635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
38-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және олардан бас тарту
646-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
648-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртібі
649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы
652-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыны хабарлау және қаулының көшiрмесiн тапсыру
653-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым
654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
39-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енбеген қаулыларды қайта қарау
655-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру құқығы
656-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру тәртібі
657-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру мерзiмi
658-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны
659-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық келтiрiлуiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
660-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi
661-бап. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты судьяның жеке-дара қарауы
662-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу
663-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау
664-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі шешiм
665-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi
666-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай келмеуi
667-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау
668-бап. Осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының едәуiр бұзылуы
669-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сай келмеуi
670-бап. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту
671-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарымды жария ету
40-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
672-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарды қайта қараудың ерекше тәртібі
673-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарауға құқықты соттар
674-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарға наразылық келтiру
675-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
676-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
41-тарау. Ақтау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеу
677-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiнәсіздiгiн тану жолымен ақтау
678-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар адамдар
679-бап. Өтеуге жататын зиян
680-бап. Зиянды өтеттiру құқығын тану
681-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу
682-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою
683-бап. Талаптар қою мерзiмдерi
684-бап. Заңды тұлғалардың зиянын өтеу
685-бап. Құқықтарды талап-арыз тәртібімен қалпына келтiру
42-тарау. Артықшылықтары және әкiмшiлiк жауаптылықтан қорғанышы бар адамдардың iстерi бойынша iс жүргiзу ерекшелiктерi
686-бап. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының әкiмшiлiк жауаптылығы
687-бап. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттардың әкiмшiлiк жауаптылығы
688-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының немесе мүшелерiнiң әкiмшiлiк жауаптылығы
689-бап. Судьяның әкiмшiлiк жауаптылығы
690-бап. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының әкiмшiлiк жауаптылығы
691-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты не Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауы
692-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық қорғанышы бар адамдар
693-бап. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдарды тексеру, әкiмшiлiк ұстау және алып келу
694-бап. Айғақ беруден дипломатиялық қорғаныш
695-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық қорғанышы
5-бөлiм. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы
43-тарау. Негiзгi ережелер
696-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының заңды күшiне енуi
697-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының мiндеттілігi
698-бап. Қаулыны орындауға жолдау
699-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
700-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу
701-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру және созу
702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату
703-бап. Салық салу саласында әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiруi
704-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау жөнiнде iс жүргiзудiң аяқталуы
705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау
44-тарау. Әкiмшiлiк жазаның жекелеген түрлерiн орындау тәртібі
706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркiмен орындау
708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату»;
709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға жiберудiң тәртібі
710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау
710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша iс жүргiзудiң аяқталуы
712-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алу туралы қаулының орындалуы
713-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу туралы қаулының орындалуы
714-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
715-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
716-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
717-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
718-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
719-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бір қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
720-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
721-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртібі
722-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
723-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы қаулыны орындау
724-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртібі
725-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
726-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау жөніндегі шығындар
727-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау
728-бап. Әкiмшiлiк қамауға алуды өтеуден жалтарудың зардаптары
729-бап. Қаулының мүлiктiк зиянды өтеу бөлiгiнде орындалуы
730-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны жүзеге асыратын органдар
731-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау
732-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау
733-бап. Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлiгiнде орындау тәртібі
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «әскери комиссариатқа», «әскери комиссариаттың» деген сөздер тиісінше «жергілікті әскери басқару органына», «жергілікті әскери басқару органының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред. қара)
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар
1-бап. Қазақтан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысын қара
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi жергiлiктi өкiлдi органдардың белгiлеуi жөніндегі өкiлеттiгi
1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыреттерi шегiнде, бұзушылығы үшiн адамдардың осы Кодекстiң 362 және 363-баптарында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн ережелердi белгiлеуге құқылы.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергiлiктi өкiлдi органдары да бұзушылық үшiн осы Кодекстiң 281-1, 300, 310, 311, 387-баптарымен әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi белгiлей алады.
4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдарының кеңiстiк жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдардың уақыт жағынан қолданылуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңдардың негiзiнде жауаптылықта болуға тиiс.
2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың туындаған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт болып танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi
1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жұмсартатын заңның кері күші болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.
2. Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.
2-тарау.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері
7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсіздiктi, мемлекеттік билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен принциптерiн белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.
8-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 32-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Заңдылық
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары тек осы Кодекспен белгiленедi. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиiс емес.
2. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында аталған өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Заңмен және Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгiленген ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
3. Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.
Соттардың және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) конституциялық емес деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды.
4. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және заңмен белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп соғады.
10-бап. Сот құзыретiнiң ерекшелiгi
1. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шегi, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру тәртібі заңмен белгiленедi және өз бетінше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және орындалуға жатпайды. Кiмнiң болса да соттың билiктiк өкiлеттiгiн иемденуi заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, өзiнiң қарауына жатпайтын iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырып, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы принциптердi өзгеше түрде бұзған соттың шешiмдерi заңсыз және күшi жойылуға тиiс.
3. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі шешiмдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттарда ғана тексерiлуi және қайта қаралуы мүмкiн.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11-бап. Адамдардың заң алдында теңдiгi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, сенімiне, жынысына, тіліне, дiнге көзқарасына және iстейтiн жұмысының сипатына, тұратын жерiне, қоғамдық бірлестiктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
12-бап. Кiнәсіздiк презумпциясы
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке адам өз кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәсіз деп есептеледi.
2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсіздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күдiктер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адамның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезiнде туындайтын күдiктер де оның пайдасына шешiлуге тиiс.
13-бап. Кiнә принципi
1. Жеке адам тек кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Жеке адамның кiнәсіздiктен келтiрген залалы үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi.
2. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танылады.
2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк
Бір құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де екi рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.
15-бап. Iзгiлiк принципi
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары адамның қауiпсіздiгiн қамтамасыз етедi.
2. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданғанда адам жанын күйзелтудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды жазалау мақсаты етiп қоюға болмайды.