Ескерту: 1. Капитал ағындары төлем теңгерiмiнiң барлық плюстерiн (әкелу) және минустерін (әкету) жинақтайды, сондықтан да төлем теңгерiмінің көрсеткiштерiнен айырмашылығы болады.
2. Капиталдың жылыстауы мемлекеттік емес банктiк емес сектордың қысқа мерзiмдi операцияларының таза сальдосы ретінде есептеледi, оған төлем теңгерiмінің қателiктерi мен қалып қойғандары қосылады.
Төлем теңгерiмінің ақпараты бойынша шетелдiк тiкелей инвестициялар (ШТИ) ағыны өткен бес жылдық кезеңдегi 22%-ға қарағанда 2000-2003 жж. тауарлар, қызмет көрсету импортының орташа алғанда шамамен 36%-ын қаржыландырды. Қайтарылған кiрiстердiң, оның iшiнде тiкелей инвесторлар кiрiстерінің үлесi тауарлар, қызмет көрсету экспортына қарағанда 10-12% деңгейiнде тұрақты сақталуда. Жеке сектордың қысқа мерзiмдi операцияларының өсуiне қарамастан, соңғы 3 жылда қысқа мерзiмдi капиталды әкелу оны әкетудiң орнын жабады. Осы ағындар ең алдымен, өндiрiстік және қаржылық қызметтің нақты жағдайларына байланысты операциялардың басым бөлігін көрсететінiн ескере отырып, қысқа мерзiмдi операциялар үлесiнiң өсуiн алыпсатарлық капитал ретiнде бiржақты қарастыруға болмайды.
Ұзақ мерзiмдi капитал бойынша салыстыру тиiстi кезеңде әкелудiң әкетуден 1,5 есе артқанын көрсетедi. Сонымен бiрге, капиталдың жылыстауы 1995-2000 жылдардағы кезеңдегi тиiсiнше 9% және 6%-бен салыстырғанда 2001-2003 жылдардағы кезеңде орташа алғанда тауар және қызмет көрсету экспортының 7%-ын немесе капиталдың жалпы әкелiнуiнiң 3%-ын құрайды, бұл "капиталдың тұрақтамау" көлемiнiң бiршама төмендегенін көрсетедi.
Тұтастай алғанда, қысқа мерзiмдi қаржы операциялары үлесiнiң өсуiне қарамастан, капитал ағындарының құрылымы мейлiнше тұрақты. Қазақстанның халықаралық инвестициялық ұстанымының деректерi бойынша, Қазақстанның жинақталған сыртқы мiндеттемелерiнің 60%-ын шетелдiк тiкелей инвесторлар қамтамасыз етедi. Жиынтық қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң үлесi республиканың сыртқы мiндеттемелерiнiң 6-8%-ы деңгейiнде қала отырып, iс-жүзiнде өзгермейдi. Резиденттер активтерінің құрылымындағы едәуiр үлесте Ұлттық Банктiң ұзақ мерзiмдi шетелдiк активтерi құрайды, ал жеке сектор болса, ұзақ мерзiмдiден гөрi қысқа мерзiмдi сыртқы активтердi жөн көредi.
Орташа мерзiмдi болашақта ШТИ-дың таза ағынының бiршама қысқаруы шетелдiк қатысуы бар компаниялардың ұзақ мерзiмдi заем капиталын тартумен өтелетiн болады. Солтүстік Каспийдiң жаңа кен орындарын өнеркәсiптiк пайдаланудың басталуына байланысты экспорттан түсiмдердiң көбеюi экономикадағы iшкi жинақ ақшаның өсуiн ынталандыра отырып, сол арқылы резиденттердiң сыртқы рыноктарға қатысу ауқымдарының өсуiне ықпал етедi.
3.2. Валюталық режимдi ырықтандыру бойынша
жүзеге асырылатын шаралардың тиімдiлiгi
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау жөніндегі ақпаратты талдау инвестицияларды жүзеге асыру және жеке тұлғалардың шоттар ашу тәртібін жеңiлдету, резидент еместерге банктер беретiн кредиттердi лицензиялауды жою, сондай-ақ экспорттан түскен валюта түсiмдерiн және импорт бойынша орындалмаған аванстық төлемдердi қайтару мерзiмiн ұзарту (Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасының iс-шараларын жүзеге асыру) 2003 жылы берiлген лицензиялар санын екi еседен астам азайтуға мүмкiндiк бердi (2-кесте).
2-кесте
┌────────────────────────────────────────────┬────────────────────────┐
│ Операциялардың түрлерi │ Лицензиялардың саны │
│ ├───────┬──────┬─────────┤
│ │ 2001 │ 2002 │ 2003 │
├────────────────────────────────────────────┴───────┴──────┴─────────┤
│Инвестициялар, барлығы 59 47 24 │
│жеке тұлғалар 19 20 11 │
│банктік емес заңды тұлғалар 38 26 13 │
│банктер 2 1 0 │
│Кредиттер, барлығы 20 17 26 │
│жеке тұлғалар 0 0 5 │
│банктiк емес заңды тұлғалар 14 10 21 │
│банктер 6 7 0 │
│Импорт операциялары бойынша резидент еместердi 1056 1422 556 │
│кредиттеу, барлығы │
│жеке тұлғалар 2 0 0 │
│банктік емес заңды тұлғалар 1051 1416 556 │
│банктер 3 6 0 │
│Тауарлар экспортына ақы төлеуге валюталық 366 501 258 │
│түсiм алу мерзiмiнiң асып кетуi, барлығы │
│жеке тұлғалар 0 0 5 │
│банктiк емес заңды тұлғалар 366 501 251 │
│банктер 0 0 2 │
│Зейнетақы активтерiн инвестициялау │
│(бас лицензия) 2 1 1 │
│Жылжымайтын мүлiк құқықтарына ақы 17 26 22 │
│төлеу, барлығы │
│жеке тұлғалар 0 1 0 │
│банктiк емес заңды тұлғалар 17 25 22 │
│Шоттар ашу, барлығы 57 65 58 │
│жеке тұлғалар 0 8 3 │
│банктік емес заңды тұлғалар 57 56 54 │
│банктер 0 1 1 │
│Үшiншi тұлғалардың шоттарына есептеу, барлығы 0 0 0 │
│Валюталық құндылықтарды сенімгерлiк │
│басқаруға беру 0 │
├Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау │
│операциялары 144 107 │
├Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауда 4 5 │
│Жиынтығы 1577 2227 1057 │
│жеке тұлғалар 21 29 24 │
│банктiк емес заңды тұлғалар 1545 2183 1030 │
│банктер 11 15 3 │
└─────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Берiлетін лицензиялардың шамамен 85%-ы резидент еместердiң экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша мiндеттемелерiнің орындалуын кейiнге шегеруге байланысты операцияларға тиесілі, олар бойынша жалпы сома лицензияланатын капиталды әкетудiң жалпы сомасының 90%-ына жуығын құрайды. Сонымен бiрге, бiрқатар лицензиялауға жататын операциялар бойынша, атап айтқанда резидент еместерден алынған кредиттердi үшіншi тұлғалардың шоттарына есептеуге және валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беруге лицензиялар берiлген жоқ, бұл осы нормалардың тиiмдi болмауын, осы операцияларды жүргізудiң басқа мүмкiндiктерiнің болуын, не резиденттердiң оған мүдделi болмауын бiлдiредi.
Сонымен бiрге, резиденттердiң еншiлес ұйымдар құруына байланысты валюталық операцияларды ырықтандыру шет елдегi рыноктарда тiкелей инвестициялау операцияларын жандандырды. 2003 жылғы 2-жартыжылдықта жүзеге асырылған резиденттердiң шетелдiк компаниялардың акционерлік капиталына тiкелей инвестицияларының жалпы сомасы жылдың бiрiншi жартысындағы деректерден 3 есе дерлік асты, оның iшiнде тiркелген шарттар бойынша операциялар (еншілес ұйымдарға инвестициялар) 2003 жылғы 2-жартыжылдықтағы тiкелей инвестициялардың жалпы сомасының 32%-ы болды.
3.3. Банк секторының тұрақтылығы
Банк секторының операциялық және рыноктық тәуекелдерге байланысты тұрақтылығын бағалау, тұтастай алғанда, қазақстандық банктердiң сыртқы және iшкi конъюнктураның өзгерістерiне тиiмдi iс-әрекет жасауға қабiлеттi екендiгiн көрсеттi. Сыртқы қарыз алудың, оның iшiнде қысқа мерзiмдi қарыздың барынша ұлғая түсуiне қарамастан, 2003 жылы активтер мен мiндеттемелердiң (шартты мiндеттемелердi қоса алғанда) арақатынасы шамалы ғана өзгердi (3-кесте). Сыйақы ставкаларының өзгерістерiне (ГЭП) ұшырайтын банктердiң активтерi мен мiндеттемелерiнің көлемiн салыстыру банктiң пайыздық тәуекелге ұшырауына өзiнiң бейiмдiлiгiн бiртiндеп азайтуын көрсетедi. Сыйақы алуға (төлеуге) байланысты активтер мен мiндеттемелер арақатынасының өзгермегенін ескере отырып, банк жүйесi кiрiстiлігінің спрэдiн шамалы ғана азайту теңге нығаюының ықпалын, депозиттерге қарастырғанда кредиттер үлесiнің көбеюiн, жеке тұлғалардың тартылған депозиттерi бойынша ставкалармен салыстырғанда кредиттер бойынша ставкалардың барынша көп төмендеуiн көрсетедi. Алайда тұтастай алғанда негізгі банк операцияларынан түсетiн кiрiстiк Шығыс Еуропа елдерiндегі кiрiстілiктен жоғары деңгейде сақталып отыр, ал сыйақы әкелетiн активтердiң өсуiнiң жалғасуы болашақта банктердiң кiрiстiлігiн тұрақтандыруға тиiс.
3-кесте
Банк секторы тұрақтылығының салыстырмалы көрсеткiштерi
кезеңнiң аяғында
┌───────────────────────────────────────────────────────────────────┐
│ 2000 2001 2002 2003 │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Пайыздық ставкалар өзгерістерiнiң │
│тәуекелге ұшырауға бейiмдiлігі │
│Активтер мен мiндеттемелердiң мер. │
│зiмдерiн салыстыру (1 жылға дейiн)1 0,49 0,47 0,63 0,57 │
├Қаржы активтерi мен мiндеттемелерi │
│бойынша ГЭП (90 күнге дейiн)2 -14% -12% -9% -5% │
│ Сыйақы маржасы3 11% 11 10% │
│ Спрэд4 7% 7% 6% │
│ Сыйақы есептелетін орташа активтер 113% 109% 109% │
│ мен мiндеттемелердiң қатынасы5 │
│Кредиттердiң депозиттерге қатынасы 0,90 0,97 0,98 1,02 │
│Валюталық тәуекелге ұшырауға │
│бейiмділік │
│ Шетел валютасындағы активтердің │
│ үлесі 48% 55% 67% 57% │
│ Шетел валютасындағы міндеттеме. │
│ лердің үлесі 59% 71% 69% 62% │
│ Шетел валютасындағы активтер мен 0,99 1,09 1,09 1,02 │
│ мiндеттемелердiң арақатынасы │
│ Резидент еместерге қатысты │
│ активтердiң үлесi 11% 10% 18% 17% │
│ Резидент еместер алдындағы │
│ мiндеттемелердiң үлесi 14% 19% 29% 39% │
│Экономиканың нақты секторына │
│байланысты тәуекелге ұшырауға │
│бейімдiлiк6 │
│ Активтердiң шоғырлануы 908 924 1058 1081 │
│ оның iшiнде шетел валютасындағы 902 945 1050 1116 │
│ Мiндеттемелердiң шоғырлануы 867 1123 1080 813 │
│ оның iшiнде шетел валютасындағы 1114 1673 1681 1337 │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────┘
2003 жылы теңгенiң нығаюы активтер мен мiндеттемелердi долларсыздандыруға оң ықпал етті. Тұтастай алғанда, шетел валютасындағы активтер мен мiндеттемелердiң арақатынасы жеткiлiктi түрде тұрақты, яғни валюталық міндеттемелер мен активтердiң сәйкес келмеуiне байланысты валюталық тәуекелдiң ұлғаюы болмайды. Екінші деңгейдегi банктердiң қаражатты ішкі активтерге инвестициялау лимитi ішкі ресурстардың әкетілуiн шектейдi. Сонымен қатар, банктер iшкi активтермен, әсiресе әлемдiк төмен пайыздық ставкалар және теңгенi нығайту жағдайында - iшкi активтерге, тең бiрлiкте орналастырудың белгiленген лимитi кезiнде жұмыс iстеудi артық санауда, 01.01.2004 жылы нақты коэффициент 1,39 болды. Херфиндаль-Хиршман индексi тұтастай алғанда, экономикалық қызмет түрлерi бойынша шоғырланудың бiрқалыпты екенін көрсетедi7, сонымен бiрге мiндеттемелердi шоғырландыру деңгейi активтердi, әсiресе шетел валютасымен көрсетiлгендерiн шоғырландыру ұлғайған кезде төмендейдi. Сонымен қатар банк секторы экспортқа бағдарланған кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiне қарағанда ауыл шаруашылығындағы, саудадағы, құрылыстағы және қаржы делдалдығы секторындағы жағдайларға көбiрек тәуелдi болады. Осылайша, iшкі факторлар, әлемдiк пайыздық ставкалар әлемдiк тауар рыноктарындағы ахуалға қарағанда банк секторының қаржылық жай-күйiне барынша ықпал етеді.
_______________________
1 Банктер активтерiнiң мiндеттемелерге арақатынасы (шартты міндеттемелердi қосқанда)
2 Сыйақы ставкаларының өзгерістеріне ұшыраған банк активтері мен міндеттемелерiнiң көлемін жиынтық қаржы активтерімен салыстыру