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, бөлек тiзiмдердiң санына қарай жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
3. Аталған тiзiмге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тiзiмге енгiзiлген басқалар алдында ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды.
75-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй беру нормасы
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде берiледi.
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттiк немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс iстемейтiн әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде, бiрақ Республикада бiр адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемiнде бiр бөлме мөлшерiнде берiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерден асатын тұрғын үй алаңы артық деп есептеледi.
4. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген мүгедектердiң жекелеген санаттарына және аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға бөлек қосымша бөлме берiледi. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейдi.
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үй мөлшерiн анықтаған кезде отбасында жүктi болғанына жиырма аптадан асқан әйелдiң болуы ескерiледi.
76-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын
үйлерiне қойылатын талаптар
1. Азаматтарға тұру үшiн берiлетiн мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елдi мекеннiң жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елдi мекеннiң шегiнде болуға тиiс.
Осы тармақпен белгiленген талаптарға сай келмейтiн тұрғын үй мұқтаж адамның және оның отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн. Мұндай тұрғын үй беру мұқтаж адамдарды есептен шығаруға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезiнде бiр бөлмеге жетi жастан асқан әр жынысты адамдарды (ерлi-зайыптылардан басқа) олардың келiсiмiнсiз тұрғызуға жол берiлмейдi.
3. Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа ауыр науқастармен ауыратын адамдарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй олардың тiлегi ескерiлiп, төменгi қабаттардан немесе лифтiсi бар тұрғын үйлерден берiледi.
Сауықтыру жөнiндегi дербес бағдарламаға сәйкес, мүгедектерге үйдiң үлгiсiн, қолайлылық деңгейiн және тұруға қажеттi басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.
77-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй беру туралы шешiм
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй осы Заңның 100-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.
78-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй берудiң жариялылығы
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн берiледi. Мұндай тiзiмдердiң нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға арналған негiздер және оның көлемi, тұрғын үй берiлген уақыт туралы мәлiметтер мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
79-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдiң
босаған бөлiгiн беру
Егер мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын тұрғын үйден бөлек тұрғын бөлме (бөлмелер) босаса, ол мұқтаждар есебiнде кезекте тұрғандарға берiледi. Бұл орайда осындай тұрғын үйде тұратын және қолда бар тұрғын жағдайларын жақсартуды мұқтаж ететiн азаматтар босаған бөлменi (босаған бөлмелердi) осы Заңның 69-бабының талаптарына сәйкес пайдалануға алуда басым құқыққа ие болады.
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ҮЙЛЕРДI
ЖАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
80-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үйдi жалдау шарты
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның немесе мемлекеттiк кәсiпорын әкiмшiлiгi (жалға берушi) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлмеуге тиiс.
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шартын, тұрғын үйдi пайдалану, тұрғын үйдi және үй маңындағы аумақты күтiп ұстау ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде азаматтық заңдардың нормалары да қолданылады.
81-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үйдi жалдау шартының мәнi
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалдау шартының мәнi жеке тұрғын үй болып табылады.
2. Басқа тұрғын бөлмеге (бөлмелерге) шығатын (кiретiн) есiгi бар тұрғын бөлме, бөлменiң бiр бөлiгi, сондай-ақ пәтердегi қосалқы үй-жайлар мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартының дербес мәнi бола алмайды.
82-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi
жалдау шартын жарамсыз деп тану
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты:
1) азаматтар мұндай тұрғын үй берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;
2) шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;
3) лауазымды адамдар тұрғын үй беру туралы мәселенi шешу кезiнде заңсыз әрекеттер жасаған;
4) тұрғын үйдi беру кезегi бұзылған;
5) заңдарда белгiленген тұрғын үй берудiң тәртiбi мен шарттары бұзылған өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Шартты жарамсыз деп тану туралы талап шарт жасалған күннен бастап үш жыл iшiнде мәлiмделуi мүмкiн.
83-бап. Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң
құқықтары мен мiндеттерi
1. Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жалға алушының отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерi аталған шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жалға алушымен бiрге мүлiктiк жағынан жауапты болады.
3. Егер осы Заңның 21-бабында аталған азаматтар жалға алушының отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады.
84-бап. Жалға алушының өзi тұратын мемлекеттiк тұрғын
үй қорындағы тұрғын үйге өз отбасының мүшелерiн
және басқа азаматтарды кiргiзу құқығы
1. Жалға алушы мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы өзi тұратын тұрғын үйге жұбайын, балаларын, ата-анасын, басқа адамдарды өз отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң жазбаша келiсiмiн алып кiргiзуге құқылы.
Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бiрге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерiнiң келiсiмi талап етiлмейдi.
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге отбасының мүшелерi ретiнде кiргiзiлген адамдар осы бапқа сәйкес, егер кiргiзiлген осы азаматтардың, жалдаушының және онымен бiрге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң арасында өзгеше бiр жазбаша келiсiм болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бiрдей пайдалануға құқық алады.
3. Жалдаушы осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн қосымша жалға беруге құқылы.
85-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң
уақытша болмаған азаматтар үшiн сақталу мерзiмдерi
1. Жалға алушы немесе оның отбасының мүшелерi уақытша болмаған кезде оларға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады.
2. Егер жалға алушы немесе оның отбасының мүшелерi дәлелдi себептермен алты айдан артық уақыт болмаса, бұл мерзiм болмаған адамның өтiнiшi бойынша тиiсiнше ұзартылады.
3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң уақытша болмаған азаматтарға неғұрлым ұзақ мерзiмге сақталуының шарттары мен жағдайлары осы Заңның 86-бабымен белгiленедi.
86-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын
үйдiң азаматтар үшiн сақталу жағдайлары
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй азаматтар үшiн мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде не Қазақстан Республикасының қатысуымен одан тыс жерлерде құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде - қызмет мерзiмi iшiнде;
2) мерзiмдi еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде - бүкiл жұмыс iстеген уақыты iшiнде;
3) заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша шетелге кеткенде - шетелде болған уақыты iшiнде;
4) оқуға кеткенде - оқу уақыты iшiнде;
5) балаларды балалар мекемесiне тәрбиелеуге орналастырғанда олардың осы мекемеде болған бүкiл уақыты iшiнде, туысқандарының немесе қорғаншысының (қамқоршысының) қолында - балалар кәмелетке толғанға дейiн;
6) қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiн орындауға байланысты кеткенде - бұл мiндеттердi тоқтатқанға дейiнгi барлық уақытта;
7) емделуге кеткенде - емделуде болған уақыты iшiнде;
8) қамауда болған не бас бостандығынан айыруға сотталған немесе сол жерде тұру мүмкiндiгiнен айыратын өзге де жазалау шаралары кезiнде - қамауда болған немесе жазасын өтеген мерзiмi iшiнде сақталады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкiмiмен көзделуi мүмкiн.
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдалану құқығы онда болмаған адамдарға осы бапта көрсетiлген мерзiмдер аяқталған күннен бастап алты ай бойы сақталады.
87-бап. Адамдарды мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын
үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану тәртiбi
Адамдарды осы заңның 85 және 86-баптарында белгiленген мерзiмiнен артық уақыт болмауы салдарынан мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану жалға берушiнiң немесе бұл үй-жайда тұруға қалған жалға алушының не оның отбасы мүшелерiнiң (бұрынғы мүшелерiнiң) талабы бойынша жүзеге асырылады.
88-бап. Жалға алушы уақытша болмаған жағдайда мемлекеттiк
тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдалану құқығы
Жалға алушы уақытша болмаған мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде тұратын отбасының мүшелерi бүкiл тұрғын үйдi бұрынғы шарттармен пайдалануға құқылы. Бұл орайда олар осы тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша құқықтарын жүзеге асырып, сол бойынша мiндеттi болады.
Азамат уақытша болмаған кезде мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы пайдалану құқығы сақталатын тұрғын үй алаңы артық деп есептелмейдi.
89-бап. Уақытша болмаған жалға алушының мiндеттерi
Жалға алушының уақытша болмауы осы Заңның 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды.
