Заңға тәуелдi кесiмдердi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2004 ж. 20 наурыздағы № 77-ө өкімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кесiмдерiн, сондай-ақ орталық және жергілiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес келтiру мақсатында:
1. Орталық және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қолданыстағы кесiмдерiне (1991-2003 жылдар), ведомстволық нормативтiк құқықтық, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген кесiмдерге (1994-2003 жылдар), тиiсiнше осы өкімге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мәселелер тiзбесiмен, кесте бойынша тексерiс жүргiзсiн;
2) тұрақты негiзде норма шығармашылық қызметті талдасын;
3) есептi кезеңнен кейiнгi айдың бесiншi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіне:
1) тармақша бойынша - ай сайын осы өкiмге 3-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша;
2) тармақша бойынша - тоқсан сайын ақпарат ұсынсын;
4) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне қайшы келетiн кесiмдер анықталған жағдайда, осы өкiмге 3-қосымшада көрсетiлген 2 және 5-нысандар бойынша ақпаратпен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тиiстi жобаларын ұсынсын.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары аумақтық әдiлет органдарында тiркелген нормативтiк құқықтық кесiмдерге осы өкiмге 4-қосымшаға сәйкес кесте бойынша тексерiс жүргiзсiн және осы өкiмге 5-қосымшаға сәйкес есептілiк нысандары бойынша тиiстi ақпарат ұсынсын.
3. Орталық және өзге де мемлекеттік органдардың басшылары (келісім бойынша) және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргiзiлетiн жұмыс үшiн өзiнiң орынбасарлары деңгейiнен төмен емес лауазымды адамдарға жауапкершілік жүктей отырып, жұмыс топтарын құрсын.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі есепті кезеңнен кейiнгі айдың оныншы күнiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жиынтық ақпаратты ұсынсын.
5. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Әділет министрлігіне жүктелсiн.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 20 наурыздағы
№ 77-ө өкіміне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің кесiмдерiне,
ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге
тексерiс жүргiзу кезiнде қаралуы қажет
мәселелер тiзбесi
1. Қаралатын нормативтiк құқықтық кесiмдi (бұдан әрi - НҚК) қабылдауға (бекiтуге) мемлекеттік органның тiкелей құзыретiнiң болуы.
2. Жоғары тұрған деңгейдегi НҚК-нiң:
Конституцияға;
конституциялық заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күшi бар жарлықтарына;
кодекстерге;
заңдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар жарлықтарына;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының нормативтiк қаулыларына;
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтiк жарлықтарына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк қаулыларына сәйкестiгi.
3. Бiр деңгейдегі НҚК ережелерiнiң өзара арақатынасы.
4. Ескiрген және декларациялық нормаларды айқындау.
5. Бiрыңғай құқық қатынастарды реттейтiн НҚК-нi айқындау.
Ведомстволық НҚК-ге қатысты қосымша:
6. Қажет болған жағдайда, келісімнiң болуы.
7. Егер Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген нормативтiк құқықтық кесiмнiң күшi жойылса немесе күшi жойылды деп танылса, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне осы ақпарат жiберiлдi ме?
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 20 наурыздағы
№ 77-ө өкіміне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің, орталық атқарушы
және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың (келісім
бойынша) қолданыстағы кесiмдерiне тексерiс жүргiзу
кестесi
Іс-шара | Әдiлет министрлігіне есепті ақпаратты ұсыну мерзiмдерi | Жауапты орындаушылар | Премьер- Министрдiң Кеңсесiне қорытынды ақпаратты ұсыну мерзiмдерi |
1 2 3 4 |
2003 жылы 2004 жылғы 5 мамыр Мемлекеттік 2004 жылғы қабылданған органдар 10 мамыр заңнаманы талдау 2002 жылы 2004 жылғы 5 маусым Мемлекеттік 2004 жылғы қабылданған органдар 10 маусым заңнаманы талдау 2001 жылы 2004 жылғы 5 шілде Мемлекеттік 2004 жылғы қабылданған органдар 10 шілде заңнаманы талдау 2000 жылы 2004 жылғы 5 тамыз Мемлекеттік 2004 жылғы қабылданған органдар 10 тамыз заңнаманы талдау 1999 жылы 2004 жылғы 5 қыркүйек Мемлекеттік 2004 жылғы қабылданған органдар 10 қыркүйек заңнаманы талдау 1998 жылы 2004 жылғы 5 қазан Мемлекеттік 2004 жылғы қабылданған органдар 10 қазан заңнаманы талдау 1997 жылы 2004 жылғы 5 қараша Мемлекеттік 2004 жылғы қабылданған органдар 10 қараша заңнаманы талдау 1996 жылы 2004 жылғы 5 желтоқсан Мемлекеттік 2004 жылғы қабылданған органдар 10 желтоқсан заңнаманы талдау 1995 жылы 2005 жылғы 5 қаңтар Мемлекеттік 2005 жылғы қабылданған органдар 10 қаңтар заңнаманы талдау 1994 жылы 2005 жылғы 5 ақпан Мемлекеттік 2005 жылғы қабылданған органдар 10 ақпан заңнаманы талдау 1993 жылы 2005 жылғы 5 наурыз Мемлекеттік 2005 жылғы қабылданған органдар 10 наурыз заңнаманы талдау 1992 жылы 2005 жылғы 5 сәуір Мемлекеттік 2005 жылғы қабылданған органдар 10 сәуір заңнаманы талдау 1991 жылы 2005 жылғы 5 мамыр Мемлекеттік 2005 жылғы қабылданған органдар 10 мамыр заңнаманы талдау |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 20 наурыздағы
№ 77-ө өкіміне
3-қосымша
№ 1 есеп нысаны
200__ жылғы "__"____ жағдай бойынша
___________________________________
(орган)
жүргiзген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң _____ жылғы
кесiмдерiне тексерiстiң нәтижелерi
Тексерістің нәтижелері | саны |
Орган әзiрлеген Үкіметтiң қолданыстағы кесiмдерiнiң саны | |
Тексерiлгендердiң саны Оның iшiнде: | |
Заңнамаға сәйкес келетiнi | |
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететiнi | |
Тексерістің нәтижелерi бойынша: |
Өзгертуге/толықтыруға жататыны | |
Жоюға қойылуға жататыны | |
Басшы (Т.А.Ә.) ______________
200___ жылғы "__"_______ _______(қолы)
№ 2 есеп нысаны
(егер заңнамаға сәйкес келмейтiн және жоюға жататын
кесiмдер анықталған болса, ұсынылады)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң _____ жылғы
кесiмдерiне тексерiстiң нәтижелерi
сипаттамалық ақпарат көрсетiледi
┌──────┬──────┬─────┬─────────────┬───────────────────┬────────────┐
├Қабыл-│Тiркеу│ НҚК │Заңға тәуелдi│Заңға тәуелдi кесiм│Қолданылатын│
│данған│нөмiрi│атауы│кесiм сәйкес │ сәйкес келмейтiн │ шаралар │
│ күні │ │ │келмейтiн ке-│ кесiмнiң бөлiгiне,│ │
│ │ │ │сiмнiң дерек-│ тармағына, бабына │ │
│ │ │ │темелерi мен │ сiлтеме │ │
│ │ │ │ атауы │ │ │
├──────┴──────┴─────┴─────────────┴───────────────────┴────────────┤
└──────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Басшы (Т.А.Ә.) ______________
200___ жылғы "__"_______ _______(қолы)
№ 3 есеп нысаны
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң оларға
қатысты тексерiс жүргiзiлген кесiмдерiнiң тiзiмi
p/c N | Атауы | Қабылданған күнi мен нөмiрi |
|
№ 4 есеп нысаны
200__ жылғы "__"____ жағдай бойынша
___________________________________
(орган)
жүргiзген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң _____ жылғы
кесiмдерiне тексерiстiң нәтижелерi
┌─────────────────────────────────────────────────────────┬────────┐
│ Тексерістің нәтижелері │ саны │
├─────────────────────────────────────────────────────────┼────────┤
│Орган әзiрлеген Премьер-Министрдің қолданыстағы │ │
│кесiмдерiнiң саны │ │
├─────────────────────────────────────────────────────────┼────────┤
│Тексерiлгендердiң саны │ │
│Оның iшiнде: │ │
├─────────────────────────────────────────────────────────┼────────┤
│ Заңнамаға сәйкес келетiнi │ │
├─────────────────────────────────────────────────────────┼────────┤
│ Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететiнi │ │
├─────────────────────────────────────────────────────────┴────────┤
│ Тексерістің нәтижелерi бойынша: │
├─────────────────────────────────────────────────────────┬────────┤