3) осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ұсынылуы.
Басқа да негіздер бойынша теріс сараптық қорытындылар жобаны қайтаруға негіз бола алмайды.
Кеңсенің аталған ескертпелері бар жоба пысықтауға:
1) Кеңсе Басшысы (оны алмастырушы адам) Кеңсе бөлімдерінің сараптық қорытындысының негізінде негізді хат жолдай отырып жазбаша тапсырма беру арқылы;
2) мемлекеттік органдар басшыларының немесе олар өкілеттік берген адамдардың қатысуымен кеңес өткізгеннен кейін хаттамалық шешім ресімдеу арқылы;
3) жобаны әзiрлеушi (өкiлеттi адам) Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ескертпелерiмен жазбаша келісілген кезде жұмыс бабында Кеңсе Басшысының немесе тиiстi мәселелердi қадағалайтын оның орынбасарларының келісімiмен қайтарылуы мүмкiн, бұл туралы жобаның келiсу парағында белгi жасалады және жобаның өту мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенiң бөлiмшесiне хабарланады. Жұмыс бабында пысықтау мерзiмi 7 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Жобаға сараптама жүргiзiлгеннен, қорытынды дайындалғаннан және оны пысықтағаннан кейiн (мұндай фактi болған кезде) Кеңседе оның түпкiлiктi нұсқасы, қорғалған елтаңбалық бланкiге белгiленген тәртiппен көшiрiледi және оған тiкелей орындаушы мен жобаның өтуiне жауапты Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы не оны алмастырушы адам, жобаның сараптамасын жүргiзген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары, сондай-ақ жобаның мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі мәтiндерiнiң бiрдейлiгiн әрi олардың мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі ережелерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асыратын Кеңсенiң қызметкерлерi виза қояды.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді
27. Жобаларды Премьер-Министрдің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады, олардың мазмұндық сипаттағы ескертулері пайда болған жағдайда, орынбасарлар қажет болғанда кеңес шақырады, оның нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Жоба Кеңседе сараптама - жүргiзiлген және оның қорытындысы дайындалған, сондай-ақ Премьер-Министрдiң орынбасарларында келісілгеннен кейiн Кеңсе Басшысы оған виза қояды және ол бойынша шешiм қабылдау үшiн Премьер-Министрге не оны алмастыратын адамға баяндайды.
?кімет қаулысының жобасына Үкiмет мүшелерi көпшiлiгiнiң ескертпелерi және/немесе қарсылықтары болған жағдайда Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiгiмен келісілген, шешiм әзiрлеу үшiн кеңес шақыруы мүмкiн. Үкiмет қаулысының жобасы бойынша Үкiмет мүшелерi көпшiлiгiнiң көзқарасын келiсуге қол жетпеген кезде қаулы қабылданбайды, бұл кеңестiң хаттамасында көрсетiлуге тиiс.
Қажет болған кезде жобаны Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам пысықтау және (немесе) қосымша келісу үшін тиісті мемлекеттік органға жолдауы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 22.01.00 ж. № 116 қаулысымен 28-тармақ толықтырылды
28. Үкіметтің қаулысы мен Премьер-Министрдің өкіміне Премьер-Министр қол қояды. Қол қойылғаннан кейін шешімнің түпнұсқасына түзету енгізуге жол берілмейді. Премьер-Министр ұзақ уақыт болмаған кезде Үкіметтің қаулысы мен Премьер-Министрдің өкіміне Премьер-Министрдің бірінші орынбасары немесе Премьер-Министр мұндай өкілеттік жүктеген жағдайда оның басқа орынбасары қол қоя алады.
ҚР Үкіметінің 12.03.02 ж. № 298 қаулысымен 28-1-тармақпен толықтырылды
28-1. Үкiметтiң қаулыларын және Премьер-Министрдiң өкiмдерiн тiркеу мен есепке алу Премьер-Министрдiң Кеңсесi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Қол қойылған Үкiметтiң қаулыларына және Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Кеңсе мыналарды қамтыған тiркеу нөмiрлерiн бередi:
1) құпия емес қаулылар үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, өкiмдер үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, сызықша арқылы "ө" әрпiн көрсете отырып;
2) құпия немесе өте құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған реттiк нөмiр, құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар (өкiмдер) үшiн реттiк нөмiрдi сызық арқылы көрсетiп, құпия қаулылар (өкiмдер) үшiн - "қ" әрпiн және өте құпиялары үшiн - "өқ" әрiптерiн жаза отырып;
3) бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудi көздейтiн қаулылар үшiн - бастапқы қаулының реттік нөмірі, әлiпби тәртібімен берiлетiн әрiп таңбасы жазыла отырып.
29. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін қосымшаларымен бірге Кеңсеге жөнелтеді.
Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары Кеңседе сақталады.
Құжаттардың уақтылы шығарылуы мен алушыларға жөнелтілуі үшін Кеңсе жауап береді.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді
30. Жобалары осы Регламенттің талаптарын бұза отырып енгізілген Үкіметтің қабылданған шешімдері үшін жобаны әзірлеуші жауап береді.
Пысықталғаннан кейін жоба Кеңсеге қайта енгізілген кезде оған сараптама жүргізудің және қорытынды дайындаудың жаңа мерзімі белгіленеді.
31. Қажет болған жағдайда Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің қосымша даналары тек Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана беріледі.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 32-тармақ өзгертілді
32. Техникалық қателері болған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру тек Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін, бұл жағдайда бастапқы жіберілген құжаттар Кеңсеге дереу қайтарып алынуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 22.01.00 ж. № 116 қаулысымен 32-1-тармақпен толықтырылды
32-1. Үкімет нормативтік қаулы қабылдаған жағдайда министрлік, агенттік, ведомство бір ай мерзімде өзінің мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік, сондай-ақ өзге де актілерін Үкіметтің қабылданған актісіне сәйкес келтіруге міндетті.
Нормативтік актіні қабылдаған орган таратылған немесе қайта құрылған жағдайда оның актілерінің күші жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді оның құқықтық мұрагері немесе жоғары тұрған орган шешеді.
5. Республика Үкіметі енгізетін Қазақстан
Республикасының Президенті актілерінің
жобаларын әзірлеу
33. Үкімет енгізетін Республика Президенті актілерінің жобаларын дайындауды қолданылып жүрген заңдарға және осы Регламентке сәйкес тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Мемлекет басшысы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне Үкіметтің қаулысы не Премьер-Министрдің немесе оны алмастырушы адамның хаты арқылы енгізіледі.
34. Мемлекет басшысы актілерінің жобаларына қоса берілетін Үкімет қаулыларының жобаларына мүдделі органдардың бірінші басшылары немесе оларды алмастырушы адамдар виза қояды.
Жобаның келісілгені Мемлекет басшысының актілері мәтіндерінің түпнұсқаларына (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) қол қоюдан (виза қоюдан) және актінің жобасына келісу парағына қол қоюдан көрінеді.
Қарауға ұсынылып отырған Мемлекет басшысы актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Президент актісінің жобасы және Үкіметтің қаулысы немесе Премьер-Министрдің хаты, Жобаның Жарлық (өкім) бланкілерінде жасалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндеріне және қосымшаларына жобаны енгізіп отырған мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастырушы адам виза қояды. Жобаның түпнұсқасына Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам, Кеңсе Басшысы, Әділет министрі виза қояды. Басқа мемлекеттік органдардың басшылары визасын келісу парағына қояды;
2) көлемі 5 парақтан аспайтын анықтама, онда мәселенің мәнісі және негіздеме, оның ішінде қаржы-экономикалық негіздеме, Президенттің осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың атқарылуы туралы анықтамалар, қажет болған жағдайда әлеуметтік-саяси талдау және актіні қабылдаудың нәтижесінде күтілетін болжам баяндалады;
3) Мемлекет басшысының қолданылып жүрген актілерін өзгерту мен толықтыру туралы жоба енгізілген кезде акті жобасының бұрынғы және жаңа редакциясын әзірлеуші - министрліктің, агенттіктің басшысы қол қойған салыстырма кестесі ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, өкімі жобасының Президент Әкімшілігі белгілеген нысандағы келісу парағы.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді
35. Қазақстан Республикасының Президенті бастамашылық жасаған және қабылдаған және Үкіметті заңдарды осы актіге сәйкес келтіру жөніндегі тапсырманың орындаушысы деп белгілеген акт күшіне енген күннен бастап Кеңсе үш жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей, Үкіметке қолданылып жүрген заңдарды қабылданған актіге сәйкес келтіруді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу жөнінде мемлекеттік органда (мемлекеттік органдарда) жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) деп белгілеу жөнінде Үкіметке ұсыныс дайындайды.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді
6. ?кіметтiң заң шығару қызметi
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856; 26.09.02 ж. № 1055 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді
36. Үкіметтің Заң жобалары жұмыстары жоспарының жобасы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметiнiң мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады және Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Әділет министрлігі Үкіметке ұсынады.
Тиісті жылға арналған Заң жобалары жұмыстарының жоспарын Қазақстан Республикасы Президентімен келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 36-1-тармақпен толықтырылды
36-1. Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру Мемлекет басшысының тапсырмалары, Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламалар және Үкiмет бекiтетiн бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар ескерiле отырып, жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 37-тармақ толықтырылды
37. Мемлекеттік органдар Заң жобалары жұмыстары жоспарының негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде заң жобаларын белгіленген мерзімдерде әзірлейді және Республика Үкіметіне ұсынады.
Заң жобаларын сапалы, уақтылы әзірлеу және ұсыну үшін тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке жауап береді.
Заң жобасын ұсыну мерзiмдерiн ауыстыру, сондай-ақ ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе толықтыру туралы мәселе алдын ала мемлекеттік органның - заң жобасын әзiрлеушiнiң өтiнiшi бойынша Заң жобалау қызметiнiң мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады. Мемлекеттік орган Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкiмет қаулысының жобасын Үкiметке енгiзген кезде түсiндiрме жазбада Ведомствоаралық комиссияның осы мәселе бойынша негiздемесi мен шешiмi мiндеттi түрде көрсетiледi.
Ведомствоаралық комиссиямен заң жобасын қамтамасыз ету бөлiгiнде мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, тұжырымдамалардың, Үкiметтiң iс-шаралары жобаларының нормалары келісіледi.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңмен реттеудiң жаңа тетiктерiн енгізу Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының перспективалық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар жүргiзiлуге тиiс.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 38-тармақ өзгертілді
38. Келісуші органдардың бірінші басшылары виза қойған заң жобалары Республика Үкіметінің қарауына мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Үкімет қаулысының жобасы арқылы енгізіледі.
Көрсетілген жобаларды ресімдеудің және енгізудің, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қараудың тәртібі Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Регламентінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге, Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
Кеңседе жобаларға сараптама жүргiзу және олар бойынша қорытындылар дайындау мерзiмi жоба бойынша дауыс берудiң осы Регламенттiң 23-1-тармағымен белгiленген мерзiмдерi аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Осы Регламентте көзделген негіздер бойынша заң жобалары оларды ұсынған мемлекеттік органға пысықтау үшін қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 13.07.00 ж. № 1068; 25.06.01 ж. № 856; 26.09.02 ж. № 1055 қаулыларымен 39-тармақ өзгертілді
39. Үкімет Республика Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заңдардың жобаларын Президенттің Әкімшілігімен келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Үкiметке жiберiлген, депутаттар бастамашылық жасаған заң актілерінiң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметiнiң мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиiс. Үкiметке заң жобасы түскен күннен бастап 15 күндiк мерзiмде Комиссия депутаттардың Үкiметке енгiзген заң жобасына оң не өзге баға беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
Республика Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған, сондай-ақ мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтін заң жобалары бойынша Парламентке қорытынды ұсынады.
Қорытынды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаулысын қабылдаумен немесе оның мәжілісiнiң хаттамалық шешiмiмен, сондай-ақ осы Регламенттiң 20 және 21-тармақтарында немесе 3-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен Үкiметтiң ұжымдық, заңды пiкiрiн бiлдiретiн өзге құжатпен ресiмделедi.
Қорытындының жобасын 25 күндік мерзiмде не Премьер-Министрдiң тапсырмасында белгiленген мерзiмдерде құзыретiне заң жобасымен реттелетiн қатынастар кiретiн мемлекеттік орган дайындайды және мiндеттi түрде Әдiлет, Экономика бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен келісіледi.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 39-1-тармақпен толықтырылды
39-1. Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларының орындалуын жалпы бақылауды Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
Әдiлет министрлігі ай сайын Үкiметтiң заң жобалау қызметiнiң барысын қорытады және есептiден кейiнгi айдың 1-күнi Үкiмет пен Парламентте заң жобаларының өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы туралы есептi бередi.