90-бап. Уақытша болмаған азаматқа тиесiлi мемлекеттiк
тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң пайдаланылуы
1. Егер мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде осы Заңның 85 және 86-баптарына сәйкес тұрғын үй сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелерi тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған тұрғын үйге қосымша жалдау шарты бойынша тұрғындарды кiргiзуге не тұрғын үйдiң сақталу мерзiмiнде уақытша тұрғындар тұрғызуға құқылы.
Егер жалға алушы мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы өзiне сақталатын тұрғын үйге өз қалауы бойынша үш ай мерзiм iшiнде ешкiмдi тұрғызбаса, жалға берушi бұл тұрғын үйдi жалға алушының келiсiмiмен мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жалға алушыға сақталатын мерзiмнiң шегiнде қосымша жалдау шарты бойынша басқа азаматтарға беруге құқылы.
Қосымша жалдау мерзiмi (уақытша қоныстандыру) жалдаушы мен оның отбасы мүшелерi мерзiмiнен бұрын қайтып келген кезде қысқартылуы мүмкiн.
2. Жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң қайтып оралуына қарай олар қосымша жалдаушыларды немесе уақытша тұрғындарды жалға берушi берген тұрғын үйден дереу шығаруды талап етуге құқылы.
Қосымша жалдаушылар (уақытша тұрғындар) тұрғын үйдi босатудан бас тартқан жағдайда жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуға тиiс.
91-бап. Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткiзуге байланысты
азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй беру
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi тұрғындарды (жалға алушының) көшiрмей жүргiзу мүмкiн болмаса, жалға берушi жөнделетiн үй-жайды жалдау шартын бұзбастан, күрделi жөндеу жүргiзiлетiн уақытқа жалға алушыға және оның отбасы мүшелерiне басқа тұрғын үй беруге мiндеттi.
2. Тараптардың келiсiмi бойынша көшiрудiң орнына жалдау шартының бұзылуы, ал жалға алушыға жаңа жалдау шарты бойынша тұрақты пайдалануға осы Заңның 75 және 76-баптарында,106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа үй-жай берiлуi мүмкiн.
3. Жалға алушыға күрделi жөндеуге байланысты көшу кезiнде келтiрiлген шығындарды жалға берушi өтеуге тиiс.
Жалға алушы тек күрделi жөндеу кезiнде берiлген тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ бұл тұрғын үйде көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн ғана ақы төлейдi.
4. Жалға алушы және оның отбасы мүшелерi тұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде сақталмайтын жағдайларда жалға алушыға күрделi жөндеу басталғанға дейiн басқа тұрғын үй берiлуге тиiс.
Жалға алушының немесе жалға берушiнiң талап етуi бойынша басқа тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде үй-жай едәуiр үлкейтiлiп және жалға алушыда артық алаң пайда болған жағдайларда да берiледi.
Егер күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұрғын үй тарылып кетсе, жалға алушыға оның талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан осы Заңның 75 және 76-баптарында,106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа тұрғын үй берiледi.
92-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үйдi жалдау шартын өзгерту
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды.
93-бап. Шарттың бiр отбасына бiрiккен жалға алушылардың
талап етуi бойынша өзгертiлуi
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы бiр тұрғын үйде тұратын және ондағы тұрғын үй-жайларды жеке жалдау шарты бойынша пайдаланатын азаматтар бiр отбасына бiрiгуi жағдайында өздерi тұратын бүкiл тұрғын үйге өздерiнiң бiреуiмен жалдау шартын жасауды жалға берушiден талап етуге құқылы.
94-бап. Жалға алушы отбасы мүшелерiнiң арасында отбасылық
қатынастарды тоқтатқан кезде мемлекеттiк тұрғын
үй қорындағы тұрғын үйдi пайдалану тәртiбiн белгiлеу
Отбасылық қатынасты тоқтатқан, бiрақ тұрғын үйдi жалға алудың ортақ шарты бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы бiр тұрғын үйде тұрып жатқан адамдар жекелеген жалға алу шартын жасамастан, тұрғын үйдi пайдалану тәртiбiн анықтауға құқылы.
Келiсiмге келе алмаған кезде дау пайда болғанға дейiнгi тұру жағдайы ескерiлiп дау сотпен шешiледi.
95-бап. Отбасының басқа мүшесiн жалға алушы деп