12. Тиiмдi тамақтану негiздерiн және салауатты өмiр салтын қалыптастырудағы оның ролiн насихаттауда барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану.
13. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде тиiмдi тамақтануды ұйымдастыру.
14. Экологиялық қолайсыз аймақтарда халықтың ең осал топтары (жас сәбилер, екiқабат және бала емiзетiн әйелдер) арасында кешендi витаминдендiру бағдарламаларын iске асыру.
6. Дене тәрбиесiнiң және спорттың даму стратегиясы
29. Негiзгi басымдықтары:
1. Халықтың дене тәрбиесiмен және спортпен жаппай айналысуына жәрдемдесу.
2. Дене тәрбиесi-сауықтыру және спорт объектілерінiң желiсiн дамыту.
3. Дене тәрбиесiн, спортты және туризмдi ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз ету.
4. Халықтың түрлi топтарының арасында дене тәрбиесiмен және спортпен айналысу қажеттiгiн ұғынуды барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен оқу бағдарламаларын пайдалана отырып қалыптастыру.
30. Негiзгi басымдықтарды iске асыру жолдары мен нысандары:
1. Мектепке дейiнгi мекемелерде және мектептерде дене тәрбиесiнiң дайындығы жөніндегі оқу сабақтарының көлемiн физиологиялық нормаларға сәйкес келтiру, медицинаның көрсетуi бойынша дене тәрбиесiмен айналысатын санаттар үшiн арнаулы топтар ұйымдастыру.
2. Жоғары және орта оқу орындарының оқу бағдарламаларында дене тәрбиесi жөніндегі сабақтарды көбейту, спорт секцияларында жұмыстар ұйымдастыру, спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұдайы өткізу.
3. Тұрғын шағын аудандарды дене тәрбиесi-сауықтыру және спорт ғимараттарымен, оларға дене тәрбиесiмен және спортпен айналысуға барлық тiлек бiлдiрушiлердiң кiруiн қамтамасыз ету.
4. Iрi кәсiпорындарының, мекемелердiң, оқу орындарының жанынан спорттық-сауықтыру кешендерiн ұйымдастыру.
5. Дене тәрбиесiмен және спортпен айналысушыларға көрсетiлетiн дәрiгерлiк бақылау қызметiн дамыту және жетiлдiру.
6. Салауатты өмiр салтының негiзгi элементi ретiнде дене тәрбиесiн барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен оқу бағдарламаларын пайдалана отырып насихаттау және жариялау.
7. Физикалық белсендi, салауатты өмiр салтын жүргiзуге жәрдемдесетiн материалдық дәлелдердi қоса, көтермелеу жүйесiн әзiрлеу және жаппай енгізу.
7. Маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және
темекi тартумен күресу стратегиясы
31. Стратегиялық негiзгi басымдықтары:
1. Арнаулы заң актілерін қабылдау.
2. Алкоголь және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуiн, импортын, сатылуын және жарнамасын бақылауды жетiлдiру.
3. Бұрын маскүнемдiктен және нашақорлықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк-психологиялық және медициналық оңалтудың тиiмдi ұлттық бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру.
4. Маскүнемдiкпен және нашақорлықпен күрес жөніндегі республикалық және аймақтық қорлар ұйымдастыру.
5. Алкоголь қабылдаудан, есiрткi заттар мен темекіні қолданудан бас тартуға мүмкiндiк туғызатын әлеуметтiк-экономикалық және моральдық-психологиялық жағдай жасау.
6. Нашақорлық пен маскүнемдiктiң медициналық-әлеуметтiк мәселелерiн, темекi тартудың денсаулыққа зиянды екенiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа кеңiнен насихаттау және білiм беру.
32. Стратегияны iске асырудың жолдары мен нысандары:
1. Бірқатар заң актілерін қабылдау не болмаса қолданылып жүрген мынадай ережелердi енгізу:
балалар, мәдениет және спорт объектілерін, демалыс орындарын iшiмдiк сатудан және оны қабылдаудан бос аймақ деп айқындау;
бұқаралық ақпарат құралдарында арақ-шарап бұйымдары мен темекi өнiмдерiнiң барлық жарнама түрлеріне тыйым салу.
2. Нашақорлықпен және маскүнемдiкпен күрес жөніндегі барлық мақсатты ұлттық және аймақтық бағдарламаларды ғылыми сүйемелдеудi қамтамасыз ету.
3. Нашақорлықтың, маскүнемдiктiң және темекi тартудың денсаулыққа қауiптi және зиянды екенiн жалпы және арнаулы білімнiң барлық деңгейiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа насихаттау және білім беру.
4. Нашақорлықпен және маскүнемдiкпен күрес жобаларын іске асыру жөнінде халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтасу.
5. Өндiрiлетiн импортталатын арақ-шарап және темекi бұйымдарының сапасына бақылау жасау жүйесiн жетілдiру.
8. Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың және
СПИД-тiң алдын алу стратегиясы
33. Стратегияның негiзгi басымдықтары:
Халықтың мінез-құлқында жыныстық қатынастардың мәдениеті мен жыныстық қатынастардың қауіпсіздігі принциптерiн қалыптастыру.
1. Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың бастапқы алдын алуы.
2. Жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен және СПИД-пен күреске сектораралық тығыз өзара iс-қимыл жасау, қоғамдық ұйымдардың қатысуы.
3. Балалар тәрбиесi үшiн, оларды маскүнемдiкке, есiрткi заттарды қабылдауға, жезөкшелiкке тартқаны үшін қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуды күшейту.
4. Жыныстық қатынас мәдениетiне мүмкiндiк туғызатын әлеуметтiк нормалар мен өмiрлiк жағдайлар жасау.
34. Стратегияны iске асырудың нысандары мен жолдары:
1. Жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен және СПИД-пен күрес жөнінде медицина қызметкерлерiн, педагогтарды мәдениет, құқық қорғау органдары қызметкерлерiн қатыстыра отырып үйлестiру кеңесiн ұйымдастыру.
2. Жыныстық қатынастардың мәдениетi мен жыныстық қатынастардың қауiпсiздiгi мәселелерiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңiнен насихаттау және білім беру.
3. Жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен және СПИД-пен күрес мәселелерiнде халықтың білімi жөнiнде заң актілерін әзiрлеу.
4. Мiнез-құлықта жыныстық қатынастардың мәдениетiн қалыптастыру проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер шеңберiн кеңейту.
5. Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың және СПИД-тiң алдын алу жобаларын халықаралық ұйымдармен бірлесiп iске асыру.
6. Жыныстық мәдениет және жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың, СПИД-тiң қауiптiлiгi жөнiнде білімнiң барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларын жетiлдiру.
7. Жыныстық қатынас мәселелерi, жыныстық патология бойынша мамандар даярлау; арнаулы кабинеттер мен мекемелер жүйесiн дамыту.
8. Жыныстық қатынастардың қауiпсiздiгi үшiн жеке қорғау құралдарына қол жеткізудi арттыру.
9. Вирусты гепатит және қатты iшек инфекциясы
ауруларының алдын алу және азайту стратегиясы
35. Стратегияның негiзгi басымдықтары:
1. Вирусты гепатиттiң және қатты iшек инфекциясының берiлетiн жолдарына бағытталған гигиена саласында жаңа стандарттар мен нормативтер әзiрлеу.
2. Вирусты гепатитке қарсы балалар вакцинасының бағдарламасын жүзеге асыру.
3. Ерте диагноз қою, әсiресе халықтың ауруға шалдығу қаупi жоғары топтарында диагноз қою жүйелерiн жетiлдiру.
4. Вирусты гепатиттiң және қатты iшек инфекциясының алдын алу мәселелерi жөнiнде халыққа медициналық-санитарлық білім беру.
5. Бір жасқа дейінгi балалардың тамағын жақсарту.
6. Елдi мекендердiң санитарлық жағдайын жақсарту.
7. Ауыз су мен азық-түлiк өнiмдерiнiң сапасын мемлекеттік қадағалау жүйесін жетілдіру.
36. Стратегияны iске асырудың нысандары мен жолдары:
1. Вирусты гепатиттiң және қатты iшек инфекциясының алдын алу жөнiнде аймақтық бағдарламалар әзiрлеу.
Оларды iске асыру кезiнде тығыз сектораралық өзара iс-қимыл жасау.
2. Мониторинг және лабораториялық диагностика жүйелерiн жетiлдiру.
3. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең санитарлық-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыру.
4. Қоғамдық тамақтану, сауда, демалыс объектілерінде санитарлық бақылау шараларын күшейту.
5. Мектепке дейiнгi тәрбие мен білім беретiн мектептердiң жеке гигиена мен санитария негiздерiнiң ережелеріне оқыту жөнiнде оқу бағдарламаларындағы бөлiмдердi кеңейту.
6. Емшек сүтін емізуді қолдау және тарату.
7. Ерте диагностика мен иммундық алдын алудың жаңа әдістерін ғылыми тұрғыдан әзірлеу.
10. «Денсаулық және қоршаған орта» стратегиясы
37. Негізгі басымдықтары:
1. Қоршаған орта факторларының адам организміне қолайсыз әсер етуіне байланысты адам өлімі мен ауруды азайту.
2. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде сектораралық өзара іс-қимыл жасау.
3. Халықты, халықаралық қоғамдық ұйымдарды қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөнінде ұлттық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру.
4. Қоршаған ортаны қорғау және оның ластануына жауап беру саласындағы заң негіздерін жетілдіру.
5. Экологиялық апаттардың зардаптарын жою жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
38. Стратегияны іске асырудың нысандары мен жолдары:
1. «Қала саулығы» аймақтық бағдарламаны әзірлеу және іске асыру, оларды ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу.
2. Арал аймағында және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында
тұратын халықты медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасын толық
көлемде іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Сумен жабдықтаудың негізгі көздері, атмосфералық ауаны, жерді, су қоймаларын ластау жөніндегі жалпы ұлттық мониторинг және банк деректерінің жүйесін құру.
4. Экология саласындағы қоршаған ортаның жай-күйін болжау мен оны сауықтырудың жолдарын әзірлей отырып ғылыми зерттеулерді кеңейту.
5. Экология мәселелері жөніндегі кең ауқымды ағартушылық жұмыс жүргізу мен білім беру.