4. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiндегi өзге функциялары және өкiлеттiгi сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 63-бап өзгертiлдi
63-бап. Пруденциалдық нормативтер және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен мiндеттер
Банктердiң қаржылық тұрлаулылығын қамтамасыз ету және олардың кредиторларының, салымшыларының және клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi банктер үшiн белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциалдық нормативтер болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі пруденциалдық нормативтерді белгілейді, оның ішінде банк топтары үшін шоғырландырылған негізде белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкi:
- банктер үшiн пруденциалдық нормативтердiң және немесе өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi есеп айырысу әдiстемесi мен қолданылу принциптерiн;
- банктер үшiн ашық валюта айқындамасын есепке алу және осы айқындаманы бақылау тәртiбiн;
- үмiтсiз және күмәндi активтердi, валюталық тәуекелдер мен сыйақы (мүдде) ставкалары бойынша тәуекелдер қамтамасыз ету үшiн банктердi қайта бағалау қорлары мен шоттарын қалыптастыру тәртiбiн анықтайды.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 64-бап өзгертiлдi
64-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктiк қадағалау қызметкерлерiне қойылатын талаптар
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктiк қадағалауы құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiнiң басшысы болып табылатын адамның яки осы лауазымға орналасуға үмiткер адамның банкте немесе Қазақстан Ұлттық Банкiне кемiнде үш жылғы жұмыс тәжiрибесi болуға тиiс.
Мұндай адамның:
- жоғары бiлiмi болмаса;
- өтелмеген немесе белгiленген заң тәртiбiмен алынбаған сот жазасы болса;
- бұрын басқару органдарының құрамына енсе банк заңдарының талаптары мен нормативтi актiлердi орындамаған үшiн банк ашуға берiлген рұқсаты және (немесе) банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясы қайтарып алынған банктi басқаруға қатысса;
- табыс туралы салық қызметi органдарына мәлiмет беруден бас тартса немесе қасақана жалған мәлiмет берсе;
- банк Төрағасы немесе банктiң Директорлар кеңесiнiң мүшесi немесе банк Басқармасы Төрағасының қызметiнде iстейтiн жақын туыстық қатынастағы адам болса, онда ол атқарып жүрген лауазымына немесе өзi үмiттенiп отырған лауазымға сәйкес келмейдi деп танылады.
ХII Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi
65-бап. Қаржы жылы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 66-бап жаңа редакцияда;ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 66-бап өзгертiлдi
66-бап. Есеп беру
Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есеп берiп отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық балансы және қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп берiп отырады.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 67-бап өзгертілді;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 67-бап өзгертiлдi
67-бап. Жылдық есеп
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебi:
- ақша айналысының, кредиттiң, қаржының, банк жүйесiнiң валюта саясатының жай-күйi туралы баяндаманы;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өткен жылғы қызметi туралы есептi;
- жылдық балансты, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң туралы есебiн, таза табыс бөлісін қамтиды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық баланстың және есептiң құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейдi.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тағайындайтын тәуелсiз аудиторлық ұйым тексерiс жасап отырады.
Тексерiс кезiнде алынған әрбiр ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның бөлiмшелерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне жасалған кез келген мемлекеттiк органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.
ХIII Тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
70-бап. Ақпарат алу жөнiндегi өкiлеттiк
Банк қадағалауы мен бақылауы жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi банкте шоты бар Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген жеке және заңды тұлғадан қажеттi ақпарат алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; ҚР 03.05.01 ж. N 182-II Заңымен 70-1-бап жаңа редакцияда
70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi<*>
Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қаржы министрлiгiне көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 71-бап жаңа редакцияда
71-бап. Наразылық пен қуынымның ескiру мерзiмi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескеру мерзiмi қолданылмайды.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 08.12.97 ж. N 200-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 72-бап өзгертiлдi
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жауапкершiлiгi және дауларды шешу тәртiбi
Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың құрылтайшылары (қатысушысы), заңды және жеке тұлғалар арасында осы Заңды орындау үшiн туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтірілгені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 73-бап өзгертiлдi
73-бап. Мүдделер кереғарлығы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қызметшi болып табылатын қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңында белгiленген мемлекеттiк қызметте болуына байланысты барлық шектеулер қолданылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерi банктерден Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының жазбаша рұқсатымен ғана кредит алуға құқылы.
Осы баптың талаптарын сақтамаған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 74-бап өзгертiлдi
74-бап. Осы Заңның күшiне енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының