2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 551-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 551-1-бап өзгертілді
551-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін ретт саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 357-2 (бірінші бөлігінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, — заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары;
2) 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 551-2-баппен толықтырылды
551-2-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 525 - 527-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және әкімшілік жазалар қолдану туралы көрсетілген істерді қарауды атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының (аумақтық органдар) басшылары мен олардың орынбасарлары жүзеге асырады.
2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр.ред. қара ); 2009.04.12 № 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 552-бап өзгертілді
552-бап. Көшi-қон жөніндегі органдар
1. Көшi-қон жөніндегі органдар (өз құзыреті шегінде) осы Кодекстің 399-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөніндегі органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөніндегі органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 553-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 553-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 553-бап өзгертілді
553-бап. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 553-1-баппен толықтырылды
553-1-бап. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 554-бап өзгертілді
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 123 (екінші бөлігінде), 175 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 220 (бірінші бөлігінде), 240, 240-1, 241 - 246 (бірінші бөлігінде), 247 - 250, 261, 264, 265, 270 - 272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 306-3 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпіске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға - үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық бас инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық бас инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 554-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
554-1-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 123 (бірінші бөлігінде), 259-274, 275 (бірінші бөлігінде), 301, 302 (бірiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бірiншi бөлiгiнде), 304 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бір мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 554-2-баппен толықтырылды
554-2-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 147-11 (бірінші - алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
555-бап. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.22.05. № 255-III (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 556-бап өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 556-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары осы Кодекстiң:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдары жүргізушілеріне (әскери қызметшiлерге және жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге) қатысты 461 (бірiншi - үшінші, төртiншi - сегізінші бөлiктерiнде), 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 466 (бірiншi бөлiгiнде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (үшінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 474, 475 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 476, 477 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 483;
2) 503, 505 - 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) осы Кодекстiң 503, 505 - 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары;
2) осы Кодекстiң 476-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын басқаратын адамдарға) ескерту түрінде - белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған әскери полицияның лауазымды адамдары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері - әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, сол үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк жаза ретiнде айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция кiнәлiлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртiптiк жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері - әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, сол үшін көлiк құралын басқару құқығынан айыру не әкімшілік қамақ түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция сотқа жiберу үшiн жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен бередi.
Әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері жасаған, сол үшін айыппұл, көлiк құралын басқару құқығынан айыру, әкімшілік қамақ түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция қарау не сотқа жiберу үшiн жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен бередi.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 557-бап өзгертілді
557-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 140 (бірінші бөлігінде), 161 (бірінші бөлігінде), 164, 220, 221, 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 281-1, 294, 304 (бірiншi бөлiгiнде), 310, 323 (бірінші бөлігінде), 333, 357-2 (бірінші бөлігінде), 387, 477 (бірiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, көліктегі мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 06.05.04 ж. № 551-II Заңымен 557-1-баппен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 357-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
557-1-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік орган
1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде, 357-2-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 557-2-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 557-2-бап өзгертілді
557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган
1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 85 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 85-1 (бірінші бөлігі), 85-2 (бірінші бөлігі), 322 (бірінші және екінші бөліктері), 325 - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 558-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 558-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнің және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне ведомстволық бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы қағидаларды бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.24.07 № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 559-бап өзгертілді; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 559-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
559-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстiң 310-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) өткiзу орындарында - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда - Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын), мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ мал айдау кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
3) мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау бөлігiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 559-1-баппен толықтырылды
559-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары осы Кодекстің 310-1-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 560-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
560-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары осы Кодекстің 307-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктер карантині жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлар, өсімдік карантині жөніндегі облыстық және қалалық қызметтердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — отыз беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктер карантині жөніндегі қалалық, аудандық қызметтердің, шекаралық пункттер мен бекеттердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — отызға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 560-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 560-1-бап өзгертілді
560-1-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-2-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 560-2-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-2-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
560-2-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері осы Кодекстің 220, 294, 309-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сексенге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.