8-тармақта:
, сондай-ақ" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
"оқшаулау орындары атқарады" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ең ауыр жаза - өлім жазасы тергеушілік оқшаулау орындарында атқарылады" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдардың еңбегін ұйымның пайдалануы өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Сотталған адамдар орындаған жұмыстың көлемі мен құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша бөлек есептеледі және есептелген ақшалай қаражат тиісті бюджетке аударылады.";
3) 8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен шарттары
43-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу орны
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға қадағалауды қылмыстық-атқару инспекцияларының жүзеге асыруы жағдайында тұратын жері бойынша өтейді.
2. Жергілікті атқарушы органдар қылмыстық-атқару инспекцияларына бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбекке орналастырылып, тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге міндетті.
44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды жазасын өтеу орнына жіберу
1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетте ұстаудан босатылады және жазасын өтеу орнына мемлекет есебінен өздері барады. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталған адамға оны есепке қою үшін қылмыстық-атқару инспекциясына бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына бару туралы нұсқама береді.
2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде барып жетпеген жағдайда ішкі істер органдары оны іздестіруді жүзеге асырады.
3. Сотталған адам ұсталғаннан кейін бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар оның ұсталған жеріндегі сотқа беріледі.
45-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін есептеу
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі қылмыстық-атқару инспекциясының үкімді орындауға қабылдаған кезінен бастап есептеледі.
2. Сотталған адамның жұмыста немесе тұрғылықты жерінде бір тәуліктен артық өз бетімен болмаған уақыты жаза мерзіміне есептелмейді.
46-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтейтін адамдар қадағалауда болады және:
қылмыстық-атқару инспекцияларының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген режимдік талаптарын орындауға;
қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің рұқсатынсыз жұмыс, оқу орнын және тұрғылықты жерін ауыстырмауға;
оқудан жәңе жұмыстан бос уақытта тұратын жерінде болуға;
қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі белгілеген мерзімде тіркелу және тәрбиелік іс-шаралар өткізуге қатысу үшін қылмыстық-атқару инспекциясына келуге;
жұмыс немесе оқу кестесінің өзгеруі туралы қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігін жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;
жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті.
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші сотталған адамдарға жазаны өтеу орны бойынша облыс шегінде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқуға рұқсат етіледі. Сотталған адам қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің келісімімен өзге жерде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқи алады.
47-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегі, осы Кодекспен белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен реттеледі.
2. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның ішінде басқа жерге ауыстыру қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің келісімімен жүзеге асырылады.
48-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысы
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді.
2. Сотталған адамдардың тәрбиелік сипатта жүргізілетін іс-шараларға белсенді қатысуы көтермеленеді және түзелу деңгейін анықтаған кезде ескеріледі.
49-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі жазаны өтеудің белгіленген тәртібін адал орындағаны үшін сотталған адамдарға мынаДай көтермелеу шараларын:
алғыс жариялау;
бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бүрын алу;
демалыс және мереке күндерін тұратын жерінің шегінен тыс жерлерде өткізуге рұқсат беру;
демалысын тұратын жерінің шегінен шығып өткізуге рүқсат беру шараларын қолдана алады.
2. Сотталған адамдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бүрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғүрлым жұмсақ жазамен ауыстыруға ұсынылуы мүмкін.
50-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі жазаны өтеу тәртібін бүзушы сотталған адамдарға мынадай жазалау шараларын:
сөгіс беру;
демалыс және мереке күндерінде тұратын жерінің шегінен шығуға бір айға дейінгі мерзімге тыйым салу;
бас бостандығын шектеудің бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту шараларын қолдана алады.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі жазасын өтеуден қасақана жалтарушы адамдарға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін сотқа материалдарды табыс етеді. _
51-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Көтермелеу және жазалау шаралары жазбаша түрде қолда-нылады.
2. Жазалау шараларын қолдану кезінде құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның теріс қылық жасағанға дейінгі мінез-құлқы ескеріледі. Тағайындалатын жаза сотталған адам жасаған теріс қылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкес болуға тиіс. Жаза теріс қылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер теріс қылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - оның аяқталған күнінен бастап, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тағайындалады. Жаза жиырма төрт сағат ішінде, ал ерекше жағдайларда - ол тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей атқарылады.
3. Осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану қүқығын қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы немесе оның орнында қалған адам толық көлемде пайдаланады.
52-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзу
1. Демалысын немесе демалыс және мереке күндерін өткізген орыннан дәлелсіз себептермен дер кезінде келмеу, сондай-ақ жүмыс орнынан немесе түратын жерінен өз бетінше кетіп қалу, спирт ішімдіктерін бірнеше рет пайдалану мен есірткі заттарын медициналық емес мақсаттарда пайдалану, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.
2. Еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті және сотталған адам үшін белгіленген тұру ережелерін кемінде үш рет бұзу, сондай-ақ кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда, оған жаза тағайындалғаны үшін сот жүктеген міндеттерді орындаудан бас тарту жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бүзушылық болып табылады.
53-бап. Сотталған адамдарды қадағалау және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзушылықтың алдын алу шаралары
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерді қадағалауды қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі жүзеге асырады және сотталған адамдарға олардың тұратын жері мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау мен бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Қадағалауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік қүқықтық актілермен белгіленеді.
2. Сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде оны ішкі істер органдары прокурордың санкциясымен жазаны өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында он тәулікке дейінгі мерзімге үстауы мүмкін.
3. Жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталған адамды ішкі істер органы жалтару себептерін анықтау үшін прокурордың санкциясымен он тәулікке дейінгі мерзімге үстауы мүмкін. Қажет болған жағдайда ішкі істер органы үсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшін белгіленген тәртіппен жібереді және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны туралы деректер болған жағдайда, сотталған адамның бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдарды сотталған адамның ұсталған жері бойынша сотқа береді.";
4) 58-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сондай-ақ қылмыстық іс-әрекет объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе қүралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлік сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады.";
5) 73-баптың 2-тармағының үшінші абзацында "жаза мерзімінің кемінде үштен бірін деген сөздер "ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін, ауыр қылмыстар жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде үштен бірін" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 83-баптың 4-тармағындағы "(жүктілігінің төртінші айынан бастап)" деген сөздер алып тасталсын;
7) 87-бапта:
1-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: 1. Сотталған адамның телефон арқылы әр сөйлескенде ұзақтығы он бес минутқа дейін сөйлесуге құқығы бар.";
2-тармақ алып тасталсын;
8) 97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталған адамдарға медициналық қызмет көрсету үшін емдеу-профилактика мекемелері (ауруханалар, арнаулы психиатрия және туберкулез ауруханалары; медициналық бөлімдер), ал туберкулездің ашық түрімен ауыратын сотталған адамдарды үстау және емханада емдеу үшін мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын емдеу қүқығындағы түзеу мекемелері үйымдастырылады. Алкогольге салынумен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын сотталған адамдарды мәжбүрлеп емдеу түзеу колонияларының медициналық бөлімінде жүзеге асырылуы мүмкін.";
9) 112-баптың 3-тармағында:
"тәртіптік айыппұл, " деген сөздер алып тасталсын;
"үй-жайларға көшіру" деген сөздерден кейін ", айып оқшаулау орнына орналастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 113-баптың 7-тармағында "жыл" деген сөз "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 116-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бүзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі.";
12) 118-бапта:
3-тармақтағы "төрттен үші", "алты айын" деген сөздер "үштен екісі", "үш айын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі.";
13) 120-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген жағдайда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайғакөшіріледі.";
14) 165-баптың 3-тармағындағы "түзеу мекемесінің" деген сөздер "тергеушілік оқшаулау орнының" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 171-баптың 1-тармағындағы "сегіз жасқа" деген сөздер "он төрт жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 172-баптың тақырыбындағы және 4-тармағындағы "сегіз жасқа" деген сөздер "он төрт жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 182-бапта:
1-тармақтағы "және өздеріне сот жүктеген міндеттерін орындауын" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "өздеріне сот жүктеген міндеттерді орындауға," деген сөздер алып тасталсын;
18) 184-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сотталған адам қоғамдық тәртіпті бүзған, ол үшін әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы оған шартты сотталудың күші жойылуы мүмкін екендігі туралы жазбаша нысанда ескертеді.";
2-тармақ алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шартты сотталған адам сынақ мерзімі ішінде қоғамдық тәртіпті үнемі бүзған жағдайда, не егер сотталған адам бақылаудан жасырынса, сотқа шартты жазаның күшін жою туралы үсыныс жіберіледі.
5. Шартты сотталған адамға бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаның қолданылуы оның қоғамдық тәртіпті үнемі бұзуы болып есептеледі.".
Қазақстан Республикасының