Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционердің (акционерлердің) өтініші бойынша директорлар кеңесінің шешімі отырыс өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде оның (олардың) назарына жеткізіледі. Директорлар кеңесінің көрсетілген шешімін алғаннан кейін не оны осы тармақта белгіленген мерзімде алмаса, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан аталған мәселе бойынша директорлар кеңесінің төрағасына акционердің өтініш жасағанын растайтын құжаттар болған кезде қоғам мүдделерін қорғау үшін талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
3. Мәміленің жасалуына мүдделі және орындау нәтижесінде қоғамға залалдар келтірілген мәміле жасасуды ұсынған лауазымды адамды қоспағанда, қоғамның лауазымды адамдары, егер қоғамның органы қабылдаған, қоғамға не акционерге залалдар келтіруге әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берсе немесе дәлелді себептермен дауыс беруге қатыспаса, жауаптылықтан босатылады.
Егер лауазымды адамның қоғамның лауазымды адамдары қызметінің осы Заңда белгіленген қағидаттарын сақтай отырып, шешім қабылдау кезінде өзекті (тиісті) ақпарат негізінде тиісінше әрекет еткені және мұндай шешім қоғам мүдделеріне қызмет етеді деп негізді түрде есептегені дәлелденген болса, ол коммерциялық (кәсіпкерлік) шешімнің нәтижесінде туындаған залалдарды өтеуден босатылады.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласында немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымдар қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыстарды жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған, сондай-ақ көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған қоғамның лауазымды адамдары заңда белгіленген тәртіппен сотталғандығы жойылған немесе алынған не қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап бес жыл бойы қоғамның лауазымды адамдары, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілі міндеттерін орындай алмайды.
5. Егер қоғамның қаржылық есептілігі қоғамның қаржылық жағдайын бұрмаласа, қоғамның осы қаржылық есептілігіне қол қойған қоғамның лауазымды адамдары осының нәтижесінде материалдық зиян келтірілген үшінші тұлғалар алдында жауаптылықта болады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген мәмілені жасасу нәтижесінде туындаған, қоғамға зиян келтірілген жағдайларға қолданылады.
6. Осы баптың мақсаты үшін айқындама деп мыналар түсіндіріледі:
жосықсыз іс-әрекет, яғни нәтижесінде қоғамға әдеттегі кәсіпкерлік тәуекелмен қамтылмайтын залалдар келтірілген, қоғамның лауазымды адамдары қызметінің осы Заңда белгіленген қағидаттарын бұза отырып, ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу туралы қоғам мүдделерінен тыс шешім қабылдау (мәміле жасасуды ұсыну);
әрекетсіздік, яғни нәтижесінде қоғамға әдеттегі кәсіпкерлік тәуекелмен қамтылмайтын залалдар келтірілген ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу туралы шешім қабылдау кезінде қоғамның лауазымды адамының қалыс қалуы не дәлелді себепсіз дауыс беруге қатыспауы.
6-тарау. Қоғамның үлестес тұлғалары
64-бап. Қоғамның үлестес тұлғасы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Мыналар:
1) iрi акционер;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 1), 3) және 8) тармақшаларында аталған жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) қоғамның немесе, тәуелсіз директорды қоспағанда, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы;
4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға;
5) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
6) оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) оған қатысты осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға iрi акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;
7) қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның не осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын және оларға билiк ететiн тұлға;
10) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға қоғамның үлестес тұлғасы болып табылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мыналар:
1) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
2) осы жеке тұлға және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ірі акционері (ірі қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамы болып табылатын заңды тұлға;
3) жеке тұлғаның және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың бақылауында болатын заңды тұлға;
4) оған қатысты осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;
5) осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жеке тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылады.
2. Тиісті қоғам немесе өзге заңды тұлға қабылдайтын шешімді анықтау мүмкіндігі қоғамға немесе өзге заңды тұлғаға бақылау жасау деп танылады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы баптың ережелері коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғамдарға және кредиттік бюроларға қолданылмайды.
Мыналар:
1) коммерциялық емес ұйымның немесе кредиттік бюроның ірі акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғалар;
2) іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі тұлғалар үлестес тұлғалар болып табылмайды.
65-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
66-бап. Үлестес тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу ерекшеліктері
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Үлестес тұлғаларының қатысуымен қоғамның мәмілелер жасасу ерекшеліктері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленеді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қоғамның үлестес тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртібіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген талаптардың сақталмауы кез келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi жарамсыз деп тануына негiз болып табылады.
3. Үлестес тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу тәртібіне осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
67-бап. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу
1. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қоғам үлестес тұлғаларының есебiн осы тұлғалар немесе орталық депозитарий беретiн мәлiметтер негiзiнде (уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iрi акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргiзуге мiндеттi.
Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз үлестес тұлғалары туралы ақпаратты табыс ету тәртібі жарғымен белгiленедi.
3. Қоғамның үлестес тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үлестестік туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің үлестес тұлғалары туралы мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті.
4. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген қоғамның мәмілелері
68-бап. Ірі мәміле
1. Мыналар:
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) нәтижесінде қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе орналастырылған бiр түрдегi бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес және одан да көп проценті мөлшерінде олардың сатылып алынған бағалы қағаздары сатылуы ықтимал мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
3) қоғамның жарғысында ірі мәміле деп танылатын өзге де мәміле ірі мәміле деп танылады.
2. Мыналар:
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) белгілі бір мүлікті сатып алуға немесе иеліктен айыруға қатысты белгілі бір тұлғамен не өзара үлестес тұлғалар тобымен жасалатын бірнеше мәміле;
2) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше шартпен ресімделетін мәмілелер;
3) жарғымен немесе акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен өзара байланысты мәмілелер деп танылатын өзге де мәмілелер өзара байланысты мәмілелер деп танылады.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 69-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
69-бап. Мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің құны
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы шешім Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес бағалаушы айқындаған осы мүліктің нарықтық құны ескеріле отырып қабылдануға тиіс.
Егер осындай мәміле нысанасы ақша және (немесе) бастапқы нарықта шығарылатын (орналастырылатын) бағалы қағаздар және (немесе) бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның активтері және (немесе) талап ету құқықтары болса, бағалау жүргізілмейді.
2. Егер нарықтық құнын белгілеу қажет болатын мүлік ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде осындай бағалы қағаздармен мәмілелердің осындай рынокта қалыптасқан бағасы немесе осындай бағалы қағаздарға сұраным мен ұсынымның бағасы есепке алынады. Егер нарықтық құнын анықтау қажет болатын мүлік қоғамның өз акциялары болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде қоғамның өзіндік капиталының мөлшері де, қоғамның даму жоспарларына сәйкес оның өзгеру перспективасы мен нарықтық құнды белгілейтін адам маңызды деп санайтын өзге факторлар да есепке алынады.
3. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
70-бап. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жасасу туралы шешім осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына және 73-бабының 3-1-тармағына сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын мәмілелерді қоспағанда, қоғамның iрi мәмiлелер жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
Кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешім қабылданған күннен кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға мiндеттi.
2. Қоғамның жарғысында iрi мәмiлелердiң тiзбесi, сондай-ақ оларды жасасу тәртібі белгiленуi мүмкiн, оларды жасасу туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдайды.
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған қоғамның iрi мәмiле жасасу туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда, акционер өзiне тиесiлi акцияларды қоғамның осы Заңда белгiленген тәртiппен сатып алуын талап етуге құқылы.
71-бап. Қоғамның мәміле жасасуға мүдделілігі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоғамның үлестес тұлғалары, егер олар:
1) мәміле жасаушы тарап болса немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысса;
2) мәміле жасаушы тарап болып табылатын немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары болса, қоғамның мәміле жасасуына мүдделі тұлғалары (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) деп танылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Мынадай мәмiлелер:
1) акционердiң қоғам акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ қоғамның орналастырылған өз акцияларын сатып алуы жөніндегі мәмiле;
2) банктiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәлiметтердi жария етпеу туралы мiндеттеме қабылдау жөніндегі мәмiле;
3) қоғамды осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) қоғамның өз үлестес тұлғасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын сатып алу туралы заңдарына сәйкес жасайтын мәмілесі;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) үлгі нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, қоғамның өзінің үлестес тұлғасымен шарт жасасу жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.
72-бап. Қоғамның мәміле жасасуына мүдделілік туралы ақпарат
Осы Заңның 71-бабының 1-тармағында аталған тұлғалар:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) үш жұмыс күні ішінде, олардың мәмiле тараптары болып табылатындығы немесе оған өкiл немесе делдал ретiнде қатысатындығы туралы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) өздерімен үлестес заңды тұлғалар туралы, оның ішінде дербес немесе өздерінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта, дауыс беретін акциялардың (үлестердің, пайлардың) он және одан да көп процентін иеленетін заңды тұлғалар туралы және органдарында өздері қызмет атқаратын заңды тұлғалар туралы;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өздері мүдделі тұлғалар болып танылуы мүмкін, өздеріне белгілі жасалған немесе ықтимал мәмілелер туралы ақпаратты директорлар кеңесінің назарына қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен жеткізуге міндетті.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 73-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
73-бап. Мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi жасасу тәртібіне қойылатын талаптар
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм, осындай мәміленің үлгілік шарттарын қоғамның директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды қоспағанда, оның жасалуына мүдделi емес директорлар кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
2. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәміленi жасасуы туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi тұлғалар болып табылған;
2) шешiм қабылдауға қажеттi дауыстар саны болмауына орай, директорлар кеңесiнiң мұндай мәмiленi жасасу туралы шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда оның жасалуына мүдделi емес акционерлердiң көпшiлiк даусымен қабылдайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi және жай акцияларды иеленетін барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылдайды.
Бұл ретте акционерлердің жалпы жиналысына негізделген шешімді қабылдауға қажетті ақпарат (құжаттарымен қоса) беріледі.
Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді жалғыз акционер немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін адам қабылдайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Жасалуына мүдделілік бар iрi мәмiлені қоғамның жасасуы туралы шешiм акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
4. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ірі мәмілені және жасалуына мүдделілік болған мәмілені жасасу кезінде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау, сондай-ақ өзге де мәмілелерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жасасу осы мәмілелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп тануға алып келуі мүмкін.
Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде сатып алынған немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны оның «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық құнына анық мөлшерлес емес екені дәлелденетін болса, жасалуына мүдделілік болған, нәтижесінде қоғам құны өзінің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алған немесе иеліктен шығарған, лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына алып келген және жасалуы нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле қоғамның дауыс беретін акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жиынтығында иеленетін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мәміле жасасудың осы Заңда көзделген тәртібіне қойылатын талаптарын, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметінің қағидаттарын бұза отырып қоғаммен мәміле жасалуына мүдделі тұлға қоғам алдында өзінің қоғамға келтірген залалы мөлшерінде жауапты болады. Мәмілені бірнеше тұлға жасаған жағдайда олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі ортақ болады.
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана ірі мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Ірі мәмілені және (немесе) жасалуында мүдделілік болған мәмілені жасау кезінде осы Заңда белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-тармақпен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы тараудың 70 және 73-баптарының талаптары осы Заңда жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін ұйымдардың арасында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті
75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі
1. 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен белгіленеді.
76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекіту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөніндегі заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.
2. 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жылдық қаржылық есептілікті директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейін отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
Қоғамның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі.
2005.08.07ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді