"67-1-бап. Борышкердi белгiлi бiр iс-әрекеттi жасауға
немесе оларды жасаудан тартынуға мiндеттейтiн
атқару құжаттарын орындау
Борышкердi тек өзi ғана жасай алатын iс-әрекеттi жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға мiндеттейтiн атқару құжатын орындау кезiнде сот орындаушысы борышкерге мерзiм белгiлей отырып, осындай iс-әрекет жасау туралы хабарлама немесе оларды жасаудан тартыну қажеттiгi туралы хабарлама жiбередi.
Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолданады.";
37) мынадай мазмұндағы 68-1, 68-2-баптармен толықтырылсын:
"68-1-бап. Борышкердi қоныс аударту туралы атқару
құжатын орындау
1. Борышкердi қоныс аударту туралы атқару құжаты сот орындаушысы белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда қоныс аударту куәгерлердiң қатысуымен мәжбүрлi түрде жүзеге асырылады.
2. Сот орындаушысы борышкердi қоныс аударту уақыты туралы ресми түрде хабардар етедi. Қоныс аударту уақыты туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң болмауы атқару құжатын орындауға кедергi болмайды.
3. Қоныс аударту кезiнде босатылатын үй-жайдан шығарылатын мүлiктердiң тiзiмдемесi жасалады және қажет болған жағдайларда шыққан шығын борышкерге жүктелiп, оны сақтау қамтамасыз етiледi.
68-2-бап. Өндiрiп алушыны қоныстандыру туралы
атқару құжатын орындау
1. Сот орындаушысы өндiрiп алушыны атқару құжатында көрсетiлген үй-жайға қоныстандыруды қамтамасыз етедi.
Сот орындаушысы өндiрiп алушыны және борышкердi қоныстандыру уақыты туралы ресми түрде хабардар етедi. Қоныстандыру уақыты туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң болмауы атқару құжатының орындалуына кедергi болмайды.
2. Өндiрiп алушыны қоныстандыру актiмен ресiмделедi және куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Қоныстандыру туралы актiнiң нысанын уәкiлеттi орган бекiтеді.";
38) 69-баптың 2-тармағындағы "депозиттiк" деген сөз "ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
39) 74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) өндiрiп алынған соманы ағымдағы шоттан беруге байланысты банк шығынына;";
"8-1) атқарушылық iс-әрекеттердi жасау кезiнде сот орындаушысының қоғамдық көлiктiң барлық түрлеріндегі - қалалық, қала маңындағы және жергiлiктi қатынастағы (таксиден басқа) "қол шығынына;";
40) 75-бапта:
1-тармақ "борышкерден" деген сөзден кейiн "өндiрiп алушы немесе мемлекет пайдасына" деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджет қаражаттары есебiнен келтiрiлген шығыстарды өндiрiп алуды және оларды сондай шығыс жасаған органға немесе адамдарға өтеудi сот орындаушысының ұсынысы және шыққан шығындарды растайтын құжаттар негiзiнде сот жүргiзедi.
5. Сот орындаушысының ұсынысын борышкер мен өндiрiп алушыны хабардар ете отырып сот қарайды, алайда тиiсiнше хабардар етiлген жағдайда олардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды. Сот ұйғарымының көшiрмесi борышкер мен өндiрiп алушыға үш күн мерзiмде жiберiледi. Соттың ұйғарымына жеке шағым берiлуi немесе наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.";
41) 76-баптағы "депозиттiк" деген сөз "ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
42) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"77-бап. Атқару санкциясы
1. Атқару құжаты толық мәжбүрлеп орындалғаннан кейiн сот орындаушысы өндiрiп алынған соманың немесе мүлiк құнының он процентi мөлшерiнде борышкерден немесе мүлiктiк емес сипаттағы атқару құжаттары бойынша он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жеке тұлғалардан және жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде заңды тұлғалардан атқару санкциясын өндiрiп алу туралы ұсыныс шығарып, оны сотқа жiбередi.
Сот борышкердi сот орындаушысынан келiп түскен ұсыныс туралы хабардар етедi, сот отырысы өтетiн уақыт пен орынды хабарлайды. Сот отырысы өткiзiлетiн уақыт пен орын туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.
2. Атқару санкциясы республикалық бюджетке аударылады.";
43) 81-бапта:
1-тармақтағы "соттар мен басқа да органдардың қаулыларын" деген сөздер "сот актілері мен басқа да органдардың актілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"соттар мен басқа да органдардың қаулыларын" деген сөздер "сот актілері мен басқа да органдардың актілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"меншiк нысанына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;
44) 82-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот орындаушысын мемлекеттік қызметшiнiң бос орнына орналасуға жарияланған конкурстың нәтижесi бойынша аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
45) 83-бапта:
1-тармақта:
"білімi" деген сөзден кейiн "бар, Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетiн, өзiнiң iскерлiк және жеке басының қасиетiмен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi" деген сөздермен толықтырылсын;
"және кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Сот орындаушыларына қызметтiк куәлiктер берiледi, олар үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтетiн нысанды киiммен, жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етiледi.";
46) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"84-бап. Сот орындаушысының жауапкершiлiгi
Сот орындаушысының өзiне жүктелген мiндеттердi және лауазымдық өкiлеттiктердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.";
47) 85-бапта "Әдiлет министрлігі" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 86-баптың 1-тармағында:
3) тармақша:
"қажеттi"деген сөздiң алдынан "өтеусiз" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеудi, дайындауды талап ететiн жағдайларда үш күннен кешіктірмей сот орындаушысына беруге мiндеттi.";
14) тармақшадағы "хақылы" деген сөз алып тасталып, нүктенiң орнына нүктелi үтiр қойылсын, мынадай мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"15) қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгiзуге;
16) егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттілік туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы.";
49) мынадай мазмұндағы 86-1-баппен толықтырылсын:
"86-1-бап. Аумақтық бөлiмнiң басшысы
Аумақтық бөлiмнiң басшысы:
1) өзi басқарып отырған аумақтық бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және сот орындаушыларына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;
2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсынымдарының, нұсқауларының және өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аумақтық бөлiмнiң ағымдағы шотына өкiм жүргiзуге құқылы және оның жүргiзiлуiне жауапты болады;
4) сот орындаушыларының iс-әрекетiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн шешудi жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргiзедi;
5) аумақтық бөлiмнiң қызметi туралы статистикалық есептілік жасайды және iс жүргiзу мен мұрағат жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) осы Заңда көзделген атқарушылық iс-әрекеттi жасайды;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де iс-әрекеттердi жасайды.";
50) 88-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот орындаушысы мемлекеттік қызметшi болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Қызметтiк куәлiк көрсетiлгеннен кейiн үйге, үй-жайға немесе мемлекеттік органның, меншiк нысанына қарамастан, ұйымның аумағына кедергiсiз кiргiзуден бас тартып, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасалған жағдайда, сот орындаушысы ол туралы акт жасайды, ал кiнәлiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалды орындау орнындағы сотқа бередi.".
5. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат):
236-бапта:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн жiбередi.
Мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, қылмыспен келтiрiлген залал өндiрiп алынған, алименттер өндiрiп алынған, жарақаттанудан немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан келтiрiлген залалдың орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиiстi атқарушылық iс жүргiзу органына орындауға жiбередi.";
бесiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сот атқару парағына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшiрмесiн қоса тiркейдi.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының