ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Жарлығымен; ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 10.07.98 N 282-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 25.04.01 ж. N 179-II Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы Заңның 18-бабында баяндалған шектеулердi ескере отырып) банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
2. Мемлекет тек Үкiмет атынан ғана банкiлердiң құрылтайшысы және акционерi бола алады, ал Қазақстанның Даму Банкінің акционерлері болып облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары да қатыса алады. Жарғылық капиталының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алмайды.
3. алынып тасталды
4. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және республика банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша капиталының терiс мөлшерi болған ретте банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) келесi үш күнтiзбелiк ай бойы банктiң қаржы жағдайының қажетiнше жақсартылуына кепiлдiк беретiн жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша кейiннен мiндеттi түрде дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
Аталған шектеу Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
6. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары, банктердi қоса алғанда, егер оларда тiзбесiн Ұлттық Банк белгiлейтiн негiзгi рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең аз талап етiлетiн рейтингi болса Қазақстан Республикасының резидент банктерi акцияларының он және одан да кеп процентiне ие бола алады.
7. Банктің жарғылық капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысатын тұлғалар Ұлттық Банктің талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 17-1 баппен толықтырылды
17-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғалары
1. Мынадай тұлғалар, егер:
ол банктің ірі қатысушысы болса;
банк осы тұлғаның ірі қатысушысы болса;
осы тұлғаның ірі қатысушысы банктің ірі қатысушысы болса, банктің аффилиирлендірілген тұлғалары болып танылады.
2. Бірде-бір тұлға Ұлттық Банктің келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, банктің ірі қатысушысы бола алмайды. Iрі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру тәртібі Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін Ұлттық Банкке банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініммен қоса мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
жоғары органның өтініш берушіге осы банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешімінің көшірмесін;
банк акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, оған қоса;
растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, сатып алуға жұмсалатын ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасын;
өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкілі туралы мәліметтерді;
сонымен қатар жеке адамдар үшін:
Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша, өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғаны туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді;
заңды тұлғалар үшін:
құрылтай құжаттарын, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғаны туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді;
өткен соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есебі, сондай-ақ ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешім қабылдар алдында өткен соңғы тоқсанның қаржылық есебін;
ірі қатысушы мәртебесін алу нәтижесінің қаржылық болжамын, оған қоса өтініш берушінің мәртебе алғаннан кейінгі ықтимал есеп айырысу балансы, егер бар болса, өтініш берушінің банк активтерін сату, банктің басқа заңды тұлғамен қосылуы немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (оған қоса бизнес-жоспарын және ұйымдық құрылымды) беруге тиіс.
3. Банктің ірі қатысушысы - банктің дауыс беруші акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін немесе:
банктің дауыс беруші акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал жасай алу мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға.
4. Жиынтығында банк акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сонша акциямен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі екіншісіне банк акцияларын сатып алу үшін заем берген;
5) олар жақын туыстар болып келетін тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар деп танылады.
5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Осы Заңның 20-бабы 2-тармағы б), в) тармақшаларының және 3-тармағы а), в) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке адамға немесе өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
Ұлттық Банк талап еткен құжаттарды бермеу;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңдардың талаптарының бұзылуы;
банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирлендірілген тұлғасы) немесе Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын реттер;
өтініш беруші өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын шетелдік банк болып табылатын реттер;
өтініш берушінің банктердің құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын осы Заңда белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы.
6. Мыналардың бірі:
өтініш беруші заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
өтініш берушінің міндеттемелері өз активтерінен асып кетуі;
соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шегуі;
өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіруі;
өтініш берушінің банк алдындағы мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы;
банкке және (немесе) оның депозиторларына залал келтіру мүмкіндігін дәлелдейтін өзге де негіздердің болуы өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгілері болып табылады.
7. Тұлға ірі қатысушы мәртебесіне келісім алмаған жағдайда Ұлттық Банк бұл тұлғаға осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
8. Банк холдингі - банктің дауыс беруші акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін немесе:
банктің дауыс беруші акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес-заңды тұлға.
Банк холдингі мәртебесін иелену банктің ірі қатысушылары үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Жиынтығында банк акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сонша акциямен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1)өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды адам немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі екіншісіне банк акцияларын сатып алу үшін заем берген;
5) олар жақын туыстар болып келетін тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
10. Банк тобы банктен және банк қатысушысы болып табылатын ұйымдардан тұрады
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi
1. Негiзгi рейтинг агенттiктерi бiрiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi Ұлттық Банк белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының резидентi емес банк осы банкiнiң өкiлдiгi Қазақстан Республикасы аумағында бiр жыл жұмыс iстегеннен кейiн еншiлес банк ашуға рұқсат беру жөнiнде Ұлттық Банкiге өтiнiш беруге құқылы.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының резидентi емес банктерi Қазақстан Республикасының резидент банктерi акцияларының елу проценттен астамын сатып алу жағдайларына да қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiш
1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде Ұлттық Банкiге өтiнiш жасауға құқылы.
2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.
3. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) жаңадан құрылатын банкiнiң құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау (сайлау) хаттамасы;
б) құрылтайшылар туралы егжей-тегжейлi мәлiметтер (олардың ағымдағы қызметi туралы деректердi қоса); құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екi есеп беру күнiндегi бухгалтерлiк баланстары; осы Заңның 16-бабының 5-тармағының талаптарына құрылтайшылардың қаржы жағдайының сәйкестiгi туралы аудиторлық ұйымның (аудитордың) қорытындысы;
в) егер бiр немесе одан көп құрылтайшы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылмаған жағдайда: Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат беретiнi туралы тиiстi мемлекеттiң мемлекеттiк немесе қадағалау органының жазбаша хабарламасы не құрылтайшы мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы тиiстi мемлекеттiң мемлекеттiк немесе қадағалау органының мәлiмдемесi;
г) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар банк болып қайта құрылған жағдайда:
құрылтай шарты, жарғы, соңғы есеп беру күнiндегi бухгалтерлiк баланс;
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы мекемесiнiң қаржы жағдайы туралы аудиторлық ұйымның (аудитордың) қорытындысы;
д) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес банктiң басшы қызметкерлерi лауазымына тағайындау (сайлау) үшiн ұсынылатын адамдар туралы мәлiметтер;
е) жаңадан құрылатын банкiнiң егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы;
ж) жаңадан құрылатын банкiнiң iшкi аудит қызметi жөнiндегi ереже;
з) жаңадан құрылатын банкiнiң несие комитетi жөнiндегi ереже;
и) жаңадан құрылатын банкiнiң қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын ашып көрсететiн бизнес-жоспары, қаржылық перспективасын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен залалдар есебi, маркетинг жоспары (банк клиенттерiнiң қалыптасуы), еңбек ресурстарын тарту жоспары;
к) ұсынылған бизнес-жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткiзген әзiрлiк шаралары жөнiндегi есеп;
л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат;
Осы тармақтың ж), з), и) тармақшаларында көзделген құжаттарды банктiң уәкiлеттiк берiлген органдары бекiтуi тиiс.
4. Аудиторлық ұйымның (аудитордың) қорытындысы:
ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
Ұлттық Банкiнiң немесе резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының лицензиясына сәйкес банк қызметінің аудитін жасауға өкiлеттi екендiгiн растайтын құжаттар тапсырған жағдайда жарамды деп танылады.
5. Ұлттық Банк банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi ол Ұлттық Банкiде қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 12.08.97 ж. N 200-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi
20-бап. Банкiнiң басшы қызметкерлерiне қойылатын ең төменгi талаптар
1. Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерi, Басқарманың төрағасы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) оларға бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізгенде негізге алынатын құжаттарға қол қою құқығы бар банктің өзге де басшылары, банкiнiң бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi банкiнiң басшы қызметкерлерi деп танылады. Банкiнiң атынан сенiмхатсыз мәмілелер жасауға құқығы бар адамдар басшы қызметкерлер деп танылады.
