Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, ырықтандырудың екiншi кезеңi шеңберiнде Ұлттық Банкке елдiң төлем теңгерiмiнде және сыртқы борышында көрсетiлетiн операциялар туралы ақпараттарды нақтылауға мүмкiндiк беретін валюталық мониторинг рәсiмдерiн әзiрлеу болжанады, олар валюталық реттеу және валюталық бақылау жөніндегі тиiстi нормативтік құқықтық актiлерде көрсетiлуге тиiс.
Сондай-ақ iрi мұнайгаз жобаларында негізгi мердiгер немесе қосалқы мердiгерлер ретiнде (құрылыс, бұрғылау және т.б.) жұмыс iстейтiн шетелдiк компаниялар филиалдарынан олардың қызметiнiң түрлi аспектiлерiн есепке алу мен бағалаудың келісілген тәсiлдерiн қалыптастыру және алдағы уақытта қажетті ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру үшiн статистикалық немесе өзге де ақпарат алатын ведомстволарды үйлестірудi күшейту қажет. Бұл тәсiл қайталауды болдырмауға және есеп беруге байланысты филиалдардың шығындарын азайтуға мүмкiндiк бередi.
5.4. 2007 жылдан бастап ұлттық валютаның толық
айырбасталуына көшуді қамтамасыз ету
5.4.1. Валюталық реттеу жүйесi
Валюталық реттеу және бақылау жүйесi 2007 жылдан бастап мынадай негізгі қағидаттарға негізделедi:
1) валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды лицензиялау режимiнiң күшiн толық жою;
2) ұлттық Банктiң тiркеу талабын енгізу (тараптар мiндеттемелерiн орындауды бастағанға дейiн) және валюталық операциялар туралы хабардар ету тәртібін айқындау (ол жасалғаннан кейiн) жөніндегі Ұлттық Банктiң заңмен бекітілген құқығын сақтау;
3) резидент және/немесе резидент емес валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде операция жүргiзуге негiздеме болып табылатын тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды уәкiлетті банкке ұсынуға мiндеттілігі туралы талапты сақтау. Қажетті құжаттардың тiзбесi валюталық заңнамада бекітіледi;
4) экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша валютаны қайтару талабын сақтау. Қайтару талабы резидентке экспорттан түскен түсiмдi немесе импорт бойынша пайдаланылмаған авансты сыртқы сауда келісім-шартында көзделген мерзiмде уәкiлетті банктердiң шоттарына есептеу мiндеттемесiн болжайды. Бұл ретте заң кесiмiнде резиденттер валютаны уәкiлетті банктердiң шоттарына есептемеуге құқылы жағдайларының жабық тiзбесi айқындалуға тиiс;
5) резиденттер арасындағы ұлттық валютамен операциялар бойынша ақша төлемдерi мен аударымдарын мiндеттi түрде жүргiзудi айқындайтын норманы сақтау. Заңнама кесiмiнде осы талаптан шығатын ерекше жағдайлар айқындалуға тиiс;
6) заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алу мақсаттарына және соның есебiнен шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылатын ұлттық валютаның көздерiне (резиденттерге, сол сияқты резидент еместерге қатысты) барлық шектеулердiң күшiн жою.
5.4.2. Экспорт-импорт мәмілелерін жасау кезiнде
есеп айырысуларды реттеу
2007 жылы тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге 180 күннен астам мерзiмге төлемнiң мерзiмiн ұзартуды не аванстық төлемдi көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдарды лицензиялау күшiн жоятын болады. Қайтару талабы резиденттің сыртқы сауда келісім-шартында айқындалған мерзiмде қаражатты алуын болжайды. Тиiсiнше мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1. Валюта және тауар ағындарын сәйкестендiруге және салыстыруға мүмкiндiк беретiн экспорт-импорт келісім-шарттары бойынша мәмiле паспортын сақтау.
2. Резидент еместiң экспорт бойынша мiндеттемелерiн орындау мерзiмiнiң және резидент еместiң импорт бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда аванстық төлемдердi қайтаруы сыртқы сауда келісім-шарты деректемелерiнде мiндеттi түрде болуы туралы талаптарды заң кесiмi деңгейiнде бекіту.
3. Экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша қаражат және тауарлар қозғалысы туралы барлық аралық ақпарат кейiннен өңдеу, нәтижелерiн алу және оларды талдау, сондай-ақ жөнсiздiктердi анықтау үшiн Ұлттық Банкте орталықтандырылуы тиiс. Ұлттық Банк валюталық заңнаманы бұзған резиденттер бойынша ғана ақша және тауар қозғалысы туралы жан-жақты ақпарат алатын болғандықтан, қолданылып жүрген жүйе ақпаратты коммерциялық банктер деңгейiнде өңдеудi және бiрiктiрудi болжайды.
4. Резиденттердiң валюта және тауар ағындарын төлем жасау немесе тауарды шекарадан өткізу сәтiнен басталатын мерзiмдерiне (қолданылып жүрген жүйе) байланысты емес, келісім-шартта көрсетiлген мерзiмдер бойынша бақылап отыруға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық қамтамасыз етудi түзету.
5. Құқық бұзушылықтардың ауырлығына және жиiлiгiне қарай қайтару талабын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк жөнiнде Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерістер енгізу.
Жалпы алғанда осы iс-шаралар Ұлттық Банкке валюта және тауар ағындары туралы неғұрлым бiрдей ақпарат алуға, кәсiпорындар мен коммерциялық банктердiң олардың валюталық бақылау агенттерiнiң функцияларын iске асыруы бойынша әкiмшiлiк шығасыларын азайтуға мүмкiндiк береді.
5.4.3. Күмәндi мәмiлелердi бақылау
Қазiргi уақытта заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жария етуге (ақтауға) қарсы iс-әрекет жөніндегі заңнама әзiрлеу жүзеге асырылуда. Осы жүйе күмәндi белгілерi бар операциялар туралы, оның iшiнде сыртқы экономикалық операциялар туралы ақпаратты анықтауға және жинақтауға мүмкiндiк бередi.
Валюталық реттеу режимiн ырықтандыру бiрқатар шектеулердi, атап айтқанда валюталық операцияларды лицензиялау талаптарын жоюды болжап отыр. Сонымен қатар экспорт бойынша валюталық түсiмдi және резидент емес импорт жөніндегі мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда аванстық төлемдердi қайтару талабын сақтау болжанады. Осы талапты сақтау экспорт-импорт валюталық бақылау жүйесiмен қамтамасыз етiледi. Болашақта жекелеген экспорт-импорт келісім-шарты шеңберiнде, сондай-ақ тұтастай алғанда әрбiр экспортердiң/импортердiң төлемдерi мен тауарлар жеткізу жөнiндегі барлық ақпарат Ұлттық Банкте жинақталып, өңделетін болады. Бұдан басқа, Ұлттық Банктің капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тiркеу шеңберiнде резидент еместермен шартты алу және келісім-шарттың талаптарын бағалау мүмкiндiгі бар. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, валюталық бақылау жүйесi шеңберiнде, атап айтқанда экспорт-импорт және қаржы мәмiлелерiнiң арналары бойынша өлшемдердi және күмәндi операцияларды бақылап отыру үшiн алынған ақпарат заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жария етуге қарсы ic-әрекет рәсiмдерiн тиiмдi түрде толықтырып отырады.
5.5. Нормативтік құқықтық негiздi жетiлдiру
5.5.1. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау
туралы" жаңа Қазақстан Республикасының Заңы жобасының
тұжырымдамалық негiздерi
1. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" жаңа Қазақстан Республикасының Заңында осы Бағдарламада көзделген валюталық операцияларды реттеуге қатысты ырықтандырудың екiншi кезеңiнiң iс-шаралары көрсетiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған валюталық режимдi бiртiндеп ырықтандырудың талаптарына сай келетiн тиiсті нормативтік базаны құру мiндетi iске асырылатын болады.
Жаңа заңның негізгi тұжырымдамалық негіздерi мыналар:
1. Заңда валюталық шектеулердiң барлық форматтары және валюталық реттеу мен бақылау режимдерi, атап айтқанда, лицензиялау, тiркеу және хабардар ету режимдерi айқындалуға тиiс.
2. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты лицензиялауға жататын операциялардың тiзбесi "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңынан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" жаңа Заңға ауыстырылуға тиiс.
3. Заңда операциялар ағымдағы және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлiнбейдi. Капитал қозғалысымен байланысты операциялар жүргізуге шектеулер (халықаралық мiндеттемелерге сәйкес ағымдағы операциялар шектеусiз жүзеге асырылады) бар болса немесе енгізiлетiн болса, валюталық заңнамадағы бұрынғыдай бөлiнуi тиiмдi болады. Валюталық режимдi ырықтандыру жағдайларында уақытша сипатта болмауға тиiстi шектеулердi бiртiндеп жою көзделгендiктен, тиiсiнше шектеулердiң мақсаты да күрделi операциялардың барлық жиынтығына емес, нақты операцияларды реттеуге бағдарлануға тиiс. Осы қағидатқа өту толық ырықтандыру жағдайларында валюталық реттеу нормалары трансшекаралық капитал ағындарын есепке алудың шынайы және толық болуын қамтамасыз етуге ғана бағытталатындығын ескере отырып, валюталық реттеу нормаларын төлем теңгерiмiнiң жiктелуiне неғұрлым толық сәйкес келтiруге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа бұл нақты валюта операцияларын реттейтiн рәсiмдердi қолдануды жеңiлдетуге және валюталық заңнаманың нормаларын түсiндiрген кезде бiрдей түсiндiруге жол бермеуге мүмкiндiк жасайды.
4. Түсiнiктер аппараты заң аясындағы нормативтік құқықтық кесiмдердегі негiзгi анықтамалар есебiнен кеңеюi тиiс. Валюталық реттеу мен бақылау мақсаттары үшін пайдаланылатын негізгі ұғымдарды, атап айтқанда валюталық операциялар, резиденттер ұғымын нақтылау қажет.
5. Ұлттық Банктiң валюталық мониторинг рәсiмдерiн белгiлеу жөніндегі негiзгi қағидаттары мен өкiлеттіктерi заң бойынша бекітілуге тиiс.
6. Заңда Қазақстан Республикасының резиденттерi арасында жүзеге асырылуы мүмкiн шетел валютасымен операциялардың жеке тiзбесi көзделуге тиiс (резиденттер арасындағы барлық операциялар ұлттық валютамен жүзеге асырылуға тиiс деген жалпы ережеден ерекшеленiп отыр). Қолданылып жүрген заңдардағы жалпы ережелерден, атап айтқанда резидент еместермен сыртқы сауда операцияларын жүзеге асырған кезде аударымдық аккредитивтердi, вексельдердi пайдалана отырып есеп айырысулар бойынша, шет мемлекеттің заңдарына сәйкес эмиссияланған бағалы қағаздармен операциялар бойынша ерекше жағдайлар бар. Резиденттер арасындағы валюталық операциялар тiзбесiн заң кесiмi деңгейiнде бекіту және осы тiзбенi кеңейтудiң тиiмдiлiгін бағалау қажет.
7. Заңда резиденттердiң валюталық операцияларды жүзеге асыруына лицензиялар берген кезде Ұлттық Банк қарайтын негізгі өлшемдер жүйелендiрiлуi тиiс. Бұл ретте қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген өлшемдер барынша бiр iзге салынуы және лицензиялау кезiнде қаралатын операциялар үшiн бiрыңғай болуға тиiс.
8. Тұтастай алғанда заң қазiргi уақытта бар, оның iшiнде заң аясындағы кесiмдердiң де валюталық операцияларды жүргізуге қатысты барлық негiзгi нормалары жүйелендiрiлуге тиiс. Құжаттың базалық құрылымы қолданылуы 2007 жылдан кейiн де сақталатын басты нормалардан тұрады. Базалық құрылымға ағымдағы және күрделi операциялар бойынша валюта режимiн толық ырықтандырғанға дейiн қолданылатын уақытша шектеулер және тыйымдар салынуы тиiс.
9. Заңда 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды жүргізудiң рұқсат беру тәртібін айқындайтын қандай да болмасын баптарының, тармақтарының, тармақшаларының және ырықтандыруға жататын валюталық операцияларға басқа да шектеулердiң қолданылуын жоюға мүмкiндiк беретiн норма болуы тиiс. Сонымен, заңды қабылдау 2007 жылы толық ырықтандыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бұдан кейiн заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудiң қажетi болмайды. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес нормативтік құқықтық кесiмде нормативтік құқықтық кесiмнiң жекелеген бөлiгі (жекелеген бөлiктерi) үшін уақытша қолдану мерзiмi белгіленуi мүмкiн. Бұл валюталық операцияларға қатысушылар үшiн одан әрi ырықтандырудың айқын бағдарын жасайды және валюталық реттеудiң қолданылып жүрген жүйесiнен ағымдағы және күрделi операциялар бойынша толық айырбастауға өтудi қамтамасыз етедi.
10. Заң қол қойылған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн күшiне енуге тиiс. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" тұжырымды жаңа Заң қабылданғаннан кейiн валюталық операциялар жүргiзу тәртібін, валюталық реттеу режимiн, атап айтқанда лицензиялау, тiркеу және хабардар ету ережесін көрсететiн бiрыңғай заң аясындағы нормативтік құқықтық кесiмдi әзiрлеу үшiн уақыт қажет. Осылайша, Заң валюталық реттеу мен бақылаудың барлық рәсiмдерi және ережелерi ресiмделгеннен кейiн күшiне енуге тиiс.
