2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) депонент - орталық депозитарийдің осы Заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиенті;
25) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
26) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 26-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
27-1) «жасыл» облигациялар - орналастырудан түскен қаражаты жаңа және (немесе) қолданыстағы «жасыл» жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;
28) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдері жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде қамтылатын, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны бiржақты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) жеке шоттан үзiндi - орталық депозитарий немесе номиналды ұстаушы беретiн және белгiлi бiр уақыт кезiнде қаржы құралдары бойынша тiркелген тұлғаның құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;
30) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
31) инвестициялық жоба - инвестициялаудан белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) инвестициялық комитет - бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әртүрлi қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкiнiң жиынтығы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) инвестициялық портфельдi басқарушы - азаматтық құқықтар объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;
35) инсайдер - инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;
36) инсайдерлік ақпарат -бағалы қағаздар, (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы коммерциялық құпияны құрайтын дәйекті ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария етілуі бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат;
37) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) инфрақұрылымдық облигация - эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнде мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген, мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомадағы облигация;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленетiн өзге де өтiмдiлiгi жоғары активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40) ислам арнайы қаржы компаниясы - ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес акционерлiк қоғамның не жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы;
41) ислам арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер - ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлiк және талап ету құқықтары, олар бойынша түсiмдер;
42) ислам бағалы қағаздары - шығару шарттары исламдық қаржыландыру принциптерiне сәйкес келетiн, материалдық активтердегi бөлiнбейтiн үлестi иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге және (немесе) табыстарға, қаржыландырылуы үшiн осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың қызметтеріне немесе активтеріне билiк ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар;
43) ислам бағалы қағаздарын өтеу - ұстаушыға тиесiлi ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу;
44) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкiлi - эмитентпен жасалған шарттың негiзiнде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесiнде әрекет ететiн ұйым;
45) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны -ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар бойынша оларды бастапқы орналастыру аясында сатып алу кезiнде инвестор төлейтiн ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі;
46) кастодиан - қаржы құралдары мен клиенттер ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжаттық қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
47) клиент - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы көрсететiн қызметтердi пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетiн тұлға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 47-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47-1) клирингтік қатысушы - клирингтік ұйыммен (орталық контрагентпен) клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 47-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 47-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47-2) клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттар - клирингтік ұйымның осы Заңның 77-1-бабы 4-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген активтерін есепке алу үшін клирингтік ұйымның атына ашылған шоттар;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 47-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 47-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47-3) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорлары - клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған және клирингтік қатысушыларға қызмет көрсету, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың клирингтік ұйым (орталық контрагент) алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету кезінде клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 47-4) тармақшамен толықтырылды
47-4) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) резервтік қоры - клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған және клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;
48) қазақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
49) қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен және (немесе) мемлекет кепілдігімен және (немесе) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылатын ұлттық даму институтының кепілдігімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының кепілдігімен толық немесе ішінара қамтамасыз етiлген облигация;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі - қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 51) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
51) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;
52) қаржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналымына байланысты қатынастар жиынтығы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 52-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 52-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-1) қатысудың клирингтік сертификаты - орталық контрагенттің функцияларын орындайтын клирингтік ұйым шығаратын және оның иесінің клирингтік ұйымның кепілдік қорындағы активтердің үлесіне құқығын куәландыратын эмиссиялық емес бағалы қағаз;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 52-2) тармақшамен толықтырылды
52-2) ковенанттар (шектеулер) - басталуы мемлекеттік емес облигациялар эмитентінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелердің туындауына алып келетін жағдайлар;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 53) тармақша өзгертілді
53) қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне тиесілі, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
53-1) қор биржасының ресми тізімі - енгізу және болу үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;
