ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 561-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 561-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 561-бап өзгертілді
561-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңын (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
561-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдар
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдар осы Кодекстің 121, 124 (екінші бөлігінде), 276, 277, 278 (екінші бөлігінде), 279-281, 281-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік бассейндік (аумақтық) инспекторлары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — алпыс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — алпысқа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 562-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 562-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 562-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
2-1) осы Кодекстің 121, 250, 252, 282, 283 (екінші бөлігінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін — облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 296-1, 297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 563-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 563-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 563-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 563-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
563-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 120, 256, 257, 258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 118, 121, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейінгі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүзге дейінгі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2005.04.05 № 48-III ҚР Заңымен 563-1 баппен толықтырылды
563-1-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 563-2-баппен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 563-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
563-2-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 121 (екінші бөлігінде), 258-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
564-бап. ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 565-бап жаңа редакцияда; 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 565-бап өзгертілді
565-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 147-1 (бірінші бөлігінде), 147-2, 147-3, 147-4, 163-5-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 565-1-баппен толықтырлды; 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 565-1-бап өзгертілді
565-1 бапқа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
565-1-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 147-5, 147-6 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 147-7, 147-8, 147-9, 186, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 565-2-баппен толықтырлды; 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен 565-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
565-2-бап. 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 566-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 566-бап өзгертілді
566-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 219-9, 317 (бірінші бөлігінде), 317-4 (бірінші бөлігінде), 317-3, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 567-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бірiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөніндегі қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 567-1-баппен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 567-1-бап өзгертілді
567-1-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 80-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 568-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 568-бап өзгертілді
568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 235-1 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерінде), 236, 237-2, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 568-1-баппен толықтырылды
568-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстiң 231, 236 және 239-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 569-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 569-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 569-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
569-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган
1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 381, 381-2, 382, 383, 384 және 384-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазаларды қолдануға құқылы.
570-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңы (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
570-бап. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 570-1- бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 570-1-бап өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 570-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
570-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы Кодекстің 358-1, 359, 360 және 361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы мен оның орынбасарлары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша, Қазақстан Республикасы астанасының, өңіраралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен кодекс 570-2-баппен толықтырылды
570-2-бап. Мемлекеттік кіріс органдары
1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 88 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 140 (бірінші бөлігінде), 141, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 161-1, 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде), 164, 166, 169-1, 176 (бірінші бөлігінде), 205, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 207, 208, 210, 211, 213 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 215, 216, 217, 218, 218-1, 219, 357-2 (бірінші бөлігінде), 358, 358-1, 360, 400, 401, 402, 403, 404, 405 (екінші және үшінші бөліктерінде), 406, 407, 409-1, 411, 412, 425, 431, 434, 434-1, 435, 438, 438-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттік кіріс органдары, осы тармақта аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалса, осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде), 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 323 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1 және сегізінші бөліктерінде), 463 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөлігінде), 477 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
3. Мемлекеттік кіріс органының басшысы мен оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 571-бап өзгертілді
571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) алып тасталды
2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгінде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.
3) алып тасталды
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 571-1-баппен толықтырылды. ҚР 2005.21.10. № 80-III заңымен өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР 2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңымен 571-1-бап жаңа редакцияда; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 571-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
571-1-бап. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган
1. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 167, 167-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 571-2-баппен толықтырылды
571-2-бап. 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 572-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 572-бап өзгертілді
572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 166-1, 168, 168-2 (төртінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 168-6, 168-7, 169, 169-2, 172-2 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 179 (үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 180, 182, 188 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 188-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында, сондай-ақ жиналуы олардың құзыретiне кiретiн алғашқы статистикалық деректер бөлігінде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 573-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 573-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 06.07.04 ж. № 572-II; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 573-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 573-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 573-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 573-бап өзгертілді
573-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен бірінші бөлік өзгертілді (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (бірінші, 1-1, 1-2, 2-1, алтыншы және жетінші бөлiктерінде), 158-1, 158-2, 167-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 168-2 (бірінші-үшінші, бесінші-сегізінші, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 168-4, 170, 170-1, 171, 172, 172-1, 172-2 (үшінші - алтыншы бөліктерінде), 173 (бірінші, үшінші - бесінші, жетінші - он бесінші бөліктерінде), 174, 175 (бiрiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193, 194, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197-1, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.