5.5.2. Әкiмшiлік құқық бұзушылықтар
туралы кодекске өзгерістер
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде мынадай мәселелер көрсетілетін болады:
1. Құжаттарды тiркеуге уақтылы ұсынбағаны (бермегенi), операцияларды тiркеу куәліктерiнсiз жүргiзгенi үшiн жауапкершілiк көзделген.
2. Хабарлама бермегенi, уақтылы хабарламағаны және жалған мәлiметтер бергенi үшін жауапкершiлiк көзделген.
3. Қайтару талабын бұзғаны үшін жауапкершілiк нормалары нақтыланған.
4. Валюталық заңдардан 2007 жылдан бастап алынатын талаптарды орындамағаны үшiн әкiмшілік жауапкершілікті көздейтiн нормаларды алып тастау.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру мемлекеттік бюджет қаражаттарынан қаржыландыруды талап етпейдi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтиже
Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыру валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың әкiмшiлiк рәсiмдерiн одан әрi жүйелендiру және жеңілдету үшін қажетті негіз құрайды. Туынды қаржы құралдарымен операцияларды валюталық реттеу рәсiмдерiн жетiлдiру Қазақстан резиденттерiнiң тәуекелдердi басқару мен хеджирлеудiң тиiмдi стратегияларын неғұрлым белсендi пайдалануы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.
Валюталық бақылау агенттерінің функцияларын азайту екiншi деңгейдегі банктерде шығындарды төмендетуге және олардың бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ықпал етедi, ал валюталық операцияларды жүргізу тәртібін жеңiлдету сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың әкiмшiлiк шығасыларын азайтады әрi капиталдың қалтарысты әкетiлу көлемiн азайтуға жанама әсер етедi.
Ерте хабардар ету индикаторларының жүйесiн құру сыртқы және iшкi экономикалық тәуекелдердi уақтылы анықтауға және оларды бiрдей сезiнуге мүмкiндiк бередi, ал сыртқы экономикалық операциялар туралы ақпараттық базаны жетiлдiру 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудiң рұқсат ету тәртібінен кейіннен мониторинг жүргізу және іріктемелі бақылау жүйесіне тиімді өтуді қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
┌─────┬──────────────────┬───────┬──────────┬────────┬────────┬────────┐
│ P/c │ Іс-шара │Аяқталу│Орындауға │Орындалу│Болжамды├Қаржы- │
│ N │ │нысаны │жауаптылар│мерзiмi │шығыстар│ландыру │
│ │ │ │ │ │ │көзi │
├─────┴──────────────────┴───────┴──────────┴────────┴────────┴────────┤
│ 1 2 3 4 5 6 7 │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1. Тәуекелдердi сапалық және сандық бағалау │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1.1. Валюта және қаржы Қазақ- ҰБ 2005 Қаржы- - │
│ дағдарыстары жө- стан (келісiм жылғы ландыру │
│ нiнде ерте хабар- Респу- бойынша) 3-тоқсан талап │
│ дар ету индика- блика- етілмейдi │
│ торларының жүйе- сының │
│ сiн құру Yкiме- │
│ тіне │
│ ақпарат │
│ 1.2. Қаржы жүйесiнiң Ұлттық ҰБ 2006 Қаржы- - │
│ тұрақтылығын, эко- Банктің (келісім жылдан ландыру │
│ номикалық дамудың мерзiм- бойынша), бастап талап │
│ негізгі үрдiстерiн дiк ба- ҚҚА етiлмейдi │
│ айқындайтын басты сылымы │
│ факторларды жүйелi │
│ негізде кешендi │
│ бағалауды қалып- │
│ тастыру (Financial │
│ Stability Report) │
│ 1.3. Валюталық режим Қазақ- ҰБ 2006 Қаржы- - │
│ толық ырықтанды- стан (келісім жылғы ландыру │
│ рылған жағдайда Респу- бойынша), 2-тоқсан талап │
│ iшкi және сыртқы блика- ҚҚА етiлмейдi │
│ факторлардың ық- сының │
│ палы тұрғысынан Yкiме- │
│ алғанда, олардың тiне │
│ тұрақтылығын талдау │
│ (осалдығын) талдау хат │
│ мақсатында эконо- │
│ миканың сыртқы │
│ секторының және │
│ қаржы жүйесiнiң │
│ жай-күйiн кешендi │
│ бағалауға дайындау │
│ (stress-test) │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2. Валюталық операциялар жүргізуге қойылатын шектеулер │