54) қор биржасының сауда жүйесi -осы қор биржасының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер оларды пайдалана отырып жасалатын қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, iшкi құжаттарының және өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi;
55) қор биржасының трейдері - осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, қор биржасы мүшесінің атынан мәмілелер жасасуға және өзге де іс-әрекеттерді орындауға уәкілеттік берілген жеке тұлға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 55-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 55-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 55-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
55-1) қор биржасының тізімі - қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған тізімі;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 55-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-2) корпоративтік оқиғалар - эмитент қызметіне елеулі әсер ететін, бағалы қағаздарды ұстаушылар мен эмитент инвесторларының осы Заңның 102-бабында айқындалған мүдделерін қозғайтын оқиғалар;
56) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз;
57) құжаттық бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбастан бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқу мүмкін болатын өзге де материалдық жеткiзгiштегi) бағалы қағаздар;
58) левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өзіндік капиталы мөлшерлерiнiң арасындағы арақатынас;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 59) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 59) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59) листинг - қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізу және онда болу үшін қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген осы тізімге бағалы қағаздарды енгiзу;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 60) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60) лицензиат - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 60-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 60-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60-1) маржалық жарна - клирингтік ұйым (орталық контрагент) алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде клирингтік қатысушы енгізетін ақша және (немесе) өзге қаржы құралдары;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 60-2) тармақшамен толықтырылды
60-2) маржиналдық мәміле - бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие брокер және (немесе) дилер өз клиентінің тапсырмасы негізінде жасайтын, брокер және (немесе) дилер клиентке қайтарымдылық, мерзімділік пен төлемділік талаптарында ұсынған ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып есеп айырысу жүргізілетін бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесі;
61) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
61-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын ислам арнайы қаржы компаниясы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергiлiктi атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
63) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
64) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 64-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (
64-1) нетто-міндеттеме (нетто-талап) - бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда тарату неттингін жүзеге асыру (қолдану) нәтижесінде туындайтын (есептелетін) ақшалай міндеттеме (ақшалай талап);
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 65) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65) номиналды ұстауды есепке алу жүйесi - номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтерi бар, уақыттың белгiлi бiр кезiнде бағалы қағаздарды сәйкестендiрудi, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн есепке алу жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
66) облигацияларды өтеу - эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналымнан алып қою жөнiндегi iс-әрекетi;
67) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi -бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 67-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (
67-1) облигациялар шығару жөніндегі негіздемелік бағдарлама - эмитенттің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жалпы стратегиясын, өзі шығаратын «жасыл» және (немесе) әлеуметтік облигациялардың және (немесе) орнықты даму облигацияларының және (немесе) орнықты дамумен байланысты облигациялардың орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарға сәйкестігін, оның ішінде осы облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалану, осы ақшаны басқару (есепке алу), сыртқы бағалауды алу, верификация, кейіннен ақпаратты ашу бөлігінде сәйкестігін айқындайтын құжат;
68) облигациялық бағдарлама - эмитент облигациялардың бiрнеше шығарылымын, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсiнде айқындалатын әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 69) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
69) облигацияның номиналды құны - облигация құнының шығарылым шарттарында айқындалған ақшалай мәні;
70) оқшаулау - бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге уақытша тыйым салу;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 71) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 71) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
71) оригинатор - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сай келетiн, сатып алу-сату шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
72) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар ақысын толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 72-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
72-1) орнықты дамумен байланысты облигациялар - сипаттамалары эмитенттің өзі айқындаған орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуіне қарай өзгеруі мүмкін мемлекеттік емес облигациялар;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 72-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
72-2) орнықты даму облигациялары - орналастырудан түскен қаражаты «жасыл» және әлеуметтік жобалардың ішінара немесе толық үйлесімін қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 73) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
73) орталық депозитарий - осы Заңның 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 74) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
74) орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесi - депозитарлық қызметтi және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезiнде орталық депозитарий қалыптастыратын мәлiметтер жиынтығы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 75) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75) орталық контрагент - қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ тауар биржасында қаржы құралын әрбір сатушы және әрбір сатып алушы үшін жасалатын мәмілелер бойынша тарап ретінде әрекет ететін ұйым;