2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 41-тармақ жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 41-бап өзгертілді
41-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпия
Эмитенттің ірі акционерлері және осы эмитенттің өздеріне тиесілі акцияларының саны туралы, эмитент және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу және сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу бойынша эмитенттің жеке шоттарындағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары туралы мәліметтерді қоспағанда, орталық депозитарийдің және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттың бар-жоғы туралы, орталық депозитарийдің және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының бар-жоғы, қалдықтары, қозғалысы және иелері туралы ақпарат бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайды.
42-бап. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны ашу
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы бапта белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті арасында ақпарат, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.
Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адамның растаушы құжаттар мен материалдар ретінде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.
2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-1. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді уәкілетті орган осы Заңның 55-1-бабы 9-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес аудиторлық ұйымға ұсынуы мүмкін.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер:
1) өздері жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша анықтау және алдын ала тергеу органдарына;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажет болатын ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2) соттың ұйғарымы, қаулысы негiзiнде өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттарға;
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға;
3) олардың құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде өздерi қарап жатқан материал бойынша прокуратура органдарына;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-1) тармақша өзгертілді
3-1) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға;
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4) мемлекеттік мен жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) тек салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана:
тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен астам, туындаған күнінен бастап төрт ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар тұлғаға қатысты;
өзіне қатысты банкрот деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар борышкерге қатысты мемлекеттік кіріс органдарына;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың сұрау салулары бойынша;
7) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша нотариустерге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша шетелдiк консулдық мекемелерге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) эмиссиялық бағалы қағазды немесе басқа да қаржы құралын ұстаушыға: оның эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша құқықтарына қатысты, ұстаушының жазбаша нысанда берген келісімі негізінде не бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің және (немесе) номиналды ұстау жүйесінде ұстаушы үшін ашылған жеке шот бойынша оның сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға;
10) эмитентке: өзі эмиссиялаған бағалы қағаздарға қатысты;
11) лицензиаттың бас ұйымына: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда пруденциялық нормативтерді есептеу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсаттары үшін;
12) қор биржасына: оның ішкі құжаттарында айқындалған көлемде;
13) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, оның өз жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемде;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) өзінің пайдасына эмиссиялық бағалы қағаздардың немесе басқа да қаржы құралдарының ауыртпалығы, оның ішінде кепіл тіркелген тұлғаға: эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша оның құқықтарына қатысты;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15) өзіне қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған Қазақстан Республикасының азаматы бойынша сұрау салу негізінде, соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы негізінде және прокурордың санкциясымен қаржы басқарушысына;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
16) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін осындай сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және мұндай мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға ұсыну тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Бейрезидент жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынудың тәртібін, мерзімін және нысанын, уәкілетті органмен келісу бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына қойылатын талаптар
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы өзiнiң клиенттерiне қызмет көрсету процесiнде бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануды болғызбауға мүмкiндiк беретiн талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануға және табиғи баға белгiлеудi бұзу мен бағалы қағаздар рыногының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол беруге құқылы емес.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының iшкi құжаттарында бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты сақталуын қамтамасыз ететiн және оларды кәсiби қатысушының, оның қызметкерлерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өз мүдделерiнде пайдалануына жол бермейтiн талаптар болуға тиiс.
9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру тәртібі
45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы
1. Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi:
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) брокерлiк;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) дилерлiк;
2) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) инвестициялық портфельдi басқару;
4) 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) кастодиандық;
6) трансфер-агенттiк;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;
7) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет, сондай-ақ депозитарийлік қызмет, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет және бірыңғай оператордың мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілері) тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет болып табылады.
Бірыңғай оператор мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің мынадай түрлерін:
1) депозитарийлік қызметті;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті;
3) тармақша 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті;
4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
Орталық депозитарий депозитарийлік қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң белгiлi бiр түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында өзiн-өзi реттейтiн ұйым құрады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, кәсіптік ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарында белгіленеді.
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң түрлерiн қоса атқарудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертiлдi
4-1. Лицензиат бағалы қағаздар нарығындағы қызметті:
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;
операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;
лицензиат пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
Осы тармақта көзделген ішкі құжаттарды лицензиаттың басқару органы бекітуге тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 5-тармақ өзгертiлдi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың, қор биржасы мүшелерінің қаржы құралдарын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өз меншігіндегі активтерінен бөлек есепке алады және ол банкрот болған жағдайда, мүліктік массаға және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына енгізілмейді.
6. Бағалы қағаздар рыногында көрсеткен қызметтерi үшiн лицензиатқа клиенттiң сыйақы төлеуiнiң талаптары мен тәртібі лицензиаттың iшкi құжаттарымен және (немесе) лицензиаттың өз клиентiмен жасалған шартымен белгiленедi.
7. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері (бұдан әрі осы бапта - активтер) сенімгерлік басқаруға берілген акционерлік қоғам брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті лицензиясыз жүзеге асырады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптары активтерге қатысты бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жоғарыда көрсетілген түрлерін жүзеге асырған кезде, осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамға қолданылмайды.
Осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам активтерге қатысты брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және активтерді сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті осы акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына және активтерді сенімгерлік басқару жөніндегі инвестициялық декларацияларға сәйкес жүзеге асырады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылмайтын клиенттермен брокерлік қызметтерді көрсету туралы және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттар жасалған жағдайда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Бірыңғай оператор өз қызметін жүзеге асыру барысында осы Заңның 47-1, 49-1, 53 және 53-1-баптарында белгіленген талаптарды сақтайды.
Осы Заңның 54-бабының талаптары бірыңғай оператордың басшы қызметкерлеріне қолданылады.
46-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталын қалыптастыру
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертiлдi; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертiлдi
1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда оның акцияларға төлем жасау жағдайларын қоспағанда, өтініш берушінің (лицензиаттың) акцияларына оларды орналастырған кезде төлем жасау ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Заңды тұлға акцияларға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, меншікті капиталы шегiнде өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын төлеуге құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мәмiлелердiң нәтижесiнде пруденциалдық нормативтер және қаржылық тұрақтылықтың уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген өзге де көрсеткiштерi немесе өлшемдерi (нормативтерi) бұзылмайтын жағдайда, лицензиат акцияның он және одан да көп процентi тиесiлi акционерлерден өз акцияларын сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасасуға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденті мен резиденті емес жеке және заңды тұлғалары осы баптың 2-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген шектеулердi ескере отырып, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
2-тармақ 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденті өтініш берушінің (лицензиаттың) дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Көрсетілген шектеу өтініш беруші жүзеге асырғысы келетін (лицензиат жүзеге асыратын) қызмет түрлерін жүзеге асыратын, рейтинг агенттiктерi бiрінің талап етілетiн ең төмен рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымдардың еншілес ұйымдары болып табылатын өтiнiш берушiлерге (лицензиаттарға) қолданылмайды.
Рейтинг агенттіктерінің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қаржы ұйымының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционер) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы өзіне қатысты заңды күшіне енген сот үкімі бар жеке тұлға өтініш берушінің (лицензиаттың) дауыс беретін акцияларына дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызы мөлшерінде тікелей немесе жанама түрде иелік ете алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) билік ете алмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 47-1-бап жаңа редакцияда
47-1-бап. Лицензиаттың ұйымдық-құқықтық нысаны және органдары
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда