Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң санын көбейту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 30 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 580 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының атқаратын мiндеттерi көлемiнiң ұлғаюына және жаңа ұйымдастыру құрылымдарының жасақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының саны 150 әскери қызметшi мен 50 қызметшiге көбейтiлiп, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 750 адам болып (үйлерге күтiм жасайтындардан басқалары) белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне белгiленген қызметкерлер саны мен еңбекақы қоры шеңберiнде республика Қорғаныс министрлігі аппаратының штатын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң бөлiмдерi мен мекемелерiнiң штаты мен табелiн бекіту хұқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы» 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 575 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 27, 413-бап).
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi