Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және
Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 21 желтоқсандағы № 363-II Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1.1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат):
1) 32-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.";
2) 42-баптың үшінші бөлігіндегі "сегіз жасқа дейінгі" деген сөздер "үш жасқа дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"45-бап. Бас бостандығын шектеу
1. Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Сот бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай түрақты түратын, жұмыс істейтін және оқитын жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерлерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндеттерін орындауды жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жүғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
2. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бүл ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі.
3. Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ түрақты түратын жері жоқ адамдарға қолданы лмай ды.
4. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-қүлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның үсынысы бойынша сотталған адамға бүрын белгіленген міндеттердің күшін толық немесе ішінара жоя алады.";
4) 53-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе
мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен аспауға тиіс.";
5) 58-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер қылмыстар жиынтығында тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкілікті жаза қатандығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен тағайындалады.";
үшінші бөлікте:
"орташа ауырлықтағы қылмыс," деген сөздер алып тасталсын;
"түпкілікті жаза" деген сөздерден кейін "қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен не" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 59-баптың екінші бөлігіндегі "жартысынан", "үштен екісінен", "төрттен үшінен" деген сөздер тиісінше "үштен бірінен", "жартысынан", "үштен екісінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 63-бапта:
бірінші бөліктегі "бас бостандығын шектеу," деген сөздер алып тасталсын;
бесінші және жетінші бөліктер алып тасталсын;
8) 64-бапта:
екінші бөліктегі "өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде қоғамдық тәртіпті үнемі және қасақана бүзған жағдайда, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.";
9) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"67-бап. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
1. Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.
2. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.";
10) 70-бапта:
екінші бөліктегі "63-бабының бесінші бөлігінде көзделген" деген сөздер "45-бабының бірінші бөлігінде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
а) тармағындағы "кемінде жартысын" деген сөздер "кемінде үштен бірін" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) тармағындағы "кемінде үштен екісін" деген сөздер "кемінде жартысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармағындағы "кемінде төрттен үшін" деген сөздер "кемінде үштен екісін" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлік "оған" деген сөзден кейін "босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша - " деген сөздермен толықтырылсын;
11) 71-бапта:
бірінші бөліктегі "немесе орташа ауырлықтағы" деген сөздер ", орташа ауыр және ауыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін, ауыр қылмысы үшін немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлігі кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзімінің жартысын нақты өтегеннен кейін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.";
12) 72-баптың бірінші бөлігіндегі "сегіз жасқа", "балалары" деген сөздер тиісінше "он төрт жасқа", "баласы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 79-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы г-1) тармақпен толықтырылсын:
"г-1) бас бостандығын шектеу;";
мынадай мазмүндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
"5-1. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін - он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейін орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.";
14) 111-бапта:
бірінші бөліктегі ", не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"елу айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.";
15) 114-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"елу айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жазаланады.";
16) 115-баптың бірінші бөлігінде:
"түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейін "не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
", не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
17) 137-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екі жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеуге жазаланады.";
18) 175-баптың екінші бөлігіндегі "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 176-баптың екінші бөлігіндегі "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 177-баптың екінші бөлігіндегі "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 182-баптың бірінші бөлігіндегі ", не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
22) 183-бапта:
бірінші бөліктегі ", не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 184-баптың бірінші бөлігіндегі "бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 185-бапта:
бірінші бөлік "үш жылға" деген сөздердің алдынан "бес жүз айлық есептік көрсеткіштен екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
