атқарылуына бақылау мен тексеруді ұйымдастырудың
тәртібі
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 44-тармақ өзгертілді
44. Президент, Үкімет, Премьер-Министр актілерінің халықаралық келісімдердің, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе Басшыларымен тапсырмалары бар құжаттардың атқарылуына бақылау мен тексеруді ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда
45. Мынадай құжаттар (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алынады:
1) Үкіметке немесе оның Басшылығына тапсырмалар берілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері;
2) Үкіметтің қаулылары мен хаттамалық шешімдері, Премьер-Министрдің өкімдері;
3) орындау мерзімдері көрсетілген, соның ішінде "шұғыл" деген белгісі немесе бақылауға алынғаны туралы нұсқауы не "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" және т.б. белгілері бар Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның тапсырмалары;
4) Парламент депутаттарының сұрау салулары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беруге өтініш жасалғаны жөніндегі Парламент Палаталарының арнау хаттары.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 46-тармақ өзгертілді
46. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы атқарылуы үшін жауапкершілік олар атқарылуға жіберілген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
47. Президент актілерінің атқарылуына жауапты мемлекеттік органдар үш күндік мерзім ішінде оларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспарын жасайды және оны Премьер-Министрдің бекітуіне ұсынады.
48. Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, Премьер-Министрі өкімдерінің атқарылу мерзімдеріне бақылау жасау жөніндегі қызметін ақпараттық-талдаулық қамтамасыз етуді Кеңсе жүзеге асырады, ол Премьер-Министрге олардың атқарылу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат беріп отырады.
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы тиісті жылға арналған Үкіметтің іс-қимыл жоспары және Заң жобалары жұмыстарының жоспары жөніндегі шаралардың орындалуы туралы Премьер-Министрге ай сайын хабарлап отырады.
ҚР Үкіметінің 22.01.00 ж. № 116; 13.07.00 ж. № 1068 қаулыларымен 49-тармақ өзгертілді
49. ?кімет пен Премьер-Министр кесiмдерiнiң атқарылу мерзiмiн Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министрдiң келісімiмен, мемлекеттік органның бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның белгiленген тәртiпте енгiзiлген жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде Кеңсенiң Басшысы ұзартуы мүмкiн. Құжаттың атқарылу мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi.
Егер тиiстi тапсырмада өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік органдар ?кімет пен Премьер-Министр кесiмдерiнiң қосымша атқарушылары, ол үшiн белгiленген орындау мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей, жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге мiндеттi.
Президенттің Үкіметке қатысты актілерін бақылаудан алу және олардың атқарылу мерзімдерін ұзарту мәселелерін Президенттің Әкімшілігі қарайды.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда
50. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған не орындалуын бақылауды талап етуге тапсырма берген лауазымды адам бақылаудан алады.
51. Мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердегі тапсырмалар Үкіметтің қаулыларында қамтылған тапсырмалар сияқты тәртіппен бақылауға алынады және бақылаудан алынады.
ҚР Үкіметінің 22.01.00 ж. № 116; 13.07.00 ж. № 1068 қаулыларымен 52-тармақ өзгертілді және толықтырылды
52. Президенттің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмаларының атқарылуына бақылау жасау оны атқару тапсырылған мемлекеттік органға жүктеледі.
Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар, егер Мемлекет басшысы өзгеше белгілемесе, екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының, оларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының қарарлары бар, бақылаудағы тапсырмаларын Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшылығы шешім қабылдаған күнінен бастап 25 күн мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдар атқарады.
Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларында, әдетте, құжаттардың атқарылу мерзімдері белгіленеді. Олар болмаған жағдайда, атқарудың құжат түскен күннен бастап есептелетін бір айлық мерзімі, ал "шұғыл" деген белгісі болған кезде - он күндік мерзім белгіленеді.
Егер тапсырманы белгiленген мерзiмде орындау мүмкiн болмаса, тапсырманың орындалуы үшiн жауапты мемлекеттік органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқаратын адам) кiдiрiстiң себептерi туралы хабарлауға және белгiленген тәртiпте оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауға тиiс. Тапсырманы орындау мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейді.
Егер тиiстi тапсырмада өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік органдар тапсырманы қосымша атқарушылар, оған белгiленген орындау мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей, жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге мiндеттi.
Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының хаттамалық шешімі мен өзге де тапсырмаларының нормативтік-құқықтық сипаты болмайды.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 52-1-тармақтармен толықтырылды
52-1. Бақылаудағы құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге:
1) бақылаудағы құжаттардың орындалуының белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін бақылаудағы әрбір құжаттың не оның нақты тармақтарының орындалуы туралы есепті (ақпаратты);
2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен орындаушылық тәртібі және бақылаудағы құжаттарды орындаудың мерзімдерін бұзуға кінәлі нақты лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда
53. Тапсырмаларды (соның ішінде Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшылығының директивалық құжаттарында, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде қамтылған) бақылаудан шығару не орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының қарары бойынша жүзеге асырылады.
Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар орындаудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін, Кеңсеге жіберетін бақылаудағы тапсырмалардың орындалуы туралы есептерде (ақпаратта), міндетті түрде:
не, егер тапсырманы ақиқатты себептер бойынша белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңадан нақты мерзім көрсетіп, орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
не, егер тапсырма толық көлемде орындалса, бақылаудан алу туралы өтініш;
не, егер тиісті актіде немесе тапсырмада кезеңдік ақпарат ұсыну көзделсе, құжаттың ақпарат ретінде енгізілетіні туралы жазба қамтылуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 22.01.00 ж. № 116 қаулысымен 54-тармақ толықтырылды
54. Кеңсе Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Президенттің, Премьер-Министрдің тапсырмаларының орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабарлай отырып, Премьер-Министрдің олардың атқарылуына бақылау жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.
Премьер-Министрдің орынбасарлары, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы мен оның орынбасарлары Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларын келісудің және атқарудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылуы фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізе алады.
55. Үкімет шешімдерін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бөлігінде Кеңсенің Басшысы тапсырмалар береді, олар бақылауға алынады.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 56-тармақ жаңа редакцияда
56. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын осы Регламентте белгіленген тәртіппен енгізу, мұндай тапсырмаларды жазбаша өтініш жасамай-ақ, бақылаудан алуға негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 22.01.00 ж. № 116 қаулысымен 9-тараумен толықтырылды
9. Қорытынды ережелер
57. Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсенің Басшысы осы Регламентпен белгіленген тәртіптің және Үкіметке енгізілетін актілердің жобаларын экономикалық және құқықтық пысықтауға талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.