2. Банкiнiң басшы қызметкерлерi, сондай-ақ басшы қызметке тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылатын кандидаттар осы бапта белгiленген талаптарға сай келуге тиiс. Банктiң басшы қызметкерлерi қызметке Ұлттық Банктiң келiсiмiмен тағайындалады, сайланады. Олардың көрсетiлген талаптарға сай келуiн Ұлттық Банктiң бiлiктiлiктi айқындау комиссиясы шешедi.
Ұлттық Банк банктiң басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) берiлген келiсiмдi мынадай негiздер бойынша:
а) келiсiм бергенде негiзге алынған мәлiметтердiң бұрыстығы анықталғанда;
б) банк қызметiне байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жыл iшiнде екi және одан да көп рет әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны туралы деректер болғанда;
в) осы Заңның 47-бабы 2-тармағының е) тармақшасында көзделген негiздер бойынша қызмет мiндеттерiн атқарудан босатылғанда;
г) осы баптың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталғанда қайта қарауға хақылы.
3. Атқаратын қызметiне сай келмейтiн немесе банктiң басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға болмайды деп:
а) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
б) банк заңдары жөнiндегi бiлiмдi жеткiлiктi игермеген;
в) белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған банктi немесе басқа заңды тұлғаны ерiксiз тарату туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан аспайтын мерзiм iшiнде бұрын банктiң немесе басқа заңды тұлғаның бiрiншi басшысы (Басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтерi болған адамдар танылады. Осы аталған талап заңдарда белгiленген тәртiппен банктi мәжбүрлеп тарату немесе заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған күннен кейiн бес жыл бойы қолданылады.
4. Директорлар кеңесi төрағасы және мүшелерінің, банк Басқармасының төрағасы және оның орынбасары лауазымына тағайындау үшiн мiндеттi түрде жоғары бiлiмi болуы тиiс. Банктiң бас бухгалтерiнiң, филиалдың бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерiнiң жоғары немесе кәсiби бағдарына сай арнаулы орта бiлiмi болуы тиiс.
5. Банк Басқармасының төрағасы мен оның орынбасарлары, банкiнiң бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi әдетте, банк жүйесiнде банк филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң жұмыс стажы бiр жылдан:
Басқарманың төрағасы мен бас бухгалтерiнiң жұмыс стажы - үш жылдан, төрағаның орынбасары мен бас бухгалтер орынбасарының жұмыс стажы екi жылдан кем болмауға тиiс. Басшы қызметкерлер Ұлттық Банкiнiң келiсiмi алынғанға дейiн өз мiндеттерiн үш айдан асырып атқара алмайды.
Кандидатурасы банктiң басшы қызметкерi лауазымына алыну үшiн келiсуге ұсынылған адамның қызмет мiндеттерiн нақты орындап жүргенiне қарамастан, Ұлттық Банк оның тағайындалуына, сайлануына келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, банк Ұлттық Банктiң шешiмiн алған сәттен бастап аталған қызметкер атқарып жүрген қызметiнен 30 күннен аспайтын мерзiмде босатылуы тиiс. Осы баптың талаптарына сәйкес банк қызметкерiнiң кандидатурасын келiсу кезеңiнде қызметке жаңадан қабылданатын адамдар мiндеттерiн мерзiмдi еңбек шарты бойынша атқарады.
6. Осы бапта көзделген талаптарды банкiлер өзiнiң бүкiл қызмет мерзiмiнде сақтауға мiндеттi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 21-бап өзгертiлдi
21-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң қатысуымен банк құруға және оның қызметiне қойылатын қосымша талаптар
1. Банктiң құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды немесе жеке тұлға, осы Заңның 19-бабында көрсетiлген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшiне оның басқа банктер мен қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуы туралы мәлiметтерiн, тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидентi - банктiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат берiлгенi туралы жазбаша хабарламасын не тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) мемлекеттiң заңдары бойынша аталған құрылтайшыдан мұндай рұқсат талап етiлмейтiндiгi туралы мәлiмдемесiн қоса тiркеуге мiндеттi.
1-1. Ұлттық Банк банк қатысушыларының (құрылтайшыларының, акционерлерінің) осы бапта белгіленген талаптарды сақтауын бақылау мақсатында, банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мен қаржылық есептерін беруін талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтер сұратуға құқылы.
2. Iрі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін алу туралы өтінім жасаушы резидент емес-заңды тұлға 19-бапта және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа мына құжаттарды табыс етуге мiндеттi:
а) құрылтайшы-заңды тұлғаның тиiстi органының Қазақстан Республикасының резидент-банкiне өзiнiң қатысуы туралы шешiмi;
б) Осы Заңның 19-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес заңды тұлғаның аудиторлық ұйым (аудитор) куәландырған соңғы үш қаржылық (операциялық) жылындағы тиiстi дәрежеде ресiмделген (жинақталған баланс пен пайда және шығын туралы есептi қоса) жылдық есебi;
в) банктің ірі қатысушыларын және банк холдингтерін айқындау үшін қажетті, Қазақстан Республикасының резиденті еместерінің қатысуымен банк құру және оның қызметі мәселесі жөніндегі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да құжаттар.
3. Банк құрылтайшысы не қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес банкi 19-бапта және осы баптың 1-2-тармақтарында көрсетiлген құжаттардан басқа мынадай құжаттар беруге мiндеттi:
а) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының банктiк банк қызметiн жүзеге асыруға арналған күшiндегi лицензиясы бар екенiн жазбаша растауы;
б) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының банктiң бiрiккен негiзiнде қадағалауға жататындығын жазбаша растауы.
4. Ұлттық Банк жарғылық капиталына банктiң құрылтайшысы болып табылатын резидент емес заңды немесе жеке тұлға қатысқан банктердiң немесе қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы ақпарат сұратуға құқылы. Аталған банктердiң немесе қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы қанағаттанғысыз болған жағдайда Ұлттық Банк аталған резидент емес заңды немесе жеке тұлғаға резидент банктiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
5. Банктің дауыс беруші акцияларының он және одан да көп процентін иеленуші Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының резидент-банкінің жарғылық капиталына осы қатысуы тиісті мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтіндігі туралы өз мемлекетінің уәкілетті органының тиісті хабарламасын ұсынады.
ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 22-бап өзгертiлдi
22-бап. Шетелдердiң қатысуымен банкiлер құруға және олардың қызметiне қойылатын қосымша талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдердiң қатысуымен банкiлер құрған және олардың қызметiн жүзеге асырған кезде мынадай талаптар сақтауға тиiс:
а) шетелдер қатысушы банкiлердiң жарияланған жалпы жарғылық капиталы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда барлық банкiлердiң жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен аса алмайды;
б) шетелдер қатысушы банкiнiң Басқармасының кеңесiнiң ең болмағанда бiр мүшесi Қазақстан Республикасының азаматы болуға және ол Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеп тұрған банкiде кем дегенде үш жыл басшы қызметте болған тәжiрибесiн, Қазақстан Республикасының банк және шаруашылық заңдарын бiлетiндiгiн куәландыратын құжаттар тапсыруға тиiс;
в) шетелдер қатысушы банк Ұлттық Банк белгiлейтiн сома мен тәртiп бойынша iшкi активтерге қаражат салуға мiндеттi. Iшкi активтер деп шетелдер қатысушы банкiнiң Қазақстан Республикасы аумағында салынған теңге және шетел валютасы түрiндегi активтерiн айтады, оның iшiнде:
Iшкi активтердiң тiзбесiн Ұлттық Банк белгiлейдi;
г) шетел қатысқан банктердің барлық қызметкерлерінің кем дегенде жетпіс проценті Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.