25) 188-баптың бірінші бөлігі "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 190-баптың бірінші бөлігіндегі "сақтаумен және өткізумен" деген сөздер "сақтаумен не өткізумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 196-баптың бірінші бөлігі "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейін "не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
28) 198-бап "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейін "не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
29) 223-баптың ескертуіндегі "алтыдан бір" деген сөздер "үштен бір" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 227-бапта:
бірінші бөлігі "ақпаратқа заңсыз кіру," деген сөздерден кейін "сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзуы," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі ", сондай-ақ ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адам" деген сөздер алып тасталып, "бойынша жасалған" деген сөздерден кейін "немесе" деген сөзбен толықтырылсын, "топ не" деген сөздер "топ жасаған не адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 236-баптың екінші бөлігіндегі "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
32) 248-баптың үшінші бөлігіндегі в) тармағы алып тасталсын, б) тармағы "топ" деген сөзден кейінгі нүктелі үтір алып тасталып, "жасаған әрекеттер - " деген сөздермен толықтырылсын;
33) 252-баптың төртінші бөлігі "жүз сексен" деген сөздердің алдынан "екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсетісішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 253-баптағы ", не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
35) 255-баптың төртінші бөлігіндегі в) тармағы алып тасталсын, а) тармағы "топ" деген сөзден кейін "жасаса" деген сөзбен толықтырылсын, б) тармағы "қорқыту арқылы" деген сөздерден кейінгі нүктелі үтір алып тасталып, "жасалса" деген сөзбен толықтырылсын;
36) 257-баптың бірінші бөлігінде:
"жүз жиырма" деген сөздердің алдынан "екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не" деген сөздермен толықтырылсын;
"үш жылға" деген сөздер "екі жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 272-баптың бірінші бөлігі "алты айға" деген сөздердің алдынан "екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не" деген сөздермен толықтырылсын;
38) 273-баптағы "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
39) 276-баптың екінші бөлігіндегі "не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жүмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 347-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
41) мынадай мазмүндағы 347-1-баппен толықтырылсын:
"347-1-бап. Қинау
1. Тергеушідің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән зардабын және психикалық зардап шектіруі, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару қүқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
б) бірнеше рет;
в) денсаулыққа орташа ауыр зиян келтірумен;
г) кінәлі адам жүкті әйелге қатысты көрінеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса,-
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Дәл сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Лауазымды адамдардың заңды іс-әрекеті нәтижесінде келтірілген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.";
42) 353-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "немесе жалтаруы" деген сөздер алып тасталсын;
43) 370-баптың бірінші бөлігіндегі "немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
44) 371-баптың бірінші бөлігіндегі "не сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға" деген сөздер алып тасталсын;
45) 372-бапта:
үшінші бөліктегі ", не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
46) 373-бапта:
бірінші бөліктегі "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "он" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
47) 374-баптың екінші бөлігіндегі "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
48) 378-баптың бірінші бөлігіндегі ", не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-қүжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-қүжат; № 15-16, 239-қүжат; № 17-18, 245-қүжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33 - құжаттар; № 17, 155-құжат):
1) 37-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағы "болмауы" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің күдіктімен немесе айыпталушымен татуласуы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 68-баптың екінші бөлігіндегі "алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейін" деген сөздер алып тасталсын;
3) 69-баптың екінші бөлігі "кез келген көлемде көшіріп алуға;" деген сөздерден кейін "айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 83-баптың үшінші бөлігі "аудармашының тегін көмегін пайдалануға;" деген сөздерден кейін "аудармашыдан бас тартуға;" деген сөздермен толықтырылсын";
5) 84-баптың екінші бөлігі "қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетіне шағым жасауға;" деген сөздерден кейін "аудармашыдан бас тартуға;" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 108-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"108-бап. Анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің,
прокурордың іс-әрекеті мен шешіміне шағымды қарау тәртібі";
7) 110-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Судья қылмыстық ізге түсу органынан істі талап етіп ала отырып, іс түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей жабық отырыста прокурордың күдіктіге, айыпталушыға бүлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдануға берген санкциясының заңдылығы мен негізділігін тексеруді жеке өзі жүзеге асырады. Қылмыстық ізге түсу органы судьяның сүрау салуын алғаннан кейінгі үш тәуліктің ішінде оған қылмыстық істі табыс етуге міндетті.";
8) 116-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағындағы "күш қолдану" деген сөздің алдынан "қинау," деген сөзбен толықтырылсын;
9) 121-бапта:
екінші бөлік "Заттай" деген сөз кіші әріппен жазылып, оның алдынан "Осы Кодекстің 223-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің 4) тармағы "өзге де құндылықтар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік және контрабандалық заттар " деген сөздермен толықтырылсын;
10) 125-баптың үшінші бөлігінде:
"жеке адамдардан" деген сөздер "олардың келісімімен адамдардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"заңмен белгіленген тәртіпте" деген сөздер "он күн ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 150-баптың бірінші бөлігіндегі "заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасалғандығына" деген сөздер "заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген әдейі қылмыс жасалғандығы және заңмен үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыс жасалғандығы үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 160-баптың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Кодекстің 75, 82, 84, 85, 86, 145, 147-баптарында көзделген іс жүргізу міндеттерін орындамағаны және сот отырысында тәртіп бүзғаны үшін жәбірленушіден, куәдан, маманнан, аудармашыдан және өзге де адамдардан ақша өндіріліп алынуы мүмкін.";
13) 191-баптың үшінші бөлігіндегі "салық полициясы" деген сөздер "қаржы полициясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 192-бапта: екінші бөлікте:
"367-бабында (екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "367-бабында (төртінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"372-бабында (төртінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;
"374-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "374-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"378-бабында (екінші бөлігінде), 379-бабында (екінші бөлігінде), 387-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "176-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздер алып тасталсын;
4-1-бөлігі "311-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін ", 347-1-бабында, 380-бабында (екінші бөлігінде), 381-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 285-бапта:
екінші бөліктегі ", 369 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;
бесінші бөлікте:
"367 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "367 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"370 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "368 (бірінші бөлігінде), 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"372 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "372 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"373 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "374 (бірінші бөлігінде), " деген сөздермен толықтырылсын;
"378 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "378 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"379 (бірінші бөлігінде), 387 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "379 (бірінші және екінші бөліктерінде), 380 (бірінші бөлігінде), 381 (бірінші бөлігінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1-бөліктегі "салық полициясы" деген сөздер "қаржы полициясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 286-баптың алтыншы бөлігіндегі ", сондай-ақ егер анықтаушының пікірінше дәлелдемелерді бекіту үшін жауап алу қажет болғанда" деген сөздер алып тасталсын;
17) 347-баптың бірінші бөлігі "тергеуінде" деген сөзден кейін "айыптаушы және қорғаушы" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 363-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер:
1) сотталушы өзінің кінәсін толық көлемінде, оның ішінде өзіне қойылған талап-арызды мойындаса;
2) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процеске қатысушылардың құқығына нүқсан келтіретін, осы Кодексте белгіленген ережелердің бұзылуына жол берілмесе;
3) процеске қатысушылар іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берушілігіне дау туғызбаса және оларды сот отырысында зерттеуді талап етпесе, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізіледі.";
екінші бөлік алып тасталсын;
19) 421-бапта:
бірінші бөліктің 8) тармақшасындағы "құқылы" деген сөз алып тасталып, "белгілеуге" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылсын, мынадай мазмүндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) егер сот үкімімен тағайындалған жаза тым жүмсақ деп танылса, жаза мөлшерін үлғайтуға немесе жазаның неғүрлым қатаң түрін тағайындауға қүқылы.";
екінші бөліктегі "3)-8)" деген цифрлар "3)-9)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
20) 453-бапта:
5) тармақтағы ", сол сияқты сотталушы үшін белгіленген міндеттерді жою не толықтыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабы) туралы" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмүндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын;
"5-1) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшін бұрын белгіленген міндеттердің толық немесе ішінара күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 45-бабы);".
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-қүжат; 2000 ж., № 6, 141-қүжат; № 8, 189-қүжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат):
1) 14-бапта:
2-тармақтағы "түзеу орталықтары," деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы "және өлім жазасы" деген сөздер алып тасталсын;