Жоспарланған заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерi бұзылған жағдайда, Әдiлет министрлігі ақпаратының негiзiнде Кеңсе заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзедi.
Ведомствоаралық комиссия заң жобаларының Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентiнде өту процесiнде мемлекеттік органдар арасындағы қайшылықтарды реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
Ведомствоаралық комиссия өз отырысында жобалардың сараптамасын уақытылы орындау мақсатында дайындалған заң жобаларын Үкiметке заң жобаларын әзiрлеушiлердiң тапсыруын ағымдағы мерзiмдерiн белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 40-тармақ өзгертілді
40. Үкіметтің қарауына ұсынылатын мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалатын заң жобасы жөніндегі материалдар мыналарды қамтуы тиіс:
1) заң жобасы және Үкіметтің жоба жөніндегі қаулысы;
2) жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі, қабылданатын заңдардың мақсаттарының, негізгі қағидалары мен болжалып отырған салдарлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы бар түсіндірме жазба;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
4) егер тәуелсіз немесе ғылыми сараптама жүргізілген болса, жоба бойынша сараптық қорытындылар;
5) негізгі жобаның қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылған деп танылуға тиісті заң актілерінің жобалары және іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы ұсыныстар мен олардың тізбесі;
6) егер заң жобасы шығыстарды талап ететін болса, қаржыландыру көзі көрсетіле отырып, қаржылық-экономикалық есептер;
7) қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізілген кезде баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесі ұсынылады;
8) белгіленген нысандағы анықтама парақ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамашылығы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобалары бойынша түсіндірме жазбаны заң жобасын әзірлеген мемлекеттік орган дайындайды, оған оның бірінші басшысы не оны алмастырушы адам, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Кеңсе Басшысы виза қояды және Премьер-Министр не оны алмастырушы адам қол қояды.
Министрлiктер мен агенттiктердiң ескертпелерi бар заң жобалары Премьер-Министрдiң осы мәселелердi қадағалайтын орынбасарындағы кеңесте мiндеттi түрде қаралады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Талқыланатын мәселе бойынша келісімге қол жетпеген кезде Премьер-Министрдiң орынбасары заң жобасы бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн бұл туралы Премьер-Министрге не оны алмастыратын тұлғаға хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1426 қаулысымен 40-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856; 26.09.02 ж. № 1055 қаулысымен 40-1-тармақ өзгертілді
40-1. Қазақстан Республикасының Парламентiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзген заңдардың жобасын ұсынушы уәкiлеттi тұлғаларға оларды қарау кезiнде заңның тұжырымдамасына құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты және мемлекеттік кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкiметпен келiспестен келісім білдiруге тыйым салынады.
Көрсетiлген өзгерістер мен толықтыруларды қарау кезiнде Қазақстан Республикасының Парламентiнде тиiстi заң жобасын ұсынушы мемлекеттік органдардың бiрiншi басшылары дереу Премьер-Министрдің Кеңсесіне бұл өзгерістер мен толықтырулар туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Қазақстан Республикасының Парламентінде тиісті заң жобасын ұсынатын мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкіметтің келісуінсіз көрсетілген негіздемелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауаптылықта болады.
Парламентарийлер көрсетілген негіздемелер бойынша Үкіметпен келісілмеген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салған жағдайда заң жобаларын ұсынушы тұлғалар Мәжілістің стенограммасында өзінің қарсылығын көрсетуді талап етуге және Премьер-Министрдің Кеңсесіне осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.
?кімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламенттiң Мәжілiсi мен Сенаты енгiзген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтыруларды әзiрлеушi салыстырмалы кесте нысанында қысқаша түйiнiмен Үкiметке хабарлайды, оларды Премьер-Министрдiң Кеңсесi осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкiмет бiрыңғай көзқарасты айқындау үшiн Экономика және бюджеттік жоспарлау және Әдiлет министрлiктерiне, сондай-ақ мүдделi мемлекеттік органдарға жiбередi.
Үкiмет шешiмiнiң Парламентте өткiзiлуiн бақылауды Үкiметтiң Парламенттегi Өкiлдiгi (бұдан әрi - Өкiлдiк) жүзеге асырады.
Өкiлдiк Үкiмет енгiзген заң жобаларының өтуi, Парламент қарайтын және Үкiметтiң қызметiне қатысы бар басқа да мәселелер туралы Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсенiң Басшысына тұрақты түрде хабарлап отырады.
ҚР Үкіметінің 22.01.00 ж. № 116 қаулысымен 40-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 20.04.00 ж. № 611; 25.06.01 ж. № 856; 26.09.02 ж. № 1055 қаулыларымен 40-2-тармақ өзгертілді
40-2. Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған, Премьер-Министрге қолымен бекітуге жолданған барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретінің күшіне орай) Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде мынадай:
1) Үкімет бастамашы болған заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданылып жүрген заң актілеріне қайшылықтардың бар екендігі туралы және қосымша қаржы шығындары туралы;
3) заңды Премьер-Министрдің қолымен бекітудің мүмкіндігі туралы ақпараттар айтылатын қорытынды дайындайды және Кеңсеге жолдайды.
Осы тармақта көзделген ресімдердің атқарылуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 22.01.00 ж. № 116 қаулысымен 40-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 40-3-тармақ өзгертілді
40-3. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретінің күшімен) Әділет министрлігімен бірлесіп заң актiсi күшiне енген (қолдануға енгiзiлген) күннен бастап бiр ай мерзiмде Үкiметке атқару мерзімдерін белгілеу арқылы және қолданылып жүрген заңдарды оған сәйкес келтіру жөніндегі тапсырмалармен мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды), қабылдануы аталған заң актілерімен негізделген, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты атқарушы (жауапты атқарушылар) етіп белгілеуді көздейтін белгiленген тәртiппен келісілген қаулының жобасын енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 40-4-тармақпен толықтырылды
40-4. Парламенттен заң жобасын Үкiметтiң қайтарып алуы осы ұсыныс Үкiметтiң отырысында қаралғаннан кейiн жүзеге асырылады және жобасын Үкiметке заң жобасын әзiрлеуші енгiзетiн Үкiметтiң қаулысымен ресiмделедi. Заң жобасын қайтарып алу кезiнде Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның пiкiрi ескерiледi.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 40-5-тармақпен толықтырылды
40-5. Бұған дейiн заң актiсiмен реттелген қатынастар жөніндегі заң жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстар алдын ала Заң жобалау қызметiнiң мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында, одан кейiн Үкiметтiң мәжілісінде қаралады.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен 6-1-бөліммен және 40-6, 40-7, 40-8-тармақтармен толықтырылды
6-1. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезінде орталық атқарушы
органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
40-6. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкіметтің атына жіберілген прокурорлық ден қою актілерін қарауды прокурорлық ден қою актісінің мәні болған мәселелер құзыретін енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
40-7. Прокурорлық ден қою актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган Бас Прокуратураға Үкімет жауабының жобасын, қажет болған жағдайда - Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және прокурорлық ден қою актісінен туындайтын өзге де шаралар қабылдайды.
Бас Прокуратураға Үкімет жауабының жобасы міндетті түрде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық ден қою актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келісіледі.
Үкімет жауабының жобасын келісу тиісті мемлекеттік орган басшысының виза қою не ескертпелер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
40-8. Прокурорлық ден қою актілеріне Үкімет жауаптарының келісілген жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 заң күші бар Жарлығымен белгіленген актілерге жауап беру мерзімдері аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірілмей Кеңсеге ұсынылады.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін
жариялаудың тәртібі
41. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актілері міндетті түрде жариялануға тиіс.
42. Мемлекеттік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны білдіретін мәліметтері бар актілер жариялануға жатпайды.
43. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Заң", "Юридическая газета" газеттерінде, өзге де баспасөз органдарында жарияланады және теледидар мен радио бойынша халыққа жеткізіледі.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 856 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
8. Президент, Үкімет, Премьер-Министр актілерінің,
халықаралық келісімдердің, сондай-ақ Президенттің,
Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының
және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе
Басшыларымен тапсырмалары бар құжаттардың